2.Сот төрелігі және оның қағидалары.
Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес Рес-публикада мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақ-тарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.
Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұруы демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу мемлекеттің құқықтың жоғарылығы принципін, соның ішінде бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсе-теді. Құқық қорғау органдарының жүйесіндегі маңызды орын алатын мемлекеттің органдардың бірі-соттар.
Сот билігінің негізгі мақсаты – қоғамның мүшелерін кез келген бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыз-дығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлға-лардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады.
ҚР Конституциясының 75-бабында және “ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық Заңның 1-бабында аталғандай, “Қазақстан Респбликасында сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Сот төрелігі – бұл адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемле-кеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы. . Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:
1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.
3. 1995 жылғы ҚР Конституциясына сәйкес Парламент - бүкіл ҚР аумағында міндетті күші бар заң актілерін қабылдайтын заң шығарушы орган. Парламенттің басты мақсаты – заңдарда халық мүддесін бейнелеу, ерік-жігерін заңи рәсімдеу. Ал, басты міндеті (саяси) - өзінің заң шығарушылық қызметі арқылы елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайды түпкілікті тұрақтандыру үшін қызмет ету болып табылады.
Конституция бойынша Парламент қос палаталы құрылымда құрылды: Сенат және Мәжіліс.
Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі — алты жыл.
Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезекті сайлауы бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады.
Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;
3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;
4) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен алынып тасталды
5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;
6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Билет № 56.
1. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
2.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
3.Қылмыстық жауапкершілік түрлері.
4. Есеп. 15 жасар Сәрсенов 9 сынып бітіргеннен кейін, база директорына өзін жұмысқа қабылдауын сұрап өтініш берді. Директор Сәрсенов 16 жасқа толмады деп оның өтінішін қабылдамады. Директордың шешімі дұрыс па?
1. Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Мәслихаттар;
Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: заң шығарушы органдар, атқару органдары және сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінін барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Өкілетті органдар, Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды.
Парламент — заң шығару функциясын жүзеге асыратын Респу6ликаның ең жоғарғы өкілді органы. . Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.
Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Конституцияның 57-бабының 6) тармақшасында көзделген ретте Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-І Заңымен алынып тасталды.
10) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады.
Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді
Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:
1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
2. Прокуратура – Республика аумағында заңдардың, ҚР президенті жарлықтарының ж\е өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл ж\е бірыңғай қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік ж\е атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау ж\е жою жөнінде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен зағдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай ақ заңда белгіленген жағдайларда тәртіппен шекке қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
ҚР Прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметінің тәртібі ж\е прокурорлардың өкілеттілігі ҚР Конституциясымен, «Прокуратура туралы» ҚР-ның 1995ж 21 желтоқсан ындағы Заңмен, заң актілерімен, ҚР бекіткен халықаралық шарттармен сондай ақ Республика Бас Прокурордың бұйрықтарымен айқындалады.
Прокуроатура мемлекет атынан:
Конституцияның, Заң актілерінің ж\е Республика Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;
Жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудіңғ әкімшіілік ж\е атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;
Сотта мемлекет мүддесін білдіреді;
Республиканың Конституцисы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға ж\е басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;
Заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
Статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объектілігін ж\е жеткіліктігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статитиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласындағы заңдарлың қолданылуын жүзеге асырады.
3. Кылмыстық жауапкершіліктін негізгі нысыны жаза. Қылмыстық кодекстің 38- бабына сәйкес жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады. Жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адмадардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi. Қылмыстық жаза тек қана мемлекеттің атынан соттың үкімімен шығарылады. Жаза тағайындау туралы күшіне енген соттың үкімі барлық мемлекетті және мемлекеттік емес ұйымдарға, мекемелерге, бірлестіктерге міндетті және ҚР аумағында міндетті түрде орындалуға жатады. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс секілді құқық бұзушылыққа ғана қолданылады.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негiзгi жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығын шектеу;
ж) қамау;
з) тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.
Сотталғандарға негiзгi жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;
б) мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн.
в)Айыппұл салу және белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негiзгi де, қосымша да түрлерi ретiнде қолданылуы мүмкiн.
Билет № 57.
1. Ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
2. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
3. Саяси режим.
4. Есеп. Фабрика қаладан 10 км. Қашықтықта орналасқан жерге көшуіне байланысты, фабрика қызметкерлері жаңа тұрмыс орнына шығудан бас тартты. Фабрика әкімшілігі қызметкерлерін жақын уақытта олар жұмыстан шығарылуы туралы ескертті. Бұл дауда кімнің пікірі дұрыс?
1. ҚР ІІО-дары еліміздің заңдарын сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдар мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мем\ң мүдделеріне қылмыстық ж\е өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу ж\е жолын кесу жөніндегі атқарушылық ж\е өкім етушілік міндеттерін жүзеге асыратын арнайы мем\к орган б\т.
ІІО-ның атқаратын қызметтері:
Қоғамдық тәртіпті қорғау мен қоғамдық кауіпсіздікті, соның ішінде төтенше н\е әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;
Қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу ж\е тергеу, сондай ақ қылмыскерлерді іздестіру;
Заңдарда белгіленген өздерінің құзіреті шегінде алдын ала тергеу, анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру:
әкімшілік жазаларды орындау;
әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау органдарында құқық тәртібін қамтамасыз ету ж\е адамдарды ұстау режимін сақтау;
кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау ж\е тыю;
қажет болған жағдайда мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау ж\е бақылау;
мемлекеттік ж\е өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару,терроризм актілердің жолын кесуге, кепілге алынғандарды босатуға қатысу;
виза беру жұмысын жүргізу, шедел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР аумақтық қорғаныс жүйесінде жекеленген міндеттерді орындау.
2. Табиғат пайдалануды жалпы және арнайы пайдалануға топтастырудың маңызы зор. Мұндай топтастыру үшін өлшемдер табиғат қорғау құқығын негіздеу болып табылады. Жалпы табиғат пайдалану халықгың өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін тегін және азаматтар мен үйымдарға табиғи ресурстар берілместен жүзеге асырылады. Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар табиғат пайдаланушыларға заңмен қатаң белгіленген тәртіппен беріледі. Жалпы табиғат пайдалану әрбір адамның жайлы қоршаған ортаға табиғи құқығын жүзеге асырумен байланысты болады. Жалпы табиғат пайдалану жалпы ережелер бойынша мемлекеттік органдар тарапынан арнайы рүқсатты талап етпейді, яғни жүрттың бәрі қол жеткізе алады. Алайда, заң жүзінде жалпы пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін.
Табиғи ресурстар ретінде табиғат объектілерін мындадай топтарға бөлеміз:
сарқылмайтын объектілері – бұл кемшілігі жоқ, жуық болшақта күтілмейтін табиғи ресурстар (күн энергия, атмосфералық ауа, жел энергия т.б.). Сарқылмайтын объектілер мынаған бөлінеді: а) жаңартылаты – қалпына келтірілетін табиғат ресурстары (өсімдік, жануар); б) жаңартылмайтын - жуық болашақта қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстары (пайдалы қазбалар); с) ауыстырылатын – көмір, күн энергиясымен және ауыстырылмайтын – су, ауа және т.б.
Сарқылатын объектілер – бұл босалқылары толық жойылу қатерінде тұрған табиғат ресурстары.
Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар саналады: бірініші кезекте мемлекеттің өзі одан әрі жеке және заңды тұлғалар. Мемлекет жекеше заңды және жеке тұлғалардан өзгеше барлық табиғат ресурстарының меншік иесі бола алады. Осымен байланысты табиғат объектілеріне мемлекет меншік табиғат ресурстарына меншік нысандарының құрылымында басымдыққа ие.
3. Саяси режим дегеніміз мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру əдістеренің жиынтығы.
Саяси режимдердің түрлері:
а) демократиялық;
б) антидемократиялық.
Антидемократиялық саяси режим өз кезегінде:
а) авторитарлық;
б) тоталитарлық;
в) фашистік режимдер болып жіктеледі.
Демократиялық саяси режимның белгілері:
1. Əр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында əрекет етеді, қызмет атқарады.
2. Идеологиялық плюрализм, яғни, қоғамда əр түрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына жəне үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.
3. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.
4. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мəнінде, қамтамасыз етьу кепілдері жасақталады.
Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:
1. Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады.
2. Идеологиялық плюрализм болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады.
3. Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.
4. Демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.
5. Жаппай қуғын-сүргін жəне заңсыздықтар орын алады.
6. Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі
7. сипаты персонофикацияланады, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура (шексіз билік) орнатады.
Тоталитарлық режимның белгілері:
1. Мемлекетте бір ғана саяси партия үстемдік етеді, ол мемлекеттік биліктің ұйтқысы болады.
2. Бір ғана идеология үстемдік етеді, идеологиядағы плюрализмге төзбеушілік етек алады.
3. Қоғамда жеке адамға табыну мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.
4. Мемлекет əкімшіл-əміршіл жүйе арқылы басқарылады.
5. Азаматтардың құқықсыздығы, олардың жүріс-тұрысы мен іс-əрекеттерінің жөн-жобасы қатал түрде реттеліп, жүзеге асырылады.
6. Шектен шыққан əлеуметтік бөспелік (демагогия) орын алады.
Билет № 58.
1. Қазақстан Республикасының Президенті.
2. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
3. Мемлекеттің билік нысаны.
4.Есеп. Қазақстан Республикасының институтында оқитын студент Ли Чан өз курстасы Томақбаеваға өзімен некеге тұруға және Қытай азаматтығын алуға ұсыныс жасады. Томақбаева өз келісімін беріп, алдымен Қазақстан азаматтығынан шығу керектігін айтты. Қазақстан Республикасының азаматтығы қандай жағдайда тоқтатылуы мүмкін ?
1. Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.
Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) Республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;
7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
8) Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді;
9) Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;
10) республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды;
11) келіссөздер жүргізеді және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекіту грамоталарына қол қояды; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды;
12) Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;
13) Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді;
14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді;
15) азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады;
16) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген, мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейін Республика Парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады;
17) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды;
18) өзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық ұланды жасақтайды;
19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды; Республика Президентінің Әкімшілігін құрады;
20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;
21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Азаматтық құқықтық жауаптылық құқық бұзушының мүлкінен айыру, не алу, н/е кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салумен, заңды тұлғаны мәжбүрлікпен жою, не қайта құрумен байланысты, жағымсыз нәтижелі, құқықтық жауаптылықтың бір түрі. Оның бірнеше түрі бар. Шарт бойынша жауаптылық дегеніміз несие берушінің алдынрдағы борышын өтемеген, не оның толық ыждақаттылықпен орындалмағаны үшін шарт, не басқа да құқықтық негіздер бойынша борышқорға мүләктей зиян әкелетін жағымсыз салдар. Шартта белгіленбеген, бірақ бір тұлғаның құқыққа қарсы әрекетінің нәтижесәнде, екінші бір тұлғаға келтірілген зиян бойынша күшіне енетін жауаптылықты шарттан тыс жауаптылық деп атаймыз. Шарт не заңмен белгіленгендей, белгілі бір үлес бойынша әрбір борышқорға не зиян келтіруге жүктелетін жауаптылықты үлестік жауаптылық деп атаймыз. Несие берушінің алдында әрқайсысы толық жауап беретін, екі не одан да көп тұлғалардың жауаптылығы ынтымақтастық жауаптылық деп аталады. Құқық нормаларының жалпы тапсырмаларында белгіленген тәртіп бойынша туынрдайтын борышқор мен зиян келтірушінің жауаптылығы негізгі жауаптылық деп аталады. Заң бойынша бір тұлғаның екінші бір тұлдғаның ірекеті үшін жауаптылығы регрестік жауаптылыққа жатады. Азаматтық объективті ж/е құзыретті тұлғалардың субъектимвті құқықтарын, азаматтық заңнамалардың нормаларын бұзатын, құқықтық тәртіпке қарсы іс қимыл құқыққа қарсы деп табылады.
3. Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Мәслихаттар;
Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: заң шығарушы органдар, атқару органдары және сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінін барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Өкілетті органдар, Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды.
Парламент — заң шығару функциясын жүзеге асыратын Респу6ликаның ең жоғарғы өкілді органы. . Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.
Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Конституцияның 57-бабының 6) тармақшасында көзделген ретте Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-І Заңымен алынып тасталды.
10) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады.
Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді
Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:
1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Билет № 59.
1. Қазақстан Республикасының Парламенті.
2. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
3. Заңдылық қағидасы.
4.Есеп. Ресторан бухгалтері директор бұйрығымен осы ғимаратта орналасқан және осы еңбекақымен ас бөлмесіне ауыстырылды. Бухгалтер ас бөлмесінде жұмыстан бас тартты, себебі ол мұндай ауыстыруға келісімін берген жоқ еді.Ресторан директорының ойынша бұл жұмыс ауыстыру, сондықтан қызметкердің келісімі қажет емес. Бұл дауда кімнің пікірі дұрыс ?
1. Парламент ҚР заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы. ҚР Парламенті - республика халқының еркін білдіретін, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендікті байқататын өкілді орган. 1995 жылы қабылданған Конституция бойынша Парламент қос палаталы құрылымда құрылды: Сенат және Мәжіліс. Екі палаталық құрылымның бекітілуіне орай Парламенттің қызметінің де екі нысаны анықталған – Палаталардың бірлескен отырысы және бөлек отырыстары. Олай болса, Парламенттiң сессиясы оның Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыс-тары түрiнде өткiзiледi. Сессия – бұл Парламенттің өкілеттіктері жүзеге асырылатын оның қызметінің негізгі ұйымдық құқықтық нысаны. Оның екі түрі бар: кезекті және кезектен тыс. Парламент жүзеге асыратын негізгі қызмет – заң шығармашылығы. Заң шығару процесі келесідей сатылардан тұрады:
1. Заң шығару бастамашылығы;
2. Заң жобасын Мәжілісте қарау;
3. Заң жобасын Сенатта қарау;
4. Заңға Президенттің қол қоюы және оны жариялау.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң актiлерi:
- ҚР заңдары (жай заңдар, конституциялық заңдар және кон-ституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар);
- Парламенттiң қаулылары;
- Палаталардың қаулылары;
- үндеулер, декларациялар, мәлiмдемелер және заң сипаты болмайтын өзге де актiлер.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Қылмыстық кодекстің 38- бабына сәйкес жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады. Жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адмадардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi. Қылмыстық жаза тек қана мемлекеттің атынан соттың үкімімен шығарылады. Жаза тағайындау туралы күшіне енген соттың үкімі барлық мемлекетті және мемлекеттік емес ұйымдарға, мекемелерге, бірлестіктерге міндетті және ҚР аумағында міндетті түрде орындалуға жатады. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс секілді құқық бұзушылыққа ғана қолданылады.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негiзгi жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығын шектеу;
ж) қамау;
з) тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.
Сотталғандарға негiзгi жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;
б) мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн.
в)Айыппұл салу және белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негiзгi де, қосымша да түрлерi ретiнде қолданылуы мүмкiн.
3. Адам мен адам, жеке тұлға мен мемлекет, мемлекет пен мемлекет арасындағы өзара байланыстардың реттелуі, тәртіптелуі «заңдылық» ұғымы арқылы көрсетілетін. Заңдылық құқыққа деген қатынастың жалпы қағидасын білдіреді. Жүйелік әдіске сүйене отырып, мемлекет органдарының, лауазымды тұлғалардың, жеке адамдардың құқықтық актілерінің талаптарын бұлжытпай сақтауға, орындауға негізделген қоғамдық саясми өмірдің режимін заңдылық деп атайды. Мемлекет органдарыгна лауазымды тұлғалардың, жеке адамдардың күнделікті өмірде құқықтық актілердің талаптарын бұлжытпай сақталуына, орындауына қол жеткізу барынша күрделі мәселе. Сондықтан, құқық нормалары талаптарының қаншалықты дәрежеде адамдардың күнделікті өміріне, тұрмысына, әдетіне, әрекетіне сіңуі «құқықтық тәртіп» ұғымы арқылы көрінеді.
Билет № 60.
1. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері.
2.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
3. Қылмыстың объективті жағы.
4. Есеп Асанов 28 қазан күні оны 5 қарашадан бастап өз еркі бойынша жұмыстан шығарылуы туралы өтініш берді. Бірақ әкімшілік оны жұмыстан шығару туралы бұйрықты 12 қарашадан шығарды. Әкімшілік әрекеттері заңға сай ма ?
1. Жер - Қазақстан Республикасының егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңiстiк, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндiрiс құралы және кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi. Жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді: олар жоғарыдан жер құқығының ерекеше бөлім, институттарында аталған санаттарға сәйкес келеді. Ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген н/е осы мақсаттаға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Қалаларды, кенттерді, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшін берілген жер учаскелері елді мекендер жерінің санатына жатады. Жер кодексінде ж/е ҚР өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен тиісті нысаналы мақсат үшін азаматтар мен заңды түлғаларға берілген жер өнеркәсіп, көлік, байланыс жері ж/е ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер деп танылады. Ерекеше қорғалатын табиға аумақтардың жеріне мемлкеттік табиғи қорықтардың, ұлттық табиғи парктердің, табиғи резерваттардың, өңірлік табиғи парктердің, зоологиялық парктердіңғ ботаникалық бақтар мен табиғи ескерткіштердің жері жатады. Халықтың ұйымдасқан түрдегі жаппай демалысы мен туризміне арналған ж/е сол үшін пайдаланылатын жер рекреациялық мақсаттағы жер деп танрылады. Су айдындары, мұздіқтар, батпақтар, ағысты реттейтін су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер сондай ақ су күзеті аймақтары мен ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық күзет аймақтарына бөлінген жер аймақтарына бөлінген жер су қорының жері деп танылады.
2) Табиғатты пайдалану құқығы дегеніміз адамның шаруашылық ж/е өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы. Табиғатты пайдалануға рұқсат дегеніміз қоршаған отаны қорғау саласындағы мемлкеттік құзыретті органның табиғат пайдаланушыға беретін табиғи ресурстарды пайдалануға қоршаған ортаны ластайтын заттарды, өндіріс ж/е тұтыну қалдықтарын қоршаған ортада орналастыруға беретін рұқсаты. Табиғат пайдалануды лицензиялау дегеніәміз қоршаған ортаны қорғау ж/е табиғат пайдалану саласындағы мемлкеттің бақылау ж/е қадағалау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін шарсы ретінде танылады. Табиғат пайдалану түрлеріне: жерді, суды, орманды, жер қойнауын, жануарлар дүниесін, өсімдіктер дүниесін, қоршаған ортаға эмиссиялар ж/е өзге де табиғат пайдалану жатады. Табиғат ресурстарды пайдалну қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар.
Табиғат пайдалану құқығы мынадай түрлерге бөлінеді:
— жер пайдалану құқығы;
— су пайдалану құқығы;
— орман пайдалану құқығы;
— жер қойнауын пайдалану құқығы;
— жануарлар дүниесін пайдалану құқығы;
— атмосфералық ауаны пайдалану немесе атмосфералық ауаны ластағыш заттардың шығарындылары үшін пайдалану құқығы.
3) Қылмыстың объективтік жағы дегеніміз қорғалатын объектіге қол сұғатын қоғамға қауіпті әрекеттің сыртқы көрінісін сипаттайтын заңда көрсетілген белгілердің жиынтығы, сондай ақ сол қол сұғушылыққа қатысты объективті жағдайлар. Объективтік жақты сипаттайтын белгілер: қоғамға қауіпті іс әрекет яки әрекетсіздік; қоғамға қауіпті салдар; әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланыс; қылмыс жасау орны, уақыты жағдайы, тәсілі, қаруы мен құралы. Қылмыстар объективті жағы бойынша ажыратылады, мысалы, қрлыө, тонау, алаяөтыөтың объектісі біреу меншік құқығы, ал объектимвтік жағы әрқилы: ұрлық кісі мүлкін жасырын түрде, тонау ашықтан ашық түрде, алаяқтық алдау н/е сенімге қиянат келтіру жолымен алынады. Қылмыстық құқықтық мағынасындағы іс әрекет дегеніміз қылмыс жасау кезінде субъектінің сыртта көрініс тапқан мәнез құлқындағы белсенді, саналы, ерікті қимылы.
Билет № 61.
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
2. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
3. Мемлекеттің белгілері.
4. Есеп. Бухгалтер Әлімжановаға жұмысқа кешігіп келгені үшін 1 сәуір күні сөгіс шығарылды. 28 тамыз күні ол жұмысқа тағы да кешікті. Әкімшілік 5 қыркүйек күні Әлімжанованы еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан шығарды. Әлімжанова бұл бұйрықпен келіспей сотқа жүгінді. Сот қандай шешім қабылдауы тиіс?
1. ҚР Конституциясына сәйкес Конституциялық Кеңес конституциялық қадағалауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады. Конституциялық Кеңестiң Төрағасын және екі мүшесін Республиканың Президентi тағайындайды, қалғандарын екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды. Конституциялық Кеңесті құру тәртібіне 2007 жылы 21 мамырда өзгертулер енгізілді. Ол уақытқа дейін Конституциялық Кеңестің мүшелерін (екі-екіден төртеуін) Сенат пен Мәжіліс емес, олардың төрағалары тағайындап келді. Төрағадан басқа Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады.
Конституциялық Кеңеске мүше болу үшін келесідей талаптар қойылады:
отыз жасқа толуы,
Республика аумағында тұруы,
жоғары заң бiлiмiнің болуы,
заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажының болуы,
Республика азаматы болуы
Бұл талаптар Республиканың экс-Президенттерiне қолданылмайды.
