Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179_1201_1179_y_1179_negizderi_shpor_2011_sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.69 Mб
Скачать

3. Мемлекеттің шығуы туралы теориялар

Мемлекет пен құкықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Марксизм-ленинизм ілімі мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа – қанаушы жəне қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нəтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым – мемлекет пайда болады. Теологиялық (діни) теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Патриархалдық теория мемлекет пен құқықтың шығуын отбасының дамуымен байланыстырады. Отбасының қожасы ер адам, ол отбасын өз еркімен билейді, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды реттейді. Сөйтіп, отбасы мүшелерінің белгілі бір тəртіпке бағынып, қалыптасуының жөн-жобаларын аныктайды. Келісім-шарттық теория мемлекет пен құқықтын шығуын, пайда болуын адамдар арасындағы келісім-шартпен байланыстырады. Тағылық дəуірде адамдар өмір сүру үшін бірімен-бірі жауласып, соғысып, əбден береке-касиеті кетеді. Күштеу (зорлау) теориясы мемлекет пен құқықтың шығуын зорлық-зомбылықпен байланыстырады. Күшті тайпалар əлсіз тайпаларды жаулап алып бағындырып, олардың қарсылығын басып тұру үшін мемлекет жəне оған тəн басқару, күш қолданатын органдарды құрады дейді.

Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары:

1. Теологиялық теория. Бұл теорияны жақтаушылар құқықты құдайдың жаратқаны, құдайдың адамдарға берекелікке, əрі сонымен бірге жер бетінде төртіпті сақтау мақсатындағы берген құрылымы деп түсіндіреді.

2. Құқықтың табиғи жаратылыстық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауы бойынша мемлекеттің белгілеуі арқылы анықталған құқықтармен қатар адамнын жаратылыстық табиғатынан туындайтын да құқықтардың бар екендігі алға тартылады.

3. Құқықтың тарихи теориясы. Бұл теория құқықты тарихи түрде туындайтын, сөйтіп əрі қарай дамитын кұбылыс деп таниды.

4. Құқықтың психологиялық теориясы. Бұл теория құқықтың түзілуін (пайда болуын) адамдардың психикасына (жүйке жүйесіне) байланыстыра қарастырады. 5. Құқықтың маркстік теориясы. Осы теорияны жақтаушылар құқықтық терең тамыры экономикада деп бұлтартпайтын дəлелдер келтіріп, құқық экономикалық базиске тəуелді деп сендірген.

Билет № 40.

1. Құқықтық қатынастардың құрамы.

2. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.

3. Инвестициялық құқық түсінігі.

4. Есеп. Сапарғалиев тұрғын үй салу үшін банктен несие алып, кепілге жер учаскесін қалдырады. Бұл учаскеде Сапарғалиев салған үй кепілге кіре ме ?

1. Құқықтық қатынастар — құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөліктерден: құқық субьектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады.

Құқық субъектісі — заңды жəне жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекет органдары, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар жəне сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жəне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жəне жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары жəне азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып саналады.

Субъективтік құқық — тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте əрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-əрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шеңбер аясында əрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жоқ па, ол тұлғаның өз еркі.

Заңды міндет — заң белгілеген əрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жүктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мəжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тəрбиелеуге міндетті. Егер бүл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.

Құқықтық қатынастың объектісі — табиғат құбылыстары мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді.

2. Азаматтық құқық – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік – аумақтық бөлшектірінің күнделікті өмірімен, іс - әрекетімен ажырамас байланыстағы ҚР құқығының бір саласы. Тауар – ақша, қатысушыардың теңдігінің негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады. Азаматтық құқықтың қайнар көздері д\з азаматтық құқықтық нормалардан тұратын нормативтік құқықтық акт. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне:

  1. ҚР Конституциясы;

  2. ҚР Азаматтық кодексі: Жалпы- 1994ж 21.12, Ерекше-1999ж 1.07.

Азаматтық құқықтың жүйесі олардың нормаларының арасында болатын байланыстардан туындаған азаматтық құқық саласының ішкі құрылысы, олардың дифференциасы мен белгілі бір азаматтық құқықтық иституттарға ықпал етуін айқындайды.

3. Инвестициялар д\з- лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайту, сондай-ақ концессионердiң (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберiнде жасаған және алған тiркелген активтерді ұлғайту. Ал инвестициялық қызмет д\з- жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөнiндегi не кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi құрау немесе ұлғайту жөнiндегi, сондай-ақ концессионердiң (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберiнде жасаған және алған тiркелген активтерi жөнiндегi қызметi. Инвестициялық қызмет объектiлерi:

1. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, инвесторлардың кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген объектiлерi мен түрлерiне инвестициялар салуды жүзеге асыруға құқығы бар.

Инвесторлардың кәсiпкерлiк қызметтiң инвестициялар жүзеге асырылатын объектiлерi мен түрлерiне қатысты құқықтары мен мiндеттерi осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде және тиiстi шарттарда белгiленедi.

2. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттiгi негiзге алына отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен инвестициялық қызмет шектелетiн немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлерi және (немесе) аумақтар белгiленуi мүмкiн.

Инвестициялық қызмет ҚР «Инвестициялар» туралы заңмен реттеледі. Инвестордың құқықтары мен мүдделерi толық және сөзсiз қорғалады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен , осы Заңмен және Республиканың өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен , сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен қамтамасыз етiледi.

Билет № 41.

1. Субъективті құқық және заңды міндет.

2.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.

3. Қылмыс.

4. Есеп. Қанатов Сейітовке автокөлікті сатып алуға сенімхат берді, бірақ Сейітов ауыр халде ауруханаға түсіп өз міндетін атқара алмады да, қайта сенім тәртібінде сенімхатты Маратовқа берді. Бұл сенімхат Сейітов жатқан аурухананың бас дәрігерімен куәланады. Маратов Қанатовтан автокөлік сатып алды, бірақ автокөлік бағасы Қанатов берген сенімхатта көрсетілген соманың шегінен шығып кетті. Сенім беруші автокөлікті алудан бас тартты. Маратов Қанатовтың автокөлікті алуы және оны жеткізіп беруге кеткен шығындарды өтеуі туралы талаппен сотқа шағымданады. Бұл дауды шешіп беріңіз.

1. Құқықтық қатынастар — құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық қатынастар құрамының бөліктері Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөліктерден: құқық субьектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады. Сонын ішіндегі субъективтік құқық пен заңды міндетке тоқталып өтсек.

Субъективтік құқық — тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте əрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-əрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шеңбер аясында əрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жоқ па, ол тұлғаның өз еркі.

Заңды міндет — заң белгілеген əрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жүктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мəжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тəрбиелеуге міндетті. Егер бүл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.

2. Азаматтық құқықтық катынастар д\з-қатысушылар бір бірімен субъектиті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс емес қатынастар.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатысушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет,сондай ақ әкімшілік аумақтақ бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғышарттары олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке ж\е азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.

Азаматтық құқықтық қабілеттік д/з-азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқатылады. Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінпайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.

Азаматтардың әрекет қабілеттігі д/з-тұлғаның өзінің әрекетімен құқықты алу және іске асыру, міндеттерді орындай алу қабілеттігі. Тұлғаның әрекет қабілеттілігінің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген сияқты түрлері кездеседі. Құқық қабілеттілігінің бұндай түрлері адамның жасына байланысты бөлінеді.6 жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп есептеледі. Жартылай әрекет қабілеттілігі 6-14 жасқа дейінгі балалар тән. Олар ұсақ тұрмыстық мәнеі бар, пайда табуға бағытталған, бірақ нотриалды растау мен мемлекеттік міндетті ресми тіркеуді талап етпейтін мәмлелерді жасауға, өздерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға берілген құралдарды иелік жасауына құқықтары бар. Толық емес әрекет қабілеттілігі 14-18 жастағы азаматтар үшін мойындалады. Олардың әрекет қабілеттілігінің шеңбері 6-14 жасқа дейінгі балаларға қарағанда барынша кеңейтілген. 14-18 жастағы азаматар өздерінің оқу ақысы, еңбек ақысы сияқты кірістерін өз бетінше пайдалануға, авторлық құқықты алуға, кассаға ақша салуға, еңбек етуге құқықтары бар. Жеке тұлғалардың толық әрекет қабілеттілігі 18 жасқа, яғни кәмілетке толған кезде пайда болады. Шектелген әрекет қабілеттігі соттың шешімімен ішімдікке, нашақорлыққа салынып, өзін-өзі ұстай алмайтын азаматтарға қолданылады.

Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар,ақша соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер иен бұйымдар дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтары мен басқа да мүліктік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір – қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құүпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылывқ құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

3. ҚР Кылмыстық кодексінің 2-бөлімі толықтай «Қылмыс» мәселесіне арналған. Яғни осы кодекстің 9-бабына сәйкес: «жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) қылмыс деп танылады». Қылмыс санаттары (10-бап) сипатына және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлiнедi.

1. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

2. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

3. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

4. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау - қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады.

1. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң түрлi баптарында көзделген екi немесе одан да көп қылмыс жасау осы Кодексте арнайы көрсетiлген жағдайларда ғана бiрнеше рет жасалған деп танылуы мүмкiн.

2. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшiн заңмен белгiленген тәртiп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын жасаған қылмысы үшiн соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса, немесе мұндай қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тарту мерзiмi өтiп кетсе, қылмыс бiрнеше рет жасалған деп танылмайды.

3. Жалғасатын қылмыс, яғни бiр ниетпен және бiр мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бiр қылмысты құрайтын бiрқатар бiрдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс бiрнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды.

4. Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша айқындалады. Тiкелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Менмендiкпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.

Билет № 42.

1. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.

2. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.

3. Нотариат.

4. Есеп. Азаматша Сүлейменова және оның бұрынғы күйеуі нотариусқа өздері жасаған шартты куәландыруға өтініш берді. Бұл шарт бойынша ажырасқан ерлі-зайыптылар бір-біріне балаларды асырау туралы талап қоюдан бас тартады, күйеуі ортақ меншікке құқыққа бас тартады, ал әйелі зейнеткерлік жасқа жеткенше жаңа некеге тұрмауға міндет алады. Бұл шарт заңды ма?

1. Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағйдаттарын,қылмыстық ұғымын,қылмыстық жауапкершіліктің негізін,қылмыстың түрлер імен белгілерін,жазаны,қылмыстық,жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын зыңды нормалардың жйынтығы.Мемлекеттің жеке және заңды тулғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады. Қылмыстық құқықтың қағйдаттары деп мемлекеттің қылмыстық құқық саласындағы саясатының ,қылмыспен күресудің іс жузіндегі құралдарының мазмұнының негізіне қойылған тіректі мұраттар мен бастамаларды айтамыз.Сондай қағйдаттардың бірі заңдылық қағйдаты.оның мәні қылмыстық әркет пен жаза тек қана қылмыстық заңмен анықталуы керек.Әрекет не әрекетсіздік қоғамға қанша қауіпті болса да,егер оларда қылмыстың құрамы болмаса тұлғаны қылмыстық жауапекершілікке жасанды түрде тартуға болмайды.Азаматтардың заң жане сот алдында теңдігі қағйдаты. ҚР Қылмыстық кодекісінің 14-бабында көрсетілгендей,қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне ,әлуметтік,ұлттына,тіліне,дінге көзқарасына,сеніміне,қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына,тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән жайларға қарамастан заң алдында бірдей.Тек қылмыстық әрекеті не әрекетсіздігі үшін кінәлі болған тұлғаны ғана қылмыстық жауапқа тарту қағйдаты. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекет (іс әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.Келесі қағйдат есі дұрыс,Қылмыстық кодексте көрсетілген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс.Есі дұрыс емес,жасы қылмыстық Қылмыстық кодексте белгіленген жасқа толмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды.негізгі қағйдаттардың бірі әділеттік қағйдат.Оның мәні соттар жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін,сотталушының жеке басының,оның қылмыс жасағанға диінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез құлығы ерекшеліктерін,қылмысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды,отбасы жағдайларын ескере отырып жаза тағайындаулары қажет.қылмыстық құқықтың тағы бір қағйдаты ол ізгілікті қағйдат.ізгілік адамды адам,кісі,тұлға ретінде тану,оның ар ожданын,намысын,қадір қасйетін,бақытқа,жаұсылыққа,өркенйетке ұмтылуын силау,моиындау.сондықтан,жаза тағайындау барысында ізгілік қағйдатын суйене отырып жасалған қылмысқа жумсақ тиісті жаза тағайындау.

2. Заң алдындағы жауаптылық - құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік мəжбүрлеу шараларына тартуының қажеттілігі.

Заң алдындағы жауаптылық белгілері:

а) құқықтық ұйғарымдар түрінде мемлекет белгілейді;

ə) құқық нормасының санкциясын жүзеге асыру түрінде көрінеді;

б) мемлекеттің мəжбүрлеуіне негізделеді;

в) құқық бұзушылықтың жасалуын нəтижесінде ғана туындайды;

г) құқық бұзушылық жасаған адамға қолайсыз салдар – жаза түрінде қолданылады;

д) міндет жүктеумен байланысты болады;

е) іс жүргізу нысанында (түрінде) жүзеге асырылады;

ж) мемлекеттің құзырлы органдары арқылы ғана қолданылады.

Заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.Бұларға мына жағдайлар жатады:

1) қабілетсіздік - тұлғаның өз əрекеттеріне есеп бере алмайтын ессіздік күйі;

2) қажетті қорғану - бұл жағдайда қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер телімін жəне басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан сол қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса (ҚР ҚК-нің 32-бабы);

3) қылмыс жасаған адамды ұстау — қылмыс жасаған адамды мемлекеттік органдарға жеткізу жəне оның жаңа қол сұғушылыққа бару мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса жəне бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе;

4) аса қажеттілік - заң арқылы қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса жəне бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмеген жағдайында (ҚР ҚК-нің 34-бабы);

5) күштеп жəне психикалық мəжбүрлеу (жүйкесіне зақым ету) – егер күштеп мəжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-əрекетіне (əрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мəжбүрлеудің нəтижесінде заңдармен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайында (ҚР ҚК-нің 36-бабы);

6) орынды тəуекелге бару - қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тəуекел еткен ретте заң арқылы қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайы (ҚР ҚК-нің 35-бабы);

7) бұйрықты немесе өкімді орындау - адамның өзі үшін міндетті болып табылатын бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-əрекет жасағанда оның заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайы - көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау жағдайы (ҚР ҚК 37-бабы);

8) елеулі маңызы болмайтын құқық бұзушылық - коғамға мемлекетке зиян келтірмеген жəне зиян келтіру қаупін туындатпаған жағдай (ҚР ҚК-нің 9-бабы);

9) казус (уақиға, шытырман қиын жағдай) жəне тағы басқалар.

3. Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактiлердi куәландыруға, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық iс-әрекеттердi жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заң жүзiнде бекiтiлген жүйесi.

жағдайлар мен шектерде нотариаттық iс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:

1) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттiк нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);

2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары;

3) Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар.

3-бапқа сәйкес Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi

1. Нотариаттық қызмет - нотариустың және өзге де уәкiлеттi адамдардың осы Заңмен көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы.

2. Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады.

3. Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнің құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi.

4. Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.

5. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi.

6. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.

7. Жасалған нотариаттық iс-әрекет туралы мәлiметтердi қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап бередi.

8. Меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды нотариус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзiмнен кешiктiрмей нотариусқа табыс етуге мiндеттi.

9. Өсиеттер туралы мәлiметтер, өсиеттердiң дубликаттары мен көшiрмелерi мүдделi адамдарға, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, өсиет берушi өлгеннен кейiн ғана берiледi.

Билет № 43.

1. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны, түрлері.

2. Салық ұғымы, белгілері, түрлері.

3. Мемлекеттік бюджет.

4. Есеп. Келесі субъектілердің арасында қаржылық құқықтық қатынастар туындай ала ма :

- жеке тұлғалар (азаматтар);

-мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдар;

-мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдар және азаматтар.

1. ҚР азаматтық кодексінің 8-таруында меншік мәселесі толығымен айтылған. Яғни 188-бапқа сәйкес Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.

Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады. Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн. Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанның экономикалық жүйесіне түрлі нысандағы меншік тән екендігін бекітеді – жеке, мемлекеттік. Қазақстан Республикасында мем-лекеттiк меншiк пен жеке меншiк бiрдей қорғалады. Мемлекет-тiк меншiк екі түрге бөлінеді: республикалық және коммуналдық меншiк.

Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құ-жаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын келе-сілер құрайды: республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк. Жер заң актiлерiнде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте болуы да мүмкiн.

Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құ-жаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.

Жергiлiктi қазынаны жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк құрайды.

Коммуналдық меншік жергілікті мемлекеттік басқару дең-гейлері бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) меншік болып бөлінеді.

Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi.

Жеке меншiкті:

1) ҚР азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың меншігі;

2) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлес-тiктерiнiң меншiгi құрайды.

Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi.

2. Салық - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлем. Салық төлеушiнiң салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған сәйкес салық төлеушi салық органына тiркеу есебiне тұруға, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салық есептiлiгiн жасауға, оны белгiленген мерзiмде табыс етуге, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi. Мемлекет салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден - оның салық мiндеттемелерiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi және осы Кодексте көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.

Салықтар түрлері:

1. Корпорациялық табыс салығы. Оны төлеушілерге ҚР Ұлттық Банкімен мемлекеттік мекемелерді қопағанда, ҚРның резидент заңды тұлғалары, сандай ақ ҚРда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын н\е ҚРдағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады.

2. Жеке табыс салығы. Оны төлеушілер салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар болып табылады.

3. Қосылған құн салығы тауарларды өндіру ж\е олардың айналысы процесіне қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды,сандай ақ ҚР аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді.

4. Акциздер тауар бағасына орындалатын жұмыстар мен көрсетілген қызмет тарифтерінен енгізілетін нақты ставкаларын ҚР Үкіметң белгілеп бекітетін міндетті төлемдер.

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi. Мұнай операцияларын ж\е өндірумен байланысы жоқ жер асты құрылыстары салу мен пайдалану жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалануы бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салудың ерекшеліктері реттеледі ж\е жер қойнауын пайдаланудың төлейтін төлемдері.

6. Әлеуметтiк салық. Өзінің аты айтып тұрғандай халықтың әлеуметтік қажеттіліктері мен мұхтаждықтарын өтеуге жұмсалады.

7. Жер салығы жеке меншік, тұрақты жер пайдалану ж\е бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығы салық салу объектілері бар жеке ж\е заңды тұлғалардың төлейтін төлемі.

8. Көлiк құралдары салығы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар мен меншік, шаруашылық жүргізу н\е оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер б\т.

9. Мүлiк салығы. ҚР аумағында меншік, шаруашылық жүргізу н\е оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, ҚР аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер.

3. Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет д/з мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі төмендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттің түрлеріне мемлекеттік бюджет жатады. Мемлекеттік бюджет араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық ж/е жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайданылатын ж/е бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке ж\е заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға міндетті жарналар жіберіледі. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен кызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.

Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыланжыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу. А несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы ж\е белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы.

Мемлекеттік қаржылық іс әрекет ж\е қаржылық бақылаумен айналысатын көптеген органдары бар. Оларға мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті ж\е атқару органдары Мәжіліс, Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк, Санақ палаталары, Қазыналық, салық комитеті, салық полициясы, басқа да көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрл инспекциялар жатады.

Билет № 44.

1. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.

2. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.

3. Қаржылық қадағалау органдары.

4. Есеп. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын орган екендігін дәлелдеп беріңіз.

1. Құқық бұзушылық дегеніміз құқықтық талаптарды бұзудағы немесе оларды орындамау барысындағы əрекеттер (əрекеттіліктер немесе əрекетсіздіктер).

Құқық бұзушылықтың белгілері (нышандары):

а) қоғамға зияндылығы, қауіптілігі - құқық бұзушылықтың негізгі объективтік нышаны, айырымдық белгісі жəне оның заңнан құқыққа қайшы болу шегін ажыратуға негіз болатын объективтік тұғыры. Құқық бұзушылықтың қоғамға келтіретін зияны мен оның қауіптілігі қоғамға маңызды құндылықтар мен оның тіршілік ету жағдайларына қол сұғулардан тұрады;

б) кұқыққа қайшы келушілік - əрекеттің немесе əрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігін, зияндылығын заң атауы арқылы білдірілуі. Құқыққа қайшы (қарсы) келудің жəне ол үшін жауапты болудың шегін, мөлшері мен шамасын мемлекет анықтайды, əрі оны бекітеді де;

в) кінəлілік - басқаша айтқанда - құқық бұзушылыққа бару құқық бұзушының тысқарыдан ешбір ықпалсыз-ақ өзінің ерік-ықтиярын əлгіндей түрде білдіруі, ал мұның өзі кінəлі жүріс-тұрыс (мінез-құлық). Егер де жеке адамды таңдау еркі (ықтияры) болмаса, егер ол өзінің жүріс-тұрысының құқыққа қайшы келетінін жете түсінуге қабілеті болмаса, онда оның кінəлі əрекеті құқық бұзушылық болмайды да, ол объективті түрдегі құқыққа қайшы əрекеттік болып шығады. Сондықтан мұндай адам заң алдындағы жауаптылыққа тартылмайды;

г) əрекеттілік немесе əрекетсіздік түріндегі əрекеттер. Мұндағы əрекетсіздік түріндегі құқық бұзушылық - тұлға заңдық талаптарды орындауға міндетті бола тұрып, оларды орындамаған жағдайда болады;

д) жазаланушылық - мемлекет тарапынан мəжбүрлеу шараларының қолданылу мүмкіндігі.

Құқық бұзушылықтар əлеуметтік қауіптілігіне байланысты жəне зиян келтіру дəрежелеріне қарай қылмыстар жəне теріс қылықтар деп жіктеледі.

