Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179_1201_1179_y_1179_negizderi_shpor_2011_sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.69 Mб
Скачать

3. Табиғат пайдалану құқығы мынадай түрлерге бөлінеді:

— жер пайдалану құқығы;

— су пайдалану құқығы;

— орман пайдалану құқығы;

— жер қойнауын пайдалану құқығы;

— жануарлар дүниесін пайдалану құқығы;

— атмосфералық ауаны пайдалану немесе атмосфералық ауаны ластағыш заттардың шығарындылары үшін пайдалану құқығы.

Өзінің нысаналы мақсатына қарай табиғат пайдаланудың жо- ғарыда көрсетілген түрлерінің өзі топтастырылуы мүмкін.

Мысалы, жер пайдалануда былайша бөлінеді:

1) ауыл шруашылығы мақсатындағы жер;

2) елді мекендер (қалалардың, поселкелердің және селолықелді мекендердің) жері;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл ша- руашылығынан өзге мақсатқа арналған жер;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақгардың жері, сауықгыру, рекреациялықжәне тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

5) орман қорының жері; су қорының жері;

6) босалқы жер.

ҚР Су Кодексіне сәйкес су объектілері мыналар үшін пайдала- нылуы мүмкін:

1) ауыз сумен және шаруашылық-түрмыстық сумен жабдықгау;

2)  сауықгыру және рекреациялық мақсаттарүшін;

3)  ауыл шаруашылығының мүқгаждары үшін;

4) өнеркәсіп пен жылу энергетикасы мүқгаждары үшін;

5) көлік, ағаш ағызу, өртке қарсы мүқхаждар үшін;

6) балықжәне аңшылық шаруашылықгарын жүргізу үшін;

Орман Кодексінің 88-бабы мемлекетгік орман қорында орман

пайдаланудың мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін екенін көрсетеді:

1) сүрек дайындау;

2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;

3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықгар, бұтақгар, түбірлер, тамырлар, жапырақгар, бүршікгер) дайындау;

4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруа- шылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқүлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақгар, қамыс дайындау);

5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылы- ғының қажеті үшін пайдалану;

6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақса- ты үшін пайдалану;

7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықгыру, рек- реациялық, туристік және спорт мақсаттары үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.

ҚР-ның "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 10-бабына сәйкес жер пайдалану құқығы мына операцияларды жүргізу үшін беріледі:

1) жер қойнауың мемлекеттік геологияльщ зерттеу;

2) барлау;

3) өндіру;

4) барлау мен өндіруді қоса атқару;

5) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысгы емес жерасты қүрылыстарын салужәне (немесе) пайдалану.

ҚР-ның "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 24-бабында жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріңе жол беріледі:

1) аң аулау;

2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңіз суқоректілерін қоса

алғанда, балық аулау;

3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануар- ларды шаруашылықмақсатгарда пайдалану;

4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және

эстетикалық мақсатгарда пайдалану;

5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету

өнімдерін пайдалану.

Билет № 36.

1. Еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі.

2. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.

3. Жұмыс берушінің актілері.

4. Есеп. Зауыт директоры зауыт аумағын тазалау үшін сенбілікті өткізу және оны ұйымдастыру тобы туралы бұйрық шығарды. Бұл бұйрыққа сүйеніп ұйымдастыру тобы сенбілік өткізу уақытын, оған қатысушыларды тағайындап, оларды құрал-сайманмен және көлікпен қамтамасыз етті. Лауазымды тұлғаның шешімі еңбек шартында көзделмеген және қоғамдық жұмыстарды орындауға негіз бола алады ма?

1. Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарына құқықтық сипат беретін нормативтік құжаттардың бірі – еңбек шарты болып табылады. Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, ҚР заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді. Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге ҚР еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақытылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.