Конституциялық Кеңестiң мүшелерi өз мiндеттерiн орындау кезiнде тәуелсiз болады және тек Конституция мен Конституциялық Кеңес туралы заңға ғана бағынады. Олардың қызметiне қандай болса да араласуға, сондай-ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
Конституциялық Кеңес туралы заңда Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары анықталған:
1. Конституциялық Кеңестің дербестігі және тәуелсіздігі
2. Конституциялық Кеңестің айрықша құзыреттілігі
3. Конституциялық Кеңес мүшелерінің тәуелсіздігі
Конституциялық Кеңес мүшелерiне ешкiмнiң тиiспеуi
Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерi құқықтарының теңдiгi
Конституцияда Конституциялық Кеңестің өкілеттіктерінің және оған жолдануға құқылы тұлғалардың шегі анықталған. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша:
1) дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешедi;
2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды.
3) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
4) Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;
5) Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi;
6) Парламент тиiсiнше республика Президентiн мерзiмiнен бұрын қызметiнен босату туралы шешiм, Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн - белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталуы туралы қорытынды бередi,
7) соттардың өтiнiштерi бойынша Конституцияның 78 бабында белгiленген жағдайда белгілі бір актілердің конституциялығын қарайды.
2. Қаржылық қадағалау мемлекеттің қаржылық іс әрекетінің ақша қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Мемлекеттік қаржылық іс әрекет ж\е қаржылық бақылаумен айналысатын көптеген органдары бар. Оларға мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті ж\е атқару органдары Мәжіліс, Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк, Санақ палаталары, Қазыналық, салық комитеті, салық полициясы, басқа да көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрл инспекциялар жатады.
Қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесі, міндеттері, ұйымдастыру тәртібі ж\е қызмет атқару принциптері, өкілеттілігі, сондай ақ ҚР Қаржы полициясы органдарының жүйесі «ҚР Қаржы полициясы органдары туралы» ҚРң 2002ж шілдедеігі заңымен айқындалады.
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономика мен қаржы қызметi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк органдар болып табылады.
2-бапқа сәйке қаржы полициясы органдарының мiндеттерi мыналар:
1) өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету;
2) экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау жолын кесу, ашу және тергеу;
3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес iсiнде мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
4) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Қаржы полициясының құқықтары төмендідей: салықтарды төлемеуге байланысты құқық бұзуларды анықтау және болдырмау; салықтар төлеуден жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру; салықтық құқық бұзушылық пен мемлекеттітке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде шаралар қолдану; салық қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау; алдын ала тергеу, анықтау жүргізу; өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу. Қаржы полициясының төменгi бөлiмшелерi жоғары тұрғандарына бағынатын бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi бар.
Қаржы полициясы органдарының бiрыңғай жүйесiн: орталық мемлекеттiк органды (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдарын қамтитын қаржы полициясының органдары;
оқу орындары және өзге де ведомстволық бағыныстағы мекемелер құрайды.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қаржы полициясының тиiстi бөлiмшелерi, сондай-ақ қаржы полициясының аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық бөлiмшелерi қаржы полициясының аумақтық органдары болып табылады.
Қаржы полициясының көлiктегi тиiстi бөлiмшелерi қаржы полициясының мамандандырылған органдары болып табылады.Қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асырады.Қаржы полициясы органдарының жүйесiне кiретiн уәкiлеттi органды, оның бөлiмшелерi мен оқу орындарын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелердi құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мемлекет д/з-белгілі бір аумақ шеңберінде, халықты басқаратын өз еркін ихтиярына көндіретін, халықтан салық жинайтын, барлығына бірдеі заңдар қабылдайды, басқару апараты бар саяси ұйым немесе саяси апарат. Мемлекеттің негізгі белгілеріне:
Халқының және аумағының болуы. Кез келген мемлекеттің өзінің белгілі бір аумағы болады. Сонымен қатар, мемлекеттің аумағында халқының болуы. Мемлекеттік билік өзінің аумағында тұратын адамдардың адамдардың арасында қоғамдық қатынастарды құқық, заң арқылы реттеу үшін сол халыққа арналған құқықтық нормативтік актілерді қабылдайды. Қабылданған нормативтік құқықтық актілер халықтың барлық топтарына ортақ және міндетті түрде орындалуға, сақталуға және іске асырылуға тиіс.
Саяси бұқара биліктің болуы. Саяси билік жалпыға бірдей ортақ мүддені қанағаттандыратын ортақ билік. Мемлекеттің екінші белгісі ол мемлекеттік биліктің болуы. Биліктің бұқаралық болатын себебі ол, сол мемлекеттің халқы атынан оның аумағында тұратын елдің, адамдардың барлығына бірдей таратылады. Бұқаралық билікке мемлекеткеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету аппараттары жатады.
Салық және салық жүйесінің болуы. Салықтың негізгі мақсаты саяси пара билікті қамтамасыз ету, яғни қоғамның жалпы істерін қамтамасыз ету. Салықтар, алымдар, төлемақылар-мемлеттік аппаратты, қызметкерлерді ұстауға қоғамның басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын мемлекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын, халық табысының бір бөлігі. Мемлекет халықтан салық алып оны мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғам қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды.
Жалпыға бірдей қабылданған заңдардың болуы, осы заң арқылы мемлекет өз ерік ихтиярын халыққа жеткізеді, басқару апаратының болуы. Мемлекеттің тағы бір белгісі ол мемлекетте құқықтың, заңдардың болуы, құқық пен мемлекеттің ажырамас, тығыз байланысы. Құқық пен заңды сол мемлекеттің өзі қабылдап бекітеді және олар сол мемлекеттің бүкіл іс-әрекетін заңдастыруға көмектеседі, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
Мемлекеттің келесі белгісі ол мемлекеттің егемендігі. Егенмендігінің болуы д/з- мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатта тәуелсіз болуы. Егемендік мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздігі. Мемлекеттің егемендігін үш жақта қарастыруға болады: біріншіден, мемлекеттің бүкіл аумағына, халқына тарайтын бірден-бір мемлекеттік билік болып табылатын биліктің үстемдігі; екіншіден, мемлекет органдарының бірыңғай жүйесін құрайтын мемлекеттік биліктің тұтастығы; үшіншіден, мемлекеттік биліктің өз істерін өз еркімен шешуге құқығы бар биліктің тәуелсіздігі.
Мемлкеттің рәміздерінің болуы. Оған ту, елтаңба, әнұран жатады.
Билет № 62.
1. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
2.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
3. Адвокатура
4.Есеп. Программист Серкебаеваны 4 айдан көп ауырғанына байланысты әкімшілік жұмыстан шығарды. Жұмыстан шығарылу кәсіподақпен келісілген жоқ және Серкебаеваның орнына жаңа қызметкер алынған жоқ, оның міндеттері басқа программисттер арасында бөлінді. Серкебаеваны жұмыстан шығару заңды ма ?
1. Азаматтық іс жүргізу құқығы д/з сот пен іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың арасында азаматтық істер б/ша сот төрелігін жүзеге асыру барысында қалыптасатын азаматтық процессуалдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында қарастырылып отырған ұғымға қатысты үш түрлі көзқарас бар, азаматтық іс жүргізу құқығы д/з 1)заңмен қорғалатын құқықтар мен мүдделерді қорғауға байланысты сот пен процеске басқа да қатысушылардың қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.2)сот төрелігін жүзеге асыру барысын сот пен өзге процеске қатысушылардың қызметін, сонымен бірге осыдай қызметтерден туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі.3) азаматтық істер б/ша сот төрлігін жүзеге асыру тәртібін, сондай ақ сот қаулыларын мәжбүрлі орындау тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазақстан республикасында құқықтың қайнар көзі ретінде нормативтік құқықтық актілер болады. Осыдан, азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері деп азаматтық процессуалдық нормалар бекітілген нормативтік құқықтық актілерді айтамыз. Бұл актілер ҚР азамттық іс жүргізу заңдарын қарайды. Зағды күшіне қарай азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздерін былай жіктейміз.1)ҚР Конституциясы 30.08.1995ж қабылданған. Негізгі заң соттардың ұйымдастырылуы мен қызметтерінің қағидаларын, тәуелсіздігін, судьяларға қойылатын талаптарды анықтайтын жалпы нормалардан тұрады; жоғары заң күшіне ие ж/е бүкіл ҚР- ның аумағында әрекет етеді.2) ҚР Конституциялық заңдары. ҚР Конституциялық заңы “ҚР-ның сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы”. Аталмыш заң сот өндірісінің жекелеген қағидаларын, сот жүйесін ұйымдастыруды нақтылай, әр деңгейдегі соттардың өкілеттілігін, құқықтық мәртебесін,тағайындау тәртібі анықтайды. ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар жарлығы “ҚР-ның Конституциялық Кеңесі туралы”. Жарлық Конституциялық Кеңесттің мәртебесін, құзыретін анықтайды. Конституциялық Кеңес соттардың нормативтік құқықтық актілерді конституцияға қайшы келеді деп тану туралы өтініштер қарайды. 3) қарапайым заңдар. Азаматтық іс жүргізу кодексі. АІЖК азаматтық істер б/ша сот төрелігін жүргізу тәртібін толығымен реттейді ж/е азаматық іс жүргізу құқығының негізгі қайнар көздері болып табылады.
2. Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Ал отбасы деп некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Неке ж\е отбасы туралы барлық мәселелер 1998жылдын 17 желтоқсаннында қабылданған «неке ж\е отбасы» туралы заңымен реттеледі.
«Неке ж\е отбасы» туралы заңның 3-бабына сәйкес Неке-отбасы заңдарымен реттелетін қатынастар:
1) некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;
2) отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
4) азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.
Сонымен қатар осы заңның 6-бабына сәйкес Неке-отбасы қатынастарындағы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру былай жүзеге асады:
1. Егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар өздеріне тиесілі неке-отбасы қатынастарынан туындайтын құқықтарды, оның ішінде осы құқықтарды қорғауға арналған құқықты өз қалауы бойынша қолданады. Неке-отбасы құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерді орындау отбасының басқа мүшелері мен құқықтың өзге субъектілерінің құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.
2. Неке-отбасы құқықтары заңмен қорғалады, бұған осы құқықтардың мақсатына қайшы келетін жағдайлар қосылмайды.
3. ҚР-дағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын соттақорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР –ның Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокутура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік , қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.
Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметі: 1)адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігі; 2)адвокаттық қызметті заңдарда тыйым салынбаған әдістерін және құралдармен жүзеге асыру; 3)заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларда қоспағанда, прокаратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметіне араласуға жол бермеу; 4)кәсіби мінез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау қағидаттарына негізделеді.
Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар: 1)шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді; 2)талап қою арыздарын, шығымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды; 3)анықтау, алдын ала тергеу органдарда, соттарда,мемлекеттік және өзге де орындарда, ұйымдарында және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады.
Адвокат-жоғарғы заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР-ң азаматы.
Билет № 63.
1. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
2. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
3. Азаматтық ұғымы.
4.Есеп. Азамат Есенов үлкен мөлшерде заңсыз ағаштарды шауып тастады. Бұл құқық бұзушылық үшін қандай жауапкершілік белгіленген?
1. Жер құқығы қатынастары - жерге меншiк құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектiлерге жер учаскелерiн бекiтiп беруге байланысты жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi құқықтық қатынастар. Жер құқық катынастарының өзге де құқық қатынастары сияқты өзіне тән болатын объектісі, субъектісі ж\е мазмұны болады. Жер құқық қатынастарының обектісі ретінде ҚРның жер қоры, жер учаскесі ж\е жер үлесі жатады.
жер қоры - Қазақстан Республикасының егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңiстiк, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндiрiс құралы және кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi;
жер учаскесi - осы Кодексте белгiленген тәртiппен жер қатынастары субъектiлерiне бекiтiлiп берiлетiн, тұйық шекара iшiнде бөлiнген жер бөлiгi;
жер үлесi - жер учаскесiне құқықтар мен мiндеттерге басқа тұлғалармен бiрге қатысудың осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда бөлiп шығарылуы мүмкiн сан жағынан айқындалған үлесi.
Жер құқығы қатынастарының субъектiлерi - жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрi осы құқық қатынасында мiндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер. Жер құқық қатынас субъектілерінің құқық көлемі мынадай жағдайларға тәуеліді болады:
субъектісінің түріне;
субъекітнің заңи маңызы бар әрекетіне;
аталған жер құқығы қатынастарының ерекшеліктеріне;
құқық қатынастары субъектіснің өз функциясын жүзеге асыру жағдайына байланысты болады.
Жер құқық қатынастарының субъектіленің қатары, мазмұны ж\е олардың құқықтарының ара қатынасы елдеігі жер саясаты ж\е әлеуметтік экономикалық қайта құрулар сипатына тәуелді өзгеріп отырады.
2. Қылмыстық іс жүргізудің сатылары:1)қылмыстық іс қозғау;2)қылмыстарды алдын ала терегеу(анықтау н/е алдын ала тергеу жүргізу);3)басты сот талқылауын тағайындау;4)басты сот талқылау;5)апеляциялық саты сотында іс жүргізу;6)үкімді орындау бұл аталғандар қылмыстық іс жүргізудің негізгі сатыларына жатады. Қылмыстық іс қозғау сатысы: әр қылмыс б/ша іс жүргізу осы сатыдан басталады. Бұл сатының мәні өкілетті органдар, олардың лауазымды адамдары қылмыстың белгілері ашылған әр кезде іс жүргізуді бастау турылы тез арады шешім(қаулы шығарулары қажет). Қылмыстық іс қозғау өкілеттігі прокурорға ж/е алдын ала тергеу жүргізу оргагдарына (тергеуші,анықтау органдары)берілген. Қылмыстық іс қозғаудың себептеріне мыналар жатады:а)азаматтар/ң арызы;ә)мемлекеттік органдардың н/е басқа ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарламасы;б)бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабар;в)кінәсін мойындап келу;г)қылмыстық іс қозғауға өкілетті органдардың, олардың лауазымдық адамдардың тікелей өздерінің анықтауы. Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы, бұл әр қылмыста тез ж/е толық ашып, айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында қолданылатын ж/ заңмен реттелген тергеуші мен анықтау органдарының қызмет жүйес болып табылады. Қылмыстарды тергеу екі түрде жүзеге асырылады:1)анықтау 2)алдын ала тергеу. Заңға сәйкес қылмыстардың басым көпшілігі б/ша алдын ала тергеу жүргізіледі. Сондықтан алдын ала тергеу қылмыстық істерді тергеудің негізгі түрі болып табылады. Алдын ала тергеуді Ұлтық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер ж/е қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді. Алдын ала тергеу ж/ анықтау қызметі тергеу әрекеттерін (оқиға болған жерді қарау жауап алу, тінту, зат алу ж/е т.б)қолдану арқылы жүргізіледі. Алдын ала тергеу жүргізуді аяқтаудың екі нысаны бар:1)істі қықарту мен аяқтау(бұл жөнінде тергеуші н/е анықтау органы дәлелді қаулы шығарады);2)айыптау қортындысын жазу мен аяқтау. Басты сот талқылауын тағайындау сатысы. Қылмыстық іс айыптау қортындысымен 1-сатының сотына келіп түскен соң іс жүргізудің жаңа сатысы басталады. Бұл кезде соттың төрағасы н/е оның тапсыруы б/ша басқа судья істі осы сотта қарауға қабылдау мәселесін шешеді. Ол үшін судья қылмыстық істің материалдарымен мұқият, толық көлемде оқып танысуы қажет. Қылмыстық іс б/ша жиналған дәлелдемелер істі сот отырысында қарап шешуге жеткілікті болса, онда судья бас сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады, осы қаулыға сәйкес басты сот талқылауы жүргізіледі. Басты сот талқылауы. Бұл сатыда алдын ала тергеу н/е анықтау жүргізу кезінде жиналған ж/е айыптаушы мен қорғану жақтары ұсынған дәлелдемелер жан жақты зерттеліп, соның негізінде қылмыстық іс б/ша сот төрелігі жүзеге асырады. Ал басты сот талқылауының өзі бес бөлімнен тұрады:1)дайындық бөлімі;2)сот тергеуі;3)соттағы жарыссөздер;4)сотталушының соңғы сөзі.5)үкім шығару. Ақтау үкімі мынадай жағдайлардың бірінде шығарылады:1)қылмыстың оқиғасы болмаса.2)сотталушының әрекетінде қылмыстың құрамы болмаса.3)сотталушының қылмыс істеуге қатысуы дәлелденбесе. Апелляциялық тәртіппен істерді қарауы, бұл сатының негізгі мақсаты заңды күшіне енбеген бірінші сатының соттары шығарған үкімдер мен қаулыларының дұрыстығын екінші саты сотының тез арады тексеріліп, онда қателіктер жіберілген болса, ол қателіктерді уақытында жою болып табылады. Апелляциялық шағымды н/е наразылықты сот үкімдеріне, ҚР Жоғарғы сотының үкімдерін қоспағанда, үкім жарияланған күннен бастап он тәулік ішінде беруге болады.
3. Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының басты элементтерінің бірі – азаматтық. Азаматтық институты Республика егемендігінің, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысының айқындаушы белгісі болып табылады, өйткені мемлекеттің азаматтарынан тұратын Қазақстан халқы ғана "мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы" болып табылады және "билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді".
Республика Конституциясының ережелерін талдаудан келіп шығатыны, азаматтық - тұлғаның Қазақстан мемлекетімен конституциялық-құқықтық байланысын білдіреді, ол ұзаққа созылатын және орнықты байланыстармен, олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы болуымен сипатталады. Қандай да бір тұлға нақты бір мемлекеттің азаматы болуы мүмкін, тиісінше сол мемлекетпен құқықтық байланыста болады. Осы байланыстың нәтижесінде тиісті тұлға мен мемлекет арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындайды. Олай болса, азаматтық – бұл өзара құқықтар мен міндеттер туындайтын жеке тұлға мен мемлекеттің арасындағы саяси-құқықтық байланыс. Өзімен тиісті байланыста болатын адамдарға нақты мемлекеттің билігі тарайды. Жеке тұлға мен мемлекет арасындағы “азаматтық” байланысы белгілі бір қағидаларға негізделеді. Азаматтықтың жалпы және өзіндік қағидаларын көрсетуге болады. Азаматтықтың өзіндік қағидаларына мыналар жатады:
- азаматтықтың бірыңғайлығы және теңдігі қағидасы – Азаматтықтың бірыңғайлығы туралы конституциялық қағида мемлекеттің біртұтастығынан келіп шығады және Республика азаматтарының, бірыңғай конституциялық құқық субъектілікке негізделген, бірыңғай құқықтық мәртебеге ие екендігін білдіреді. Азаматтықтың теңдігі қағидасы Республика азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға (м\ы азаматтықтың алыну жолына) қарамастан құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің теңдігін білдіреді
- азаматтықтың еріктілігі қағидасы – азаматтық алу және одан шығу ерікті түрде жүргізіледі;
- азаматтықтың тұрақтылығы қағидасы - тұрған жеріне, отбасылық жағдайына, жас шамасына қарамастан ҚР азаматтығы тұрақты болып табылады, яғни біріншіден, ҚР азаматтығы адам қайтыс болғанға дейін (егер азаматтықтан шығып кетпесе немесе айырылмаса) сақталады, екіншіден, Қазақстан Республикасы азаматының ҚР-нан тыс жерде ұзақ мерзім бойы тұрақты тұруы ҚР азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды. Үшіншіден, ҚР азаматының (азаматшасының) республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы азаматтықтың өзгеруіне әкеп соқтырмайды. Олай болса, біздің азаматтық тұрақты.
- бір азаматтық қағидасы – ҚР-да азаматтық біртұтас, қос азаматтық мойындалмайды;
- ҚР азаматтығынан айыруға болмайтындығы қағидасы – ҚР Конституциясына сәйкес Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды;
- азамат пен мемлекеттің өзара жауаптылығы қағидасы – азаматтық байланысы жеке тұлға мен мемлекеттің арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындап, өзара жауаптылық жағдайын белгілейді; Тиісті байланыс (азаматтық) нәтижесінде нақты тұлға мен мемлекет арасында өзара құқықтар мен міндеттер, тиісінше жауаптылық туындайды. Мысалы, ҚР-сы өз азаматын қайда болмасын қорғауға міндетті, ал ҚР азаматы оны қорғауға міндетті, т.с.с.;
- ҚР азаматын басқа мемлекетке бермеу қағидасы. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды;
- қан және топырақ құқығының үйлесімдігі қағидасы - ҚР азаматтығын алу бала туылған кезде оның ата-анасының азаматтығына қарай және ҚР аумағында тууылуына қарай шешілуі мүмкін. “Қан” қағидасы ҚР азаматтарынан туылған баланың туылған жеріне қарамастан ҚР азаматы болып табылатындығын білдіреді. “Топырақ” қағидасы баланың ата-анасының азаматтығына емес, оның туылған жеріне қарай азаматтықты иеленуді білдіреді.
Билет № 64.
Еңбек шартын тоқтату негіздері.
Қазақстан Республикасының әділет органдары.
Әкімшілік жауапкершілік.
4. Есеп. Жер заңымен жер учаскесін мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерге мәжбүрлеп алу белгіленген. Мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер деген не?
1. Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарына құқықтық сипат беретін нормативтік құжаттардың бірі – еңбек шарты болып табылады. Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Енбек Кодексінде, ҚР заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді. Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге ҚР еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақытылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.
