
Билет № 1.
«Құқық негіздері» оқу пәні ретінде.
Заңды тұлғаның түсінігі.
Қылмыс объектісінің түсінігі.
Есеп
Галимовтар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Дегенмен балалары дүниеге келгенде олар Ұлыбританияда оқуда болатын. Азаматтыққа байланысты мәселе туындауы мүмкін бе?
1. «Құқық негіздері» пәні - Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы, Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесі, құқық салалары негіздері, адам құқықтары, сот, прокуратура және өзге құқыққорғау органдарының қызметі, құқықтық қоғам құру мәселелері, құқықтық мәдениет, азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар мәлелелерін қарастырады.
Құқықтану негіздері саяси- құқықтық білім жүйелеріне сүйенген, күрделі және ерекше аспектіде өркениеттер мен қоғам дамуының, өзара құқықтық қатынастарда кешенді құқық субъектілерімен әрекеттескен, ғасырлар бойы өз халқы сүйеу болып келген мұраны күш-қуат етіп, заңға сүйенген тұғырнамасын қалайды.
Құқық негіздері оқу пәнінің мақсаты: құқықтық жағдаяттар туралы терең де кешенді ұғым беру мен оның аясында дұрыс бағыт ұстау біліктілігіне үйрету. Өзара байланыс пен қарым- қатынастағы құқық үрдісін, оның адамдар өміріне әсер ету ерекшеліктерін көрсету. Заңды түрде маңызы бар тәртіптерді, оларға себеп болар мүдде мен құқықтық жазбалардағы ережелерді саналы түрде сақтау мен қамтамасыз ету механизмін ашу.
Міндеттері:
-мемлекет пен құқықтың адам өміріндегі әлеуметтік орнын белгілей отырып, ел алдындағы белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда оның саяси тегі мен рөлін көрсету;
-негізгі заң түсініктері мен ұғымдарын меңгеру;
-әлеуметтік өмірдің негізгі аясына (экономика, саясат, еңбек, отбасы және т.б.) қатысты қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің механизмін ашу.
2. Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген:"Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады". Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі. Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық құқықық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар. Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз - ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі.
Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары:
1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.
3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.
4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады
3. Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың обьектісін, қылмыстың обьективтік жағын және субьектінісін, субьективтік жақтарын атап көрсетеді.Осы белгілерге орай кез келген қылмыстың құрамы осындай төрт түрлі элементтерге бөлінеді. Әрбір қылмыс құрамында оның обьектісін, обьективтік және субьективтік жақтарын, және субьектіні бейнелейтін белгілері міндетті түрде болады. Осы элементтердің әрқайсысы қылмыстың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан да осы элементтердің біреуінің жоқ болуы қылмыс құрамының мүлде және қылмыстық жауаптылыққа негіздің де жоқ екендігін көрсетеді.
Қылмыстың құрамының жалпы түсінігі барлық қылмыс құрамына тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады.Қылмыстың осы немесе басқа элементтерін сипаттау тиісінше қылмыс құрамының элементтерін сипаттау деп аталады.Мысалы, қылмыстың обьективтік жағының белгілерін сипаттау қылмыс құрамының обьективтік жағы деп аталады.
Қылмыстың обьектісі деп, сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз.
Қылмыстың обьектісі заң қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық құқықта олар шартты түрде жалпы, топтық және тікелей обьект болып бөлінеді. Қылмыстың обьектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.
Қылмыстың сыртқы пішінін, көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы қылмыстың обьективтік жағын құрайды.
Обьективтік жағының белгісіне ең алдымен қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі – адамның әрекеті немесе әрекетсіздіктің нысандары мен түрлері қылмыстық заң тұжырамдарында әр түрлі және жан-жақты (мүлікті жою немесе бүлдіру, өмірді жою, қауіпті жағдайда қалтыру, т.б.).Біршама қылмыс құрамының обьективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздіктен басқа қылмыстың зардабы және іс-әрекеттің зардап пен себепті байланысын көрсетеді.Көрсетілген белгілерден басқа заңда кейбір қатынастардың обьективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмыстың жасалу тәсілдері де жатады.
Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда обьективтік жақтың осы белгілерінің маңызы зор.
4.
Билет № 2.
Мемлекттің негізгі белгілері.
Қай тұлғалардың арасында неке жасалмайды.
Еңбек шартын жасаудағы шектеулер.
Есеп.
Ивановтар отбасы ҚР Мәскеудегі елшілігіне азаматтық беру туралы өтінішітерін берді. Олар ешқашан Қазақстанда тұрмағанмен отағсының ағасы мен әке-шешесеі тұрады. Ивановтардың отбасына азаматтық беру мәселесі қалай шешіледі?
1. Мемлекет д/з-белгілі бір аумақ шеңберінде, халықты басқаратын өз еркін ихтиярына көндіретін, халықтан салық жинайтын, барлығына бірдеі заңдар қабылдайды, басқару апараты бар саяси ұйым немесе саяси апарат. Мемлекеттің негізгі белгілеріне:
Халқының және аумағының болуы. Кез келген мемлекеттің өзінің белгілі бір аумағы болады. Сонымен қатар, мемлекеттің аумағында халқының болуы. Мемлекеттік билік өзінің аумағында тұратын адамдардың адамдардың арасында қоғамдық қатынастарды құқық, заң арқылы реттеу үшін сол халыққа арналған құқықтық нормативтік актілерді қабылдайды. Қабылданған нормативтік құқықтық актілер халықтың барлық топтарына ортақ және міндетті түрде орындалуға, сақталуға және іске асырылуға тиіс.