Қылмыстар қоғамға қауіптілігі (зияндылығы) жағынан барынша жоғары дəрежеде болатындығымен ерекшеленеді. Олар қоғамның ең маңызды, едəуір мəнді мүдделеріне нұқсан келтіреді. Мұндай ең маңызды, едəуір мəнді мүдделерге нұқсан келтірулер мен қол сұғулардан қылмыстық заңдар қорғайды. Жасалған қылмыстар үшін заң аса қатал жазалау шараларын белгілейді.

Теріс құқықтар - əлеуметтік зияндылығы мен қоғамдық қауіптілігі төмен дəрежеде болатындығымен ерекшеленетін құқық бұзушылықтар.

Теріс қылықтардың қоғамдық қауіптілік дəрежесін анықтауда төмендегідей айырымдық белгілері ескеріледі:

а) нұқсан келтірілген қоғамдық қатынастардың объект түріндегі маңыздылығының дəрежесі;

ə) келтірілген зиянның мөлшері;

б) құқыққа қарсы (қайшы) əрекеттің жасалу тəсілі, уақыты мен орны;

г) құқық бұзушының өз басы.

2. Азаматтық құқықтық катынастар д\з-қатысушылар бір бірімен субъектиті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс емес қатынастар.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатысушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет,сондай ақ әкімшілік аумақтақ бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғышарттары олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке ж\е азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.

Азаматтық құқықтық қабілеттік д/з-азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқатылады. Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінпайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.

Азаматтардың әрекет қабілеттігі д/з-тұлғаның өзінің әрекетімен құқықты алу және іске асыру, міндеттерді орындай алу қабілеттігі. Тұлғаның әрекет қабілеттілігінің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген сияқты түрлері кездеседі. Құқық қабілеттілігінің бұндай түрлері адамның жасына байланысты бөлінеді.6 жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп есептеледі. Жартылай әрекет қабілеттілігі 6-14 жасқа дейінгі балалар тән. Олар ұсақ тұрмыстық мәнеі бар, пайда табуға бағытталған, бірақ нотриалды растау мен мемлекеттік міндетті ресми тіркеуді талап етпейтін мәмлелерді жасауға, өздерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға берілген құралдарды иелік жасауына құқықтары бар. Толық емес әрекет қабілеттілігі 14-18 жастағы азаматтар үшін мойындалады. Олардың әрекет қабілеттілігінің шеңбері 6-14 жасқа дейінгі балаларға қарағанда барынша кеңейтілген. 14-18 жастағы азаматар өздерінің оқу ақысы, еңбек ақысы сияқты кірістерін өз бетінше пайдалануға, авторлық құқықты алуға, кассаға ақша салуға, еңбек етуге құқықтары бар. Жеке тұлғалардың толық әрекет қабілеттілігі 18 жасқа, яғни кәмілетке толған кезде пайда болады. Шектелген әрекет қабілеттігі соттың шешімімен ішімдікке, нашақорлыққа салынып, өзін-өзі ұстай алмайтын азаматтарға қолданылады.

Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар,ақша соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер иен бұйымдар дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтары мен басқа да мүліктік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір – қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құүпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылывқ құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

3. Қаржылық қадағалау мемлекеттің қаржылық іс әрекетінің ақша қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Мемлекеттік қаржылық іс әрекет ж\е қаржылық бақылаумен айналысатын көптеген органдары бар. Оларға мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті ж\е атқару органдары Мәжіліс, Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк, Санақ палаталары, Қазыналық, салық комитеті, салық полициясы, басқа да көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрл инспекциялар жатады.

Қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесі, міндеттері, ұйымдастыру тәртібі ж\е қызмет атқару принциптері, өкілеттілігі, сондай ақ ҚР Қаржы полициясы органдарының жүйесі «ҚР Қаржы полициясы органдары туралы» ҚРң 2002ж шілдедеігі заңымен айқындалады.

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономика мен қаржы қызметi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк органдар болып табылады.

2-бапқа сәйке қаржы полициясы органдарының мiндеттерi мыналар:

1) өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету;

2) экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау жолын кесу, ашу және тергеу;

3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес iсiнде мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

4) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Қаржы полициясының құқықтары төмендідей: салықтарды төлемеуге байланысты құқық бұзуларды анықтау және болдырмау; салықтар төлеуден жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру; салықтық құқық бұзушылық пен мемлекеттітке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде шаралар қолдану; салық қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау; алдын ала тергеу, анықтау жүргізу; өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу. Қаржы полициясының төменгi бөлiмшелерi жоғары тұрғандарына бағынатын бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi бар.

Қаржы полициясы органдарының бiрыңғай жүйесiн: орталық мемлекеттiк органды (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдарын қамтитын қаржы полициясының органдары;

оқу орындары және өзге де ведомстволық бағыныстағы мекемелер құрайды.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қаржы полициясының тиiстi бөлiмшелерi, сондай-ақ қаржы полициясының аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық бөлiмшелерi қаржы полициясының аумақтық органдары болып табылады.

Қаржы полициясының көлiктегi тиiстi бөлiмшелерi қаржы полициясының мамандандырылған органдары болып табылады.Қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асырады.Қаржы полициясы органдарының жүйесiне кiретiн уәкiлеттi органды, оның бөлiмшелерi мен оқу орындарын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелердi құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Билет № 45.

1. Бюджеттік құқық негіздері.

2. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.

3. Мемлекет дамуының батыстық жолы.

4. Есеп. Мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдарға заң шығарушы және сот органдарын жатқызуға бола ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

1.Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет д/з мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Құқықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталық ж/е жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының ж/е бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық құқықтық акті.бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттік атқарылу б/ша бюджет есебі мен есептілігін жүргізілу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі ҚР-ның бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер ж/е ҚР-сы Ұлттық қоры, сондай ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі төмендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттердің түрлеріне:

1) түзетілген бюджет. Түзетілген бюджет д/з тиісінше ҚР-ның Парламентінде н/е мәслихатта нақтыланбай, ҚР-ның Үкіметі н/е жергілікті атқарушы органдары енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген н/е анықталған бюджет.

2) бекітілген бюджет. Бекітілген бюджет тиісті қаржы жылына арналған, ҚР-ның Парламенті н/е тиісті мәслихат бекіткен бюджет.

3) нақтыланған бюджет. Нақтыланған бюджет атқарылу барысында ҚР-ның Парламенті н/е тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет.

4) мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджет араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық ж/е жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайданылатын ж/е бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

5) жергілікті бюджет. Жергілікті бюджет облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Бюджеттердің деңгейлеріне:

1) республикалық бюджет;

2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;

3) аудан (облыстық маңызы бар қала)бюджеті бюджет кіреді.

Республикалық бюджет салықтық ж/е басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын ж/ орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведмоствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге ж/е мемлекеттің саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет б\т.

Облыстық бюджеті араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)бюджеттерін біріктіретін талдамалы ақпарат ретінде пайданылатын ж/е бекітуге жатпайтын жиынтық бюджеті.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті салықтық ж/е басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын ж/е ауданның(облыстық маңызы бар қаланың)жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведмоствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржы мен қамтамасыз етуге ж/е тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан(облыстық маңызы бар қала)бюджеті болып табылады.

2. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері ҚР Қылмыстық Кодексінің 5-бөлімінде анық көрсетілген.

65-бап. Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату:

1. Бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейiн айыбын мойындап өз еркiмен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе, немесе қылмыс келтiрген зиянды өзгеше түрде қалпына келтiрсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

2. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаған адам, егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмыстарда болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсендi түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

66-бап. Қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату:

Қоғамдық қауiптi қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажеттi қорғану шегiнен асқан адамды сот iстiң мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

67-бап. Жәбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату:

1. Ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтiрумен байланысты емес орташа ауыр қылмысты бiрiншi рет жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен татуласса және келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады.

2. Орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен татуласса және жәбiрленушiге келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

68-бап. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату:

1. Қылмыс белгiлерi бар әрекет жасаған адамды, егер iстi сот қараған кезде жағдайдың өзгеруi салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауiптi емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

2. Бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның содан кейiнгi мүлтiксiз мiнез-құлқына байланысты iс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауiптi деп есептеле алмайтындығы белгiленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

69-бап. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату:

1. Егер қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзiмдер өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады:

а) кiшiгiрiм қылмыс жасағаннан кейiн екi жыл;

б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейiн бес жыл;

в) ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он жыл;

г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл.

2. Ескiру мерзiмi қылмыс жасаған күннен бастап және сот үкiмi заңды күшiне енген кезге дейiн есептеледi.

3. Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескiру мерзiмiнiң өтуi тоқтатылады. Бұл ретте ескiру мерзiмiнiң өтуi адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған уақыттан берi жиырма бес жыл өтсе және ескiру тоқтатылмаса, адам қылмыстық жауапқа тартылмауы керек.

4. Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мерзiм өткенге дейiн жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескiру мерзiмi тоқтатылады. Мұндай реттерде ескiру мерзiмi жаңа қылмыс жасаған күннен қайта басталады. Ескiру мерзiмi өткенге дейiн адам тағы да қылмыс жасаған өзге реттерде әрбiр қылмыс бойынша ескiру мерзiмi дербес өтедi.

5. Жасаған қылмысы үшiн осы Кодекс бойынша өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн адамға ескiру мерзiмiн қолдану туралы мәселенi сот шешедi. Егер ескiру мерзiмiнiң бiтуiне байланысты сот адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкiн деп таппаса, өлiм жазасын тағайындауға болмайды. Бұл ретте сот жиырма бес жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруды немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруды тағайындайды.

71-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру:

1. Кiшiгiрiм, орташа ауыр және ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқын ескере отырып, жазаның өтелмей қалған бөлiгiн оның жеңiл түрiмен ауыстыра алады. Бұл орайда адам жазаның қосымша түрiн өтеуден толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн.

2. Жазаның өтелмеген бөлiгi, сотталған адам ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағаны үшiн жаза мерзiмiнiң кем дегенде үштен бiр бөлiгiн, ауыр қылмысы үшiн немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен ерте босатылған және жазаның өтелмей қалған бөлiгi кезеңiнде жаңа қылмыс жасаған адам жаза мерзiмiнiң жартысын нақты өтегеннен кейiн жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

3. Жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот осы Кодекстiң 39-бабында аталған жаза түрлерiне сәйкес, осы Кодексте әрбiр жаза түрi үшiн көзделген шекте жазаның кез келген неғұрлым жеңiл түрiн таңдап алуы мүмкiн.

72-бап. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру:

1. Жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмысы үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдердi қоспағанда, сотталған жүктi әйелдердi және он төрт жасқа толмаған баласы бар әйелдердi сот тиiсiнше бiр жылға дейiнгi немесе бала он төрт жасқа толғанға дейiнгi мерзiмге жазасын өтеуден босатуы мүмкiн.