Еңбек шартын тоқтату негіздеріне мыналар жатады: 1)тараптардың келісімі б/ша еңбек шартын бұзу;2)еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;3)жұмыс берушінің бастамасы б/ша еңбек шартын бұзу;4)қызметкердің бастамасы б/ша еңбек шартын бұзу;5) тараптардың еркінен тыс мән жайлар;6)қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тарту;7)ҚР-ның заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа(лауазымға)ауысуы н/е еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындау;8)еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы;9)жұмыс берушінің атқарушы органы басшысы мен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.
2. ҚР әділет органдары өз құзыреті шегінде мем\ң қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мем\к органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне колдау жасайтын азаматтардың ж\е ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыцз ететін атқарушы билік органдары б\т. Әділет органдарының міндеттері: 1)Жалпымемілекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу,заң жобасы жұмысын жүргізу,заңдарды талдау,жетілдіру, жүйелеу,нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін,Қазақстан Республикасының егемендігін,Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу;2)Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және Республиканың дүнежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайту мақсаттында,соның ішінде ҚР халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз ету;3)заңды тұлғаларды,жылжымаитын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді,жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерінің кепілдерін,орталық мемлекеттік органдарың,жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін,азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру,сондай-ақ ҚР ның нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік есебін жүргізуді және оларға бақылау жасауды жүзеге асыру;4)құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;5)сот сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;6)қылмыстық жазаларды атқару, қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету;6-1)сотталғандардың түзелуін ұйымдастыру;6-2)сезіктілердің,айыпталушылардың және сотталғандардың ,сондай-ақ қылмыстық атқару жүиесі мекемелеріндегі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;7)Санаткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;8)Әділет органдарының құзіретіне жатқызылған қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыру және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңға сәйкес іс жүргізу;9)Қ Р ның азаматтарына жеке куәліктер мен паспорттар құжаттамалауды және беруді жузеге асыру;10)азаматтарды есепке алуды және тіркеуді ҚР ның Үкіметі айқындайтын тәртәппен жүзеге асыру;11)Өздеріне Қ Р ның заңдарымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
3. Жеке адамның, әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі іс-әрекеті н/е әрекетсіздігі н/е заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі мемлекеттік әкімшілік құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар саласы. Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілерінің бірі «әрекет» ж/е «әрекетсіздік», «іс-қимыл» деген құқықтық ұғымды құрайды. Іс-қимыл құқыққа сәйкес ж/е теріс қылық болып екіге бөлінеді. Әкімшілік әрекет-міндеттер мен талаптарын орындамау, бұзумен тікелей байланысты, құқық бұзушының мінез-құлығына белсенді нысаны. Міндеттер мен заңды талаптарды орындамау мен тікелей байланысты құқық бұзушының мінез-құлығының бәсең нысаны әкімшілік әркетсіздік деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:
1) қоғамдық қауіптілігі – қоғамға, мемлекеттке, адамдардың мүдделеріне зиян келтіретін әрекет, өзінің әлеуметтік маңыздылығы жағынан қоғамға қарсы болып табылады. Бүндай қоғамға қауіпті әрекеттің жауаптылығы әкімшілік заңдармен анықталады;
2) әкімшілік құқықтың және басқа да еңбек, жер, қаржы құқықтарының нормаларын бұзатын іс – қимылдың құқыққа қайшы келетіндігі;
3) кінәлілігі – егер де құқық бұзған тұлға кінәлі деп табылса, яғни ол құқық бұзушылықты қасақана не абайсызда жасаған болса, заң тұлға жасаған іс – қимылды құқыққа қайшы деп санайды;
4) іс – қимылдың жауаптылығы – заңмен жауаптылық белгіленген іс – қимыл әкімшілік құқық бұзылушылық деп танылады.
Билет № 65.
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
2. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
3. Адам құқықтары.
4. Есеп. Мәслихат депутаты Сейдахметов тергеушімен куә ретінде жауап беруге шақырылды. Тергеушінің әрекеті заңға сай ма?
1. ҚР ның Үкіметі атқарушы билігін жүзеге асырады,атқарушы органдардың жүйесін басқарды және олардың қызметтіне басшылық жасайды (64-бап). Үкімет ҚР ның атқарушы билігінің жоғары алқалы органы болып табылады.Үкіметке Премьер-Министр басшылық етеді,оның өкілеттігі Республика Конституциясымен және «ҚР ның Президентінің Үкіметі туралы» Конституциялық заң күші бар жарлығымен бекітіледі. Премьер-Министрдің мынадай өкілеттігі болады:
1) Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді;
2) Үкімет қаулыларына қол қояды;
3) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке баяндап отырады;
4) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады.
П-М орынбасарлары П-Мдің тапсырмасы б\ш басқа да қызметтер атқарады. Министрлер, мемлекеттік комитеттердің төрағалары Үкімет мүшелері б\т. Олар тиісті министрліктермен мем\к комитеттерге басшылық етеді ж\е тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің қарауында болатын мемлекеттік басқару саласындағы қызметтің жай күйіне жауап береді.
Республиканың П-Мнің жаныныан Үкіметтің тұрақты жұмыс істейтін органы ретінде Төралқа құрылады. Үкіметтің төралқасының құрамында лауазымы б\ша П-Мдің орынбасардары ж\е Үкімет аппаратының басшысы кіреді. П-М Төралқа құрамына Үкіметтің басқа мүшелерін енгізуге құқылы, Үкімет Төралқасының отырысын әзірлеу ж\е өткізу тәртібін Регламент белгілейді.
Үкімет отырысы айына кем дегенде бір рет өткізіледі. Отырысты П-М не Президент шақырады. Аса маңызды мәселелер б\ша Үкімет қаруы кезінде оның отырыстарына Президент төрағалық етеді.Егер оған оның мүшелерінің кем дегенде үштен екісі қатыссва ол құқылы болып есептеледі.
Үкімет пен П-Мдің қызметін ақпараттық талдау, құқықтық, ұйымдық ж\е материалдық техникалық жағынан жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін өз Аппараты құрылады. Аппарат басшысын П-М ұсынысы б\ша Президент қызметке тағайындап, қызметтен босатады. Аппарат басшысы Үкімет аппаратымен, министрліктермен, жергілікті атқару органдарымен өзара қарым қатынасын ұйымдастырады.
Үкіметтің құзыретіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Үкімет жанынан комиссиялар, кеңестер ж\е өзге де консутативті кеңесші органдар құрылады. Бұл органдарды П-М, оның орынбасарлары, Үкімет мүшелері басқарады.
2. Еңбек д/з- адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани ж/е басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын ж/е онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың саласы. Еңбек құқығы-еңбек қатынасын реттейтін құқық нормаларын жиынтығы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты-жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу ж/е заңсыздыққа жол бермеу. Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалды ж/е рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады. Еңбек құқығы әдісі-еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек құқығының әдісі-еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар сонымен қатар тығыз байланысты басқа қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшіліктерінің барынша жалпылама көрнісі. Еңбек құқығы әдістерін мынадай белгілермен:
1) еңбектік құқықтық қатынастар ж/е солардың негізінде туындайтын басқа да қатынастарды реттейтін императивтік ж/е диспозивтік нормалардың қосындысымен;
2) еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті ж/е шартты әдістердің қосындысымен;
3) әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеу әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен;
4) жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралп жіктелінуі;
5) еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітумен сипатталады.
Еңбек құқық жүйесі деп біртұтас еңбек құқығын бір-бірімен тығыз байланысты жеке бөлшектерге бөлуден көрінетін объективті өмір сүретін құқық саласының құрлымы. Еңбек құқығы негіздері д/з-заңнамалармен беліленген, арнайы құзыретті органның нормативті актілері. Еңбек құқығының қайнар көздері-күрделі, көп деңгейлі құрлым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрлымының ішкі бірлігін көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі заңдық күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды. Еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орын алатын 2007ж 15 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі». Кодекс жалпы ж/е ерекше бөлімнен, 6 бөлімнен,40 тараудан,341 баптан тұрады.
3. Адам құқығы-адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін іс әрекет (мінез құлықтың) өлшемі (шамасы).
Адам құқықтарына мынандай белгілер тән болады.1)бұл құқықтар адамның табиғи ж/е әлеуметтік мәнінің, қоғамның болмысы жағдайларында үнемі өзгеріп отыратындығын ескеру арқылы туындап әрі қарай дамып отырады.2)объективті түрде қалыптасып барып пайда болады ж/е мемлекеттің тануына байланысты болмайды(яғни, мемлекет тарапынан тануына тәуелді емес).3)жеке адамға тумысынан тән болады.4)ажырамайтын,тартып алынбайтын сипатта болады табиғи ретінде ауа,су ж/е т.б сияқтылар ретінде танылады.5)тікелей күші бар болып келеді.6)ең жоғарғы әлеуметтік құндылық деп танылады.7)құқықтың қажетті бөлігі ретінде, оның белгілі бір мәнін білдіретін(яғни бейнеленетін)нысаны түрінде көрінеді.8)жеке адамға өз білігінше әрекет етуге н/е белгілі бір игіліктерді алып пайдалануға мүмкіндік жасайды ж/е оны қамтамасыз етеді, сөйтіп барып адамдар мен мемлекет арасында болатын өзара қатынастарды реттейтін қағидаттар мен нормалар болып қалыптасады 9)бұларды тану, бұлжытпай орындау,сақтау ж/е қорғау мемлекеттің міндеті болып табылады.
Билет № 66.
1. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
2. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.
3. Конституцияның құрылымы, ерекшеліктері.
4.Есеп. Ғылыми-зерттеу институтының ұжымы кезінде өздері ұсынған депутат Қаптағановтың есебін тыңдау туралы шешім қабылдады. Бірақ Қаптағанов өзінің басқа елдің азаматтығын алуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтатқанын айтып, есеп бермейтінін хабарлады.Қаптағановтың әрекеті заңға сай ма ?
1. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың түрлері. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың 3 түрі бар:
жеке құқықтар мен бостандықтар - әркімнің құқығы болып табылады және тікелей мемлекеттің азаматтығына тәндігімен байланысты емес, одан туындамайды; адамға тумысынан тән болады және одан бөлінбейді; адамның жеке өміріне, бас бостандығына, ар-ожданына байланысты өзге де табиғи құқықтарын қорғау үшін қажетті құқықтар мен бостандықтарды қамтиды.
саяси құқықтар мен бостандықтар – мемлекеттің азаматтығында болуға байланысты және белгілі бір жасқа (18) толғанда туындайды, азаматтардың ммелекеттің саяси өміріне қатысуын байқатады;
әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар – адамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени қажеттіктерін қанағаттандыруға байланысты құқықтар мен бостандықтар.
Саяси құқықтар мен бостандықтар тек мем\т өз азаматтарына елдің қоғамдық ж\е саяси өмірі саласына араласуға мүмкіндік беретін, конс\қ құқықтар мен босандықтардың топтамасы. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі. Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс. Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді.
2. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару – бұл тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында заң актiлерiнде белгiленген құзырет шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызмет. Жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы, мемлекет тетігінің ерекше белшегі болып табылады және белгілі бір дербестікке ие болады. Заңнамада жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны бекітілген және олар үшiн негiзгi талаптар мен шектеулер белгiленген. Яғни жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз қызметiнде:
1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) шегінде жеке жүзеге асырылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық (селолық) округтің, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың (селоның) әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.
Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық, бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы тиісінше облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы бес жыл мерзiмге сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
3. Конституция – бұл мемлекет өмірінің негізгі бастауларын – мемлекеттің құрылысын, саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемлекеттің негізгі заңы немесе актілердің жиынтығы.
Конституцияның негізгі мәні мынада:
- Конституция ағымдағы заңнаманың заңи базасын құрайды, яғни Конституцияның заңи жоғарылығы танылады. Бұл дегеніміз, жаңа Конституция қабылданған жағдайда өзге барлық заңнама оған сәйкестендіріледі. Барлық құқықтық актілер оған сәйкес болуы тиіс, ал мұндай талапқа жауап бермейтін барлық актілер заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды;
- сондай-ақ, Конституция – бұл қоғамның барлық топтарының мүдделерін қамтамасыз ететін заң, себебі, Конституция таптан (таптардың мүддесінен) жоғары тұратын, қоғамның барлық мүшелері үшін теңдей міндеттеме белгілейтін құжат болып табылады. Конституция – бұл заңдар үшін заң болып табылады.
КР конс\сы 1995ж 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Ол 9бөлім 98баптан құралған.
І бөлім -ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР. Конституцияның жалпы ережелер бөлімінің 1, 2 баптарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы, яғни мем-лекет ретінде басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режимі жарияланған, ал 3 бапта бүкіл биліктің халыққа тән болып табылатындығы бекітілген, кейін мемлекеттік билікті жүзеге асыру тетігі ашылған.
ІІ бөлім -АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
ІІІ бөлім –ПРЕЗИДЕНТ. Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
ІV бөлім –ПАРЛАМЕНТ. Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламенттің өкілеттігі Конституцияда көзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді.
V бөлім –ҮКІМЕТ. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
VІ бөлім -КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды және дауыс тең бөлінген жағдайда оның даусы шешуші болып табылады.
VІІ бөлім -СОТТАР ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІ. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.
VІІІ бөлім-ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өкілді органдар — мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.
ІX бөлім-ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР. Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы референдум нәтижелері ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді, сол мезгілден бастап бұрынғы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының күші жойылады.Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні деп жарияланады.
Билет № 67.
1. Заңдылық түсінігі және оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тәртіп.
2. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
3. Кодекс.
4. Есеп. Сапарғалиев тұрғын үй салу үшін банктен несие алып, кепілге жер учаскесін қалдырды. Бұл учаскеде Сапарғалиев салған үй кепілге кіре ме?
1. Заңдылық–бұл қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы.
Заңдылықтың қағидалары:
1) заң үстемдігі–барлық нормативтік және жеке құқықтық актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді;
2) заңдылықтың тұтастығы–нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді;
3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестігі– құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкестілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсатқа сәйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді;
4) заңдылықтың шынайылығы–құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді және оларды кез-келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.
Құқықтық тәртіп бұл субъектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі.
Заңдылықты нығайту үшін кепілдіктер қажет. Олар: а) экономикалық кепілдік — қоғам шаруашылығының деңгейі жоғары болып, заңды жүзеге асыру үшін қаражат жеткілікті болуы керек; ə) саяси кепілдік — мемлекет органдары заңға сүйене отырып, өзіне тапсырған қызметті оралымды, тиімді істеуі қажет; б) құқықтық кепілдік — заңдарды үнемі жетілдіріп отыру, заңды бұзушылықтың алдын алу, сот əділдігін жүзеге асыру, жауаптылықтан бұлтартқызбау, əлеуметтік бақылау, т.с.с.
Қоғам тəртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тəртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген.
Сондықтан да қоғамда тəртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Қоғамдағы тəртіп түрлі əлеуметтік нормалардың, былайша айтқанда, адамдардың мінез-құлқын реттейтін қағидалардың өсерімен яғни күшімен орнатылады.
Əлеуметтік нормалардың маңызды түрі - əдептік нормалар. Əдептік нормалардың құқықтық сипаты болмайды. Олар адамға құқық бермейді, міндет жүктемейді. Олар адамның ар-ұятын, намысын қалыптастырып, солар арқылы қоғамдық тəртіп орнатуға ұйтқы балады. Əдептік нормалар құқықтық нормаларға түрткі, негіз балып отырады. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі əдептік нормалардан нəр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға əдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың əділеттік, адамгершілік мəні жоғары балады.
Құқықтық нормаларды қолдану нəтижесінде қоғамда құқықтық тəртіп орнығады. Демек, құқықтық тəртіп дегеніміз құқықтық нормаларды жүзеге асыру нəтижесінде қалыптасатын қоғамдық тəртіп.
2. Еңбек құқығы негіздері д/з-заңнамалармен беліленген, арнайы құзыретті органның нормативті актілері. Еңбек құқығының қайнар көздері-күрделі, көп деңгейлі құрлым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрлымының ішкі бірлігін көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі заңдық күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды. Еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орын алатын 2007ж 15 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі». Кодекс жалпы ж/е ерекше бөлімнен, 6 бөлімнен,40 тараудан,341 баптан тұрады.Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) кемсітушілікке, мəжбүрлі еңбекке жəне балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне
тыйым салу;
4) қауіпсіздік жəне гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты
қамтамасыз ету;
5) өндірістік қызмет нəтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен
денсаулығының басымдығы;
6) еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, əділетті сыйақыға
құқығын қамтамасыз ету;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
9) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін
қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;
10) əлеуметтік əріптестік;
11) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелерін мемлекеттік реттеу;
12) қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының
сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып
табылады.
3. Номативтік құқықтық актілердің бірі Кодекс. Кодекс д\з біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң. ҚР Кодекстері:
Бюджеттік;
Азаматтық
Азаматтық іс жүргізу
Неке ж\е отбасы
Экологиялық
Су
Жер
Орман
Салық
Кеден
Көлік
Еңбек
Қылмыстық жазаларды орындауға б\ты
әкімшілік жауапкершілікке тартуға б\т
қылмыстық іс жүргізу сияқты біртектес қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.
Билет № 68.
1. Міндеттеме ұғымы және тараптары.
2. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
3. Жалпықұзыретті органдар: түсінігі, ерекшелігі.
4. Есеп. Журналист Наурызбаева шетел азаматына тұрмысқа шығып Біріккен Араб Әмірліктеріне көшіп кетті. Бірақ жүктілік және туу кезіне Қазақстанға келіп, осында бала туды. Наурызбаеваның баласының азаматтығы анықталады ?
1. Міндеттеме дегеніміз бір адамның басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан бас тартуы. Бірақ несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті. Міндеттемелер зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады. Сонымен бірге міндеттемелер төмендегідей іс-қимылдардан негізінде туындайды:1)заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;2)заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;3)азаматық құқықтар мен міндеттер белгіленген сот шешімімен;4)заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;5)һнертабыстар , өнеркәсіптік үлгілер , ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;6)басқа жаққа зиян келтіру салдарына , сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау салдарынан;7)азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;8)заңдар азаматтық-құқықтыққ жаңдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады. Міндеттеме-міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдацда – іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегә құқықтарға немесе әдетте қойылатын һзге де талаптарға сәйкес орындауға тиіс.
2. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауда ерікті. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Ерлі зайыптылардың мүліктік емес жеке құқықтары. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы. Сонымен, ерлі зайыпылардың мүліктік емес қатынастарына айналысатын ісін, кәсібін, мамандығын, тұратын жерін, аты жөнін, тегін таңдау еркі жатады.
Ерлі зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі- зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлі- зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлі- зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі.
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі: 1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік;2) ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі;3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқкиім және басқалар). Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін.
3. Прокуратура – Республика аумағында заңдардың, ҚР президенті жарлықтарының ж\е өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл ж\е бірыңғай қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік ж\е атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау ж\е жою жөнінде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен зағдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай ақ заңда белгіленген жағдайларда тәртіппен шекке қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
ҚР Прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметінің тәртібі ж\е прокурорлардың өкілеттілігі ҚР Конституциясымен, «Прокуратура туралы» ҚР-ның 1995ж 21 желтоқсан ындағы Заңмен, заң актілерімен, ҚР бекіткен халықаралық шарттармен сондай ақ Республика Бас Прокурордың бұйрықтарымен айқындалады.
Прокуроатура мемлекет атынан:
Конституцияның, Заң актілерінің ж\е Республика Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;
Жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудіңғ әкімшіілік ж\е атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;
Сотта мемлекет мүддесін білдіреді;
Республиканың Конституцисы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға ж\е басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;
Заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
Статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объектілігін ж\е жеткіліктігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статитиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласындағы заңдарлың қолданылуын жүзеге асырады.
Билет № 69.
1. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық құқықтары мен міндеттері.
2. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
3. Құқық нормасы.
4.Есеп. С. азаматы өз көлігінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті және сол үшін жол полиция қызметкерімен тоқтатылды. С. құқықтың қай саласының нормаларын бұзды : азаматтық құқық, еңбек құқығы, әкімшілік құқығы, транспорт заңдарын.
1. Жалпы алғанда тұлғаның кең құқықтық мәртебесі қоғамның мүшесі ретінде жеке тұлғаның нормативтік актілерінде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Конституциялық құқықтық мәртебені әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады:
1) Субъектісіне байланысты: а) адамның конституциялық мәртебесі. б) ҚР азаматының. в) шетел азаматының. г) азаматтығы жоқ тұлғалардың мәртебесі.
2) Құқықтар, бостандықтар мен міндеттердің көлеміне байланысты: а) негізгі. б) толық. в) шектеулі мәртебе.
Конституциялық құқықтық мәртебенің мазмұны:
1) Конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер.
2) Азаматтық..
3) Конституциялық құқық қаблеттілік.
4) Конституциялық құқықтар мен бостандықтарын іске асырудың кепілдіктері.
1. адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін тікелей түрлері бар.