Саяси бұқара биліктің болуы. Саяси билік жалпыға бірдей ортақ мүддені қанағаттандыратын ортақ билік. Мемлекеттің екінші белгісі ол мемлекеттік биліктің болуы. Биліктің бұқаралық болатын себебі ол, сол мемлекеттің халқы атынан оның аумағында тұратын елдің, адамдардың барлығына бірдей таратылады. Бұқаралық билікке мемлекеткеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету аппараттары жатады.
Салық және салық жүйесінің болуы. Салықтың негізгі мақсаты саяси пара билікті қамтамасыз ету, яғни қоғамның жалпы істерін қамтамасыз ету. Салықтар, алымдар, төлемақылар-мемлеттік аппаратты, қызметкерлерді ұстауға қоғамның басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын мемлекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын, халық табысының бір бөлігі. Мемлекет халықтан салық алып оны мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғам қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды.
Жалпыға бірдей қабылданған заңдардың болуы, осы заң арқылы мемлекет өз ерік ихтиярын халыққа жеткізеді, басқару апаратының болуы. Мемлекеттің тағы бір белгісі ол мемлекетте құқықтың, заңдардың болуы, құқық пен мемлекеттің ажырамас, тығыз байланысы. Құқық пен заңды сол мемлекеттің өзі қабылдап бекітеді және олар сол мемлекеттің бүкіл іс-әрекетін заңдастыруға көмектеседі, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
Мемлекеттің келесі белгісі ол мемлекеттің егемендігі. Егенмендігінің болуы д/з- мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатта тәуелсіз болуы. Егемендік мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздігі. Мемлекеттің егемендігін үш жақта қарастыруға болады: біріншіден, мемлекеттің бүкіл аумағына, халқына тарайтын бірден-бір мемлекеттік билік болып табылатын биліктің үстемдігі; екіншіден, мемлекет органдарының бірыңғай жүйесін құрайтын мемлекеттік биліктің тұтастығы; үшіншіден, мемлекеттік биліктің өз істерін өз еркімен шешуге құқығы бар биліктің тәуелсіздігі.
Мемлкеттің рәміздерінің болуы. Оған ту, елтаңба, әнұран жатады.
2. ҚР «Неке және отбасы туралы » заңының 11-бабына сәйкес мынадай тұлғалар араснда неке қиылуына жол берілмейді:
1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың);
3) асырап алушылар мен асырап алғандардың;
4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.
3. ҚР «Еңбек кодексінің» 26-бабына сәйкес еңбек шартын жасауға қойылатын шектеулер:
Еңбек шартын:
1) медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайы бойынша қайшы келетін жумусты орындауға;
2) ауыр жумыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға, сондай – ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық материалдық жауапкешілігі көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, он сегіз жасқа толмаған азаматтармен;
3) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен;
4) ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатына алғанға дейін немесе ҚР заңдарында белгілеген шектеулерді немесе алып тастауларды сақтамай, ҚР аумағында уақытша тұратын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жасасуға жол берілмейді.
Билет № 3.
Құқықтың түсінігі мен негізгі белгілері.
Қылмыстың субъективті жағы.
Еңбеккердің қызметтік өтілімін растайтын құжаттар.
Есеп.
Жетімдер үйінің тұсында сәби табылды. Ата-анасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда ол сәби Қазақстан азаматы бола алады ма?
1. Құқық дегеніміз – мемлекет қамтамасыз ететін , қоғамның , топтың ерік-ықтиярын білдіретін жалпыға бірдей міндетті заңда көрініс табатын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, формальды түрде анықталған құқықтық нормалардың жиынтығы немесе жүйесі. Құқықтың негізгі белгілері:
1) Жүйелілігі. Құқық – бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі – табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік – құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Құқықтық жүйенің екінші бөлігі – мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі- субьективтік (тұлғалық) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен -бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға , қорғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетіне ғана жазылып қалған болар еді.
2) Нормативтік сипаты – құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида- тұлғалардың мінез –құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс- әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет.
3) Формальды анықтылығы – құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын заңдарды, басқада нормативті актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемелекет органдары заңдарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес , мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды.
4) Құқықтың енді бір белгісі – мемелекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қаматамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемелекет, оның органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды.
5) Құқықтың тағы бір белгісі – адамдардың еркін білдіруі. ҚР-ның Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік билікктің бірден - бір бастауы – халық. Халық билікті жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Сонымен халық заңдарды өзі тікелей қабылдай алады. Мұндай жағдайда заң тікелей халықтың еркін паш етеді.
2. Қылмыстың субъективті жағы бұл негізінен адамның психикалық іс - әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады. Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Кінә кез келген қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі болып табылады. Қылмыстық ниет және мақсат, кінәға қарағанда, кейбір құрамдар үшін заңда көрсетілген реттерде қажетті белгі болады. Қылмыстың субъективтік жағының белгілері - кінәні, ниет пен мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы мынада:
1) қылмыстық жауаптылық негізінің құрамдас бөлігі ретінде ол қылмысты қылмыс болып табылмайтын іс - әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді.
2) қылмыстың субъективтік жағы объективтік жағынан өзара ұқсас құрамдарды бір – бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызады.
3) Қылмыстың субъективтік жағының мазмүны істелген қылмыстың, сондай – ақ оны істеген адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің деңгейін анықтауға себеп болады. Сонымен қылмыстың субъективтік жағының қылмыстық жауаптылықтың бар – жоғын анықтау үшін, істелген қылмысты дұрыс саралау үшін және әділ жаза тағайындау үшін маңызы ерекше.