2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған сотталған әйел баладан бас тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса, немесе сотталып, жазасын өтеу кейiнге қалдырылған әйелдi бақылауды жүзеге асыратын орган екi рет жазбаша түрде ескерту жасағаннан кейiн қоғамдық тәртiптi бұзса, сот сол органның ұсынысы бойынша жазаны өтеу мерзiмiн кейiнге қалдыруды тоқтатып, сотталушы әйелдi сот үкiмiне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жiбере алады.

3. Бала он төрт жасқа толғаннан кейiн немесе ол шетiнеген жағдайда не жүктiлiгi үзiлген жағдайда сот сотталған әйелдiң мiнез-құлқына қарай оны жазаны өтеуден босатуы немесе оны неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыруы, немесе сотталған әйелдi жазаны өтеу үшiн тиiстi мекемеге жiберу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.

4. Егер сотталған әйел жазаны өтеуден босату кезеңiнде жаңа қылмыс жасаса, сот оған осы Кодекстiң 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды.

73-бап. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату:

1. Қылмыс жасағаннан кейiн оның өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғыну не оған ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикасы бұзылу пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жүрген адамды сот оны одан әрi өтеуден босатады. Мұндай адамдарға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн.

2. Жазаны өтеуге кедергi жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегушi адамды сот жазаны өтеуден босатуы мүмкiн немесе бұл жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн. Бұл орайда жасалған қылмыстың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы, науқасының сипаты және басқа мән-жайлар ескерiледi.

3. Қамауға не тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға сотталған әскери қызметшiлер өздерiн әскери қызметке жарамсыз ететiн науқастануы жағдайында жазадан немесе жазасын одан әрi өтеуден босатылады. Оларға жазаның өтелмеген бөлiгi де неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

74-бап. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеудi кейiнге қалдыру:

1. Кiшiгiрiм және орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесiнiң ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшiн жазасын өтеуi аса ауыр зардапқа әкелiп соқтыруы мүмкiн болса, сот жазадан босатуы мүмкiн.

2. Ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамның жазасын өтеуiн сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған негiздер болған жағдайда үш айға дейiн мерзiмге кейiнге қалдыра алады.

3. Мемлекеттер дамуында бұл батыстық (еуропалык) жолды Рим, Афины елдері жүріп өткен. Бұл жолға тəн сипаттарға келер болсақ, олар алғашқы қауымдық құрылыстың (ру-тайпалардың) ыдырауының белсенді түрде болғанын сөйтіп жеке меншік пен таптардың пайда болғанын атау керек. Мысалы, Римде мемлекеттің пайда болуына үлкен ықпалын тигізген плебстер мен патрицийлердің күресі болды. Соның нəтижесінде плебстер демократиялық жеңілдіктер алған.

Мемлекеттердің пайда болуының əрқилы жолдарының болуына қарамастан, олардың бəріне өз ықпалын тигізген қозғаушы күш – ру-тайпалық құрылыстың (қауымның) ыдырауы мен ұйымдасқан түрдегі мемлекеттік биліктің қажеттілігінен туындаған болатын.

Сондай-ак құқықтың пайда болуында біркелкілік сипат болмаған, əрбір мемлекетте оның даму барысына əрқилы қозғаушы күштер өз ықпалын тигізген. Құқық дамуында да екі жолдың бар екені мəлім. Соның ішіндегі құқықтың пайда болуының батыстық (еуропалық) жолы Батыстық елдерде əдет-ғүрыптық құқықтардан басқа заңдар мен прецеденттік (үлгі боларлық шешім) құқық та дамыған.

Билет № 46.

1. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.

2. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.

3. Конституциялық құрылыс ұғымы.

4. Есеп. Республикалық және жергілікті бюджет кірістерінің көздерін атаңыз.

1. Қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, саяси , рухани- мәдени, құқытық салаларының дамуына барынша кедергі жасайтын қауіпті құбылыстардың бірі- сыбайлас жемқорлық. 1998 жылы 2- шілдеде қабылданған ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2- бабы 1- тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық дегеніміз мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамидардың, сондай- ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдарлар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуын айтамыз.

ҚР заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдарыдң сот үкімін, сот шешімін, н/е өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектiлерi:

1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн осы Заңның

негiзiнде мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уəкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген

адамдар жауапты болады.

2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уəкiлеттi адамдарға:

1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң жəне мəслихаттардың депутаттары,

судьялар;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сəйкес барлық

мемлекеттiк қызметшiлер жатады.

3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уəкiлеттi адамдарға:

1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;

2) заңда белгiленген тəртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне,

Қазақстан Республикасының Парламентi мен мəслихаттардың депутаттығына кандидаттар

ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы

органдарының мүшелерi;

3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн,

еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн

қызметшiлер;

4) мемлекеттiк ұйымдарда жəне жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi кемiнде

отыз бес процент болатын ұйымдарда басқару мiндеттерiн атқаратын адамдар

теңестiрiледi.

4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды жəне

мемлекеттiк мiндет атқаруға уəкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген

адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүлiктiк

игiлiктер мен артықшылықтар беретiн жеке жəне заңды тұлғалар да жатады.

2. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық құқықық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар. Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз - ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын 44-бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда  мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Түрлері. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.

3.

Билет № 47.

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары.

2. Мәмілелер ұғымы, түрлері.

3. Экологилық құқықтық қатынастар.

4. Есеп. Қазақстан Республикасының азаматы Қасқыров, Түркияда іссапары кезінде жергілікті тұрғынмен төбелес шығарып оған орташа ауыр дене жарақаттады. Қасқыров қай мемлекеттің заңы бойынша жауапкершілікке тартылуы керек?

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары - Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттiк органдар.

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:

1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;

2) Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн барлау ақпаратын iздеп табу;

3) шетел мемлекеттерi арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу және тыю;

4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю;

5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;

6) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында, ұйымдарында, Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де бiрлестiктер қызметiнен тәуелсiздiк принциптерiнде құрылады.

Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы:

1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн жүзеге асырған кезде мемлекет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк бередi.

2. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тiкелей көзделген ерекше жағдайларда және тәртiппен ғана шектелуi мүмкiн.

3. Ұлттық қауiпсiздiк органдары заңмен белгiленген шектерде әрбiр азаматқа оның құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын құжаттармен, шешiмдермен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының, олардың әскери қызметшiлерiнiң, жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң iс-әрекеттерiне ұлттық қауiпсiздiк органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасауға болады.

2. ҚР Азаматтық кодексінің 147-бабына сәйкес мәміле д\з азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге н\е тоқтатуға бағытталған әрекеттер. Оның 4 белгілері бар:

  1. мәміле адамдардың еркін білдіретін ерікті әрекет;

  2. заңмен мақұлданған, құқықа сәйкес әрекет;

  3. тек азаматтардың құқықтық қатынастарын тудыруға, өзгертуге ж\е тоқтатуға бағытталған әрекет;

  4. азаматтық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарлары азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.

Азаматтық құқық саласында мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн. Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптың ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле деп есептеледi.

Бiржақты мәмiле мәмiле жасаған адамға мiндеттер жүктейдi. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгiленген не сол адамдармен келiсiм болған реттерде ғана мiндеттер жүктей алады. Бiржақты мәмiлелерге тиiсiнше мiндеттемелер туралы және шарттар туралы жалпы ережелер қолданылады, өйткенi бұл заңдарға, мәмiленiң табиғаты мен мәнiне қайшы келмейдi.

Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет. Шартпен жасалған мәмiлелер:

1. Егер тараптар құқықтар мен мiндеттердiң туындауын басталу-басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiнге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледi.

2. Егер тараптар құқықтар мен мiндеттемелердiң тоқтатылуын басталу-басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiн күшi жойылатын шартпен жасалды деп есептеледi.

3. Егер шарттың басталуы тиiмсiз болатын тарап шарттың басталуына терiс пиғылмен кедергi жасаса, шарт басталды деп танылады.

Егер шарттың басталуы тиiмдi болатын тарап шарттың басталуына терiс пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп танылады.

3. Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834—1919) енгізген. Экология — тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта — табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі.

Экологиялық құқық – қоршаған табиғи ортаның сапасын жақсарту, қорғау, сауықтыру, экологиялық зиянды салдардың алдын алу мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әсері жүйесіндегі қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін экологиялық-құқықтық нормалар жиынтығы. Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Экологиялық құқықтық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.

2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).

3. Заңды тұлғалар.

4. Жеке тұлғалар.

Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.

ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

- ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;

- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;

- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;

- халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Билет № 48.

1. Жер құқығының субектілері мен объектілері.

2. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.

3. ҚазақКСР тәуелсіздік декларациясы

4. Есеп. Түзеу мекемесінде отырған Құрбанов мас күйінде сотталған Болатовтың ішіне 2 пышақ жарақатын келтірді және соның салдарынан Болатов ауруханада қайтыс болып кетті. Бұл әрекет құрамындағы қылмыс белгілерін атап көрсетіңіз.

1. Жер құқығы қатынастары - жерге меншiк құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектiлерге жер учаскелерiн бекiтiп беруге байланысты жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi құқықтық қатынастар. Жер құқық катынастарының өзге де құқық қатынастары сияқты өзіне тән болатын объектісі, субъектісі ж\е мазмұны болады. Жер құқық қатынастарының обектісі ретінде ҚРның жер қоры, жер учаскесі ж\е жер үлесі жатады.

  • жер қоры - Қазақстан Республикасының егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңiстiк, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндiрiс құралы және кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi;

  • жер учаскесi - осы Кодексте белгiленген тәртiппен жер қатынастары субъектiлерiне бекiтiлiп берiлетiн, тұйық шекара iшiнде бөлiнген жер бөлiгi;

  • жер үлесi - жер учаскесiне құқықтар мен мiндеттерге басқа тұлғалармен бiрге қатысудың осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда бөлiп шығарылуы мүмкiн сан жағынан айқындалған үлесi.

Жер құқығы қатынастарының субъектiлерi - жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрi осы құқық қатынасында мiндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер. Жер құқық қатынас субъектілерінің құқық көлемі мынадай жағдайларға тәуеліді болады:

  • субъектісінің түріне;

  • субъекітнің заңи маңызы бар әрекетіне;

  • аталған жер құқығы қатынастарының ерекшеліктеріне;

  • құқық қатынастары субъектіснің өз функциясын жүзеге асыру жағдайына байланысты болады.

Жер құқық қатынастарының субъектіленің қатары, мазмұны ж\е олардың құқықтарының ара қатынасы елдеігі жер саясаты ж\е әлеуметтік экономикалық қайта құрулар сипатына тәуелді өзгеріп отырады.

2. ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлімі толығымен «жаза»ға арналған. Осы кодекстің 38-бабына сәйкес: Жаза дегенiмiз соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi.