а) өзіндік құқықтар мен бостандықтар. өмір сүру, жеке бастың бостандығына қол сұғылмаушылық, әркімнің өзін қай ұлтқа жататының өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге, әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы, ешкімнің тұрғын үйге қол сұқпайтындығы, әркімнің еркін жүріп тұруға және тұрғылықты мекенді қолауынша таңдап алуға, жеке тұрғылықты мекенді қалауынша таңдап алуға, жеке өміріне қол сұғылмауына, ақпарат көздерімен танысуға құқығы,
б) саяси құқығы мен бостандығы. Мұның жеке адамға қатысты құқықтар мен бостандықтардан ерекшелігі – саяси құқықтар мен бостандықтар тек қана ҚР азаматына берілген. Олар бірлесу бостандығы, құқығы, тікелей, не өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу, референдумға қатысу, сайлауға қатысу не сайлану, бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру, мемлекеттік қызметке кіруге азаматтардың тең құқықтары.
в) әлеуметтік, экономикалық құқықтар мен бостандықтар. Оларға меншік иесі болу, еркін еңбек ету, қызмет саласы мен кәсіпті еркін таңдап алу, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайына ие болу. Білім алу, тұрғын үйге ие боу, шығар еркіндігіне кепілдік, дем алу, денсаулықты сақтау, денсаулық, ұясына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы.
г) мәдени құқықтар мен бостандықтар. Білім алу, шығармашылық еркіндік құқығы.
2. Заңдық түсініктер (категориялар) заңдық құбылыстың ашатын қысқа анықтаулар екені белгілі. Кеден органы түсінігін, оның іс - әрекетінің құқықтық негіздерін және мемлекеттік биліктің атқарушы органдары жүйесіндегі орнын анықтауды еліміздің Конститутциясында белгілінген атқарушы биліктің іс - әрекетінің құқықтық негіздеріне сүйене отырып зерделеуге болады.
Кеден органдары түсінігін анықтағанда оны мемлекеттік органдардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, басқа мемлекеттік басқару органдарына берілетін жалпы өкілеттіктер кеден органдарына да қатысты екенін байқауға болады.
Кеден органдарын құрудағы негізгі мақсаттардың бірі мемлекеттің тәуелсіз кеден саясатының мақсаттары:
- Қазақстан нарығын қорғау;
- Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау;
- Экономиканың дамуын ынталандыру;
- Экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу;
- Бәсекені ынталандыру және монополимге қарсы әрекет ету;
- Экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру;
- Сауда саясаты міндеттерін шешу;
деп көрсетілген. Бұл мақсаттар мемлекеттің кеден саясатына жатады. Кеден саясаты – мемлекеттің саясатының маңызды буыны. Ол заңдар, басқада құқықтық – нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Демек, мемлекеттің кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт – бағдарына: Президент, Поарламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды.
Кеден саясаты тек кеден органдары арқылы атқарылмайды. Айталық, жоғарыда кеден саясатының құрамдас бөлігі ретінде аталып өтілген шетел инвестициясын тарту мәселесі кеден огандары қызметі аумағынан шығып кетеді және ол атқарушы және заң шығарушы биліктің ауқымды және үйлесімді жұмыстарын қажет етеді. Сонымен мемлекеттің кеден саясатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы экономикалық және саяси жағдайынан туындап, өзгеріп, дап отыратын күрделі, кешенді түсінік деуге болады.
Белгілі бір кезеңдегі кеден саясатының негізгі параметірлерін ішкі экономикалық субъектілердің потанциалдық іс - әрекеті мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, елдің жалпы экономикалықкеңістігіндегі құбылыстарды өзара үйлестіре отырып үкімет белгілейді. Ал кеден саясатының заңи негіздері Парламенттің немесе Президенттің нормативтік актілері арқылы жасалады, сондай – ақ ағымдағы іс әрекетте үкіметтің қаулылары, ережелері, т.б. арқылы жүзеге асырылып отырады.
Дегенмен, мемлекеттің кеден саясатының ең негізгі атқарушы құралы ретінде іс - әрекет жасайтын кеден органдарының нақты іс - әрекет аумағы мен міндеттері де үлкен – ол елдің экономикалық мүдделерін, кедендік шекарасын қорғайды; тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына кедендік бақылау жасайды, келісім – шарт жасасқан тараптардың кедендік аумақтары шеңберінде экспорт және импорт операцияларына, валюта қозғалысына кедендік бақылау жасайды.; елдің заңдары белгіленген мөлшерде кедендік баждар, төлемдер мен алымдар алып отырады; мемлекеттің кеден заңдарын бұзған заңдық және жеке тұлғаларды жауапкершілігінің шегін белгілейді, т.б. Осы міндеттердің бәрін атқару үшін арнайы мемлекеттік орган – кеден құрылып, ол мемлекеттің механизмінің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік және мәжбүрлеушілік өкілеттілікке ие болады.
3. Құқықтық норма құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн реттеп, басқарып отыратын жалпыға бiрдей мемлекетпен қамтамасыз етiлетiн ереже - қағида. Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция- қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі (ҚР Азаматтық кодексінің 482 бабы).
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР Қылмыстық кодекстің 7-бабы). Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.
Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті-анық, баламалы, салыстырмалы.
Құықықтың нысаны – мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері, олар:
1. Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында ғасырлар бойы қолданылған, өмірде жан-жақты тәжірибе арқылы қалыптасқан.
2. Құқықтық прецедент – соттың және әкімшілік органның нақты бір істі – мәселені қарап, реттеп, шешім қабылдаған кесімдері басқа істерді, реттеп шешуге негізгі норма бола алады. Бұл шешімдер нормативтік актілердің бір түрі.
3. Нормативтік шарттар – қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады. Мысалы: Германия Федеративтік Республикасы мен Германия Демократиялық Республикасының бірігу шарты, мемлекеттердің арақатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.
4. Референдумда қабылданған нормативтік кесімдер – заңның бір түрі. Сондықтан бұл кесімдер құқывқтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдум жалпы мемлекеттік түрде және жергілікті мақсатпен өткізіледі.
5. Нормативтік-құқықтық кесім – мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен кесімі. Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігі осы нормативтік кесімдер арқылы реттеліп, басқарылады.
Билет № 70.
1. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының түсінігі, жүйесі.
2. Халықаралық құқықтық нормалар.
3. Жер құқығының түсінігі.
4.Есеп. Келесі актілердің қайсысын әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне жатқызуға болады : заң, кодекс, жарлық, қаулы, бұйрық, инструкция, ереже, телефонограмма, әдістемелік нұсқау. Өз актілерін шығару құқығына қандай мемлекеттік органдар ие болады?
1. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының түсінігі, жүйесі. Құқық қорғау қызметі дегеніміз – бұзылғын құқықтарды қалпына келтіруге және заңды міндеттерді орындауға бағытталған мәжбүрлеу шарасы құқық қорғау қызметі болып табылады. Осы қызметті жүзеге асыруға бағытталған органдар жүйесін құқық қорғау органдар деп аталады. Құқық қорғау органдар жүйесін келесідей құрамына органдар кіреді:
• сот;
• прокаратура
• Әділет органдары
• Ішкі істер органдары
• Адвокатура
• Нотариат
• Ұлттық қауіпсіздік органдары қаржы полициясы
Қазақстан Рспубликасының Конституциясының 75 бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағысот төрелігін тек Қазақстан Рспубликасының Соты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Соты сот төрелігін Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырады. Қазақстан Республикасындағы Сот жүйесінің қызметін Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың құқықтарының мәртебесі туралы 2000 жылдың 25 желтоқсандағы конституциялық заңы реттейді. Қазақстан Республикасының Сот жүйесі:
1. Жоғарғы Сот
2. Жергілікті Сот
Қазақстандағы сот қызметін жүзеге асырудың негізгі қағидасы:
1. кінәсіздік призумпциясы
2. 1 құқық бұзышылық үшін ешкім де 2 рет жазаланбайды
3. өзіне заңмен көзделген соттылығымен оның келісімінсіз ешкімге өзгертуге болмайды
4. сотта ешкім өзінің сөзін тыңдатуға құқылы
5. жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін,азаматтарға жаңа міндет жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды
6. және т.б.
Қазақстан Республикасының барлық территориясында заңның нақты және толық сақталуын қадағалайтын ең жоғарғы қадағалаушы орган прокаратура болып табылады. Қазақстан Республикасының прокаратура жүйесінің бас прокурор және аймақтық прокурорлардан тұрады.
Ішкі істер органдарының құқықтық мәртебесін Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдар туралы заң күші бар жарлығымен реттеледі. Жарлық бойынша:
1. жеке адамның азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау
2. қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
3. қылмысқа қарсы күресу
4. және т.б.
2. Халықаралық құқық - бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.
Халықаралық құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық – құқықтық реттеудің пәні болып табылатын қатынастарды екіге бөлуге болады:
а) мемлекеттер арасындағы қатынастар;
б) мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар арасындағы қатынастар. Халықаралық құқықтың нормалары , ең бастысы, халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері – мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық құқық мемлекететр арасындағы құқық ретінде қалыптасқан болатын.
Бірақта, халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің сферасына көшті.
Мемлекеттер арасындағы емес халықаралық қатынастар:
а) мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы;
б) халықаралық ұйымдар арасындағы;
в) бір жағынан мемлекететр, халықаралық ұйымдар, екінші жағынан жеке және заңды тұлғалар арасындағы;
г) жеке және заңды тұлғалар арасындағы.
Халықаралық бұқаралық құқық және халықаралық жеке құқық бар.
Халықаралық бұқаралық құқық- халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы саяси сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық жеке құқық – мемлекеттер арасындағы, заңды тұлғалар (ұйымдар мен мекемелер) мен жеке тұлғалар (азаматтар) арасындағы халықаралық жобадағы жеке сұрақтар (авторлық құқық, мұрагерлік құқық, отбасы-неке сұрақтары) бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық құқық – бұл ерекше құқық жүйесі болып табылады. Ғылым және оқу пәні болып табылады.
Халықаралық құқық құқық жүйесі ретінде барлық мемлекететрдің, барлық адамзаттың иглігі болып табылады, ол барлығына біреу. Бірақ та халықаралық құқық ғылымы барлық мемлекеттерге бірдей бола алмайды. Әрбір мемлекеттте өзінің халықаралық құқық ғылымы болады,мысалы, халықаралық құқықтың қазақстандық ғылымы.
Халықаралық құқық, кез келген мемлекеттің ұлттық құқығы сияқты салаларға бөлінеді. Халықаралық құқықтың салалары халықаралық қатынастардың белгілі бір тобын реттейді және халықаралық –құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Мысалы, Халықаралық қауіпсіздік құқық саласы халықаралық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қатынастарды реттейді; Халықаралық ұйымдар құқығы халықаралық ұйымдарды құру мен қызмет ету тәртібін реттейді.
Халықаралық-құқықтық институт – бұл халықаралық қатынастардың түрін реттейтін халықаралық нормалардың жиынтығы, мысалы, Халықаралық гуманитарлық құқықтағы - азаматтық институт, Халықаралық келісімшарт құқығындағы - келісімшарттың жарамдылығы институты.
Халықаралық құқық Халықаралық қатынасиарда үйлестіруші, реттеуші және қорғаушы қызмет атқарады.
Үйлестіруші қызметінің мазмұны – мемлекет өзі үшін әртүрлі сфераларда белгілі бір мінез-құлық стандарттарын белгілейді.
Реттеуші қызмет – белгіленген ережелер мен стандарттарды мемлекеттің қабылдауында және сақтауында көрінеді.
Қорғаушы қызмет – мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған нормалар.
Халықаралық құқықтың дипломатиядан, мемлекеттің сыртқы саясатынан айырмашылығы бар.
Халықаралық құқық – мемлекеттер арасындағы қатынастарда өзін қалай ұстау керек екендігі жөніндегі келісімшарт нормаларының жиынтығы болса, дипломатия – сыртқы саясатты жүргізу амал-тәсілдердің жиынтығы, ал сыртқы саясат – бұл өзінің мүдделерін қанағаттандыру үшін халықаралық аренада оның жүргізетін негізгі бағыттары.
Халықаралық құқықтың қайнар көздері – бұл халықаралық -құқықтық нормаларды көрсететін формалар.
Оның 4 түрі бар:
1) Халықаралық келісімшарт;
2) Халықаралық – құқықтық әдет – ғұрыптар;
3) Халықаралық конференциялар мен мәжілістердің Қорытынды Актілері;
4) Халықаралық ұйымдардың резолюциялары.
3. Жер – ҚРның егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңестік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы мен кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі. Қазақстан Республикасында жер мемлекеттiк меншiкте болады. Жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
«Жер кодесінің» 4-бабына сәйкес Жер заңдарының принциптерi:
Қазақстан Республикасының жер заңдары:
1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi;
2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;
3) жердi қорғау және ұтымды пайдалану;
4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
5) жердi нысаналы пайдалану;
6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы;
7) жердiң жай-күйi және оған қолжетiмдiлiк туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
8) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау;
9) жерге залал келуiн болдырмау немесе оның зардаптарын жою;
10) жердi ақылы пайдалану принциптерiне негiзделедi
Жер құқығының негізгі міндеттері — Қазақстан Республикасы жер зандарының міндеттері: жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи органы сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және занды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласыңда зандылықты нығайту болып табылады.
Билет № 71.
1. Қылмысқа қатысудың ұғымы және қылмысқа қатысушылардың түрлері.
2. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
3. Шетел азаматтарының құқықтық мәртебесі.
4. Есеп. 3 сынып оқушысы, ата-анасыз автобуста жол ақысын төлемей отырды. Контролер одан билетті көрсетуді талап етіп, ол көрсетпегеннен кейін айппұл төлеуді талап етті. Бұл жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық болды ма, егер болса әкімшілік жауапкершілікке кім тартылады ?
1. Екі немесе оданда көп адамның қасақана қылмыс жасауға бірлесіп қатысуы қылмысқы қатысу деп танылады.Қатысушылар өз ішінде жасауға тиісті әрекеттерді үлеске салып,жұмыла көтереді.Бұндай әрекеттер қылмысқа нық семіммен кірісуге септігін тигізіп,қауіптілікті артыра түседі.Қылмысқа қатысудың маңызы оның жауаптылықты ауырлататын мән жай реттінде қаралатында.Олар әртүрлі мотив пен мақсатта әркет жасағанымен,бәріде қылмыс жасауды тілейді,яғни қатысудың міндетті субъективті белгісі болып қылмыс жасау ниеті болып табылады.Қатысу абайсыздан болуы мүмкін емес.Егер алдау жолымен адасып қосылған болса,қылмысқа қатысушы болып есептелмейді.Қатысушылардың түрлері объективті критерий бойынша,яғни әркімнің қосқан әрекет үлесіне қарай ажыратылады.Қылмысты орындаушыдан басқа қылмыста ұйымдастырушы,айдап салушы,көмектесушілер қылмысқа айдап салушылар деп танылады.Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам,сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.
2. Жұмыс уақыты-бұл қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерінің орындайтын уақыт,сондайақ Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзгеде уақыт кезендері.Жұмыс уақытын ұзақтығы қалыпты,ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыт түрлері болып табылады.Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспау керек.Демалыс-бұл жұмыс орны мен Еңбек кодексімен белгіленген жағдайларда орташа қысым сақтай отырып, қызметкердің жыл сайынғы үзіліссіз тынығуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату.Қызметкерлердің демалыс күндері апта сайын беріледі:5 күндік жұмыс аптасына 2 демалыс күні,ал 6 күндік жұмыс аптасына-1 күн.Жұмыс аппталарында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады.Еңбекті қорғау-бұл еңбек қызметі процессінде қызметкерлердің өмірімен денсаулығының қауіпсіздігің қамтамасыз ету жүйесі.Бұл жүйе құқықтық,әлеуметтік-экономикалық,ұйымдастыру-техникалық,санитарлық-эпидемилогиялық,емдеу-профилактика,оңалту және де өзгеде іс-шаралармен құралдардан тұрады.
Демалыс уақыты - қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты.
Демалыс уақыты туралы мәселелер «Еңбек туралы Кодекстің» 6-тарауында анық жазылған.
Демалуға және тамақтануға арналған үзiлiс (53-бап) 1. Күнделiктi жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бiр сағаттан кем болмайтын үзіліс берілуге тиiс. Бұл үзілiс жұмыс уақытына енгізілмейдi және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады. 2. Yзiлiс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушiнің актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленедi. 3. Өндірiс жағдайлары бойынша үзiлiс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкiндігiн қамтамасыз етуге міндеттi. Мұндай жұмыстардың тiзбесi, демалу және тамақтану тәртібi мен орны қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша жұмыс берушiнiң актiлерiнде немесе ұжымдық шартта белгiленедi. 56-бабына сәйкес демалыс күндері былай белгіленеді:
1. Қызметкерлерге апта сайын демалыс күндері беріледі.
2. Бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына екі демалыс күні, ал
алты күндік жұмыс аптасында - бір күн беріледі.
3. Бес күндік жəне алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні
болып табылады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні жұмыс
берушінің актісінде немесе ауысым кестесінде белгіленеді. Егер ұжымдық шартта, еңбек шартында өзгеше белгіленбесе, екі демалыс күні қатар беріледі.
4. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.
5. Үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздіксіз қызмет ету қажеттігі салдарынан демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін қызметкерлерге демалыс күндері жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып қабылданған актілерінде бекітілген ауысымдық кестеге сəйкес қызметкерлерге (қызметкерлер тобына) аптаның əр күндері кезекпен беріледі.
6. Іссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерін өзі жіберілген жұмыс берушінің еңбек тəртіптемесіне сəйкес пайдаланады.
60- бабына сәйкес Демалыс түрлері:
1. Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлері:
1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;
2) əлеуметтік демалыстар беріледі.
2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс
қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына жəне қызметкердің өзге де жеке қажеттіктеріне арналады жəне жұмыс орны (лауазымы) мен орташа
жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.
3. Əлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында жəне өзге де əлеуметтік
мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.
4. Қызметкерлерге əлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері:
1) жалақы сақталмайтын демалыс;
2) оқу демалысы;
3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға
байланысты демалыстар беріледі.
3. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы Республика Конституциясымен, “Шетелдіктердің құқық-тық жағдайы туралы” 1995 жылғы 19 маусымдағы ҚР заңымен т.б. заң актілерімен анықталады. Шетелдіктер – бұл Қазақстанда тұратын, оның заңына бағынатын бірақ оның азаматы болып табылмайтын тұлғалар. Оларға шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар (апатрид) кіреді. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Респуб-ликасындағы шетел азаматтары болып Қазақстан Республикасы-ның азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар есептеледі. Ал, Қазақстан Республикасындағы азаматтығы жоқ адамдар – бұлар Қазақстан Республикасының азаматы емес, сондай-ақ өзге мемлекеттің азаматтығында болмайтын адамдар. ҚР азаматтары мен шетел-діктердің (шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар) құқықтық мәртебелері көбіне сәйкес келе бермейді. Негізгі айырмашылық-тары келесілерде:
1. кейбір лауазымдарды (Президент, сот, самолет экипажы-ның командирі, т.б.) тек ҚР азаматтары ғана иеленеді;
2. мемлекеттік құпиямен байланысты жұмысқа кіру ҚР азаматы болып табылмайтындар үшін шектелген;
3. шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін еркін жүріп-тұру құқығы шектелген;
4. жалпыға бірдей әскери міндеттілік шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға емес тек ҚР азаматтарына ғана тарайды;
5. ҚР азаматтары мен шетелдіктердің деликтқабілеттігі бірдей емес. Мысалы, соңғыларына Қазақстанда болу мерзімін қысқарту, ҚР аумағынан кетіру секілді шаралар қолданылуы мүмкін.
6. шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақ-стан мемлекетінің саяси өміріне араласа алмайды.
Билет № 72.
1. Алименттік қатынастар.
2. Қажетті қорғану және аса қажеттілік: түсінігі мен айырмашылықтары.
3. Құқықтық қатынастың мазмұны.
4. Есеп. Зауыт директоры зауыт аумағын тазалау үшін сенбілікті өткізу және оны ұйымдастыру тобы туралы бұйрық шығарды. Бұл бұйрыққа сүйеніп ұйымдастыру тобы сенбілік өткізу уақытын, оған қатысушыларды тағайындап, оларды құрал-сайманмен және көлікпен қамтамасыз етті. Лауазымды тұлғаның шешімі еңбек шартында көзделмеген және қоғамдық жұмыстарды орындауға негіз бола алады ма?
1. Ата аналар –өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуға міндетті. Егер ата аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларды асырап бағуға алмаса, кәмелетке толмаған балалрды асырап бағуға арналған қаражат ата аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады. Ата аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап бағуға алынбаған және сотқа талап арыз бермегенде қорғанышы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата анасынан алимен төндіріп алу туралы талап қоюға құқылы. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балалрға олардың ата аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балға ата анасы табысының және өзге де кірісінің төрттен бірін; екі балаға үштен бірін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата аналарын асырап бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті. Алимент төлеу туралы келіісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз көмеке мұқтаж ата аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады.
2. Қажетті қорғану дегеніміз қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан, қол сұғушығы зиян келтіру жолымен жасалған заңға сәйкес қорғану. Қажетті қорғану заңды болу үшін бірқатар талаптарға сай келуі тиіс, ол талаптар өз кезегінде қол сұғушылыққа қатысты ж/е қорғануға қатысты деп екі арнаға бөлінеді. Қол сұғушылыққа қатысты талаптардың бірі, алдымен қол сұғушылық жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесіне тікелей қауіп төндіретін шын мәнінде қоғамға қауіпті болуы шарт. Қорғануға қатысты талаптардың алғашықысы қорғалатын объектілердің шеңберін анықтауға қатысты. Заң олардың қатарына қорғашының құқықтары мен заңды мүдделерін; басқа адамның құқықтары мен заңды мүдделері үшін; мемлекет мүдделерін енгізген. Объект неғұрлым құнды болса, қол сүғушылық соғұрлым қауіпті болмақ. ҚК 34 бабы бойынша заңмен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның н/е өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса ж/е бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды. Қорғануға қойылатын талаптар: алдымен, қажетті қорғанудағыдай, бұнда да заң қамқорылққа алған мүдделерді қорғау қажет.