3. Еңбек кодексінің 34-бабын сәйкес еңбеккердің қызметтік өтілімін растайтын құжаттар:
1) еңбек кітапшасы. Еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады. Еңбек кітапшаларының нысанын, оны жүргізу және сақтау тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемелекеттік орган белгілейді. Жұмыс беруші қызметкердің еңбек кітапшасына (ол бар болған кезде) ұйымдағы еңбек қызметі туралы тиісті жазбалар енгізуге міндетті. Еңбек кітапшасына еңбек шартын тоқтатудың себептері туралы жазбалар еңбек кодексінің нормаларын көрсете отырып жүргізілуге тиіс ;
2) тоқтату күнімен оны тоқтатаудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
3)еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінің үзінді көшірмелері;
4)қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
5) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі );
6) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.
Билет № 4.
Қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеудің тәртібі.
Қылмыс түсінігі.
Азаматтардың құқық қабілеттіктерінің мазмұны.
Есеп.
Қазақстан азаматы өзге елдің әділет органдарына жұмысқа орналасса оның азаматтығы туралы мәселе қалай шешіледі?
1. Қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеудің тәртібі ҚР «Неке және отбасы туралы» заңның 82-бабына сәйкес былай белгіленген:
1) Баланы асырап алу үшін оның ата-аналарының келісімі қажет. Жасы он алтыға жетпеген, кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын асырап алғанда, сондай-ақ олардың ата-аналарының немесе қорғаншыларының (қамқоршыларының), патронат тәрбиешілерінің келісімі, ал ата-аналары немесе қорғаншылары (қамқоршылары) болмаған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның келісімі қажет.
2) Бала асырап алуға ата-аналардың келісімі нотариат куәландырған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын мекеменің басшысы растаған не бала асырап алу жүргізілген орындағы немесе ата-ананың тұрғылықты жеріндегі қорғаншы және қамқоршы орган бекіткен арызда көрсетілуге тиіс, сондай-ақ бала асырап алу ісін жүргізу кезінде сотта тікелей білдірілуі мүмкін. Бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылғанға дейін ата-аналар бала асырап алуға өздері берген келісімінің күшін жоюға құқылы.
3) Ата-аналар нақты адамдарға не нақты адамды көрсетпей-ақ баланы асырап алуына келісім беруі мүмкін. Қорғаншы және қамқоршы органдар сотқа баланы асырап алудың бала мүдделеріне сай келетіні туралы қорытынды береді. Мұндай қорытынды баланы оның өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған кезде талап етілмейді.
4) Қорғаншылықта (қамқоршылықта) тұрған балаларды асырап алу үшін олардың қорғаншыларының (қамқоршыларының) жазбаша түрдегі келісімі қажет.
5) Патронат туралы шарт бойынша тәрбиеленіп жатқан балаларды асырап алу үшін патронат тәрбиешілерінің жазбаша түрдегі келісімі қажет.
6) Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелердегі балаларды асырап алу үшін осы мекемелер басшыларының жазбаша түрдегі келісімі қажет.
7) Сот баланың мүдделерін көздей отырып, оны асырап алу туралы осы баптың 1, 4-6-тармақтарында аталған.
2. Қылмыстық кодекстің 9-бабында көрсетілгендей, Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс деп танылады. Қылмыстың төмендегідей төрт белгісі бар: қоғамдық қауіптілігі, құқыққа қарама-қайшылығы, кінәлігі, қылмыстық жауаптылығы.
Қасақана н/е абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқы кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады. Тікелей н/е жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін н/е болмай қоймайтынын алдын-ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдыұ қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайлы қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады. Менмендікпен н/е немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әректтерінің қоғамға қауіпті туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптар жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптары болжап білуге тиіс ж/е болжап біле алатын бола тұра өз іс-әректтерінің қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлықпен жасалған қылмыс деп танылады.
3. Азаматтық құқықтық қабілеттік д/з-азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқатылады. Азаматтық құқықтық қабілеттік д/з: азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де тұруы мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мараға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға ж/е тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналасуға; дербес өзі н/е басқа азаматтармен ж/е заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға , ғылым, әдебиет ж/е өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық ж/е моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктілік және жеке құқықтары болады; өз фамилясы мен өз есімін; сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары н/е бүркеншік ат пайданылатын реттері көзделуі мүмкін; азамат тұрақты н/е көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.
Билет № 5.
Қылмыстық құқықтың түсінігі.
Мемлекет түсінігі.
Әрекет қабілеттілігі.
Есеп.
Аудан әкімі аудан тұрғындарын сайлауға қатысуға міндеттеу туралы шешім шығаруы қаншалықты дәрежеде заңға сай?
1. Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктіңпен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы. Мемлеттің, жеке және заңды тұлғалардаң мүдделерін қылмыстық қол соғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады. Қылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған жеке тұлғалар мен мемлекеттің құзыретті органдары (тергеу, прокуратура және т.б)жатады. Қылмыстық құқықтың жүйесі жалпы мен ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімде ерекше бөлімнің баптарын дұрыс түсініп, қолданудың жалпы ережелері мен институттары, тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселелер, қылмыстық заңнаманың міндеті, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері, қылмыстық заңнаманың әрекеттік шегі, қылмыстың, жазаның жалпы ұғымы, жаза тағайындау, жаза мен қылмыстық жауапкершіліктің босату тәртібі жайындағы мәселелер көрсетіледі. Ерекше бөлімде қылмыс және оның белгілері деп саналатын әрекеттерді көрсететін нормалардың жиынтығы.