12-бап. Жеке еңбек шартын жасасу: 1. Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, кемiнде екi дана етiлiп жасалады және оған тараптар қол қояды. Жеке еңбек шартының бiр данасы тараптар қол қойғаннан кейiн қызметкерге берiледi. 2. Жеке еңбек шартында көрсетiлген жұмыстың басталу күнi қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындауының басталуы деп есептеледi. Жеке еңбек шарты болмаған және (немесе) ол жұмыс берушiнiң тарапынан тиiстi түрде ресiмделмеген жағдайларда жеке еңбек шартының күшi жұмысқа нақты жiберiлген кезден басталады. 3. Жеке еңбек шарты жасалғаннан кейiн жұмыс берушi қызметкердi жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға мiндеттi, ол қызметкерге қол қойғызылып хабардар етiледi. 4. Жеке еңбек шартын жасасу үшiн жұмыс берушi қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттарды, жеке басының куәлiгiн (төлқұжатын), әлеуметтiк жеке кодының берiлгенi туралы куәлiктi, он алты жасқа толмаған адамдар үшiн тууы туралы куәлiгiн, бiлiмi немесе кәсiби даярлығы туралы құжатты, және заңдарда көзделген өзге де құжаттарды талап етуге құқылы. (P001063 (1-тарау 5, 6-тармақтарды қараңыз) 5. Қызметкердiң бiрнеше жұмыс берушiмен жұмыс уақыты ұзақтығының толық болмауы көзделетiн жеке еңбек шартын жасасуға құқығы бар. 6. Ұйымның басшысымен жеке еңбек шартын ұйымның меншiк иесi не меншiк иесi уәкiлдiк берген адам немесе орган ұйымның құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде белгiленген мерзiмге жасасады. 7. Жеке еңбек шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу оны жасасу үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

2. Бүгінгі таңда адамзат табиғатты игеруде ғылым мен техниканың дамуында ғаламат табыстарға жетті. Екінші жағынан өркениеттің дамуымен қатар биосфераның тұрақсыздануы және қоршаған ортаның, табиғи жүйелердің тозу қауіпі туындап отыр. Соның салдарынан барынша шиеленіскен жаһандық, ұлттық, жергілікті экомәселелер қалыптасты. Экологиялық мәселелер: Жаһандық экологиялық мәселелер: 1. климаттың өзгеруі 2. озон қабатының бұзылуы 3. биоәртүрлілікті сақтау 4.жердің шөлейттенуі және тозуы. Ұлттық экологиялық мәселелер: 1 . Семей, арал 2. Каспи теңізінің ресурстарының қарқынды игеруіне байланысты мәселелер 3.су ресурстарының сарқылуы және ластануы 4.Байырғы ластанулар 5.транс шекаралық сипаттағы мәселелер 6.әскери ғарыш және снақ кешендері полигондардың әсері. Жергілікті экологиялық мәселелер: 1. Әуе басейнінің ластануы 2. Радиоактивті ластану 3.бактериологиялық және химиялық ластану 4. Химиялық ластану 5. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар 6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

Климаттың өзгеруі. Жыл сайын атмосфераға бірнеше мың тоннадан астам улы, иісті газ (СО2) азот тотығы (NO), Күкірт шығарылады. Солардың он пайызын ғана өсімдіктер сіңіріледі. Экологиялық мәселелерді шешу үшін мынадай шаралар қолданып жатыр: қызған газдардың шығындарын қысқарту мақсатында Қазақстан 1995ж климаттың өзгеру жөніндегі БҰҰның Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999ж осы конвенцияеың Киото хаттамасына қол қойды. Экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен. Инвестор рөліндегі бірлескен жүзезеге асыру жобаларына және таза даму процестеріне қатысу, өндірістің энерготиімділіігн артыру үшін жаңа технологияларды қолданады.

Озон қабатының бұзылуы. Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер тіршілігі үшін ықтимал қатер болып табылады. Адамдардың барынша шоғырланған аумақтарында Озон қабаты барынша 3 пайызға жұқарған.Озан қабаты бұзу қатерін жоюдың негізге жолдарына мыналар б\т: ОБЗ-ды пайдаланудан жедел бас тартуды ж\е оларды қауіпсіз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу ж\е қолға алынған күш жігердің табыстылығына көз жеткізу үшін тропосферада оның жиналуының тұрақты моноторингін жүргізу.