3. Құқықтық қатынас дегеніміз қажет болғанда мемлекеттңк биліктік сипаттағы мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілетін, субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері бар, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынасқа қатынасушылардың арасындағы тұрақты заңды байланыс. Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады: Субъект; объект; субъективті құқық; заңды міндеттер. Құқықтық қатынастардың субъектісі жеке адам ж/е заңды тұлғалар. Шетел азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар қатынастың субъектісі болуы үшін олардың құқықтық қабілеттлігі ж/е әрекеттілігі қалыптасуы керек. Құқықтық қабілет құқыққа, бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Әрекеттілік адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу ж/е оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Заңды тұлғалар: мемлкет, мемлекеттік аппарат заңды түрде құырылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтық ж/е әрекет қабілеттілігі бар деп саналады. Құқ. қатынастың объек. қоғамдағы көптүрлі, көпсалалы сааяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, әкімшілік ж/е т.б. қарым қатынастар. Субъективті құқық құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде мақсаттарының орындалуы. Субъективті құқық бар жерде заңды міндеттер болады. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, мемлекеттің міжбүрлеу күші қолданылады.
Билет № 73.
1. Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
2. Атқару билігі органдары жүйесі және қызметінің ұйымдастырылуы.
3. Қылмыстардың жіктелуі.
4. Есеп. Жер заңымен жер учаскесін мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерге мәжбүрлеп алу белгіленген. Мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер деген не?
1. Мемлекет д/з-белгілі бір аумақ шеңберінде, халықты басқаратын өз еркін ихтиярына көндіретін, халықтан салық жинайтын, барлығына бірдеі заңдар қабылдайды, басқару апараты бар саяси ұйым немесе саяси апарат. Құқық д/з жалпыға бірдей міндетті заңдар көрініс табатын, мемлекеттің күшімен қоғамдық қатынастарды реттейтін ереже қағидаларының жиынтығы н/е жүйесі. Ғаламда мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы үш түрлі пікір бар. Бірінші мемлекеттің объективті даму процесінде, іс әрекеттінің нәтижесінде құқық өмірге келіп, мемлекет пен бірге дамып келеді деп түсіндіреді. Сондықтан, құқық мемлекетке бағынышты болуға тиіс. Бұл пікірді қолдайтын ғаламдардың негізгі қатесі құқықтың мазмұнын толық түсінбеуінде. Олар құқықты тек мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілерінің жиынтығы деп түсінуінде. Екінші пікір мемлекет құқықтың объективті даму процесінде, іс әрекеттінің нәтижесінде өмірге келіп, құқық пен бірге дамып келеді деп түсіндіреді. Сондықтан мемлекет құқыққа бағынышты болуға тиісті. Құқық объективтік тұрғыдан мемлекеттен өмірге бұрын келді. Сондықтан басымдық артықшылық құқықта болуға тиіс. Бұл пікір бірінші көзқараста аз да болса шындыққа жақынырақ. Бірақ, бұл да бір жақты көзқарас. Үшінші пікір мемлекет пен құқық бір бірінің даму нәтижесінде өмірге келген жоқ. Олар қоғамның объективті дамуын, заңдылықтарын талаптарына сәйкес өмірге құқық бұрын келіп, мемлекет кейінрек келіп, екеуі тығыз байланысты дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл көзқарас құқық пен мемлекеттің мазмұнын арақатынасын тереңірек түсінуге, білуге толық мүмкіншілік береді. Сол арқылы мемлекеттік нигилизмге, құқықтық нигилизмгеде жол берілмей әшкереленеді. Мемлекет пен құқықтың арақатынасы объективті тұрғыдан қалыптасып, бір бірімен тығыз байланысты дамиды, оның дамуына сан қырлы ықпал, көмек жасайды.
2. Жалпы, атқарушы билік мемлекеттік биліктің бір тармағы болып табылады. Атқарушы билік – бұл заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктердің өкілеттіліктерін, әртүрлі бақылау түлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығы.
Атқарушы биліктің мақсаттары:
1) азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің аман-есен өмір сүруіне септігін тигізетін
жағдайлар жасау;
3) азаматтардың немесе ұйымдардың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру
үшін, адамдардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірлерінің
еркіндігіне жағдай жасау.
Атқарушы биліктің негізгі белгілері:
1) жан-жақтылығы –адамдар ұжымдары қызмет еткен жерлердің барлығында болуы және үздіксіздігі;
2) мәжбүрлеушілігі – күшке сүйенеді, ықпал ету шараларын жеке дербес жүзеге асыру мүмкіншілігі;
3) құралдылығы – құқықтық, ақпараттық, техникалық ұйымдық қорларының болуы;
4) ұйымдастырушылық сипатта болуы.
Атқарушы билік органдары - бұл қоғам мен мемлекеттің әкімшілік-саяси, әлеуметтік -мәдени, шаруашылық және сала аралық аумақтық міндеттерді жүзеге асыру үшін атқарушы-бұйырушы өкілеттілік берілген және құрылымы болатын әлеуметтік құрылым немесе ұйым.
Атқарушы билік органдарыныңөз құрылымы, құзырығы бар мемлекеттік аппараттың бір бөлігі болып табылатын ұйым және заңнамаға сәйкес құрылады. Мемлекеттің тапсырмасы бойынша қызмет етуге қатысуға құқық берілген, атқарушы-бұйырушы қызмет ету тәртібінде шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси сфераларға күнделікті жетекшілік етуге, сала аралық басқарумен шұғылдануға арналған.
Атқарушы билік органдары әртүрлі негіздер бойынша классификацияланады.
1) құзырлығының көлемі мен сипаты бойынша:
а) жалпы құзырлы органдар - көптеген сфералардың қызметтеріне басшылық жасайтын органдар, мысалы, ҚР Үкіметі, жергілікті атқару органдары;
б) салалық құзырлықтағы органдар - басқарудың жеке сфераларын және салаларына басшылық ететін органдар, мысалы, министрліктер;
в) ішкі салалық құзырлықтағы органдар - сала шегінде тапсырылған жұмыс учаскелерінің шегінде басшлық ететін органдар, мысалы, министрліктердің теорриториялық органдары
г) сала аралық құзырлықтағы органдар - бұл барлық немесе көптеген басқару салалары мен сфералары үшін арнайы функцияларды атқаратын органдар.
2) ұйымдық-құқықтық нысандарына байланысты:
а) министрліктер; б) мемлекеттік комитеттер; бас басқармалар; агенттіктер; департаменттер; бөлімдер;
3) ведомство қарамағындағы сұрақтарды шешу тәртібі бойынша:
а) алқалық-осы органның құзырлығындағы барлық сұрақтар бойынша шешім қабылдау басымдылығы ұйымдастырылған және заңды түрде біріктірілген тұлғалардың топтарына берілген органдар, мысалы, үкімет. Алқалы органдарда шешім олардың мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
б) дара басшылық органдар - бұл осы органның құзырлығына берілген барлық сұрақтар бойынша шешуші билік органды басқаратын жетекшіде болатын органдар, мысалы агенттіктер.
4) қызметінің аумақтық масштабына байланысты:
а) орталық атқару органдары, мысалы, ҚР министрліктері;
б) жергілікті, мысалы, әкімшіліктер;
в) аумақаралық;
4) құрылу тәртібі бойынша:
а) ҚР Президенті құратын органдар, мысалы, агенттіктер;
б) жоғарғы атқарушы билік органдары құратын.
5) қаржыландырылуына байланысты:а) мемлекеттік бюджеттік;б) шаруашылық есебінен.
3. ҚР Кылмыстық кодексінің 2-бөлімі толықтай «Қылмыс» мәселесіне арналған. Яғни осы кодекстің 9-бабына сәйкес: «жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) қылмыс деп танылады». Қылмыс санаттары (10-бап) сипатына және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлiнедi.
1. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
2. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.
3. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
4. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау - қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады.
1. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң түрлi баптарында көзделген екi немесе одан да көп қылмыс жасау осы Кодексте арнайы көрсетiлген жағдайларда ғана бiрнеше рет жасалған деп танылуы мүмкiн.
2. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшiн заңмен белгiленген тәртiп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын жасаған қылмысы үшiн соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса, немесе мұндай қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тарту мерзiмi өтiп кетсе, қылмыс бiрнеше рет жасалған деп танылмайды.
3. Жалғасатын қылмыс, яғни бiр ниетпен және бiр мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бiр қылмысты құрайтын бiрқатар бiрдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс бiрнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды.
4. Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша айқындалады. Тiкелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Менмендiкпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.
Билет № 74.
1. Еңбек шартының түсінігі және мазмұны.
2. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
3. Парламент Мәжілісі.
4. Есеп. Мәслихат депутаты Сейдахметов тергеушімен куә ретінде жауап беруге шақырылды. Тергеушінің әрекеті заңға сай ма?
1. Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарына құқықтық сипат беретін нормативтік құжаттардың бірі – еңбек шарты болып табылады. Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, ҚР заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді. Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге ҚР еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақытылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.
2. Жаза- өзіндік ерекшеліктері мен алдына қойған мақсаттары бар, мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық кодекстің 38- бабына сәйкес жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады. Жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адмадардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Қылмыстық жаза тек қана мемлекеттің атынан соттың үкімімен шығарылады. Жаза тағайындау туралы күшіне енген соттың үкімі барлық мемлекетті және мемлекеттік емес ұйымдарға, мекемелерге, бірлестіктерге міндетті және ҚР аумағында міндетті түрде орындалуға жатады. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс секілді құқық бұзушылыққа ғана қолданылады.
3. Парламент ҚР заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан ж/е Мәжілістен тұрады. Мәжіліс парламенттің төменгі палатасы, ол 107 депутаттан тұрады. Оның тоғыз депутатын Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайды. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей тең ж/е төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл өкілеттілік мерзімге Мәжілістің депутаты бола алады. Парламент палалталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы заңдар қабылдайды. Мәжілістің ерекше қарауына: Парламентке енгізілген Конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау ж/е оларды қарау жатады. Республика заңнамасына енгізілген соңғы өзгертулерге сәйкес Парламент тұтастай немесе Мәжіліс жеке таратылуы мүмкін. Төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Республика Президентi өкiлеттiгiнiң соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейiн бiр жыл өтпейiнше Парламенттi және Парламент Мәжілісін таратуға болмайды. Мәжіліс таратылған жағдайда Парламенттің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі қызметін уақытша, Мәжілістің жаңа құрамы сайланғанға дейін Сенат атқарады.
Билет № 75.
1. Некеге тұрудың шарттары.
2.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
3. Қаржы нарығын құқықтық реттеудің түсінігі.
4.Есеп. Ғылыми-зерттеу институтының ұжымы кезінде өздері ұсынған депутат Қаптағановтың есебін тыңдау туралы шешім қабылдады. Бірақ Қаптағанов өзінің басқа елдің азаматтығын алуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтатқанын айтып, есеп бермейтінін хабарлады. Қаптағановтың әрекеті заңға сай ма ?
1. Неке – ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік және мүләктәк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Некеге тұру шарттары ҚР «Неке және отбасы туралы » заңының 9-бабында былай реттелген:
1. Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.
2. Неке осы Заңның 11-бабында аталған мән-жайлар болған жағдайда қиылмайды. Ал бұл жағдайлар мұндай:
1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың);
3) асырап алушылар мен асырап алғандардың;
4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.
2. Еңбек дегеніміз адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады. Еңбек құқығы әдісі - еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшеліктерінің барынша жалпылама көрінісі. Еңбек құқығының әдісі құқықтық реттеу қандай тәсілмен асырылады деген сауалға жауап береді. Еңбек құқықғы әдістерін мынадай белгілермен: 1) императивтік және диспозитивтік нормалар; 2) орталықтанылған, жергілікті және шартты нормалар; 3) әлеуметтәк әріптестік келісімдер; 4) жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап жіктелінуі; 5) еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітуімен сипатталады.
3.
Билет № 76.
1. ҚР Үкіметінің қызметі.
2. Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі, құрамы, түрлері.
3.Құқықтың түсінігі мен негізгі белгілері.
4. Есеп. Сапарғалиев тұрғын үй салу үшін банктен несие алып, кепілге жер учаскесін қалдырды. Бұл учаскеде Сапарғалиев салған үй кепілге кіре ме?
1. ҚР ның Үкіметті атқарушы билігін жүзеге асырады,атқарушы органдардың жүйесін басқарды және олардың қызметтіне басшылық жасайды (64-бап)Үкімет ҚР ның атқарушы билігінің жоғары алқалы органы болып табылады.Үкіметке Премьер-Министр басшылық етеді,оның өкілеттігі Республика Конституциясымен және «ҚР ның Президентінің Үкіметі туралы» Конституциялық заң күші бар жарлығымен бекітілебді. Премьер-Министрдің мынадай өкілеттігі болады;Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және өзінің орынбасарлары мен Үкімет мүшелері арасында қызмет міндеттін боледі;Президентпен,Парламентпен,Конституциялық,Жоғарғы сотпен ,Бас Прокуратурамен,басқада мемлекеттік органдармен қатынаста үкімет атынан сөлейді немесе оны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады;халықаралық қатынастарда Үкімет атынан сөлейді немесе мұны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады және үкіметаралық шарттармен келісімдерге қол қояды;Республика Президентіне;Үкіметтің құрлымы мен құрамы туралы;Үкіметтің құрамына кірмеитін минстірліктерді,мемлекеттік комитеттер мен орталық атқарушы органдар құру,қайта құру және тарату туралы;Үкімет апаратының басшысы,министер қызыметтіне тағайындалатын кандидатуралар туралы;мемлекеттік комитеттің төрағасы,облыс,республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасының әкімі туралы;аталған адамдарды қызметтерінен босату туралы ұсыныс түсіреді;Президентке Рспубликаның мемлекеттік бюджеттімен қаржыландырылатын барлық органдардың қызметкерлерін қаржыландырып,оларға еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітуге ұсынады;Президентке Үкімет қызметтінің негізгі бағыттары және оның барлық ең маңызды шешімі туралы баяндайды;Үкімет мүшелерінің ,орталық және жергілікті атқарушы огандар басшыларының есебін тыңдайды.
2. Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834—1919) енгізген. Экология — тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта — табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі.
Экологиялық құқық – қоршаған табиғи ортаның сапасын жақсарту, қорғау, сауықтыру, экологиялық зиянды салдардың алдын алу мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әсері жүйесіндегі қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін экологиялық-құқықтық нормалар жиынтығы. Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Экологиялық құқықтық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.
Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.
Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.
2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).
3. Заңды тұлғалар.
4. Жеке тұлғалар.
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.
ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
- ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;
- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;
- халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.
3. Құқық дегеніміз – мемлекет қамтамасыз ететін , қоғамның , топтың ерік-ықтиярын білдіретін жалпыға бірдей міндетті заңда көрініс табатын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, формальды түрде анықталған құқықтық нормалардың жиынтығы немесе жүйесі. Құқықтың негізгі белгілері:
1) Жүйелілігі. Құқық – бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі – табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік – құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Құқықтық жүйенің екінші бөлігі – мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі- субьективтік (тұлғалық) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен -бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға , қорғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетіне ғана жазылып қалған болар еді.
2) Нормативтік сипаты – құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида- тұлғалардың мінез –құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс- әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет.
3) Формальды анықтылығы – құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын заңдарды, басқада нормативті актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемелекет органдары заңдарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес , мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды.
4) Құқықтың енді бір белгісі – мемелекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қаматамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемелекет, оның органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды.
5) Құқықтың тағы бір белгісі – адамдардың еркін білдіруі. ҚР-ның Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік билікктің бірден - бір бастауы – халық. Халық билікті жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Сонымен халық заңдарды өзі тікелей қабылдай алады. Мұндай жағдайда заң тікелей халықтың еркін паш етеді.
Билет № 77.
1. Мемлекеттің түсінігі, белгілерін ашу.
2. Некенің түсінігі, неке жарамсыздығы.
3. Еңбеккердің қызметтік өтілімін растайтын құжаттар.
4. Есеп. Журналист Наурызбаева шетел азаматына тұрмысқа шығып Біріккен Араб Әмірліктеріне көшіп кетті. Бірақ жүктілік және туу кезінде Қазақстанға келіп, осында бала туды. Наурызбаеваның баласының азаматтығы қалай анықталады?
1. Мемлекет д/з-белгілі бір аумақ шеңберінде, халықты басқаратын өз еркін ихтиярына көндіретін, халықтан салық жинайтын, барлығына бірдеі заңдар қабылдайды, басқару апараты бар саяси ұйым немесе саяси апарат. Мемлекеттің негізгі белгілеріне:
Халқының және аумағының болуы. Кез келген мемлекеттің өзінің белгілі бір аумағы болады. Сонымен қатар, мемлекеттің аумағында халқының болуы. Мемлекеттік билік өзінің аумағында тұратын адамдардың адамдардың арасында қоғамдық қатынастарды құқық, заң арқылы реттеу үшін сол халыққа арналған құқықтық нормативтік актілерді қабылдайды. Қабылданған нормативтік құқықтық актілер халықтың барлық топтарына ортақ және міндетті түрде орындалуға, сақталуға және іске асырылуға тиіс.
Саяси бұқара биліктің болуы. Саяси билік жалпыға бірдей ортақ мүддені қанағаттандыратын ортақ билік. Мемлекеттің екінші белгісі ол мемлекеттік биліктің болуы. Биліктің бұқаралық болатын себебі ол, сол мемлекеттің халқы атынан оның аумағында тұратын елдің, адамдардың барлығына бірдей таратылады. Бұқаралық билікке мемлекеткеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету аппараттары жатады.
Салық және салық жүйесінің болуы. Салықтың негізгі мақсаты саяси пара билікті қамтамасыз ету, яғни қоғамның жалпы істерін қамтамасыз ету. Салықтар, алымдар, төлемақылар-мемлеттік аппаратты, қызметкерлерді ұстауға қоғамның басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын мемлекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын, халық табысының бір бөлігі. Мемлекет халықтан салық алып оны мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғам қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды.
Жалпыға бірдей қабылданған заңдардың болуы, осы заң арқылы мемлекет өз ерік ихтиярын халыққа жеткізеді, басқару апаратының болуы. Мемлекеттің тағы бір белгісі ол мемлекетте құқықтың, заңдардың болуы, құқық пен мемлекеттің ажырамас, тығыз байланысы. Құқық пен заңды сол мемлекеттің өзі қабылдап бекітеді және олар сол мемлекеттің бүкіл іс-әрекетін заңдастыруға көмектеседі, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
Мемлекеттің келесі белгісі ол мемлекеттің егемендігі. Егенмендігінің болуы д/з- мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатта тәуелсіз болуы. Егемендік мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздігі. Мемлекеттің егемендігін үш жақта қарастыруға болады: біріншіден, мемлекеттің бүкіл аумағына, халқына тарайтын бірден-бір мемлекеттік билік болып табылатын биліктің үстемдігі; екіншіден, мемлекет органдарының бірыңғай жүйесін құрайтын мемлекеттік биліктің тұтастығы; үшіншіден, мемлекеттік биліктің өз істерін өз еркімен шешуге құқығы бар биліктің тәуелсіздігі.
Мемлкеттің рәміздерінің болуы. Оған ту, елтаңба, әнұран жатады.
2. Некенің жарамсыздығы ҚР «Неке ж\е отбасы» туралы заңның 5-тарауында анық айтылған. Яғни 24-бапқа сәйкес Некені жарамсыз деп тану:
1. Осы Заңның 9-11-баптарында белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ жалған жасалған жағдайда неке жарамсыз деп танылады.
2. Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.
3. Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге құқылы.
4. Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді.
5. Сот некені жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімімен некеге тұру мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге міндетті.
6. Некенің жарамсыздығы оның қиылған күнінен бастап танылады.
25-ба қа сәйкес Некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар:
1. Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға:
1) егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса (осы Заңның 10-бабы), кәмелетке толмаған жұбайы, оның ата-анасы (оларды ауыстыратын адамдар), қорғаншы және қамқоршы орган немесе прокурор құқылы. Кәмелетке толмаған жұбай он сегіз жасқа толғаннан кейін некені жарамсыз деп тануды талап етуге тек оның өзі ғана құқылы;
2) егер некеге тұруға ерлі-зайыптылардың бірінің ерікті келісімі болмаған жағдайда: мәжбүр ету, алдау, қателесу немесе өзінің жай-күйінің салдарынан некеге тұруды мемлекеттік тіркеу кезінде өзінің әрекеттерінің маңызын түсінбей және өзін-өзі билей алмауы себепті неке қиылған болса, некеге тұру арқылы құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ прокурор;
3) некені қиюға кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін білмеген жұбай, әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, оның алдындағы бұзылмаған неке бойынша жұбайы, осы Заңның 11-бабының талаптарын бұза отырып қиылған неке арқылы құқықтары бұзылған басқа да адамдар, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы орган мен прокурор;
4) жалған некеге тұру жағдайында прокурор, сондай-ақ некенің жалғандығы туралы білмеген жұбайы;
5) осы Заңның 24-бабының 3-тармағында аталған мән-жайлар болған кезде құқығы бұзылған жұбай құқылы.