Қылмыстық құқықтық міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасның конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттіңзаңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылық қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, қылмыстардың алдын алу болып табылады.
2. Мемлекет – басқару функциясын орындайтын жəне соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететі, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тəн ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, əлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық жəне жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мəселелерін шешуге нақты қатысып, коғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде əсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тəн функциялары, əсер ету нысандары мен əдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда əрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде үғынамыз.
Мемлекеттің шығуы туралы түрлі теориялар бар. Осы құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм ілімі мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа – қанаушы жəне қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нəтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым – мемлекет пайда болады. Теологиялық (діни) теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Патриархалдық теория мемлекет пен құқықтың шығуын отбасының дамуымен байланыстырады. Отбасының қожасы ер адам, ол отбасын өз еркімен билейді, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды реттейді. Сөйтіп, отбасы мүшелерінің белгілі бір тəртіпке бағынып, қалыптасуының жөн-жобаларын аныктайды. Келісім-шарттық теория мемлекет пен құқықтын шығуын, пайда болуын адамдар арасындағы келісім-шартпен байланыстырады. Тағылық дəуірде адамдар өмір сүру үшін бірімен-бірі жауласып, соғысып, əбден береке-касиеті кетеді. Сондай кауіпті, келіссіз өмірден құтылу үшін адамдар өзара ымыраға келісіп, шартқа отырады. Соның нəтижесінде мемлекет құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды, лайықты өмір сүруге жағдай туғызуды міндеттейді. Қоғам мүшелері де заң талаптарына бағынатыны туралы міндеттеме алады, деп түсіндіреді бұл теорияны жақтайтындар. Күштеу (зорлау) теориясы мемлекет пен құқықтың шығуын зорлық-зомбылықпен байланыстырады. Күшті тайпалар əлсіз тайпаларды жаулап алып бағындырып, олардың қарсылығын басып тұру үшін мемлекет жəне оған тəн басқару, күш қолданатын органдарды құрады дейді.
3. Әрекет қабілеттігі д/з-тұлғаның өзінің әрекетімен құқықты алу және іске асыру, міндеттерді орындай алу қабілеттігі. Тұлғаның әрекет қабілеттілігінің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген сияқты түрлері кездеседі. Құқық қабілеттілігінің бұндай түрлері адамның жасына байланысты бөлінеді.6 жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп есептеледі. Жартылай әрекет қабілеттілігі 6-14 жасқа дейінгі балалар тән. Олар ұсақ тұрмыстық мәнеі бар, пайда табуға бағытталған, бірақ нотриалды растау мен мемлекеттік міндетті ресми тіркеуді талап етпейтін мәмлелерді жасауға, өздерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға берілген құралдарды иелік жасауына құқықтары бар. Толық емес әрекет қабілеттілігі 14-18 жастағы азаматтар үшін мойындалады. Олардың әрекет қабілеттілігінің шеңбері 6-14 жасқа дейінгі балаларға қарағанда барынша кеңейтілген. 14-18 жастағы азаматар өздерінің оқу ақысы, еңбек ақысы сияқты кірістерін өз бетінше пайдалануға, авторлық құқықты алуға, кассаға ақша салуға, еңбек етуге құқықтары бар. Жеке тұлғалардың толық әрекет қабілеттілігі 18 жасқа, яғни кәмілетке толған кезде пайда болады . Шектелген әрекет қабілеттігі соттың шешімімен ішімдікке, нашақорлыққа салынып, өзін-өзі ұстай алмайтын азаматтарға қолданылады.
Билет № 6.
Еңбек құқығының түсінігі.
Конституциялық құқықтың қағидалары.
Салық түрлері.
Есеп.
Мәжіліс депутаттары сайлуға қатыспаған азаматтарға әкімшілік айыппұл салу мәселесін көтеруі қаншалықты деңгейде заңға сай?
1. Еңбек д/з- адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани ж/е басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын ж/е онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың саласы. Еңбек құқығы-еңбек қатынасын реттейтін құқық нормаларын жиынтығы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты-жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу ж/е заңсыздыққа жол бермеу. Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалды ж/е рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады. Еңбек құқығы әдісі-еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек құқығының әдісі-еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар сонымен қатар тығыз байланысты басқа қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшіліктерінің барынша жалпылама көрнісі. Еңбек құқығы әдістерін мынадай белгілермен:
1) еңбектік құқықтық қатынастар ж/е солардың негізінде туындайтын басқа да қатынастарды реттейтін императивтік ж/е диспозивтік нормалардың қосындысымен;
2) еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті ж/е шартты әдістердің қосындысымен;
3) әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеу әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен;
4) жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралп жіктелінуі;
5) еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітумен сипатталады.
Еңбек құқық жүйесі деп біртұтас еңбек құқығын бір-бірімен тығыз байланысты жеке бөлшектерге бөлуден көрінетін объективті өмір сүретін құқық саласының құрлымы. Еңбек құқығы негіздері д/з-заңнамалармен беліленген, арнайы құзыретті органның нормативті актілері. Еңбек құқығының қайнар көздері-күрделі, көп деңгейлі құрлым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрлымының ішкі бірлігін көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі заңдық күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды. Еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орын алатын 2007ж 15 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі». Кодекс жалпы ж/е ерекше бөлімнен, 6 бөлімнен,40 тараудан,341 баптан тұрады.
2. Конституциялық құқық д/з- ҚР конституциялық құрлысының, адам мен азаматтың мәртебесінің, мемлекеттік құрлымының, мемлекеттік билік органдар жүйесінің, жергілікті мемлекеттік ж/е өзін-өзі басқарудың негіздерін реттейтін, құқық нормаларының жиынтығынан тұратын құқықтың бір саласы.