Биоәртүрлікті сақтау.Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожуйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі.Биоәртүрлілікті іс жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы,өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп түтыну көп болып табылады.таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлерінің жерсінуі де биоәртүрлілікті жоғалтудың алаңдатып отыр.Биоәртүрлілікті іс жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы,ең басты,ормандарды жою,топырақтың эрозиясы,ішкі және теңіз су айдындарының ластануы,өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып танылады. Биоәртүрлілікті сақтау ҚР 1994ж биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық әртүрлілікті сақтау ж\е теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық статегия мен іс кимыл жоспарын әзірледі.

3. Жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға. Жұмыс берушiнiң актiлерi - жұмыс берушiнiң (жұмыс берушiлер өкiлiнiң) шығаратын актiлерi (бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулықтар, iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерi).

Билет № 37.

1. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.

2. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.

3. Конфедерация.

4. Есеп. Жергілікті әкімшілік аппараттың екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрды. Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?

1. Құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі азаматтық қоғамның орнығуы болып табылады.

Азаматтық қоғам дегеніміз имандылық, өнегелік, діни, ұлттық, əлеуметтік-экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы, осылардың көмегі арқылы жеке адамдар мен олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады. Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады. Азаматтық қоғам болмаса құқықтық мемлекет те болмайды.

"Азаматтық коғам" ұғымын өткен замандардың ұлы ойшылдары Аристотель, Цицерон, Г.Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, К.Маркс жəне т.б. тұжырымдаған болатын.

Азаматтық коғамның негізгі идеясы адамның қоғамдағы басымдылық идеясы, адамның дербестік идеясы, өз əрекеттерін құқықты құрмет тұта отырып, ең алдымен өнеге мен имандылық қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асыруға қабілетті болу идеясы. Сонымен бірге, азаматтық қоғамның болмысына мемлекет араласпауы тиіс, ал оның араласуы тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана болуы мүмкін. Aзаматтық коғамның күрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

1. Мемлекеттік емес, əлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кəсіпкерлік).

2. Мемлекетке тəуелді емес өндірушілер (жекеше фирмалар мен т.б.).

3. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер.

4. Саяси партиялар мен қозғалыстар.

5. Тəрбие беру аясы мен мемлекеттік емес білім беру.

6. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары.

7. Отбасы.

8. Шіркеу, мешіт, жəне т.с.с.

Азаматтық қоғамның белгілері:

- адам жəне азаматтың құқықтары мен бостаңдықтарын ең толық түрде қамтамасыз ету;

- өзін-өзі басқаруы;

- оны құрайтын құрылымдар мен ондағы түрлі халық топтары арасында болатын бəсекелестік;

- қоғамдық пікірдің еркін түрде қалыптасуы жəне көппікірлілік (плюрализм);

- бүкіл жалпылык хабардар болу жəне ең алдымен ақпарат алуға адам құқықтарынын іс жүзінде жүзеге асырылуы.

2. Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады.

Мемлекеттің басқару нысаны - мемлекеттегі жоғары егемендік биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара жəне халықпен байланысын сипаттайды. Басқару нысаны мемлекет нысанындағы ең басты жетекші элемент болып табылады.

Монархия – мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы болады жəне атадан балаға мұра (мирас) ретінде беріледі (өтіп отырады).

Монархияның үш түрі болады: а) Шексіз (абсолюттік) монархия. Бұл жерде монарх мемлекеттің бірден бір жалғыз, ең жоғары органы. Оның қолында заң қабылдау, атқару, жəне сот биліктері шоғырланған. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны СаудАравиясы, Біріккен Араб Əмірлігі елдерінде орын алған.

б) Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия, басқарудың мұндай нысанында елдегі билік (өкімет) монарх пен басқа органдарға бөлінген болып келеді.

в) Дуалистік монархия. Басқарудың бұл нысанында елдегі мемлекеттік билік монарх пен парламент араларында тең бөлікке түскен болып келеді.