2. Неке жасына толмаған адаммен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезінде іске қатысуға қорғаншы және қамқоршы орган тартылады.
3. Еңбек кодексінің 34-бабын сәйкес еңбеккердің қызметтік өтілімін растайтын құжаттар:
1) еңбек кітапшасы. Еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады. Еңбек кітапшаларының нысанын, оны жүргізу және сақтау тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемелекеттік орган белгілейді. Жұмыс беруші қызметкердің еңбек кітапшасына (ол бар болған кезде) ұйымдағы еңбек қызметі туралы тиісті жазбалар енгізуге міндетті. Еңбек кітапшасына еңбек шартын тоқтатудың себептері туралы жазбалар еңбек кодексінің нормаларын көрсете отырып жүргізілуге тиіс ;
2) тоқтату күнімен оны тоқтатаудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
3)еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінің үзінді көшірмелері;
4)қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
5) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі );
6) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.
Билет № 78.
1. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
2. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
3. Қылмыстың субъективті жағы.
4. Есеп. С. азаматы өз көлігінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті және сол үшін жол полиция қызметкерімен тоқтатылды. С. құқықтың қай саласының нормаларын бұзды : азаматтық құқық, еңбек құқығы, әкімшілік құқығы, көлік заңдарын.
1. Сайлау жүйесі – бұл мемлекеттің өкілді, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен сайланбалы лауазымды тұлғасын (Президент) құрудың заңмен бекітілген тәртібі, яғни кандидат-тарды ұсыну мен дауыстарды санаудың жүйесі. Басқаша айтқанда, сайлауларды ұйымдастыру мен өткізудің нақты амалы. Сайлау жүйесінің екі түрін көрсетуге болады: мажоритарлық сайлау жүйесі және бара-бар өкілдік (пропорционалдық) сайлау жүйесі. Тарихи тұрғыда алғашқы сайлау жүйесі болып мажоритарлық жүйе табылады. Оның негізінде көпшілік қағидасы жатыр, яғни белгіленген көпшілік дауыс санын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Бара-бар өкілдік (пропорционалдық) сайлау жүйесі бойынша Қазақстанда Парламент Мәжілісінің 98 депутаты сайланады. Бұл жүйенің басты идеясы мынада: әрбір саяси партия парла-ментте сайлаушылардың өзі үшін берген дауысына бара-бар болатын (сай келетін) мандаттар санын иеленеді. Республикамызда сайлауларды әзірлеу мен өткізуді ұйым-дастыру үшін сайлау комиссиялары құрылып, қызмет етеді. Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін мыналар құрайды:
1) Орталық сайлау комиссиясы;
2) Аумақтық сайлау комиссиясы;
3) Округтік сайлау комиссиясы;
4) Учаскелік сайлау комиссиясы.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 5 жыл. Орталық сайлау комиссиясы төрағадан және алты мүшеден тұрады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен екі мүшесін Пре-зидент, екі-екіден төрт мүшесін Парламент палаталары тағайын-дайды. Қалған сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті маслихаттар сайлайды және олар жеті адамнан құралады.
Қазақстанда сайлаулар өткізу кезінде сайлау округтері, сай-лау учаскелері құрылып, пайдаланылады. Сенат депутаттарын сайлауда сайлау округтері құрылмайды.
2. Халықаралық құқық - бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.
Халықаралық құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық – құқықтық реттеудің пәні болып табылатын қатынастарды екіге бөлуге болады:
а) мемлекеттер арасындағы қатынастар;
б) мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар арасындағы қатынастар. Халықаралық құқықтың нормалары , ең бастысы, халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері – мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық құқық мемлекететр арасындағы құқық ретінде қалыптасқан болатын.
Бірақта, халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің сферасына көшті.
Мемлекеттер арасындағы емес халықаралық қатынастар:
а) мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы;
б) халықаралық ұйымдар арасындағы;
в) бір жағынан мемлекететр, халықаралық ұйымдар, екінші жағынан жеке және заңды тұлғалар арасындағы;
г) жеке және заңды тұлғалар арасындағы.
Халықаралық бұқаралық құқық және халықаралық жеке құқық бар.
Халықаралық бұқаралық құқық- халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы саяси сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық жеке құқық – мемлекеттер арасындағы, заңды тұлғалар (ұйымдар мен мекемелер) мен жеке тұлғалар (азаматтар) арасындағы халықаралық жобадағы жеке сұрақтар (авторлық құқық, мұрагерлік құқық, отбасы-неке сұрақтары) бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық құқық – бұл ерекше құқық жүйесі болып табылады. Ғылым және оқу пәні болып табылады.
Халықаралық құқық құқық жүйесі ретінде барлық мемлекететрдің, барлық адамзаттың иглігі болып табылады, ол барлығына біреу. Бірақ та халықаралық құқық ғылымы барлық мемлекеттерге бірдей бола алмайды. Әрбір мемлекеттте өзінің халықаралық құқық ғылымы болады,мысалы, халықаралық құқықтың қазақстандық ғылымы.
Халықаралық құқық, кез келген мемлекеттің ұлттық құқығы сияқты салаларға бөлінеді. Халықаралық құқықтың салалары халықаралық қатынастардың белгілі бір тобын реттейді және халықаралық –құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Мысалы, Халықаралық қауіпсіздік құқық саласы халықаралық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қатынастарды реттейді; Халықаралық ұйымдар құқығы халықаралық ұйымдарды құру мен қызмет ету тәртібін реттейді.
Халықаралық құқық Халықаралық қатынасиарда үйлестіруші, реттеуші және қорғаушы қызмет атқарады.
Үйлестіруші қызметінің мазмұны – мемлекет өзі үшін әртүрлі сфераларда белгілі бір мінез-құлық стандарттарын белгілейді.
Реттеуші қызмет – белгіленген ережелер мен стандарттарды мемлекеттің қабылдауында және сақтауында көрінеді.
Қорғаушы қызмет – мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған нормалар.
Халықаралық құқықтың дипломатиядан, мемлекеттің сыртқы саясатынан айырмашылығы бар.
Халықаралық құқық – мемлекеттер арасындағы қатынастарда өзін қалай ұстау керек екендігі жөніндегі келісімшарт нормаларының жиынтығы болса, дипломатия – сыртқы саясатты жүргізу амал-тәсілдердің жиынтығы, ал сыртқы саясат – бұл өзінің мүдделерін қанағаттандыру үшін халықаралық аренада оның жүргізетін негізгі бағыттары.
Халықаралық құқықтың қайнар көздері – бұл халықаралық -құқықтық нормаларды көрсететін формалар.
Оның 4 түрі бар:
1) Халықаралық келісімшарт;
2) Халықаралық – құқықтық әдет – ғұрыптар;
3) Халықаралық конференциялар мен мәжілістердің Қорытынды Актілері;
4) Халықаралық ұйымдардың резолюциялары.
3. Қылмыстың субъективті жағы оның ішкі жағы, яғни жасаушының өз әрекеті мен оның салдарына психикалық қатынасы. Кінә кез келген қылмыстың субъективтік жағының негізгі ж/е міндетті белгісі. Қасақана н/е абайсызда әрекет жасаған адам мен қылмысқа кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған іс әрекет Қылмыстық Кодекстің ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады. Тікелей ж/е жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жаслаған қылмыс деп саналады. Егер адам өз іс әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынып, зардаптардың болуын тілесе тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам іс әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынып, зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады. Менмендікпен н/е немқұрайлылықпен жасалған әрекеи абайсызда жасалған қылмыс деп танылады. Қылмыс секілді қоғамдық қауіпті әрекеттің объективті ж/е субъективті белгілерінің қылмыстық заңмен бекітілген жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыстың құрамы дейді.
Билет № 79.
1. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
3.Еңбек құқығының түсінігі.
4. Есеп. Келесі актілердің қайсысын әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне жатқызуға болады : заң, кодекс, жарлық, қаулы, бұйрық, инструкция, ереже, телефонограмма, әдістемелік нұсқау. Өз актілерін шығару құқығына қандай мемлекеттік органдар ие болады?
1. Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады.
Мемлекеттің басқару нысаны - мемлекеттегі жоғары егемендік биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара жəне халықпен байланысын сипаттайды. Басқару нысаны мемлекет нысанындағы ең басты жетекші элемент болып табылады.
Монархия – мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы болады жəне атадан балаға мұра (мирас) ретінде беріледі (өтіп отырады).
Монархияның үш түрі болады: а) Шексіз (абсолюттік) монархия. Бұл жерде монарх мемлекеттің бірден бір жалғыз, ең жоғары органы. Оның қолында заң қабылдау, атқару, жəне сот биліктері шоғырланған. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны СаудАравиясы, Біріккен Араб Əмірлігі елдерінде орын алған.
б) Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия, басқарудың мұндай нысанында елдегі билік (өкімет) монарх пен басқа органдарға бөлінген болып келеді.
в) Дуалистік монархия. Басқарудың бұл нысанында елдегі мемлекеттік билік монарх пен парламент араларында тең бөлікке түскен болып келеді.
Республика. Басқарудың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік (өкімет) сайланбалы органдарға тиесілі болып келеді. Мұндай органдар белгілі бір мерзімге ғана сайланады жəне олар сайлаушылар алдында жауапты болады.
а) Президенттік республика басқарудың бұл нысанында президенттің жеке өзі, парламенттің қатысуымен үкіметті құрады. Үкімет өзінің қызметтері бойынша президент алдында жауапты болады. Басқарудың мұндай нысаны қазіргі заманда Америка Құрама Штаттарында жəне Қазақстанда орын алған.
б) Парламенттік республика. Мұндай басқару нысаны бар елде парламент заң қабылдайтын ғана емес, сонымен бірге үкіметті бақылайтын да орган болып табылады. Мұндағы президент – мемлекет яғни ел басшысы, ол үкімет басшысы емес. Мұнда үкіметті партиялар құрады. Үкіметке премьер-министр жетекшілік етеді (басқарады) (премьер-министр лауазымы басқаша аталуы мүмкін).
2. Жеке адамның, әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі іс-әрекеті н/е әрекетсіздігі н/е заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі мемлекеттік әкімшілік құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар саласы. Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілерінің бірі «әрекет» ж/е «әрекетсіздік», «іс-қимыл» деген құқықтық ұғымды құрайды. Іс-қимыл құқыққа сәйкес ж/е теріс қылық болып екіге бөлінеді. Әкімшілік әрекет-міндеттер мен талаптарын орындамау, бұзумен тікелей байланысты, құқық бұзушының мінез-құлығына белсенді нысаны. Міндеттер мен заңды талаптарды орындамау мен тікелей байланысты құқық бұзушының мінез-құлығының бәсең нысаны әкімшілік әркетсіздік деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:
1) қоғамдық қауіптілігі – қоғамға, мемлекеттке, адамдардың мүдделеріне зиян келтіретін әрекет, өзінің әлеуметтік маңыздылығы жағынан қоғамға қарсы болып табылады. Бүндай қоғамға қауіпті әрекеттің жауаптылығы әкімшілік заңдармен анықталады;
2) әкімшілік құқықтың және басқа да еңбек, жер, қаржы құқықтарының нормаларын бұзатын іс – қимылдың құқыққа қайшы келетіндігі;
3) кінәлілігі – егер де құқық бұзған тұлға кінәлі деп табылса, яғни ол құқық бұзушылықты қасақана не абайсызда жасаған болса, заң тұлға жасаған іс – қимылды құқыққа қайшы деп санайды;
4) іс – қимылдың жауаптылығы – заңмен жауаптылық белгіленген іс – қимыл әкімшілік құқық бұзылушылық деп танылады.
3. Еңбек д/з- адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани ж/е басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын ж/е онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың саласы. Еңбек құқығы-еңбек қатынасын реттейтін құқық нормаларын жиынтығы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты-жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу ж/е заңсыздыққа жол бермеу. Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалды ж/е рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады. Еңбек құқығы әдісі-еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек құқығының әдісі-еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар сонымен қатар тығыз байланысты басқа қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшіліктерінің барынша жалпылама көрнісі. Еңбек құқығы әдістерін мынадай белгілермен:
1) еңбектік құқықтық қатынастар ж/е солардың негізінде туындайтын басқа да қатынастарды реттейтін императивтік ж/е диспозивтік нормалардың қосындысымен;
2) еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті ж/е шартты әдістердің қосындысымен;
3) әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеу әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен;
4) жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралп жіктелінуі;
5) еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітумен сипатталады.
Еңбек құқық жүйесі деп біртұтас еңбек құқығын бір-бірімен тығыз байланысты жеке бөлшектерге бөлуден көрінетін объективті өмір сүретін құқық саласының құрлымы. Еңбек құқығы негіздері д/з-заңнамалармен беліленген, арнайы құзыретті органның нормативті актілері. Еңбек құқығының қайнар көздері-күрделі, көп деңгейлі құрлым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрлымының ішкі бірлігін көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі заңдық күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды. Еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орын алатын 2007ж 15 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі». Кодекс жалпы ж/е ерекше бөлімнен, 6 бөлімнен,40 тараудан,341 баптан тұрады.
Билет № 80.
1. Қаржылық құқықтық түсінігі, пәні, мемлекеттің қаржылық қызметі.
2. ҚР жерге меншік құқығының негіздері.
3. Конституциялық құқықтың қағидалары.
4. Есеп. 3 сынып оқушысы, ата-анасыз автобуста жол ақысын төлемей отырды. Контролер одан билетті көрсетуді талап етіп, ол көрсетпегеннен кейін айыппұл төлеуді талап етті. Бұл жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық болды ма, егер болса әкімшілік жауапкершілікке кім тартылады?
1. Қаржылық құқық деп мемлекеттің қаржыларын, яғни ақша қорларын қалыптастыру , болу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын атаймыз.
Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің екі әдісі қолданылады:
А) Мемлекеттік өктем, императивті әдісі;
Б) Қаржылық шартты, диспозитивтік әдісі;
Мемлекет тарапынан, қаржылық құқықтың нормаларымен реттелген қаржылық қатынастарды қаржылық құқық қатынастарға айналады. Осы қатынастар маңызы бойынша экономикалық, нысаны бойынша құқықтық бола отырып, мына келесідей өздеріне тән белгілермен сипатталады:
А) Қаржылық құқықтық қатынастар тек мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында туындап, құқықтық нормалармен реттелген қатынастар болып табылады;
Б) Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекет пен қоғамның мүддесін жүзеге асырудың нысаны болып саналады.;
В) Қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым мелекеттік өктем сипатта болады;
Г) Қаржылық құқықтық қатынастардың тұрақты субъектілеріне мемлекет пен оның уәкілетті органдары жатады;
Д) Қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым материалдық сипатта болады.
Қаржылық құқықтық пәннің, яғни қаржылық қатынастардың өздеріне тән айрықша белгілері болады:
А) Бұл қатынастар ақшалай немесе ақшаға байланысты қатынастар болып табылады
Б) Бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады
В) Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі болып табылады.
Г) Бұл қатынастар ақша түріндегі құның біржақты қозғалысын білдіреді.
Д) Экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтн базисті құрамына жатады;
Е) Бұл қатынастар әрдайым қаржылық құқықтық қатынастар түрінде кездеседі.
Осы аталған экономикалық және құқықтық белгілердің жиынтығы қаржылық қатынастарды жалпы экономикалық қатынастардың ішінен, ал қаржылық қатынастардың ішінен бөліп шығаруға мүмкіндік береді.
Қаржы құқығы дегеніміз - мемлекеттің қаржылық қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржы құқығының жүйесіне: ақша жүйесінің құқықтық негіздері, қаржыны басқару, жоспарлау, бақылау, бюджеттік, салықтық құқықтар кіреді. Бюджеттік құқық, мемлекеттік бюджетті құру және бөлу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды (республикалық, жергілікті бюджеттердің заңдылық нышанында бекітілген кірісі мен шығысы) реттейді.
2. Жер - Қазақстан Республикасының егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңiстiк, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндiрiс құралы және кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы - азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың өздерiне тиесiлi жер учаскесiн осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы
Жерге меншiк құқығының түрлерi:
1. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.
2. Меншiк құқығының субъектiлерi:
республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы; осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.
Меншiк құқығының мазмұны:
1. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар.
2. Жердiң меншiк иесi ретiндегi мемлекеттiң құқықтарын осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
3. Жер учаскесiнiң меншiк иесi осы Koдексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген негiздерде, шарттар мен шектерде меншiк иeci құқығын жүзеге асыра алады.
Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы
1. Жер учаскесiне меншiк құқығы:
1) меншiк құқығын табыстау;
2) меншiк құқығын беру;
3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.
2. Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.
3. Жер учаскесiне меншiк құқығы:
1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;
2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.
3. Конституциялық құқық д/з- ҚР конституциялық құрлысының, адам мен азаматтың мәртебесінің, мемлекеттік құрлымының, мемлекеттік билік органдар жүйесінің, жергілікті мемлекеттік ж/е өзін-өзі басқарудың негіздерін реттейтін, құқық нормаларының жиынтығынан тұратын құқықтың бір саласы.
Конституциялық құқықтың, ең алдымен қоғам мен мемлекет кұрылысын айқындайтын негізгі қағидаттарды баянды етеді. Сонымен бірге адамның қоғам мен мемлекеттегі жағдайын, оның ҚР азаматтылығына қатыстылығын, негізгі құқықтарын, еркіндігі мен міндеттерін айқындайтын қатынастарды да қамтиды.
Конс құқық тәсілдері д\з – конституциялық құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға ж\е оған қатысушыларға құқықтық әсет ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығы. Оларға мыналар жатады:
Құқық беру әдісі, яғни конституциялық құқықтық қатынастарға құқықтар беру;
Рұқсат беру әдісі, яғни субъектілерге құқықтық норма шегінде қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат ету;
Міндеттеу әдісі, яғни құқық субъектісіне міннеттер бекіту;
Тыйым салу әдісі, яғни құқық субъектілеріне қандай да бір заңсыз әрекет етуге тыйым салу.
Билет № 81.
1. Заңды фактілер ұғымы және түрлері..
2. Табиғатты пайдалану түсінігі мен түрлері.
3. Салық түрлері.
4. Есеп. Зауыт директоры зауыт аумағын тазалау үшін сенбілікті өткізу және оны ұйымдастыру тобы туралы бұйрық шығарды. Бұл бұйрыққа сүйеніп ұйымдастыру тобы сенбілік өткізу уақытын, оған қатысушыларды тағайындап, оларды құрал-сайманмен және көлікпен қамтамасыз етті. Лауазымды тұлғаның шешімі еңбек шартында көзделмеген және қоғамдық жұмыстарды орындауға негіз бола алады ма?
1. Заңға негiзделген айғақтар құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгеруiмен немесе тоқтауымен құқық нормалары арқылы байланыста болатын тiршiлiк жағдайлары. Сал айғақтармен құқық нормалары құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстырады. Кейде бұл айғақтың құқықтық нəтижесі болады, ал кейде бірнеше айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, өзгертеді немесе жояды. Мысалы, зейнеттік қатынастар пайда болуы үшін үш айғақ қажет: жас, стаж жəне зейнетақы тағайындау туралы акт. Айғақтардан мұндай жиынтығын айғақтық құрам деп атайды.
Заңды айғақтар бірнеше негіздер арқылы жіктеледі. Нəтижесінің сипатына қарай олар мына топтарға бөлінеді:
Құқықты құратын (еңбек шартын жасауға байланысты жалдаушы мен жалданушының құқықтары мен міндеттері пайда болады);
Құқықты тоқтататын (үй-жайды сату нəтижесінде үй-жайға меншік иесі өзгереді, сатып алушының меншік құқығы пайда болады, сатушы ол құқықтан айрылады).
Құқық өзгертетін (үй айырбастау нəтижесінде құқықтық қатынастың объектісі өзгереді, соған сəйкес құқықтары мен міндеттері де өзгереді).
Заңды айғақтар ерікке байланысты 2-ге бөлінеді:
Оқиғалар - адамдардың бұл субъектілердің еркіне тәуелсіз пайда болады. Мысалы, табиғат апаты, өлім және т.б адам өлiмi мұрагерлiк құқықты тудырады, ал пенсия жасына жету, зейнетақы алуға мүмкiндiк бередi. Әрекеттер - адамдармен пайда болатын заңға негiзделген айғақтар. Олар құқыққа сай (заңды әрекет) және құқыққа қарсы әрекеттер (заңсыз әрекет) болып бөлiнедi.
2. Табиғатты пайдалану деп адамның өзінің әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыратын, итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Т.п. құқығның объективтік мағынасы – табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларының жиынтығы болып табылады. Т.п. субъективті мағынасы – бұл адамның әралуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғатты пайдаланудың заңмен белгіленген құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы.
Табиғат пайдалану құқығы мынадай түрлерге бөлінеді:
— жер пайдалану құқығы;
— су пайдалану құқығы;
— орман пайдалану құқығы;
— жер қойнауын пайдалану құқығы;
— жануарлар дүниесін пайдалану құқығы;
— атмосфералық ауаны пайдалану немесе атмосфералық ауаны ластағыш заттардың шығарындылары үшін пайдалану құқығы.
3. Салық - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлем. Салық төлеушiнiң салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған сәйкес салық төлеушi салық органына тiркеу есебiне тұруға, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салық есептiлiгiн жасауға, оны белгiленген мерзiмде табыс етуге, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi. Мемлекет салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден - оның салық мiндеттемелерiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi және осы Кодексте көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
Салықтар түрлері:
1. Корпорациялық табыс салығы. Оны төлеушілерге ҚР Ұлттық Банкімен мемлекеттік мекемелерді қопағанда, ҚРның резидент заңды тұлғалары, сандай ақ ҚРда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын н\е ҚРдағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады.