Конституциялық құқықтың, ең алдымен қоғам мен мемлекет кұрылысын айқындайтын негізгі қағидаттарды баянды етеді. Сонымен бірге адамның қоғам мен мемлекеттегі жағдайын, оның ҚР азаматтылығына қатыстылығын, негізгі құқықтарын, еркіндігі мен міндеттерін айқындайтын қатынастарды да қамтиды.
Конс құқық тәсілдері д\з – конституциялық құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға ж\е оған қатысушыларға құқықтық әсет ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығы. Оларға мыналар жатады:
Құқық беру әдісі, яғни конституциялық құқықтық қатынастарға құқықтар беру;
Рұқсат беру әдісі, яғни субъектілерге құқықтық норма шегінде қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат ету;
Міндеттеу әдісі, яғни құқық субъектісіне міннеттер бекіту;
Тыйым салу әдісі, яғни құқық субъектілеріне қандай да бір заңсыз әрекет етуге тыйым салу.
3. Салық д/з мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз ж/е өтеусіз сипатта болатын төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Салықтың ауыртпалығын көтеретін субъектіге байланысты салықтар тікелей ж/е жанама болып бөлінеді. Тікелей салық төлеудің субъектісі оның ауыртпалығын өзі тікелей көтереді, яғни төленген салық тікелей салыққа жеке табыс салығын жатқазуға болады. Жанама салықта салық төлеуші салықты төлеудің ауыртпалығын басқа бір тұлғаға жүктейді. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Тікелей салық нақты ж/е жеке болып екіге бөлінеді. Мүлікке, затқа салынатын салық нақты салық деп аталады. Мыс: көлік құралдары салығы мен мүлік салығын айтуға болады. Жеке салық деп төлеушінің тікелей табысына, пайдасына салынатын салықтарды айтуға болады. Мыс: жеке табыс салығы. Түрпішіндеріне байланысты салықтар заттай ж/е ақшалай болып бөлінеді. Салықтың субъектілеріне байланысты салықтар заңды ж/е жеке тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді. Аумақтық деңгейлерге байланысты салық/р республикалық ж/е жергілікті болып бөлінеді. Бюджеттік реттеудің әдісі ретінде қолданылуына байланысты салықтар бекітілген ж/е реттеуші болып бөлінеді. Пайдалану сипатына байланысты салықтар жалпы бағыттағы ж/е белгілі мақсаттағы болып бөлінеді. Жалпы бағыттағы салықтар бюджетке түскеннен кейін белгілі бір шараны жүзеге асыру мақсатында емес, басқа салықтар мен араласып кетеді. Ал мақсатты салықтар белгілі бір нақты шараларды іске асыру үшін пайданылады. Салықты есептеп шығаруына байланысты еңбекақыға салынатын ж/ еңбекақыдан тыс салынатын салық болып бөлінеді. Қазақстан Республикасында мынадай салықтың түрлері қолданылады:
1. Корпорациялық табыс салығы-бұл салықтың төлеушілері ұлттық төлеушілері ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда ҚР резидент заңды тұлғалары, сондай ақ елімізде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын н\е ҚРға көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар б\т;
2. Жеке табыс салығы-салық кодексінің 141-бабына сәйкес жек тұлғалар жеке табыс салығының субьектілері б\т.Объектілеріне төлем көзінен салық салынатын н\е төлем көзінен салық салынбайтын табыстар жатады;
3. Қосылған күн салығы-тауар өндіру, жұмыс орындау н\е қызмет көрсету мен олардың айналфым процесінде қосылған құқықтық
өсімінің бір бөлігін бюджетке аударымы;
4. Акциздер-тауар бағасына орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызмет тарифінен енгізілетін нақты стафкаларын ҚР Үкіметі белгілеп бекітетін міндетті төлемдер;
5. Жер салығы- жеке меншік тұрақты жер пайдалану мен бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығы салық салу обьектілері бар жеке ж\е заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер
б\т.
6.Көлiк құралдары салығы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар мен меншік, шаруашылық жүргізу н\е оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер б\т.
7. Мүлiк салығы. ҚР аумағында меншік, шаруашылық жүргізу н\е оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, ҚР аумағында меншік құқығында салық салу
Билет № 7.
Қылымыстық жазаның түсінігі.
Құқықтық мемлекет.
Әкімшілік жаупкешілікке тартылуы мүмкін тұлғалар.
Есеп.
Партиялық тізімнен сайланған депутат партиядан шыққан жағдайда оның өкілеттілігі тоқтатылады ма?
Қылмыстық кодекстің 38- бабына сәйкес жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады. Жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адмадардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi. Қылмыстық жаза тек қана мемлекеттің атынан соттың үкімімен шығарылады. Жаза тағайындау туралы күшіне енген соттың үкімі барлық мемлекетті және мемлекеттік емес ұйымдарға, мекемелерге, бірлестіктерге міндетті және ҚР аумағында міндетті түрде орындалуға жатады. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс секілді құқық бұзушылыққа ғана қолданылады.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негiзгi жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығын шектеу;
ж) қамау;
з) тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.
Сотталғандарға негiзгi жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;
б) мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн.
в)Айыппұл салу және белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негiзгi де, қосымша да түрлерi ретiнде қолданылуы мүмкiн.
Құқықтық мемлекет дегеніміз жеке адам жəне қоғам мүддесін корғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тəртіптің жəне заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді.