Республика. Басқарудың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік (өкімет) сайланбалы органдарға тиесілі болып келеді. Мұндай органдар белгілі бір мерзімге ғана сайланады жəне олар сайлаушылар алдында жауапты болады.

а) Президенттік республика басқарудың бұл нысанында президенттің жеке өзі, парламенттің қатысуымен үкіметті құрады. Үкімет өзінің қызметтері бойынша президент алдында жауапты болады. Басқарудың мұндай нысаны қазіргі заманда Америка Құрама Штаттарында жəне Қазақстанда орын алған.

б) Парламенттік республика. Мұндай басқару нысаны бар елде парламент заң қабылдайтын ғана емес, сонымен бірге үкіметті бақылайтын да орган болып табылады. Мұндағы президент – мемлекет яғни ел басшысы, ол үкімет басшысы емес. Мұнда үкіметті партиялар құрады. Үкіметке премьер-министр жетекшілік етеді (басқарады) (премьер-министр лауазымы басқаша аталуы мүмкін).

3. Əрбір мемлекеттің аумағында мемлекеттің аумақтық құрылымы оның ішкі құрылысын анықтайтын құрамды бөлшектерге бөлінеді. Сол аумақтық құрылымның көлемінде мемлекеттің аумақтық бөліктерінің жүйесі қалыптасады. Солардан мемлекет, мемлекет органдарының байланыс жүйесі түзіледі. Мемлекеттің тұтастай жəне оның əрбір аумақтық бөлігінің құқықтық мəртебесінің сипаты да соған байланысты болады. Мемлекет аумағының аталған түзілімін мемлекеттік құрылым дейді. Демек, мемлекеттік құрылым - тұтастай мемлекет пен оның бөліктерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы болып табылады.

Мемелекеттік құрылымына байланысты барлық мемлекеттер қарапайым (унитарлы) жəне күрделі болып екі топқа бөлінеді.

Конфедерация – белгілі бір тарихи кезеңде, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін егеменді мемлекеттердің уақытша жасасқан келісімдері бойынша құрылған одақ. Мемлекеттердің уақытша құрған одағы алдына қойылған мақсаттары бойынша түрлі болуы мүмкін, олар: əскери, экономикалық жəне саяси да болады. Сонымен, мұндай мемлекеттердің одағын – егеменді мемлекеттер одағы деп атайды. Мысалы, АҚШ-тағы 1776-1787 жылдардағы əскери одақ, бұрынғы КСРО-ның орнында құрылған тəуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД). Конфедерациялық одақ құрған егеменді мемлекеттер халықаралық-құқықтық қатынастардың субъектісі олардың басқару жүйесі, əділсот органдары бұрынғыдай өз қызметтерін жалғастыра береді.

Билет № 38.

1. Құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері, түрлері.

2.Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.

3. Бюджет құрылымы.

4.Есеп. Институт ректоры азаматтардан лаборант, оқытушы және проректор қызметтеріне алу үшін қандай әрекеттер жасалуы тиіс? Қызметкерге алынушылардың қызметтік қатынастары қай уақытта пайда болады? Мемлекеттік қызметке алынушыларға қойылатын талаптар.

1. Құқықтық қатынастар — құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық қатынастарға мынадай белгілер тəн. 1) Құқықтық қатынас — бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қатынас жəне олардың іс-əрекетімен, мінез-құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады. 2) Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма əсер еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұлтартпастық байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады. 3) Құқықтық қатынас — субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соны пайдалана алатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген сол міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста хақысы бар тұлға жəне міндеті бар тұлға болады; адам, ұйым, мемлекет органы. 4) Құқықтық қатынас — ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың еркі қажет. Кейбір құқықтық қатынастар пайда болу үшін тараптардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал кейбір құқықтық қатынастар тек бір тараптың еркіне ғана байланысты пайда болады (қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады). 5) Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет құқықты қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тəртібінің негізі болып саналады.