2. Жеке табыс салығы. Оны төлеушілер салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар болып табылады.
3. Қосылған құн салығы тауарларды өндіру ж\е олардың айналысы процесіне қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды,сандай ақ ҚР аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді.
4. Акциздер тауар бағасына орындалатын жұмыстар мен көрсетілген қызмет тарифтерінен енгізілетін нақты ставкаларын ҚР Үкіметң белгілеп бекітетін міндетті төлемдер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi. Мұнай операцияларын ж\е өндірумен байланысы жоқ жер асты құрылыстары салу мен пайдалану жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалануы бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салудың ерекшеліктері реттеледі ж\е жер қойнауын пайдаланудың төлейтін төлемдері.
6. Әлеуметтiк салық. Өзінің аты айтып тұрғандай халықтың әлеуметтік қажеттіліктері мен мұхтаждықтарын өтеуге жұмсалады.
7. Жер салығы жеке меншік, тұрақты жер пайдалану ж\е бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығы салық салу объектілері бар жеке ж\е заңды тұлғалардың төлейтін төлемі.
8. Көлiк құралдары салығы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар мен меншік, шаруашылық жүргізу н\е оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер б\т.
9. Мүлiк салығы. ҚР аумағында меншік, шаруашылық жүргізу н\е оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, ҚР аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер.
Билет № 82.
1. Мемлекеттің қаржылық қорын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру әдістері.
2. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
3. Ата аналар мен балалардың алименттік міндеткерліктері
4. Есеп. Жергілікті әкімшілік аппараттың екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрды. Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
1. Кез келген басқа экономикалық категория сияқты, мемлекеттiк бюджет өндiрiстiк қатынастарыды бейнелеп, соған лайық метериалдық –заттық көрiнiс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында –бюджет қорында заттанады. Нәтижесiнде қоғамда жүрiп жатқан нақты экономикалық процестерi мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрiнедi. Бюджет –қоры қоғамдық өнiммен ұлттық табыстың құндық бөлiнiсiнiң тиiстi кезеңдерiнен өтiп, ұдайы өндiрiстi ұлғайтып, халыққа әлеуметтiк- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнiнде қажеттердi қанағаттандыру үшiн мемлекет қарамағына түскен бөлiгiнiң объективтi алғы-шарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесiн бiлдiредi.
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Мемлекеттік бюджеттiң кiрiстерi (арнайы эканомикалық аймақтардың қаржы қорларына есептелетiн сомалардан басқа) олар салықтардан, алымдардан, төлемақылар мен мемлекеттік баждардан тұрады.
Салықтардың экономикалық мәнi олардың өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жѕзеге асыру үшiн мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бiр бөлiгi болып табылатындығында.
Салықтармен бюджетке төленетін басқа да төлемдер қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар басқа да төлемдер мемлекетпен бiрге пайда болды және мемлекеттiң өмiр сүрiп, дамуының негiзi болып табылады. Адамзат дамуының бүкiл тарихы бойына салық нысандары мен әдiстерi өзгердi, игерiлдi, мемлекеттiң қажеттiлiктерi мен сұрау салуларына бейiмделдi. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесiнде айтарлықтай өрбiдi. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүредi.
Мемлекетке түсетiн салық түсiмдерiнiң сипатты ерекшелiгi олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейiн иесiз пайдаланылуы болып табылады. Осынысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергiлiктi органдар белгiлейтiн түрлi мiндеттi мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады; бұған әлеуметтiк сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, соның iшiнде бюджеттен тыс қорларға төленетiн жарналар мен аударымдар жатады, олар белгiлi бiр, ұзақ мерзiмдi көлемде өнiмнiң, жұмыстың және қызметтер көрсетудiң өзiндiк құнынан, табыстан (пайдадан), еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелiнедi.
Мемлекеттiк бюджет деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттiк бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретiнде объективтiк сипатқа ие. Оны бөлудiң дербес саласы ретiнде өмiр сүруiн қоғамдық өндiрiстiң өзi айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қаже етедi. Қаражатты орталықтандыру бүкiл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздiксiз айналымын ұйымдастыру үшiн, жапы экономиканың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлiнiсi мемлекеттiң табиғаты мен қызметiнен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға бүкiл қоғам ауқымында әлеуметтiк-мәдени шаралар өткiзуге, қорғаныс мiндеттерiн шешуге, мемлекеттiк басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандрылған қаржыны қажет етедi.
Сөйтiп, мемлекеттiк бюджет ұдайы өндiрiстiң қажеттерiнен, мемлекеттiң табиғатынан объективтi қажеттiлiк туындайтын болып табылады.
2. Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады.
Мемлекеттің басқару нысаны - мемлекеттегі жоғары егемендік биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара жəне халықпен байланысын сипаттайды. Басқару нысаны мемлекет нысанындағы ең басты жетекші элемент болып табылады.
Монархия – мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы болады жəне атадан балаға мұра (мирас) ретінде беріледі (өтіп отырады).
Монархияның үш түрі болады: а) Шексіз (абсолюттік) монархия. Бұл жерде монарх мемлекеттің бірден бір жалғыз, ең жоғары органы. Оның қолында заң қабылдау, атқару, жəне сот биліктері шоғырланған. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны СаудАравиясы, Біріккен Араб Əмірлігі елдерінде орын алған.
б) Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия, басқарудың мұндай нысанында елдегі билік (өкімет) монарх пен басқа органдарға бөлінген болып келеді.
в) Дуалистік монархия. Басқарудың бұл нысанында елдегі мемлекеттік билік монарх пен парламент араларында тең бөлікке түскен болып келеді.
Республика. Басқарудың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік (өкімет) сайланбалы органдарға тиесілі болып келеді. Мұндай органдар белгілі бір мерзімге ғана сайланады жəне олар сайлаушылар алдында жауапты болады.
а) Президенттік республика басқарудың бұл нысанында президенттің жеке өзі, парламенттің қатысуымен үкіметті құрады. Үкімет өзінің қызметтері бойынша президент алдында жауапты болады. Басқарудың мұндай нысаны қазіргі заманда Америка Құрама Штаттарында жəне Қазақстанда орын алған.
б) Парламенттік республика. Мұндай басқару нысаны бар елде парламент заң қабылдайтын ғана емес, сонымен бірге үкіметті бақылайтын да орган болып табылады. Мұндағы президент – мемлекет яғни ел басшысы, ол үкімет басшысы емес. Мұнда үкіметті партиялар құрады. Үкіметке премьер-министр жетекшілік етеді (басқарады) (премьер-министр лауазымы басқаша аталуы мүмкін).
3. ҚР «Неке және отбасы туралы» заңының 124 – 132- баптарында ата- аналар мен балалардың алименттік міндеткерліктері айтылған:
1. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртібі мен нысанын ата- аналар дербес айқындайды. 2. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап- бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады. 3. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз берілмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы.
4. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бірін; екі балаға - үштен бірін; үш және одан да көп балаға - тең жартысын өндіріп алады. 5. Ата-аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап-бағуға міндетті.
6. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент төлеу мөлшерін сот алимент төленетін кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып белгілейді.
7. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.
8. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады. 9. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот, балаларының бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата- ананың еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы. 10. Егер сот ата-аналардың ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарғанын анықтаса, балаларының өздерінің еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін. Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.
Билет № 83.
1. Азаматтардың құқықтық қабілеттілік және әрекет қабілеттіктерінің түсінігі жалпы сипаттамасы: түсінігі, түрлері.
2. Еңбек шарты мен ұжымдық арттардың түсінігі мен ара қатынасы.
3.Құқық жүйесі.
4.Есеп. Институт ректоры азаматтардан лаборант, оқытушы және проректор қызметтеріне алу үшін қандай әрекеттер жасалуы тиіс? Қызметкерге алынушылардың қызметтік қатынастары қай уақытта пайда болады? Мемлекеттік қызметке алынушыларға қойылатын талаптар.
1. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір – бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері: 1) Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері заң жүзінде тең, бір – бірінен тәуелсіз, осынысымен басқа құқықтық қатынастардан айырмашылығы бар; 2) Азаматтық құқықтық қатынастар заңда көрсетілген не көрсетілмеген негіздердің де барысында пайда болды; 3) Азаматтық құқықтық қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде тараптардың келісімі шешуші рөл атқарады; 4) Азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен тәсілінің өзгешелігі. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздеріне заңды фактілері жатады.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатысушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет,сондай ақ әкімшілік аумақтақ бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғышарттары олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке ж\е азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.
Азаматтық құқықтық қабілеттік д/з-азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқатылады. Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінпайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттігі д/з-тұлғаның өзінің әрекетімен құқықты алу және іске асыру, міндеттерді орындай алу қабілеттігі. Тұлғаның әрекет қабілеттілігінің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген сияқты түрлері кездеседі. Құқық қабілеттілігінің бұндай түрлері адамның жасына байланысты бөлінеді.6 жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп есептеледі. Жартылай әрекет қабілеттілігі 6-14 жасқа дейінгі балалар тән. Олар ұсақ тұрмыстық мәнеі бар, пайда табуға бағытталған, бірақ нотриалды растау мен мемлекеттік міндетті ресми тіркеуді талап етпейтін мәмлелерді жасауға, өздерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға берілген құралдарды иелік жасауына құқықтары бар. Толық емес әрекет қабілеттілігі 14-18 жастағы азаматтар үшін мойындалады. Олардың әрекет қабілеттілігінің шеңбері 6-14 жасқа дейінгі балаларға қарағанда барынша кеңейтілген. 14-18 жастағы азаматар өздерінің оқу ақысы, еңбек ақысы сияқты кірістерін өз бетінше пайдалануға, авторлық құқықты алуға, кассаға ақша салуға, еңбек етуге құқықтары бар. Жеке тұлғалардың толық әрекет қабілеттілігі 18 жасқа, яғни кәмілетке толған кезде пайда болады. Шектелген әрекет қабілеттігі соттың шешімімен ішімдікке, нашақорлыққа салынып, өзін-өзі ұстай алмайтын азаматтарға қолданылады.
2. Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарына құқықтық сипат беретін нормативтік құжаттардың бірі – еңбек шарты болып табылады. Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Енбек Кодексінде, ҚР заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.
Еңбек шартында: 1) тараптардың реквизиттерi: жұмыс берушi - заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жерi, жұмыс берушi - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен уақыты; жұмыс берушiнiң (оның өкiлiнің) тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе) және қызметi, ал жұмыс берушi - жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; қызметкердiң тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; әлеуметтiк жеке кодының нөмiрi (ӘЖК), салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi (СТН); 2) еңбек мiндетi (белгiлi бiр қызмет, мамандық, кәсіп бойынша жұмыс); 3) жеке еңбек шартының мерзiмi; 4) еңбек мiндеттерiн жүзеге асыру басталатын күн; 5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене еңбегі немесе зиянды (өте зиянды) немесе қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар;
6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi; 7) еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау жағдайлары; 8) жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi; 9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi; 10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртiбi; 11) өтемақылар төлеу мен кепiлдiктер беру тәртiбi; 12) тараптардың жауапкершілiгi көрсетiлуге тиiс.
Ұжымдық шарт - ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.
Қызметкерлер және жұмыс беруші ұжымдық шарттың тараптары болып табылады.
Ұжымдық шарт ұйымдарда да, филиалдар мен өкілдіктерде де жасалуы мүмкін.
Кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын әзірлеудің бастамашысы бола алады.
Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он күндік мерзімде қарап, келіссөздерге кірісуге міндетті.
Ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу үшін тараптар тепе-тең негізде комиссия құрады. Комиссия мүшелерінің саны, оның жеке құрамы, жобаны әзірлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзімдері тараптар келісімімен айқындалады.
Жұмыс беруші тараптардың келісімі бойынша ұжымдық шартты әзірлеу мен жасасу үшін қажетті жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
1. Ұжымдық шарттың мазмұнын келiссөздер жөнiндегi екiжақты комиссияда тараптар белгiлейдi.
Ұжымдық шартта бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер қойылатын бiлiктілiк талаптарына сәйкес келген жағдайда оларды жұмысқа қабылдау туралы талап болуы мүмкiн.
2. Ұжымдық шарт:
оның қолданылу мерзiмi туралы;
орындалуын бақылау тәртiбi туралы;
шарт талаптарының орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк туралы;
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы ережелердi қамтиды.
3. Ұжымдық шарттардың ережелерi қызметкерлердiң құқығын шектемеуi, еңбек жағдайларын нашарлатпауы және заңдарда белгiленген кепiлдiктердi бұзбауы керек.
3. Құқық жүйесі - қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы мен үйлестігі түрінде жəне олардың салашалар, салалар мен институттарға логикаға сəйкес орналасқандығынан көрінетін құқықтың ішкі құрылымы.
Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері:
Құқықтық норма - мемлекеттің өзі бекітіп кепілдендірген, нормативтік актілер нормасында көрсетілген, коғамдық қатынастарды реттейтін жеке түрде жалпыға бірдей міндетті болатын мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережесі.
Құқық институты — белгілі қоғамдық қатынастар топтамасын реттейтін заң нормаларының, тəртіпке салынған жиынтығы
Құқық саласы – құқықтық норманың жиынтығы болып табылатын қоғамдық қатынастардың сапалық жағынан біркелкі аясын өзіне тəн құқықтық реттеу əдісімен реттейтін құқық жүйесінің ең ірі бөлімі.
Құқық салашасы - құқық саласымен салыстырғанда құқықтық нормалардың аздаған ғана топтамаларын біріктіреді жəне тектес қоғамдық қатынастарды реттейді
Құқық жүйесінің негізгі ерекшеліктері:
1) жүйенің бастапқы элементі болып құқықтың нормасы алға шығады, олар іріленген құрылымдарға - институттар, салашалар мен салаларға бірігеді;
2) жүйенің осы бастапқы элементтері өзара қайшы болмайды, бір-бірімен байланысқан, іштей үйлескен болып келеді, мұның өзі жүйеге тұтастық, жинақылық түр береді;
3) жүйенің мұндай болуы əлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мəдени, тарихи факторлармен байланысты болып келеді;
4) құқық жүйесі объективтік түрде бар қатынастарға байланысты туындайды, адамдардың субъективтік еркінше жасалуы мүмкін емес.
Билет № 84.
1. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
2. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
3.Құқықтық жауапкершіліктің түсінігі
4. Есеп. Сот шешімімен әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған Асқаров өз меншігіндегі автокөлікті Бақтыбаевқа 250 000 теңгеге сатты. Асқаровтың шешесі шартты жарамсыз деп танылу туралы және Бақтыбаевтың автокөлікті Саматовқа сатып жібергені анықталды. Бұл іс бойынша сот қандай шешім қабылдауы керек?
1. Еңбек дауы - еңбек туралы заңдардың қолданылу мәселелерi бойынша бұрын қызметкер (қызметкердiң өкiлi) мен жұмыс берушi (жұмыс берушiнiң өкiлi) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiспеушiлiк.Еңбек даулары тараптардың келісімi бойынша немесе сот тәртiбiмен қаралады.
Келiсiм комиссиясы арыз берушiнiң өтiнiшiн ол берiлген күннен бастап үш күн мерзiмде қарайды. Оны қарау нәтижелерi бойынша келiсiм комиссиясының шешiмi қабылданып, арыз берушiге берiледi. Келiсiм комиссиясының арыз берушiнiң талабын қанағаттандырған шешiмiн қарсы тарап үш күн мерзiмде орындайды.
Жеке еңбек дауларын қара жөніндегі органдарға жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:
Жұмысқа қайта алу туралы даулар б\ша жұмыс берушінің жеке еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш ай;
Басқа еңбек даулары б\ша қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген н\е білуге тиісті күннен бастап бір жыл.
Келісу комиссиясына келіп түскен өтініш аталған комиссияда міндетті түрде тіркелуге тиіс. Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берілген күннен бастап күнтідбелік жеті күн ішінде қарауға міндетті. Дау өтініш беруші немесе уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады. Дауды қызметкердің немесе өкілдің қатысуынсыз қарауға тек оның жазбаша өтініші бойынша ғана жол беріледі.Қызметкер немесе оның өкілі аталған комиссияның отырысына келмей қалған жағдайда,еңбек дауын қарау кейінге қалдырылады.Қызметкер немесе оның өкілі дәлелді себептерсіз екінші рет келмей қалған жағдайда,келісім комиссиясы мәселені қараудан алып тастау туралы шешім шығаруы мүмкін,мұның озі қызметкерді осы кодексте белгіленген мерзім шегінде еңбек дауын қарау туралы қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.Келісу комиссиясы отырысқа куәгерлерді шақыртуға,мамандарды шақыруға құқылы.Комиссияның талап етуі бойынша ұйымның басшысы оған қажетті құжаттарды белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.Келісі комиссиясының отырысы оған қызметкерлер атынан өкілдік ететін мүшелерінің кемінде жартысы және жұмыс беруші атынан қкілдік ететін мұшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда,эаңды деп есептеледі.Келісу комиссиясының отырысында хаттама жүргізіледі,оған комиссиның төрағасы немесе оның орынбасары қол қояды.Кеелісу комиссиясы отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен шешім қабылдайды.Өтініш берушінің немесе комиссия мүшелерінің бірінің талап етуі бойынша дауыс беру жасырын өткізіледі.Келісі комиссияның шешімінде:ұйымның атауы,комиссияға жүгінген қызметкердің тегі,аты,әкесінің аты,лауазымы,кәсібі мен мамндығы,комиссияға жүгінген күн мен қарау күні,даудың мәні,комиссия мүшелерімен отырысқа қатысқан басқада адамдардың тегі,аты,әкесінің аты,шешімнің мәні және оның негіздемесі,дауыс беру нәтижелері көрсетіледі.Келісу комиссияның шешімінің тиісінше расталған көшірмелері шешім қабылданған күннен бастап үш кұн ішінде ұйымның қызметкері мен басшысына беріледі.
2. ҚР Кылмыстық кодексінің 2-бөлімі толықтай «Қылмыс» мәселесіне арналған. Яғни осы кодекстің 9-бабына сәйкес: «жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) қылмыс деп танылады». Қылмыс санаттары (10-бап) сипатына және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлiнедi.
1. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
2. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.
3. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
4. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау - қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады.
1. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң түрлi баптарында көзделген екi немесе одан да көп қылмыс жасау осы Кодексте арнайы көрсетiлген жағдайларда ғана бiрнеше рет жасалған деп танылуы мүмкiн.
2. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшiн заңмен белгiленген тәртiп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын жасаған қылмысы үшiн соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса, немесе мұндай қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тарту мерзiмi өтiп кетсе, қылмыс бiрнеше рет жасалған деп танылмайды.
3. Жалғасатын қылмыс, яғни бiр ниетпен және бiр мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бiр қылмысты құрайтын бiрқатар бiрдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс бiрнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды.
4. Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша айқындалады. Тiкелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Менмендiкпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.
3. Құқықтық жауапкершілік әлеуметтік жауапкершіліктің ерекше түрі ж\е қоғам өмірінің әр саласында әрекет етеді. Адамдардың қоғамдық пайдалы әрекетінің итермелеушісі, құқыққы қарсы әрекетін алдын алу, оған жол бермеудің амалы. Сондықтан құқық бұзған тұлға құқықтық жауапкершілікке тартылып, оған жағымсыз салдары бар, мемлекеттің ықпал ету шаралары қолданылады. Құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі құқық бұзған адамға белгілі мөлшерде тиісті шара қолданудың барысында, мүліктік ж\е жеке сипаттағы зиян келтіреді. Сонымен құқықтық жауапкершілік д\з құқыққа қарсы жасаған әрекеті үшін құқық бұзушыға қолданылатын, белгілі бір мүліктік ж\е жеке сипаттағы зиян шектіретін мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы.
Құқықтық жауаптылық қай салаға жататындығына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді.
- əкімшілік – əкімшілік сипаттағы теріс қылық жасалған жағдайда туындайды жəне шара қолдану (жаза қолдану) немесе айыппұл салу түрінде болады;
- азаматтық — заң алдындағы жауаптылық міндеттеме шарттарының бұзылу нəтижесінде туындайды;
- қылмыстық – заң алдындағы жауаптылық қылмыс жасалуының нəтижесінде ғана қолданылады;
- материалдық (дүниемен байланысты) – қандай бір мемлекеттік кəсіпорындар, мекемелер ұйымдарға зиян немесе залал келтірілген жағдайда заң алдындағы жауаптылық туындайды;
- тəртіптік — заң алдындағы жауаптылық əскери, еңбек, оқу орнындағы тəртіптер бұзылған жағдайда туындайды, бұлар шара қолдану, сөгіс жариялау, ескерту жасау түрлерінде болады.
Құқықтық жауаптылықтың қызметтерін оның алдына қойылған мақсаттар анықтайды, əрі содан туындайды.
Жазалау қызметі - орын алып отырған құқық бұзушылыққа мемлекеттік жаза қолдану түріндегі жауабы. Бұл жаза түріндегі жауап кінəлі адамға, оның жеке басына мүліктік немесе ұйымдық тауқымет тартқызу немесе мұқтаждыққа ұшырату, сөйтіп қолайсыз зардаптар шектіру арқылы сазайын беру түрінде білдіріледі.