Құқықтық мемлекет – басқаша түсіндірсек ол жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты етіп қойған мемлекетті айтады. Бұл мемлекет өз мақсатын орындауда төмендегідей қағидаттарға сүйенеді:
а) құқыктың басымдылығы;
б) адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы;
в) мемлекеттік биліктің бөлінуі;
г) заң үстемдігі;
д) құқық пен заңның тұтастығы;
е) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы;
ж) азаматтық коғамның орнауы;
з) қоғамның құқықтық мəдениетінің жоғары болып, оның құқықтық санасы деңгейінің биікке көтерілуі;
и) соттардың тəуелсіздігі;
к) антимонополиялық құрылымдардың тұрақты түрде қызмет істеуі.
Құқықтық мемлекетте барлық субъектілер өз əрекеттері бойынша жауапты жəне құқықтық тендікті сақтай отырып құрылуы тиіс. Сондықтан күкықтық мемлекетте субъектілердің əрекет ету қағидаттары төмендегідей болады:
а) "Заңда тікелей көрсетілген əрекеттерге ғана рұқсат берілген" қағидат мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға ғана қатысты болып келеді.
б) Құқық субъектілерінің қайсысына болсын атап-атап көрсеткенде азаматтар, занды тұлғалар мен басқалай да шаруашылық субъектілеріне қатысты "заңмен тікелей тыйым салынбағанның бəріне рүқсат етілген" қағидаты басшылыққа алынады.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңның 32-33- баптарына сәйкес мынадай тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін:
1) ақыл-есi дұрыс, осы Кодекс бойынша белгiленген жасқа жеткен жеке адам;
2) заңды тұлға.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
Билет № 8.
Еңбек келісімшартының түсінігі.
Әкімшілік құқық бұзушылық.
Азаматтық құқықтың объектілері.
Есеп.
Парламент депутаттығына үміткер сайлау күні үгіт, насихат жүргізуі қаншалықты дәрежеде заңға сай?
1. Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарына құқықтық сипат беретін нормативтік құжаттардың бірі – еңбек шарты болып табылады. Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Енбек Кодексінде, ҚР заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді. Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге ҚР еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақытылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.
Еңбек шартында: 1) тараптардың реквизиттерi: жұмыс берушi - заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жерi, жұмыс берушi - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен уақыты; жұмыс берушiнiң (оның өкiлiнің) тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе) және қызметi, ал жұмыс берушi - жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; қызметкердiң тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; әлеуметтiк жеке кодының нөмiрi (ӘЖК), салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi (СТН); 2) еңбек мiндетi (белгiлi бiр қызмет, мамандық, кәсіп бойынша жұмыс); 3) жеке еңбек шартының мерзiмi; 4) еңбек мiндеттерiн жүзеге асыру басталатын күн; 5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене еңбегі немесе зиянды (өте зиянды) немесе қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар;
6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi; 7) еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау жағдайлары; 8) жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi; 9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi; 10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртiбi; 11) өтемақылар төлеу мен кепiлдiктер беру тәртiбi; 12) тараптардың жауапкершілiгi көрсетiлуге тиiс.
2. Жеке адамның, әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі іс-әрекеті н/е әрекетсіздігі н/е заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі мемлекеттік әкімшілік құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар саласы. Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілерінің бірі «әрекет» ж/е «әрекетсіздік», «іс-қимыл» деген құқықтық ұғымды құрайды. Іс-қимыл құқыққа сәйкес ж/е теріс қылық болып екіге бөлінеді. Әкімшілік әрекет-міндеттер мен талаптарын орындамау, бұзумен тікелей байланысты, құқық бұзушының мінез-құлығына белсенді нысаны. Міндеттер мен заңды талаптарды орындамау мен тікелей байланысты құқық бұзушының мінез-құлығының бәсең нысаны әкімшілік әркетсіздік деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:
1) қоғамдық қауіптілігі – қоғамға, мемлекеттке, адамдардың мүдделеріне зиян келтіретін әрекет, өзінің әлеуметтік маңыздылығы жағынан қоғамға қарсы болып табылады. Бүндай қоғамға қауіпті әрекеттің жауаптылығы әкімшілік заңдармен анықталады;
2) әкімшілік құқықтың және басқа да еңбек, жер, қаржы құқықтарының нормаларын бұзатын іс – қимылдың құқыққа қайшы келетіндігі;
3) кінәлілігі – егер де құқық бұзған тұлға кінәлі деп табылса, яғни ол құқық бұзушылықты қасақана не абайсызда жасаған болса, заң тұлға жасаған іс – қимылды құқыққа қайшы деп санайды;
4) іс – қимылдың жауаптылығы – заңмен жауаптылық белгіленген іс – қимыл әкімшілік құқық бұзылушылық деп танылады.
3. Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар,ақша соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер иен бұйымдар дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтары мен басқа да мүліктік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір – қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құүпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылывқ құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
Билет № 9.
Қылмыстық іс жүргізудің пәнінің түсінігі.
Нормативті құқықтық актілер құқықтың қайнар көзі ретінде.
Жылжитын және жылжымайтын мүлік.
Есеп.
Сайлау күні таратылған сайлауға қатысу туралы үгіт қаншалықты дәрежеде заңды?