Құқықтық қатынастардың түрлері: 1.Реттейтін құқықтық қатынастар — субъектілердің заңға сəйкес мінез-құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде жəне соған сəйкес мінез-құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тəртібінің негізін құрайды. Бұларға жататындар: мемлекеттік, мүліктік, отбасы, еңбек, т.б. құқықтық қатынастар. 2. Қорғайтын құқықтық қатынастар — субъектілердің заңсыз əрекетінің салдарынан пайда болады. Оның мақсаты — қоғамдық тəртіпті қорғау, кінəліні жазалау, сөйтіп əділдік орнату. 3. Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі) болады. Басқалардың барлығы міндетті тарап болып саналады.

2. Азаматтық құық – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік – аумақтық бөлшектірінің күнделікті өмірімен, іс - әрекетімен ажырамас байланыстағы ҚР құқығының бір саласы. Тауар – ақша, қатысушыардың теңдігінің негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады. Материалды игіліктірмен байланысты қоғамдық қатынастар деп атылады. Қр азаматтық заңнамаларының екі түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды: 1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және; 2) мүлікпен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді. Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық, өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілерінің арасында пайда болады.

Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқықтық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар д\а. Мүліктік қатынастар д\з мүлікті алу, иемдену не басқа субектілерге беру беру барысындағы қвтынастар. Сондықтан нарық жағдайында тауар ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі объектісі болады.

3. Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет д/з мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Құқықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталық ж/е жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының ж/е бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық құқықтық акті.бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттік атқарылу б/ша бюджет есебі мен есептілігін жүргізілу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі ҚР-ның бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер ж/е ҚР-сы Ұлттық қоры, сондай ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі төмендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттердің түрлеріне:

1) түзетілген бюджет. Түзетілген бюджет д/з тиісінше ҚР-ның Парламентінде н/е мәслихатта нақтыланбай, ҚР-ның Үкіметі н/е жергілікті атқарушы органдары енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген н/е анықталған бюджет.

2) бекітілген бюджет. Бекітілген бюджет тиісті қаржы жылына арналған, ҚР-ның Парламенті н/е тиісті мәслихат бекіткен бюджет.

3) нақтыланған бюджет. Нақтыланған бюджет атқарылу барысында ҚР-ның Парламенті н/е тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет.

4) мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджет араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық ж/е жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайданылатын ж/е бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

5) жергілікті бюджет. Жергілікті бюджет облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Бюджеттердің деңгейлеріне:

1) республикалық бюджет;

2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;

3) аудан (облыстық маңызы бар қала)бюджеті бюджет кіреді.

Республикалық бюджет салықтық ж/е басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын ж/ орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведмоствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге ж/е мемлекеттің саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет б\т.

Облыстық бюджеті араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)бюджеттерін біріктіретін талдамалы ақпарат ретінде пайданылатын ж/е бекітуге жатпайтын жиынтық бюджеті.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті салықтық ж/е басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын ж/е ауданның(облыстық маңызы бар қаланың)жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведмоствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржы мен қамтамасыз етуге ж/е тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан(облыстық маңызы бар қала)бюджеті болып табылады.

Билет № 39.

1. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.

2. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.

3. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар.

4. Есеп. Сот шешімімен әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған Асқаров өз меншігіндегі автокөлікті Бақтыбаевқа 250 000 теңгеге сатты. Асқаровтың шешесі шартты жарамсыз деп танылу туралы және Бақтыбаевтың автокөлікті Саматовқа сатып жібергені анықталды. Бұл іс бойынша сот қандай шешім қабылдауы керек?

1. Еңбек дауы - еңбек туралы заңдардың қолданылу мәселелерi бойынша бұрын қызметкер (қызметкердiң өкiлi) мен жұмыс берушi (жұмыс берушiнiң өкiлi) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiспеушiлiк.Еңбек даулары тараптардың келісімi бойынша немесе сот тәртiбiмен қаралады.