Құқықты қалпыңа келтіру қызметі - құқыққа өкілетті субъектінің мүддесін қамтамасыз етудің барысында кінəліден келтірілген зиянды өндіріп алуға, шыққан шығынды, шеккен залалды өткізуге, жоғалған мүліктің орнын толтыртқызуға мүмкіндік береді.
Тəрбиелік қызметі– заңға теріс жүріс-тұрыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алудың, ондайларды болдырмаудың қажеттілігі дəлелдерін субъектілердің саналарында қалыптастыру, күнделікті болмыстағы қызметтерінде əдетке айналуын қамтамасыз етуге күш салу болып табылады.
Билет № 85.
1. ҚР Парламентінінің қызметінің құқықтық негіздері.
2. Жер құқығының түсінігі, пәні, реттеу әдістері.
3.Еңбек тәртібі
4. Есеп. Сапарғалиев тұрғын үй салу үшін банктен несие алып, кепілге жер учаскесін қалдырады. Бұл учаскеде Сапарғалиев салған үй кепілге кіре ме ?
1. Парламент ҚР заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы. ҚР Парламенті - республика халқының еркін білдіретін, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендікті байқататын өкілді орган. 1995 жылы қабылданған Конституция бойынша Парламент қос палаталы құрылымда құрылды: Сенат және Мәжіліс. Екі палаталық құрылымның бекітілуіне орай Парламенттің қызметінің де екі нысаны анықталған – Палаталардың бірлескен отырысы және бөлек отырыстары. Олай болса, Парламенттiң сессиясы оның Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыс-тары түрiнде өткiзiледi. Сессия – бұл Парламенттің өкілеттіктері жүзеге асырылатын оның қызметінің негізгі ұйымдық құқықтық нысаны. Оның екі түрі бар: кезекті және кезектен тыс. Парламент жүзеге асыратын негізгі қызмет – заң шығармашылығы. Заң шығару процесі келесідей сатылардан тұрады:
1. Заң шығару бастамашылығы;
2. Заң жобасын Мәжілісте қарау;
3. Заң жобасын Сенатта қарау;
4. Заңға Президенттің қол қоюы және оны жариялау.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң актiлерi:
- ҚР заңдары (жай заңдар, конституциялық заңдар және кон-ституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар);
- Парламенттiң қаулылары;
- Палаталардың қаулылары;
- үндеулер, декларациялар, мәлiмдемелер және заң сипаты болмайтын өзге де актiлер.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Жер – ҚРның егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңестік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы мен кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі. Қазақстан Республикасында жер мемлекеттiк меншiкте болады. Жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
«Жер кодесінің» 4-бабына сәйкес Жер заңдарының принциптерi:
Қазақстан Республикасының жер заңдары:
1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi;
2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;
3) жердi қорғау және ұтымды пайдалану;
4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
5) жердi нысаналы пайдалану;
6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы;
7) жердiң жай-күйi және оған қолжетiмдiлiк туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
8) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау;
9) жерге залал келуiн болдырмау немесе оның зардаптарын жою;
10) жердi ақылы пайдалану принциптерiне негiзделедi
Жер құқығының негізгі міндеттері — Қазақстан Республикасы жер зандарының міндеттері: жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи органы сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және занды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласыңда зандылықты нығайту болып табылады.
3. ҚР «Еңбек кодексінің» 69-бабына сәйкес еңбек тәртібі былай белгіленеді:
1) Жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдермен келісе отырып бекітеді.
2) Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді.
3) Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.
4) Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбектегі жетістектері үшін көтермелеудің кез келген түрін қолдануға құқылы.
Еңбек тәртібін жұмыс беруші жеке ж\е ұжымдық еңбек үшін қажетті ұйымдастырушылық ж\е экономикалық жаңдайлар жасау, қызметкердң еңбекке саналы көзқарасы арқылы, сендіру, адал еңбегі үшін көтермелеу әдістерімен, сандай ақ тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану арқылы қамтамасыз етеді (70-бап) 72-74- баптар аралығында еңбектік тәртіптік жазалар қамтылған:
1) Жұмыс беруші қызметкерлердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін:
А) ескерту;
Б) сөгіс;
В) Қатаң сөгіс;
Г) осы кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.
Билет № 86.
1. ҚР Прокуратурасының қызметінің құқықтық негіздері.
2. Жер пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
3.Еңбек ақы.
4. Есеп. Қанатов Сейітовке автокөлікті сатып алуға сенімхат берді, бірақ Сейітов ауыр халде ауруханаға түсіп өз міндетін атқара алмады да, қайта сенім тәртібінде сенімхатты Маратовқа берді. Бұл сенімхат Сейітов жатқан аурухананың бас дәрігерімен куәланады. Маратов Қанатовтан автокөлік сатып алды, бірақ автокөлік бағасы Қанатов берген сенімхатта көрсетілген соманың шегінен шығып кетті. Сенім беруші автокөлікті алудан бас тартты. Маратов Қанатовтың автокөлікті алуы және оны жеткізіп беруге кеткен шығындарды өтеуі туралы талаппен сотқа шағымданады. Бұл дауды шешіп беріңіз.
1. Прокуратура – Республика аумағында заңдардың, ҚР президенті жарлықтарының ж\е өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл ж\е бірыңғай қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік ж\е атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау ж\е жою жөнінде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен зағдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай ақ заңда белгіленген жағдайларда тәртіппен шекке қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
ҚР Прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметінің тәртібі ж\е прокурорлардың өкілеттілігі ҚР Конституциясымен, «Прокуратура туралы» ҚР-ның 1995ж 21 желтоқсан ындағы Заңмен, заң актілерімен, ҚР бекіткен халықаралық шарттармен сондай ақ Республика Бас Прокурордың бұйрықтарымен айқындалады.
Прокуроатура мемлекет атынан:
Конституцияның, Заң актілерінің ж\е Республика Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;
Жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудіңғ әкімшіілік ж\е атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;
Сотта мемлекет мүддесін білдіреді;
Республиканың Конституцисы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға ж\е басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;
Заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
Статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объектілігін ж\е жеткіліктігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статитиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласындағы заңдарлың қолданылуын жүзеге асырады.
2. Жер пайдалану құқығы- тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі жіне өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге н/е белгілі бір мерзім ішінде иелену ж/е пайдалану құқығы.
Жер пайдалану мақсаттарының әртүрлілігі ж/е оның субъектілерінің көптігі жер құқыңындағы жер пайдалану құқығы институтын түрлерге бөлуді қажет етеді. Мұндай түрге бөлудің негізіне ҚР- дағы жер қорының нысаналы мақсатын, құқықтық режимін қоюға болады. 1. ҚР Жер кодексінің 1- бабына сәйкес, ҚР жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
Елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
Өнеркісіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері ж/е өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы, реакциялық ж/е тарихи- мәдени мақсаттағы жер;
Орман қорының жері;
Су қорының жері;
Босалқы жер
2. ҚР Жер -кодексінің 3- бөлімі жер санаттарын қарастырады, сонымен қатар, әрбір жер санатының ішінде олардың жоғарыда аталған белгілері мен құқықтық режиминің ерекшеліктеріне қарай жекелеген түрлері де көзделген. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиоризациялық жүйе, қора- жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай- ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр ж/е т.б) Елді мекендер жері өзінің ішкі шаруашылық мақсаттары бойынша 11 түрге бөлінеді, олардың кейбірлері өз ішінде де бірнеше түрге бөлінеді (теміржол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе ж/е құбыр тасымалы жолдары, байланыс жері, т.б.)
3. Құқықтық режимі бойынша жер пайдалану құқығы тұрақты н/е уақытша, иеліктен шығарылатын н/е шығарылмайтын, ақылы н/е ақысыз алынатын болуы мүмкін.
4. Субъектіліренің құқықтық жағдайына қарай жер пайдалану құқығы келесі түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік ж/е мемлекеттік емес
2) ұлттық ж/е шетелдік
3) жеке ж/е заңды тұлға
4) тұрақты ж/е уақытша, бастапқы ж/е кейінгі
Жер пайдаланудың түрлері олардың шаруашылық мақсаттары бойынша мынадай мақсаттарда берілуі мүмкін: 1) тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі үшін
2) шалғайдағы мал шаруашылығы үшін
3) қызметтік жер телімі үшін
4) Бақша өсіру үшін
5) Бағбандық үшін
6) тұрғын халықтың мал жаюы үшін, т.б. Сонымен , жер пайдалану құқықғы- бұл жер пайдалану құқығының пайда болу негіздері мен жер учаскелерінің шаруашылық мақсаттары бойынша түрлерін анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы.
3. Еңбек ақы - еңбек үшiн оның күрделiлiгiне, саны мен сапасына сәйкес төленетiн сыйақы (табыс). Ол «Еңбек туралы кодекстің» 7-тарауы бойынша реттеледі.
70-бапқа сәйкес еңбекақы: 1. Жұмыс берушi осы Заңға, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкердiң еңбегiне ақы төлеуге мiндеттi. 2. Қызметкерлердiң еңбегiне ақы мерзiмдiк, кесiмдi түрде немесе еңбекке ақы төлеудiң өзге де жүйелерi бойынша төленедi. Ақы төлеу еңбектiң жеке және/немесе ұжымдық нәтижелерi үшiн жүргізiлуі мүмкiн. 3. Қызметкердiң жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделiлiгiне қарай белгiленедi. Қызметкерлердiң өндiрiс тиiмдiлiгi мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық мүдделiлiгiн күшейту үшiн жыл iшiндегi жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесi және материалдық көтермелеудiң басқа да нысандары енгiзiлуi мүмкiн. 4. Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесi ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің актілерімен белгiленедi. 5. Жұмыс беруші қызметкерлерге қойылатын біліктiлiк талаптары мен жұмыстардың белгiлi бiр түрлерiнiң күрделілігін жұмыстардың және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктілік анықтамалығы негізінде белгілейдi. Аталған анықтамалықтарды әзірлеу мен оларды қолданудың тәртібін еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды. Жұмыс берушi орындалатын жұмыстарды белгілi бiр күрделi жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге біліктілік разрядтарын беруді жұмыстардың және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында және басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына, сондай-ақ қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшін белгiленетін үлгілік бiлiктiлiк талаптарына сәйкес дербес жүргізедi.
Жалақының мөлшерiн жұмыс берушi дербес белгiлейдi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен кем болмауы керек. (71-бап)
Билет № 87.
1. Қылмыстың түсінігі, құрамы.
2. ҚР жер құқықтық қатынастарының түсінігі, субъектілері, объектісі.
3. Кәсіподақ ұйымы.
4. Есеп. Азаматша Сүлейменова және оның бұрынғы күйеуі нотариусқа өздері жасаған шартты куәландыруға өтініш берді. Бұл шарт бойынша ажырасқан ерлі-зайыптылар бір-біріне балаларды асырау туралы талап қоюдан бас тартады, күйеуі ортақ меншікке құқыққа бас тартады, ал әйелі зейнеткерлік жасқа жеткенше жаңа некеге тұрмауға міндет алады. Бұл шарт заңды ма?
1. Қылмыстық кодекстің 9-бабында көрсетілгендей, Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс деп танылады. Қылмыстың төмендегідей төрт белгісі бар: қоғамдық қауіптілігі, құқыққа қарама-қайшылығы, кінәлігі, қылмыстық жауаптылығы.
Қасақана н/е абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқы кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады. Тікелей н/е жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін н/е болмай қоймайтынын алдын-ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдыұ қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайлы қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады. Менмендікпен н/е немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әректтерінің қоғамға қауіпті туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптар жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптары болжап білуге тиіс ж/е болжап біле алатын бола тұра өз іс-әректтерінің қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлықпен жасалған қылмыс деп танылады.
2. Жер құқығы қатынастары - жерге меншiк құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектiлерге жер учаскелерiн бекiтiп беруге байланысты жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi құқықтық қатынастар. Жер құқық катынастарының өзге де құқық қатынастары сияқты өзіне тән болатын объектісі, субъектісі ж\е мазмұны болады. Жер құқық қатынастарының обектісі ретінде ҚРның жер қоры, жер учаскесі ж\е жер үлесі жатады.
жер қоры - Қазақстан Республикасының егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңiстiк, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндiрiс құралы және кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi;
жер учаскесi - осы Кодексте белгiленген тәртiппен жер қатынастары субъектiлерiне бекiтiлiп берiлетiн, тұйық шекара iшiнде бөлiнген жер бөлiгi;
жер үлесi - жер учаскесiне құқықтар мен мiндеттерге басқа тұлғалармен бiрге қатысудың осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда бөлiп шығарылуы мүмкiн сан жағынан айқындалған үлесi.
Жер құқығы қатынастарының субъектiлерi - жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрi осы құқық қатынасында мiндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер. Жер құқық қатынас субъектілерінің құқық көлемі мынадай жағдайларға тәуеліді болады:
субъектісінің түріне;
субъекітнің заңи маңызы бар әрекетіне;
аталған жер құқығы қатынастарының ерекшеліктеріне;
құқық қатынастары субъектіснің өз функциясын жүзеге асыру жағдайына байланысты болады.
Жер құқық қатынастарының субъектіленің қатары, мазмұны ж\е олардың құқықтарының ара қатынасы елдеігі жер саясаты ж\е әлеуметтік экономикалық қайта құрулар сипатына тәуелді өзгеріп отырады.
3. Кәсіподақ - бұл кәсіпорында немесе бір мамандық бойынша біртұтас жұмысшылардан біріккен, жұмысшылардың басқаруымен құрылған демократиялық ұйым.
"Кәсіподақ" Қазақстан Ресбпуликасының Заңдарына сәйкес кәсіподақ мүшелерінің кәсіподақ ұйымы атынан, еңбек ақысын төлеу, жұмыс уақтысы, еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі және де кәсіподақ ұйымының ықпалымен ұжым-шарты арқылы еңбек ақысының әділ төленуі, қаржылай марапаттау, әлеуметтік мүдессін қорғау жұмыстарын атқарады.
Кәсіпорында кәсіподақ ұйымының жұмыс атқаруы, конституциялық бағытта, халықаралық және азаматтардың құқығын қорғайтын басқада заңнамалардың сақталуында, орындалуында жұмыс берушінің өркенитеттілігін көрсетеді. Кәсіпорында кәсіподақ ұйымының жұмыс атқаруы тек жұмысшылардың ғана мүддесі емес, сонымен қатар мекеме басшысын жұмыс беруші одағы мен басқа да кәсіподақ мекемелерінен қолдау көреді.
Билет № 88.
Азаматтық құқықтық қатынастар.
Сайлау жүйесі.
Салық құқығының түсінігі.
Есеп.
Азамат Ли МАИ қызметкерлерімен мас күйінде қолданғаны үшін ұсталып, сот шешімімен бір жылға дейін көлік айдау құқығынан айрылды. Алайда ол бұл шешіммен келіспейтіндігін, өйткені өзінің инвлид екендігін және көлікксіз ешқайда бара алмайтындығын айтты. Кімдікі дұрыс? Шешіміңізді негіздеңіз.
1. Азаматтық құқықтық катынастар д\з-қатысушылар бір бірімен субъектиті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс емес қатынастар.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатысушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет,сондай ақ әкімшілік аумақтақ бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғышарттары олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке ж\е азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.
Азаматтық құқықтық қабілеттік д/з-азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқатылады. Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінпайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттігі д/з-тұлғаның өзінің әрекетімен құқықты алу және іске асыру, міндеттерді орындай алу қабілеттігі. Тұлғаның әрекет қабілеттілігінің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген сияқты түрлері кездеседі. Құқық қабілеттілігінің бұндай түрлері адамның жасына байланысты бөлінеді.6 жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп есептеледі. Жартылай әрекет қабілеттілігі 6-14 жасқа дейінгі балалар тән. Олар ұсақ тұрмыстық мәнеі бар, пайда табуға бағытталған, бірақ нотриалды растау мен мемлекеттік міндетті ресми тіркеуді талап етпейтін мәмлелерді жасауға, өздерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға берілген құралдарды иелік жасауына құқықтары бар. Толық емес әрекет қабілеттілігі 14-18 жастағы азаматтар үшін мойындалады. Олардың әрекет қабілеттілігінің шеңбері 6-14 жасқа дейінгі балаларға қарағанда барынша кеңейтілген. 14-18 жастағы азаматар өздерінің оқу ақысы, еңбек ақысы сияқты кірістерін өз бетінше пайдалануға, авторлық құқықты алуға, кассаға ақша салуға, еңбек етуге құқықтары бар. Жеке тұлғалардың толық әрекет қабілеттілігі 18 жасқа, яғни кәмілетке толған кезде пайда болады. Шектелген әрекет қабілеттігі соттың шешімімен ішімдікке, нашақорлыққа салынып, өзін-өзі ұстай алмайтын азаматтарға қолданылады.
Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар,ақша соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер иен бұйымдар дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтары мен басқа да мүліктік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір – қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құүпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылывқ құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
2. Сайлау жүйесі – бұл мемлекеттің өкілді, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен сайланбалы лауазымды тұлғасын (Президент) құрудың заңмен бекітілген тәртібі, яғни кандидат-тарды ұсыну мен дауыстарды санаудың жүйесі. Басқаша айтқанда, сайлауларды ұйымдастыру мен өткізудің нақты амалы. Сайлау жүйесінің екі түрін көрсетуге болады: мажоритарлық сайлау жүйесі және бара-бар өкілдік (пропорционалдық) сайлау жүйесі. Тарихи тұрғыда алғашқы сайлау жүйесі болып мажоритарлық жүйе табылады. Оның негізінде көпшілік қағидасы жатыр, яғни белгіленген көпшілік дауыс санын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Бұл көпшіліктің қандай болатындығына байланысты мажоритарлық жүйе өз кезегінде әдетте үш түрге бөлінеді:
1. Салыстырмалы көпшілік мажоритарлық жүйесі – бұл ең қарапайым сайлау жүйесі. Мұнда қарсыластарына қарағанда дауыстардың ең көбірек санын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Қазақстанда Президентті және Сенаттың сайланатын депутаттарын сайлаудың екінші турында (қайта дауыс беру) және маслихат пен өзге де жергілікті өзін-өзі басқару орган-дарына сайлау кезінде салыстырмалы көпшілік жүйесі қолда-нылады.
2. Абсолюттік көпшілік мажоритарлық жүйе – сайлану үшін дауыстардың абсолюттік көпшілігін, яғни жалпы санының жартысынан астамын алу талап етіледі. Қазақстанда бұл жүйе бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) жартысынан астамының дауысын алуы қажет.
3. Квалификацияланған көпшілік мажоритарлық жүйе – тиісті сайлау жүйесінде квалификацияланған көпшілік дауыс санын алған кандидат сайланған болып есептеледі. Квалифика-цияланған көпшілік дауыс саны заңмен белгіленеді және ол абсолюттік көпшілік дауыс санынан жоғары болып табылады. Қазақстанда бұл жүйе қолданылмайды.
Бара-бар өкілдік (пропорционалдық) сайлау жүйесі бойынша Қазақстанда Парламент Мәжілісінің 98 депутаты сайланады. Бұл жүйенің басты идеясы мынада: әрбір саяси партия парла-ментте сайлаушылардың өзі үшін берген дауысына бара-бар болатын (сай келетін) мандаттар санын иеленеді. Бұл жүйе салыстырмалы түрде шағын партиялардың да парламентте өкіл-діктерінің болуына кепілдік береді және бұл жүйеде сайлаушы-лар дауысын нақты кандидаттарға емес партиялық тізімге береді.
3. Салық - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлем. Салық төлеушiнiң салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған сәйкес салық төлеушi салық органына тiркеу есебiне тұруға, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салық есептiлiгiн жасауға, оны белгiленген мерзiмде табыс етуге, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi. Мемлекет салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден - оның салық мiндеттемелерiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi және осы Кодексте көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
Салықтар түрлері:
1. Корпорациялық табыс салығы. Оны төлеушілерге ҚР Ұлттық Банкімен мемлекеттік мекемелерді қопағанда, ҚРның резидент заңды тұлғалары, сандай ақ ҚРда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын н\е ҚРдағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады.
2. Жеке табыс салығы. Оны төлеушілер салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар болып табылады.
3. Қосылған құн салығы тауарларды өндіру ж\е олардың айналысы процесіне қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды,сандай ақ ҚР аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді.
4. Акциздер тауар бағасына орындалатын жұмыстар мен көрсетілген қызмет тарифтерінен енгізілетін нақты ставкаларын ҚР Үкіметң белгілеп бекітетін міндетті төлемдер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi. Мұнай операцияларын ж\е өндірумен байланысы жоқ жер асты құрылыстары салу мен пайдалану жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалануы бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салудың ерекшеліктері реттеледі ж\е жер қойнауын пайдаланудың төлейтін төлемдері.
6. Әлеуметтiк салық. Өзінің аты айтып тұрғандай халықтың әлеуметтік қажеттіліктері мен мұхтаждықтарын өтеуге жұмсалады.
7. Жер салығы жеке меншік, тұрақты жер пайдалану ж\е бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығы салық салу объектілері бар жеке ж\е заңды тұлғалардың төлейтін төлемі.
8. Көлiк құралдары салығы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар мен меншік, шаруашылық жүргізу н\е оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер б\т.
9. Мүлiк салығы. ҚР аумағында меншік, шаруашылық жүргізу н\е оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, ҚР аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер.
Билет № 89.
1.Құқық қорғау органдарының арнайы қағидалары.
2.Қаржы құқығының түсінігі.
3. Азаматтық қызмет түсінігі.