1. Қылмыстық іс жүргізу – бұл анықтау органдарының қызметі, прокурордың алдын ала тергеу, қарау, шешім шығару, сот төрелігінің міндетін тарату әрекеті болып саналады. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жеке саласы болып табылатындықтан қоғам мен қылмыстық іс бойынша әділ сот ісін жүреге асырушылар арасындағы қатынасты реттеуші, арнайы нормалар жиынтығы болып саналады. Қ.і.ж. құқығы заң ғылымы ретінде жеке бас, қоғам, мемлекетті қылмыстан қорғау заң нормаларын, қылмыстық іс бойынша әділ сот тізімін айқындайды. Қылмыстық процесс негізінен орта және жоғары заң оқу орындарында оқытылатын негізі пән б\т. Қ.і.ж. пәнін оқу ж\е меңгеру мынадай құқық салаларымен тығыз байланысты. Мысалы, Қонституциялық құқық, қылмыстық құқық, прокурор кадағалауы, адвокатура, криминалистика, экспертология, сот медецинасы ж\е т.б.
Қ.і.ж. басқа процестерден айрықша белгісі мыныдай жағдайларда көрініс табады:
Тек жасалған қылмысқа байланысты
Қылмыстық істерді тергеу ж\е ашу үшін,
Мемлекеттік орган ж\е лауазымды тұлға атағына арнайы құқық алған жаңдайда;
Қ.і.ж. заңдық нормаларының қатаң тәртібінің сақталуы мен оны мүлтіксіз орындалу жағдайында.
Осы тұрғысынан алғанда қылмыстық процесс бұл Қ.і.ж.заңдарында қарастырылған, яғни қылмыс жасаудағы тұлғаның кінәсі бар жоғын белгілейтін сот төрелігі субъектілерінің атқаратын қызметтерінің жиынтығы.
2. Нормативтік құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкілетті орган н\е мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолдануын өзгертертін, тоқтататын н\е тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
Н.қ,актілер негізгі ж\е туынды актілер блып бөлінеді. Н.қ,актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
ҚР Президентінің Қонституциялық заң күші бар Жарлықтары; ҚР Президентінің өзге де нормативтік каулылары;
ҚР Парламенті мен оның депутаттарының нормативтік қаулылары;
ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;
ҚР Қонс кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау коммисиясының нормативтік қаулылары;
ҚР министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
Мәслихттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдердің нормативтік құқықтық қаулылары; әкімдердің н нормативтік құқықтық шешімдері.
Н.қ.актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:
Регламент – қандайда бір ме лекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін н.қ.а;
Ереже – қандай да бір мемлекеттіік органдардың н\е оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін н.қ,а;
Қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыруы мен жүзеге асыру тәртібін белгілейтін н.қ.а;
Нұсқаулық –заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей тегжейлі көрсететін н.қ.а.
3. Жылжымалы мүлік - жермен байланысы жоқ, елеулі қасиеттерін жоғалтпай тасымалдауға болатын ( тауарлар, жиһаз, ақша, құнды қағаздар, борыштық куәләктер және т.б) зат. Құқықтық терминологияда жылжымалы мүлік түсінігі, меншік туралы заң қабылданғаннан кейін жаңа мағыналарға ие болды.
Жылжымайтын мүлік- жер учаскілері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын обьектілер. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемесі, “өзен-теңіз” жүзу кемесі, ғарыштық обьектілерде де қозғалмайтын заттарға теңестіріледі. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүліктер де жатқызылуы мүмкін. Қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлік деп танылады.
Жылжитын ж\е жылжымайтын мүлік қағидалары ҚР Азаматтық кодексі бойынша реттеледі. Мысалы, міндеттемелерді орындамайтын борышкер үшін қолайсыз мүліктік салдар болады. Ол несие беруші шеккен зиянды яғни мүліктік залалды өз есебінен толтыруы тиіс. Мүліктік залал құрамына жасалған шығындар н\е құқығы бұзылған несие беруші шығындары да кіреді. Жауапкершіліктің шарасы ретінде айып төлеттіру қолданылуы мүмкін.
Билет № 10.
Құқық жүйесі.
Еңбек тәртібі.
Ата аналар мен балалардың алименттік міндеткерліктері.
Есеп.
Сайлау комиссиясы орналасқан ғимараттн 150 метр қашықтықта үміткерлердің бірі өз плакатын ілді. Сайлау күні ол плакатты алып тастауға міндетті ме?
1. Құқық жүйесі - қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы мен үйлестігі түрінде жəне олардың салашалар, салалар мен институттарға логикаға сəйкес орналасқандығынан көрінетін құқықтың ішкі құрылымы.
Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері:
Құқықтық норма - мемлекеттің өзі бекітіп кепілдендірген, нормативтік актілер нормасында көрсетілген, коғамдық қатынастарды реттейтін жеке түрде жалпыға бірдей міндетті болатын мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережесі.
Құқық институты — белгілі қоғамдық қатынастар топтамасын реттейтін заң нормаларының, тəртіпке салынған жиынтығы
Құқық саласы – құқықтық норманың жиынтығы болып табылатын қоғамдық қатынастардың сапалық жағынан біркелкі аясын өзіне тəн құқықтық реттеу əдісімен реттейтін құқық жүйесінің ең ірі бөлімі.
Құқық салашасы - құқық саласымен салыстырғанда құқықтық нормалардың аздаған ғана топтамаларын біріктіреді жəне тектес қоғамдық қатынастарды реттейді
Құқық жүйесінің негізгі ерекшеліктері:
1) жүйенің бастапқы элементі болып құқықтың нормасы алға шығады, олар іріленген құрылымдарға - институттар, салашалар мен салаларға бірігеді;
2) жүйенің осы бастапқы элементтері өзара қайшы болмайды, бір-бірімен байланысқан, іштей үйлескен болып келеді, мұның өзі жүйеге тұтастық, жинақылық түр береді;
3) жүйенің мұндай болуы əлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мəдени, тарихи факторлармен байланысты болып келеді;
4) құқық жүйесі объективтік түрде бар қатынастарға байланысты туындайды, адамдардың субъективтік еркінше жасалуы мүмкін емес.