3. Егеменді,тәуелсіз Қазақстан конституциясысының қалыптасу тарйхы өзінің бастамасына Қазақ кеңестік Соцалистік Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтұрулар енгізіу туралы 1990 ж 24 сәуір заңынан алады.Аталған заң мемлекеттік басқару жүйесіне маңызды өзгеріс енгізді.Нақты айтсақ,елімізде бірінші рет Президент лауазымы енгізілд.Конституциялық сйпаттағыең алғашқы акт 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған қазақ КСР ның мемлекеттік егемендігі туралы декларация болды.Декларация бойынша Қазақ КСР і заңдарының КСРО заңдарынан артықшылығы;КСРОмен ҚКСР арасындағы қатынас шартқа негізделетіндігі;Қазақстан әкімшілік аумақтық құрлымға,саяси,экономикалық,әлуметтік,мәдени ұлттыққұрлысқа байланысты мәселелердің барлығын өз еркімен шешетіндігі;ҚКСР заңдарын бағында зған жағдайда өз аумағында КСРО ның заңдарын тоқтатуға құқығы барлығы:Республика аумағына қол сұғылмайды және бөлінбейді,шегарасы оның келісімінсіз өзгермеитіндігі;Жоғарғы кеңестің келісімінсіз республика жерінде басқа мемілекеттердің әскери бөлімдері мен базалары орналаспайтындығы;Қазақстанның өзінің ішкі әскерін,мкмілекеттік және қоғамдық қәуіпсіздік оргындарын құруға құқығы;Қазақсанның өз мүддесіне сәйкес сыртқы саясат мен халықаралық қатынасын өз ұйғарымынша анықтай алатын дығы жарияланды.Декларацияның жаңа Одақтық шарт пен Қазақстан Конституциясын жасауа негіз болатындығы осы Декларацияның арнайы бабында айтылды.1978жылғы Қазақ КСР ның конституциясы кеңестердің билігін бекітсе,1990жылғы егемендік декларациясы мемлекеттік биліктің тармақталу қағйдасы жаряланған бірінші акті еді.Заң шығару билігі Жоғарғы Кеңеске берілді,республика басшылығы және Жоғарғы бөлу-атқару билігі президенттің қолына,сот билігі Жоғары соттың қолына берілді.Декларацияда мемілекеттің әлеуметтік негізін анықтаудың таптық тәсілі корсетілмеиді.Егемендіктің және мемлекттік биліктің бірден-бір қайнар көзі болып халық деп жаряланды.

Билет № 49.

1. Заңды жауапкершіліктің түрлері.

2. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.

3. Құқық субъектілері, жалпы сипаттама.

4. Есеп. Дауылбаев қызық көріп А-ны жағадан суға итеріп жіберді. А. жүзу білмеген еді (бұл туралы Дауылбаев білмеді) және сол себепті суға батып кетті. Дауылбаевтың кінәсы бар ма?

1. Заң алдындағы жауаптылық - құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік мəжбүрлеу шараларына тартуының қажеттілігі.

Заң алдындағы жауаптылық белгілері:

а) құқықтық ұйғарымдар түрінде мемлекет белгілейді;

ə) құқық нормасының санкциясын жүзеге асыру түрінде көрінеді;

б) мемлекеттің мəжбүрлеуіне негізделеді;

в) құқық бұзушылықтың жасалуын нəтижесінде ғана туындайды;

г) құқық бұзушылық жасаған адамға қолайсыз салдар – жаза түрінде қолданылады;

д) міндет жүктеумен байланысты болады;

е) іс жүргізу нысанында (түрінде) жүзеге асырылады;

ж) мемлекеттің құзырлы органдары арқылы ғана қолданылады.

Заң алдындағы жауаптылық қай салаға жататындығына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді.

- əкімшілік – əкімшілік сипаттағы теріс қылық жасалған жағдайда туындайды жəне шара қолдану (жаза қолдану) немесе айыппұл салу түрінде болады;

- азаматтық — заң алдындағы жауаптылық міндеттеме шарттарының бұзылу нəтижесінде туындайды;

- қылмыстық – заң алдындағы жауаптылық қылмыс жасалуының нəтижесінде ғана қолданылады;

- материалдық (дүниемен байланысты) – қандай бір мемлекеттік кəсіпорындар, мекемелер ұйымдарға зиян немесе залал келтірілген жағдайда заң алдындағы жауаптылық туындайды;

- тəртіптік — заң алдындағы жауаптылық əскери, еңбек, оқу орнындағы тəртіптер бұзылған жағдайда туындайды, бұлар шара қолдану, сөгіс жариялау, ескерту жасау түрлерінде болады. Заң алдындағы жауаптылықты, оны анықтап жүктейтін органдарға байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:

- сот арқылы анықталып жүктелетіндері;

- мемлекеттік басқару органдары арқылы анықталып жүктелетіндері;

- басқа құрылымдар арқылы жүктелетіндері.

Заң алдындағы жауаптылықты, оны анықтап жүктейтін органдарға байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:

- сот арқылы анықталып жүктелетіндері;

- мемлекеттік басқару органдары арқылы анықталып жүктелетіндері;

- басқа құрылымдар арқылы жүктелетіндері.

2. ҚР Азаматтық кодексінің 147-бабына сәйкес мәміле д\з азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге н\е тоқтатуға бағытталған әрекеттер. Оның 4 белгілері бар:

  1. мәміле адамдардың еркін білдіретін ерікті әрекет;

  2. заңмен мақұлданған, құқықа сәйкес әрекет;

  3. тек азаматтардың құқықтық қатынастарын тудыруға, өзгертуге ж\е тоқтатуға бағытталған әрекет;

  4. азаматтық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарлары азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.

Мәміле ауызша, жазбаша не болмаса конклюдетті әрекет арқылы ж\е үндемеу сияқты нысандарда болады.

  1. Мәміленің ауызша нысаны мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жерде мәміле жасаушылардың ерік тараптарының бір бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Бұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі арқылы жасалуы мүмкін.

  2. Жазбаша мәміле. Егер іскерлік қызмет өріссінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса,жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар н\е олардың өкілдері қол қоюға тиіс. Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды аласу арқылы жасалуы мүмкін. Хат, жеделхат, факс, электрондық құжаттар н\е субъектілеріді ж\е олардың еркін білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі. Заңдармен ж\е тараптардың келісңмңмен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге ж\е оларда осы тараптарды орындамау салдары көзделуі мүмкін.

  3. мәміленің конклюдетті нысаны, мысалы жетон, билет н\е әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, ауызша түрде жасалған болып келеді. Яғни, адамның мәміле жасауға деген еркі айқын көрініп тұруын, мәміле жасайын деген ниеттің байқалып тұруы арқылы мәміленің жасалуы конклюдетті мәміле д\а.

  4. Үндемеу (әрекетсіздік), заңдарда н\е тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.

Мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырмайды, бiрақ дау туған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлiк айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы. Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде тiкелей көрсетiлген реттерде мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады. Сыртқы экономикалық мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау мәмiленiң жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады.

3. Құқықтық қатынастар — құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық қатынастар құрамының бөліктері Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөліктерден: құқық субьектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады.

Құқық субъектісі — заңды жəне жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекет органдары, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар жəне сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жəне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жəне жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары жəне азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып саналады.

Құқық субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғышарттары олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке ж\е азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.

Құқықтық қабілеттік д/з-азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқатылады. Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінпайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.

Әрекет қабілеттігі д/з-тұлғаның өзінің әрекетімен құқықты алу және іске асыру, міндеттерді орындай алу қабілеттігі. Тұлғаның әрекет қабілеттілігінің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген сияқты түрлері кездеседі. Құқық қабілеттілігінің бұндай түрлері адамның жасына байланысты бөлінеді.6 жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп есептеледі. Жартылай әрекет қабілеттілігі 6-14 жасқа дейінгі балалар тән. Олар ұсақ тұрмыстық мәнеі бар, пайда табуға бағытталған, бірақ нотриалды растау мен мемлекеттік міндетті ресми тіркеуді талап етпейтін мәмлелерді жасауға, өздерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға берілген құралдарды иелік жасауына құқықтары бар. Толық емес әрекет қабілеттілігі 14-18 жастағы азаматтар үшін мойындалады. Олардың әрекет қабілеттілігінің шеңбері 6-14 жасқа дейінгі балаларға қарағанда барынша кеңейтілген. 14-18 жастағы азаматар өздерінің оқу ақысы, еңбек ақысы сияқты кірістерін өз бетінше пайдалануға, авторлық құқықты алуға, кассаға ақша салуға, еңбек етуге құқықтары бар. Жеке тұлғалардың толық әрекет қабілеттілігі 18 жасқа, яғни кәмілетке толған кезде пайда болады. Шектелген әрекет қабілеттігі соттың шешімімен ішімдікке, нашақорлыққа салынып, өзін-өзі ұстай алмайтын азаматтарға қолданылады.

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.

Билет № 50.

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.

2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.

3. Егемендік ұғымы, түсінігі, құрамы.

4. Есеп. Шәкеев Сақовпен дауласып қалып Сақовты ұрып-соқты. Шәкеев үйден пышақ алып келіп Сақовты қуды. Қашып бара жатқан Сақовтың қарсы бетіне келе жатқан Тоқтаров оның аяғын шалды, ал Шәкеев бұл жағдайды пайдаланып Сақовқа бірнеше пышақ жарақатын келтірді. Нәтижесінде Сақов қайтыс болып кетті. Тоқтаровтың әрекетінде қылмысқа қатысу белгілері бар ма? Қылмысқа қатысудың объективті және субъективті белгілерін ашып беріңіз.

1. Құқық саласы ретінде конституциялық құқық – бұл қоғам мен ммелекеттің құрылысының негіздерін, атап айтсақ ҚР-ң конституциялық құрылыс негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.

Конституциялық құқық саласының пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар ұғынылады. Олай болса, конституциялық құқықтың реттеу пәні болып келесі қоғамдық қатынастар жиынтығы табылады: ҚР конституциялық құрылысының негіздері, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметі, сайлау құқығы мен сайлау жүйесі, әкімшілік-аумақтық құрылысы, жергілікті өзін-өзі басқарудың негіздері табылады.

Конституциялық құқықтың реттеу тәсілдері – бұл конституциялық құқық нормаларының конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін амал, әдістері: тану тәсілі, құқық беру тәсілі, міндеттеу және тиым салу тәсілдері.

2. Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.

Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.

Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.

Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.

Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.

Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.

Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.

Полиция органдарының қызметі. Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т.б.

Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті.

Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу.

3. Мемлекеттік егемендік – бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынаста тәуелсіз, дербес болуы. Оның белгілері:

  • мемлекет Конституциясын және өзге заңдарын дербес қабылдауға құқылы;

  • мемлекеттік биліктің жоғары органдарын дербес құрады;

  • бюджетті әзірлеу және бекіту құқығы болады;

  • қаржы жүйесін өзі анықтайды – ұлттық валютасы болады;

  • қарулы күштерін құрады;

  • өз азаматтығы болады;

  • сыртқы сауда және сыртқы экономикалық қатынас түрлеріне құқылы болады;

  • өзге мемлекеттермен сыртқы қатынасты жүзеге асырады;

  • мемлекеттік егемендігін көрсететін мемлекеттік рәміздері болады;

  • мемлекеттік тілі болады,

  • табиғи ресурстарын, табиғи құндылықтарын дербес пайдалану құқығы болады,

  • мемлекеттік шекарасына, оның қол сұғылмауына, тұтастығына және бөлінбеуіне құқығы, т.б. ...