Келiсiм комиссиясы арыз берушiнiң өтiнiшiн ол берiлген күннен бастап үш күн мерзiмде қарайды. Оны қарау нәтижелерi бойынша келiсiм комиссиясының шешiмi қабылданып, арыз берушiге берiледi. Келiсiм комиссиясының арыз берушiнiң талабын қанағаттандырған шешiмiн қарсы тарап үш күн мерзiмде орындайды.

Жеке еңбек дауларын қара жөніндегі органдарға жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:

  1. Жұмысқа қайта алу туралы даулар б\ша жұмыс берушінің жеке еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш ай;

  2. Басқа еңбек даулары б\ша қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген н\е білуге тиісті күннен бастап бір жыл.

Келісу комиссиясына келіп түскен өтініш аталған комиссияда міндетті түрде тіркелуге тиіс. Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берілген күннен бастап күнтідбелік жеті күн ішінде қарауға міндетті. Дау өтініш беруші немесе уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады. Дауды қызметкердің немесе өкілдің қатысуынсыз қарауға тек оның жазбаша өтініші бойынша ғана жол беріледі.Қызметкер немесе оның өкілі аталған комиссияның отырысына келмей қалған жағдайда,еңбек дауын қарау кейінге қалдырылады.Қызметкер немесе оның өкілі дәлелді себептерсіз екінші рет келмей қалған жағдайда,келісім комиссиясы мәселені қараудан алып тастау туралы шешім шығаруы мүмкін,мұның озі қызметкерді осы кодексте белгіленген мерзім шегінде еңбек дауын қарау туралы қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.Келісу комиссиясы отырысқа куәгерлерді шақыртуға,мамандарды шақыруға құқылы.Комиссияның талап етуі бойынша ұйымның басшысы оған қажетті құжаттарды белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.Келісі комиссиясының отырысы оған қызметкерлер атынан өкілдік ететін мүшелерінің кемінде жартысы және жұмыс беруші атынан қкілдік ететін мұшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда,эаңды деп есептеледі.Келісу комиссиясының отырысында хаттама жүргізіледі,оған комиссиның төрағасы немесе оның орынбасары қол қояды.Кеелісу комиссиясы отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен шешім қабылдайды.Өтініш берушінің немесе комиссия мүшелерінің бірінің талап етуі бойынша дауыс беру жасырын өткізіледі.Келісі комиссияның шешімінде:ұйымның атауы,комиссияға жүгінген қызметкердің тегі,аты,әкесінің аты,лауазымы,кәсібі мен мамндығы,комиссияға жүгінген күн мен қарау күні,даудың мәні,комиссия мүшелерімен отырысқа қатысқан басқада адамдардың тегі,аты,әкесінің аты,шешімнің мәні және оның негіздемесі,дауыс беру нәтижелері көрсетіледі.Келісу комиссияның шешімінің тиісінше расталған көшірмелері шешім қабылданған күннен бастап үш кұн ішінде ұйымның қызметкері мен басшысына беріледі.

2. ҚР Кылмыстық кодексінің 2-бөлімі толықтай «Қылмыс» мәселесіне арналған. Яғни осы кодекстің 9-бабына сәйкес: «жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) қылмыс деп танылады». Қылмыс санаттары (10-бап) сипатына және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлiнедi.

1. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

2. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

3. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

4. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау - қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады.

1. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң түрлi баптарында көзделген екi немесе одан да көп қылмыс жасау осы Кодексте арнайы көрсетiлген жағдайларда ғана бiрнеше рет жасалған деп танылуы мүмкiн.

2. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшiн заңмен белгiленген тәртiп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын жасаған қылмысы үшiн соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса, немесе мұндай қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тарту мерзiмi өтiп кетсе, қылмыс бiрнеше рет жасалған деп танылмайды.

3. Жалғасатын қылмыс, яғни бiр ниетпен және бiр мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бiр қылмысты құрайтын бiрқатар бiрдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс бiрнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды.

4. Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша айқындалады. Тiкелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Менмендiкпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.