Билет № 51.

1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

2. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.

3. Жалпы табиғат пайдалану.

4. Есеп. Өз бақшасынан ұрлықтың алдын алу үшін Хамраев электр тогы өткізілген сыммен бақшаны қоршады және қауіпсіздік мақсатында «Өмірге қауіпті! Элетр тогы!» деген хабарламаларды іліп қойды. Жасөспірім В. және О. түнде бақшаға түсті және нәтижесінде В. электр тоғының әсерінен қайтыс болып кетті. Бұл жағдайда қажеттілік қорғану орын ала ма?

1. ҚР-сы ҚК-нің 78-бабына сай кәмелетке толмағандар деп - жасы он сегізге толмаған тұлғалар танылады. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстық істі қарау кезінде, сот оның жасын (күні, айы, туған жылын) дұрыс анықтау үшін барлық шаралар жасауға міндетті. Қылмыскерлердің жеке басы туралы, оның тәрбие, оқу, жұмыс жағдайын толық білу үшін, сот мәжілістеріне олардың заңды өкілдерін, еңбек ұжымының, оқу орнынан және тұрғылықты тұратын жерінен өкіл, сонымер қатар, кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекция өкілдерін қатыстыру қажет. Бұл қылмыстар тізіміне, тек қана қасақана, соның ішінде кейбір ауыр және аса ауыр қылмыстар (адам өлтіру, зорлау, терроризм, адамды кепілге алу және т.т.) енгізілген. Осы қылмыстарға қатысты кәмелетке толмағанның жауаптылығы 14 жастан басталуы қарастырылған. 14 жасқа дейінгі балалардың қылмыстық жауаптылыққа тартылуына жол берілмейді.

Заң шығарушы айтылған қылмыстардың қоғамдық қауіптілігін 14 жасқа толғандардың түсінуін, сезінуін ескере отырып, жоғарыдағы тұжырымға келген. Сол себепті, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға кейбір жағдайларда қатаң жаза тағайындалуы тиіс.

Сонымен қатар, сот тәжірибесінде кәмелетке толмағандарға қатысты үш талап орындалған жағдайда, яғни мыналар: 1) қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасағанда; 2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағанда; 3) тұлғаның түзелуіне мүмкіншілік бар жағдайда қылмыстық жаза қолданбау тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану негізі болады.

Кәмелетке толмағандарға ҚР-сы ҚК-нің 49-бабына сай өлім жазасы және ҚР-сы ҚК-нің 48-бабына сай өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Егер тұлға үкім шығару кезінде 18 жасқа толмаса да бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, онда олар жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларына жіберіледі.

Сонымен, кәмелетке толмағандарға жасалған қылмыстары үшін келесі:

а) айыппұл

б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру

в) қоғамдық жұмыстарға тарту

г) түзеу жұмыстары

г-1) бас бостандығын шектеу

д) бас бостандығынан айыру жазаларының түрлері жатады.

2. Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының басты элементтерінің бірі – азаматтық. Республика Конституциясының ережелерін талдаудан келіп шығатыны, азаматтық - тұлғаның Қазақстан мемлекетімен конституциялық-құқықтық байланысын білдіреді, ол ұзаққа созылатын және орнықты байланыстармен, олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы болуымен сипатталады. Азаматтықтың өзіндік қағидаларына мыналар жатады:

- азаматтықтың бірыңғайлығы және теңдігі қағидасы. Азаматтықтың бірыңғайлығы туралы конституциялық қағида мемлекеттің біртұтастығынан келіп шығады және Республика азаматтарының, бірыңғай конституциялық құқық субъектілікке негізделген, бірыңғай құқықтық мәртебеге ие екендігін білдіреді. Азаматтықтың теңдігі қағидасы Республика азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға (м\ы азаматтықтың алыну жолына) қарамастан құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің теңдігін білдіреді

- азаматтықтың еріктілігі қағидасы – азаматтық алу және одан шығу ерікті түрде жүргізіледі;

- азаматтықтың тұрақтылығы қағидасы - тұрған жеріне, отбасылық жағдайына, жас шамасына қарамастан ҚР азаматтығы тұрақты болып табылады, яғни біріншіден, ҚР азаматтығы адам қайтыс болғанға дейін (егер азаматтықтан шығып кетпесе немесе айырылмаса) сақталады, екіншіден, Қазақстан Республикасы азаматының ҚР-нан тыс жерде ұзақ мерзім бойы тұрақты тұруы ҚР азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды. Үшіншіден, ҚР азаматының (азаматшасының) республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы азаматтықтың өзгеруіне әкеп соқтырмайды. Олай болса, біздің азаматтық тұрақты.

- бір азаматтық қағидасы – ҚР-да азаматтық біртұтас, қос азаматтық мойындалмайды;

- ҚР азаматтығынан айыруға болмайтындығы қағидасы – ҚР Конституциясына сәйкес Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды;

- азамат пен мемлекеттің өзара жауаптылығы қағидасы – азаматтық байланысы жеке тұлға мен мемлекеттің арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындап, өзара жауаптылық жағдайын белгілейді; Тиісті байланыс (азаматтық) нәтижесінде нақты тұлға мен мемлекет арасында өзара құқықтар мен міндеттер, тиісінше жауаптылық туындайды. Мысалы, ҚР-сы өз азаматын қайда болмасын қорғауға міндетті, ал ҚР азаматы оны қорғауға міндетті, т.с.с.;

- ҚР азаматын басқа мемлекетке бермеу қағидасы. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды;

- қан және топырақ құқығының үйлесімдігі қағидасы - ҚР азаматтығын алу бала туылған кезде оның ата-анасының азаматтығына қарай және ҚР аумағында тууылуына қарай шешілуі мүмкін. “Қан” қағидасы ҚР азаматтарынан туылған баланың туылған жеріне қарамастан ҚР азаматы болып табылатындығын білдіреді. “Топырақ” қағидасы баланың ата-анасының азаматтығына емес, оның туылған жеріне қарай азаматтықты иеленуді білдіреді.

Азаматтық алу жолдары:1)Филиация азаматтық тууы бойынша беріледі,яғни туылғаннан бастап беріледі.2)натурализация азаматқа қабылдану арқылы алу.3)реинтиграция азаматтықты қалпына келтіру.4)репатрация отанына оралу арқылы алу,оны тек таза ұлтты қазақтар ғана ала алады.5)оптация таідау арқылы,басқа мемлекет аумағы басқа мемлекетке ауысқан жағдайда сол мемлекет азаматтығын таңдау еркі беріледі.6)трансферт аумақтың ауысуына байланысты сол аумақтың азаматтарының автоматты түрде иеленген мемлекеттің азаматтығына көшуі.7)октроирленген сыйға тартылған.

Азаматтықты ауыру жағдайлары:1)Қазақстан азаматы басқа елдің азаматтығын алған жағдайда.2)тұрақты тұрмаса және дәлелді себептерсіз Консулдыққа тіркелмесе.3)Қазақстан азаматы басөа мемлекеттің органдарына жұмысқа тұрса және сол туралы шарт болмаса.4)егер ол адам біздің азаматтықты алған кезде өзі туралы жалған материал берсе.

3. Табиғат пайдалануды жалпы және арнайы пайдалануға топтастырудың маңызы зор. Мұндай топтастыру үшін өлшемдер табиғат қорғау құқығын негіздеу болып табылады. Жалпы табиғат пайдалану халықгың өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін тегін және азаматтар мен үйымдарға табиғи ресурстар берілместен жүзеге асырылады. Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар табиғат пайдаланушыларға заңмен қатаң белгіленген тәртіппен беріледі. Жалпы табиғат пайдалану әрбір адамның жайлы қоршаған ортаға табиғи құқығын жүзеге асырумен байланысты болады. Жалпы табиғат пайдалану жалпы ережелер бойынша мемлекеттік органдар тарапынан арнайы рүқсатты талап етпейді, яғни жүрттың бәрі қол жеткізе алады. Алайда, заң жүзінде жалпы пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін.

Табиғат пайдалану құқығы мынадай түрлерге бөлінеді:

— жер пайдалану құқығы;

— су пайдалану құқығы;

— орман пайдалану құқығы;

— жер қойнауын пайдалану құқығы;

— жануарлар дүниесін пайдалану құқығы;

— атмосфералық ауаны пайдалану немесе атмосфералық ауаны ластағыш заттардың шығарындылары үшін пайдалану құқығы.

Өзінің нысаналы мақсатына қарай табиғат пайдаланудың жо- ғарыда көрсетілген түрлерінің өзі топтастырылуы мүмкін.

Мысалы, жер пайдалануда былайша бөлінеді:

1) ауыл шруашылығы мақсатындағы жер;

2) елді мекендер (қалалардың, поселкелердің және селолықелді мекендердің) жері;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл ша- руашылығынан өзге мақсатқа арналған жер;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақгардың жері, сауықгыру, рекреациялықжәне тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

5) орман қорының жері; су қорының жері;

6) босалқы жер.

ҚР Су Кодексіне сәйкес су объектілері мыналар үшін пайдала- нылуы мүмкін:

1) ауыз сумен және шаруашылық-түрмыстық сумен жабдықгау;

2)  сауықгыру және рекреациялық мақсаттарүшін;

3)  ауыл шаруашылығының мүқгаждары үшін;

4) өнеркәсіп пен жылу энергетикасы мүқгаждары үшін;

5) көлік, ағаш ағызу, өртке қарсы мүқхаждар үшін;

6) балықжәне аңшылық шаруашылықгарын жүргізу үшін;

Орман Кодексінің 88-бабы мемлекетгік орман қорында орман

пайдаланудың мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін екенін көрсетеді:

1) сүрек дайындау;

2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;

3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықгар, бұтақгар, түбірлер, тамырлар, жапырақгар, бүршікгер) дайындау;

4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруа- шылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқүлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақгар, қамыс дайындау);

5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылы- ғының қажеті үшін пайдалану;

6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақса- ты үшін пайдалану;

7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықгыру, рек- реациялық, туристік және спорт мақсаттары үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.

ҚР-ның "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 10-бабына сәйкес жер пайдалану құқығы мына операцияларды жүргізу үшін беріледі:

1) жер қойнауың мемлекеттік геологияльщ зерттеу;

2) барлау;

3) өндіру;

4) барлау мен өндіруді қоса атқару;

5) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысгы емес жерасты қүрылыстарын салужәне (немесе) пайдалану.

ҚР-ның "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 24-бабында жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріңе жол беріледі:

1) аң аулау;

2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңіз суқоректілерін қоса

алғанда, балық аулау;

3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануар- ларды шаруашылықмақсатгарда пайдалану;

4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және

эстетикалық мақсатгарда пайдалану;

5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету

өнімдерін пайдалану.

Билет № 52.

1. Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.

2. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.

3. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері

4. Есеп. Учаскелік инспектор өз танысымен жеке әңгімесінде, жабдықтау бөлімінің бастығы Құсайынов 500 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты ұрлағанын білді. Бұл жағдайда қылмыстық істі қозғауға негіз бар ма? Қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздерін атап көрсетіңіз. Жасалған қылмыс туралы арыздар және хабарлауларды тексерудің тәртібі қандай?

1. Қазақстан Республикасы Конституцияның 1 бабында аталғандай өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас, егемен мемлекет болып табылады. Олай болса, ҚР конституциялық құрылысының негіздері болып келесілер танылады:

1. Қазақстан Респбликасы - демократиялық мемлекет. Демократиялық мемлекет – бұл билік халыққа тән болатын, биліктің жоғары эшолоны халықпен сайланатын, халыққа есепті болатын, саяси әралуандылық, өзін-өзі басқару танылатын мемлекет. Негізгі белгілері:

- халық билігі (сайлау, референдум, демонстрация, митинг т.б.)

- идеологиялық және саяси алуандылық;

- жергілікті өзін-өзі басқару;

- өкілді биліктің болуы.

2. Қазақстан Реаспубликасы – құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің мәні – барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлесіктер мен азаматтардың құқықтық нормаларға қатаң сәйкестікте әрекет ету тиістілігінде, яғни мемлекетте құқықтық үстемдік етуінде. Белгілері:

- заңның (құқықтың) жоғарылығы;

- соттың тәуелсіздігі;

- жеке тұлғаның шынайы бостандығы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;

- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы;

- биліктің бөлінуі;

- мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы.

3. Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – бұл қызметі қоғамның жоғары әл-ауқаттылығына жетуге, қоғамның мүмкіндіктерін, мүліктік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға (таптарға) емес, қоғам мен адамға тұтастай қызмет етеді. Міндеті – барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге, жоюға тырысу. Белгілері:

- жұмыссыздықтан қорғау;

- отбасыны, аналықты, балалықты, мүгедектікті, кәрі адамдарды қорғау;

- әлеуметтік қызмет түрлерін дамыту (тегін білім беру, тегін дәрігерлік көмек т.б.)

- адамдардың денсаулығын және еңбегін қорғау;

- еңбек ақысының ең төменгі көлеміне кепілдік беру міндеті,

- көп балалы атбасыларға, жалғыз басты аналарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға, кедей тұратын отбасыларға жәрдем көрсету

- т.б.

4. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет – бұл діннің мемлекеттен бөлінуі. Белгілері:

- дін мен мемлекет бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды – діни бiрлестiктер қандай да болсын мемлекеттiк қызметтер атқармайды, дін мемлекеттің саясатына, сайлауларға, мемлекеттік органдардың қызметіне, білім беру жүйесіне араласа алмайды, мемлекет те дiни бiрлестiктердiң қызметiне, егер ол заңға қайшы келмесе, араласпайды;

- мемлекет дiни бірлестiктердi қаржыландырмайды;

- барлық дiндер мен діни бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Ешбiр дiн немесе дiни бiрлестіктер басқаларға қарағанда ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды;

- ешбір дін міндетті дін ретінде бекітілмейді;

- діни сипаттағы партияларды және өзге де саяси құрылымдарды құруға, сондай-ақ дiни бiрлестiктердің саяси партиялар қызметiне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берiлмейдi;

- міндетті дін болмайды, әркім қандай дінді ұстанам десе, балаларын қандай дінде тәрбиелеймін десе өзі біледі, яғни діни сенім бостандығы танылады. Дiнге деген, құдайға құлшылық жасауға, дiни жоралар мен рәсiмдерге, дiндi оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезiнде қандай да бiр күштеп мәжбүр етуге жол берiлмейдi;

- дiни бiрлестiктердiң қызметшiлерi саяси өмiрге барлық азаматтармен бiрдей тек өз атынан ғана қатыса алады;

- діни бiрлестiктер заң талаптарын және хұқық тәртiбiн сақтауға мiндеттi. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi

- т.б.

5. Қазақстан Республикасы – егеменді мемлекет. Мемлекеттік егемендік – бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынаста тәуелсіз, дербес болуы. Оның белгілері:

- мемлекет Конституциясын және өзге заңдарын дербес қабылдауға құқылы;

- мемлекеттік биліктің жоғары органдарын дербес құрады;

- бюджетті әзірлеу және бекіту құқығы болады;

- қаржы жүйесін өзі анықтайды – ұлттық валютасы болады;

- қарулы күштерін құрады;

- өз азаматтығы болады;

- сыртқы сауда және сыртқы экономикалық қатынас түрлеріне құқылы болады;

- өзге мемлекеттермен сыртқы қатынасты жүзеге асырады;

- мемлекеттік егемендігін көрсететін мемлекеттік рәміздері болады;

- мемлекеттік тілі болады,

- табиғи ресурстарын, табиғи құндылықтарын дербес пайдалану құқығы болады,

- мемлекеттік шекарасына, оның қол сұғылмауына, тұтастығына және бөлінбеуіне құқығы, т.б. ...

6. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысаны - ҚР Конституциясында бекітілген мемлекетті басқару жүйесі. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады, ол өзінің алдында жауапты болатын Үкіметті тағайындайды. Бұл негіз Қазақстанның басқару нысанымен қоса оның мемлекеттік құрылымын да байқатады. Қазақстан – біртұтас мемлекет, яғни өз ішінде қандай да бір басқадай мемлекеттік құрылымы жоқ, елді және халықты үйлесімді басқару үшін өз аумағы әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлінетін мемлекет.

7. Экономикалық негіздері. ҚР-ның экономикасының негізі болып меншік нысандарының көптүрлілігі және теңдігі қағидаты танылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.

8. Саяси жүйені ұйымдастыру негіздері.

Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады.

Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғамдық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi.

9. Адам. Конституцияда белгіленгендей ҚР-ның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.

Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі қағидалары: қазақстандық патриотизм, саяси тұрақтылық, қоғамдық татуластық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, мемлекеттің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу.

2. ҚР-дағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын соттақорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР –ның Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокутура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік , қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.

Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметі: 1)адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігі; 2)адвокаттық қызметті заңдарда тыйым салынбаған әдістерін және құралдармен жүзеге асыру; 3)заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларда қоспағанда, прокаратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметіне араласуға жол бермеу; 4)кәсіби мінез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау қағидаттарына негізделеді.

Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар: 1)шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді; 2)талап қою арыздарын, шығымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды; 3)анықтау, алдын ала тергеу органдарда, соттарда,мемлекеттік және өзге де орындарда, ұйымдарында және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады.

Адвокат-жоғарғы заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР-ң азаматы.

ҚР- дағы нотариат- құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай- ақ Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс- әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.

Нотариустың міндеттері: 1) ҚР нотариат қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес нотариаттық іс- әрекеттер жасауға; 2) азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен міндеттерді түсіндіруге, олардың заңды білмегендері өздеріне зиян келтіруге пайдалануы мүмкін болмауы үшін, жасаған нотариаттық іс- әрекеттерінің салдарлары жөнінде ескертуге; 3) кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді құпия ұстауға; 4) ҚР заңдарына сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс- әрекеттер жасаудан бас тартуға; 5) кәсіптік әдепті сақтауға; 6) әділет органына және нотариаттық палатаға өз іс- әрекеттеріне түскен шағымдар бойынша өзі жасаған нотариаттық іс- әрекеттер туралы мәліметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер, оның ішінде кәсіптік әдеп талаптарын сақтамау мәселелері жөнінде түсініктемелер беруге міндетті.

Нотариус мынадай іс- әрекеттер орындайды: 1) Мәмілелелрді куәландыры; 2) шаруашылық серіктестерінің құрылтай құжаттарын куәландырады; 3) мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындайды; 4) мұраға құқық туралы куәліктер береді; 5) ерлі- зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді; 6) мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды; 7) Құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады; 8) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады; 9) құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғандығын куәландырады; 10) азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады; 11) азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады; 12) құжаттардың берілген уақытын куәландырады; 13) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға береді; 14) ақшаны депозитке қабылдайды; 15) вексель наразылықтарын жасайды; 16) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды; 17) теңіз наразылықтарын жасайды; 18) дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.

3. Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Мәслихаттар;

Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: заң шығарушы органдар, атқару органдары және сот немесе құқық қорғау органдары.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінін барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Өкілетті органдар, Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды.

Парламент — заң шығару функциясын жүзеге асыратын Респу6ликаның ең жоғарғы өкілді органы. . Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.

Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді.

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;

3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;

4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;

5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;

6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;

7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;

8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Конституцияның 57-бабының 6) тармақшасында көзделген ретте Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;

3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;

4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;

5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;

6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;

7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;

8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-І Заңымен алынып тасталды.

10) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады.

Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді

Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:

1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;

4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;

5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;

6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;

7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;

8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;

9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;

10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

Билет № 53.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.

2. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.

3. Жерге меншік құқығы.

4. Есеп айыпталушы Оспановтың пәтерін тінту кезінде 10 бейнемагнитофон, 50 кг май және 120 кг ет табылды. Барлық табылған тауарларды криминалды полиция қызметкері, өз шешімі бойынша сату үшін дүкенге тапсырды. Полиция қызметкері дұрыс жасады ма?

1. Конституция – бұл мемлекет өмірінің негізгі бастауларын – мемлекеттің құрылысын, саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемлекеттің негізгі заңы немесе актілердің жиынтығы. Конституцияда адам мен азаматтың табиғи және ажырамас құқықтары байқалады және бекітіледі. Олардың негізінде мемлекеттің құрылымы мен нысаны, билік тәртібі орнығады.

ҚР конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды. Ол 9бөлім 98 баптан тұрады.Қазақстан Республикасы Конституцияның 1 бабында атал-ғандай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас, егемен мемлекет болып табылады. Олай болса, ҚР конституциялық құрылысының негіздері болып келесілер танылады:

1. Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет. Демократиялық мемлекет – бұл билік халыққа тән болатын, биліктің жоғары эшалоны халықпен сайланатын, халыққа есепті болатын, саяси әралуандылық, өзін-өзі басқару танылатын мемлекет. Негізгі белгілері:

1) халық билігі (сайлау, референдум, демонстрация, митинг т.б.)

2) идеологиялық және саяси алуандылық;

3) жергілікті өзін-өзі басқару;

4) өкілді биліктің болуы;

5) сөз бостандығы;

6) т.б.

2. Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің мәні – барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар-дың құқықтық нормаларға қатаң сәйкестікте әрекет ету тиістілігінде, яғни мемлекетте құқықтың үстемдік етуінде. Белгілері:

1) заңның (құқықтың) жоғарылығы;

2) соттың тәуелсіздігі;

3) жеке тұлғаның шынайы бостандығы, адамның және азамат-тың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;

4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мем-лекет мүдделерінен басымдығы;

5) биліктің бөлінуі;

6) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы.

3. Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет. Әлеу-меттік мемлекет – бұл қызметі қоғамның жоғары әл-ауқаттылығына жетуге, қоғамның мүмкіндіктерін, мүліктік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға (таптарға) емес, қоғам мен адамға тұтастай қызмет етеді. Міндеті – барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге, жоюға тырысу. Белгілері:

1) жұмыссыздықтан қорғау;

2) отбасыны, аналықты, балалықты, мүгедектікті, кәрі адамдар-ды қорғау;

3) әлеуметтік қызмет түрлерін дамыту (тегін білім беру, тегін дәрігерлік көмек т.б.)

4) адамдардың денсаулығын және еңбегін қорғау;

5) еңбек ақысының ең төменгі көлеміне кепілдік беру міндеті;

6) көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, асырау-шысынан айырылған отбасыларға, кедей тұратын отбасыларға жәрдем көрсету

7) т.б.

4. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет – бұл мемлекеттің діннен бөлінуі. Белгілері:

1) дін мен мемлекет бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды – діни бiрлестiктер қандай да болсын мемлекеттiк қызметтер атқармайды, дін мемлекеттің саясатына, сайлауларға, мемлекет-тік органдардың қызметіне, білім беру жүйесіне араласа алмайды, мемлекет те дiни бiрлестiктердiң қызметiне, егер ол заңға қайшы келмесе, араласпайды;

2) мемлекет дiни бірлестiктердi қаржыландырмайды;

3) барлық дiндер мен діни бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Еш-бiр дiн немесе дiни бiрлестіктер басқаларға қарағанда ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды;

4) діни сипаттағы партияларды және өзге де саяси құрылым-дарды құруға, сондай-ақ дiни бiрлестiктердің саяси партиялар қызметiне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берiлмейдi;

5) міндетті дін болмайды, әркім қандай дінді ұстанам десе, бала-ларын қандай дінде тәрбиелеймін десе өзі біледі, яғни діни сенім бостандығы танылады. Дiнге деген, құдайға құлшылық жасауға, дiни жоралар мен рәсiмдерге, дiндi оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезiнде қандай да бiр күштеп мәжбүр етуге жол берiлмейдi;

6) дiни бiрлестiктердiң қызметшiлерi саяси өмiрге барлық аза-маттармен бiрдей тек өз атынан ғана қатыса алады;

7) діни бiрлестiктер заң талаптарын және құқық тәртiбiн сақтау-ға мiндеттi. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлен-ген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi және т.б.

5. Қазақстан Республикасы – егемен мемлекет. Мемлекеттік егемендік – бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынаста тәуел-сіз, дербес болуы. Оның белгілері:

1) мемлекет Конституциясын және өзге заңдарын дербес қабыл-дауға құқылы;

2) мемлекеттік биліктің жоғары органдарын дербес құрады;

3) бюджетті әзірлеу және бекіту құқығы болады;

4) қаржы жүйесін өзі анықтайды – ұлттық валютасы болады;

5) қарулы күштерін құрады;

6) өз азаматтығы болады;

7) сыртқы сауда және сыртқы экономикалық қатынас түрлеріне құқылы болады;

8) өзге мемлекеттермен сыртқы қатынасты жүзеге асырады;

9) мемлекеттік егемендігін көрсететін мемлекеттік рәміздері болады;

10) мемлекеттік тілі болады;

11) табиғи ресурстарын, табиғи құндылықтарын дербес пайдала-ну құқығы болады;

12) мемлекеттік шекарасына, оның қол сұғылмауына, тұтасты-ғына және бөлінбеуіне құқығы, т.б. ...

6. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару ныса-нындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысаны - ҚР Конституциясында бекітілген мемлекетті басқару жүйесі. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады, ол өзінің алдында жауапты болатын Үкіметті тағайындайды. Бұл негіз Қазақстанның басқару нысанымен қоса оның мемлекеттік құрылымын да байқатады. Қазақстан – біртұ-тас мемлекет, яғни өз ішінде қандай да бір басқадай мемлекеттік құрылымы жоқ, елді және халықты үйлесімді басқару үшін өз аумағы әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлінетін мемлекет.

7. Экономикалық негіздері. ҚР-ның экономикасының негізі болып меншік нысандарының көптүрлілігі және теңдігі қағи-даты танылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.

8. Саяси жүйені ұйымдастыру негіздері. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғам-дық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi.

9. Адам. Конституцияда белгіленгендей ҚР-ның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостан-дықтары болып табылады.

2. Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұру демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу мемлекеттің құқықтың жоғарылығы принципін, соның ішінде бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсетеді.

Сот билігінің негізгі мақсаты – қоғамның мүшелерін кез келген бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады.

Сот билігі заңда белгіленген шеңберде азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға іс жүзінде өкілдіктері бар біртұтас мемлекеттік биліктің түрі.

Сот билігі деп мемлекет атынан заңның үстемдігі мен әділеттілікті қалпына келтіру, заңмен қорғалатын мүдделерге қол сұғушы адамдарға мемлекеттік мәжбүр ету шараларын қолдану мақсатындағы сот құзыретіндегі жауапты биліктік өкілеттіктердің жиынтығын айтамыз, - деп тұжырымдайды заң ғылымдарының докторы, профессор Халиков К.Х.

Соттар мемлекеттік биліктің атқарушы органдар тармағынан айырмашылығы ұйымдастырушылық және атқарушылық-өкімгерлік қызметпен айналыспайды.

Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды.

Сот билігі туралы конституцқұқықтық нормаларға сүйене отырып сот билігінің мынадай белгілерін көрсетуге болады:

a. сот билігі конституциялық бекітілген біртұтас мемлекеттік биліктің тармағы болып табылады.

b. сот билігінің тек арнайы мемлекеттік органдарға – Конституцияда белгіленген тәртіппен құрылған соттарға тиесілі болуы.

c. сот билігінің тәуелсіздігі. Сот билігінің тәуелсіздігі оның басқа мемлекеттік органдарға бағынбайтындығын білдіреді.

d. сот билігі мемлекеттің атынан жүзеге асырылады: ҚР-ның атынан үкімдер мен соттардың өзге де шешімдерін жария етіледі.

e. сот билігін Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, республика халықаралық шарттарының негізінде туындаған дауларға ғана қолдану. Сот мораль, діни, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға байланысты жанжалдарда қарамайды және шешпейді.

f. осы билікте оның қызметіне тән іс жүргізу жүргізіледі (талап арыз ісін жүргізу, процеске айыптауға және қорғауға қатысу).

g. сот билігінің құқық қорғау сипаты болады. Оның қызметінде осыған байланысты екі қыры бөлініп шығады: құқық пен заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

h. сот билігінің шешімдері мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі.

3. Жер - Қазақстан Республикасының егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңiстiк, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндiрiс құралы және кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы - азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың өздерiне тиесiлi жер учаскесiн осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы

Жерге меншiк құқығының түрлерi:

1. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.

2. Меншiк құқығының субъектiлерi:

республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы; осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.

Меншiк құқығының мазмұны:

1. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар.

2. Жердiң меншiк иесi ретiндегi мемлекеттiң құқықтарын осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

3. Жер учаскесiнiң меншiк иесi осы Koдексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген негiздерде, шарттар мен шектерде меншiк иeci құқығын жүзеге асыра алады.

Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы

1. Жер учаскесiне меншiк құқығы:

1) меншiк құқығын табыстау;

2) меншiк құқығын беру;

3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.

2. Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.

3. Жер учаскесiне меншiк құқығы:

1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;

2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.

Билет № 54.

1.Қаржылық бақылау.

2.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары.

4.Есеп. Келесі талаптар бойынша соттылықты анықтаңыз : алимент талап ету; Қарызды талап ету; Жұмысқа қайта алу талабы; Тұрғын үй иемденуді бөлу талабы.

    1. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс әрекетінің ақша қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызы бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе ж\е ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады:

1) бакылау субъектісі. Қаржылық бақылаудың субектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар тобы. Сондыктан тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі б\т.

2) бакылау объектісі. Мем\ң қаржылық бақылаудың объектісі осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ: 1) мем\к органдар, 2) мем\к заңды тұлғалар, 3) мем\к емес заңды тұлғалар, 4) азаматтар жатады.

3) бакылау заты.Қаржылық бақылаудың заты қаржылық қатынастардың субъектісі ретінде өзінің міндеттерін атқару тұтастығынан қарағандағы, бақылау объектісінің іс кимылы.

4) бақылаудың мақсаты. Біріншіден, қаржылық құқықтық қатынасқа қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын ж\е олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау; екіншіден, кінәлілер мен айыптылары тауып, оларды заңнамаларда көрсетілген тәртіп б\ша жауапқа тарту.

5) бақылауды іске асырудың әдістері.

2. Экологиялық құқықтың теориялық және әдістемелік салаларының негізгі тіректерінің бірі ұғымдар мен санаттар болып табылады. Мысалы экологиялық құқық негіздерімен оқып танысу барысыында экология, коршаган орта, коршаган ортаны коргау, табиғи ресурстар , табиғат пайдаланут.б. осы сияқты атауларды кездестіруге болады. Сондықтан солардың мәнін ашып, қысқаша тоқталып кетуге болады. Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологі Эрнст Геккель (1834-1919) енгізген. Ал енді экология дегеніміз – тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым – қатынаста тіршілік жайындағы ілім. Ал қоршаған орта – табиғи объектілердің , өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ,сондай- ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Эекологиялық құқықтық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Экологиялық құқықтың оқытатын пәні:1)қоршаған табиғи ортаны қорғау;2)табиғи байлықтарды тиімді пайдалану;3)жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғау барысындағы туындацтын катынасатрады оқытады.

3. 1995 жылғы Конституция бойынша ҚР Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға; халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. Президент мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi

Республика Президентiнiң жарлықтарымен:

1) Президенттiң Республика Президентiнiң актiлерiн шығаруды талап ететiн конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады;

2) мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгiленген жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелерi шешiледi;

3) Парламенттiң заңдық құзыретiне кiрмейтiн, сондай-ақ Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдардың заңмен белгiленген құзыретiне жатпайтын мәселелердi құқықтық реттеу жүзеге асырылады;

4) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк-саяси дамуының стратегиялық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылданады.

Республика Президентi шығаратын жарлықтардың ғана нормативтiк құқықтық акт күшi болады.

Республика Президентiнiң өкiмдерiмен:

1) әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу жүзеге асырылады;

2) Республика Президентiнiң құзыретiне сәйкес конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады

Билет № 55.

1. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.

2.Сот төрелігі және оның қағидалары.

3. Қазақстан Республикасының Сенаты.

4. Есеп. Қамалов және Бұрханов мас күйінде бір-бірімен төбелесіп қалды және нәтижесінде Бұрхановтың жаңа пальтосы жыртылып қалды. Келесі күні оның әйелі Қамаловтан пальтоның құнын өндіріп алу туралы талаппен сотқа шағымданды. Сотқа қандай шешім қабылдауы тиіс?

1. Конституциялық құқық саласында маңызды орынды жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін бекітетін нормалардан тұратын институт алады. Бұл институт Конституцияның екінші бөлімінде, яғни “Адам және азамат” деп аталатын бөлімде реттелген. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жоғары бағалы құндылық ретінде ата заңда бекітілген.

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]