2. ҚР «Еңбек кодексінің» 69-бабына сәйкес еңбек тәртібі былай белгіленеді:
1) Жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдермен келісе отырып бекітеді.
2) Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді.
3) Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.
4) Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбектегі жетістектері үшін көтермелеудің кез келген түрін қолдануға құқылы.
Еңбек тәртібін жұмыс беруші жеке ж\е ұжымдық еңбек үшін қажетті ұйымдастырушылық ж\е экономикалық жаңдайлар жасау, қызметкердң еңбекке саналы көзқарасы арқылы, сендіру, адал еңбегі үшін көтермелеу әдістерімен, сандай ақ тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану арқылы қамтамасыз етеді (70-бап) 72-74- баптар аралығында еңбектік тәртіптік жазалар қамтылған:
1) Жұмыс беруші қызметкерлердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін:
А) ескерту;
Б) сөгіс;
В) Қатаң сөгіс;
Г) осы кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.
3. ҚР «Неке және отбасы туралы» заңының 124 – 132- баптарында ата- аналар мен балалардың алименттік міндеткерліктері айтылған:
1. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртібі мен нысанын ата- аналар дербес айқындайды. 2. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап- бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады. 3. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз берілмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы.
4. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бірін; екі балаға - үштен бірін; үш және одан да көп балаға - тең жартысын өндіріп алады. 5. Ата-аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап-бағуға міндетті.
6. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент төлеу мөлшерін сот алимент төленетін кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып белгілейді.
7. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.
8. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады. 9. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот, балаларының бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата- ананың еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы. 10. Егер сот ата-аналардың ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарғанын анықтаса, балаларының өздерінің еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін. Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.
Билет № 11.
Құқық қайнар көздерінің түрлері.
Құқық нормасы.
Некенің жарамсыздығы.
Есеп.
Әкімшілік құқықтық қатынастардың құрамы мен ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Құқық д\з мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттік туралы адамдардың көзқарасынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы. Құқықтың қайнар көзі құқықтың бастауын, құқықтың қайдан шықаннын көрсетеді. Құқықтың қайнар көздеріне: 1)құқықтық әдет-ғұрып 2) сот н/е әкімшілік прициденті 3)нормативтік құқықтық акт 4) нормативтік келісімшарт 5)құқықтық доктрина жатады.
Құқықтық әдет-ғұрып д/з мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілген жазбаша түрдегі анықталған әдет-ғұрыпты айтамыз.
Сот н/е әкімшілік прициденті негізінен Англия, АҚШ елдерінде орын алған ол негізінен Англиядан тарады ж/е осы жерден пайда болды. Сот прициденті д/з жоғарғы соттардың нақты шешімінің төменгі соттарға үлгі ретінде қолданылады.
Нормативті құқықтық актілер осы заманғы құқықтың қайнар көзінің ең жетілдірген түрі болып табылады. Нормативті құқықтық актілер д/з мемлекеттің құзырлы органы қабылдаған ресми құжат н/е ресми акт.
Нормативті келісімшарт екі н/е көп жақпен қабылданған жалпыға бірдей міндетті мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін актіні айтамыз
Құқықтық доктрина бұрынғы ойшылдардың еңбектерінің жинақ түрінде шығуын айтамыз.
2. Құқық-күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі кызметі – коғамдық қатынастарды реттеу, тəртіпті сақтау, қорғау, Құқық-жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз, (құқық нормасы) – нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі.
Əрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза (жорамалы) жəне санкция (жаза, шара).
Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) — құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мəн-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлігі. Құқықтық норманың санкциясы — құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлігі.
Құқық нормалары талаптарының сипатына қарай заңға сәйкес мінез құлық тыйым салынған, міндеттейтін, құқық беретін болып үшке бөлінеді.
Құқық беру әдісі, яғни құқықтық қатынастарға құқықтар беру;
Міндеттеу әдісі, яғни құқық субъектісіне міндеттер бекіту;
Тыйым салу әдісі, яғни құқық субъектілеріне қандай да бір заңсыз әрекет етуге тыйым салу.
3. Некенің жарамсыздығы ҚР «Неке ж\е отбасы» туралы заңның 5-тарауында анық айтылған. Яғни 24-бапқа сәйкес Некені жарамсыз деп тану:
1. Осы Заңның 9-11-баптарында белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ жалған жасалған жағдайда неке жарамсыз деп танылады.
2. Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.
3. Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге құқылы.
4. Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді.
5. Сот некені жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімімен некеге тұру мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге міндетті.
6. Некенің жарамсыздығы оның қиылған күнінен бастап танылады.
25-бапқа сәйкес Некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар:
1. Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға:
1) егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса (осы Заңның 10-бабы), кәмелетке толмаған жұбайы, оның ата-анасы (оларды ауыстыратын адамдар), қорғаншы және қамқоршы орган немесе прокурор құқылы. Кәмелетке толмаған жұбай он сегіз жасқа толғаннан кейін некені жарамсыз деп тануды талап етуге тек оның өзі ғана құқылы;
2) егер некеге тұруға ерлі-зайыптылардың бірінің ерікті келісімі болмаған жағдайда: мәжбүр ету, алдау, қателесу немесе өзінің жай-күйінің салдарынан некеге тұруды мемлекеттік тіркеу кезінде өзінің әрекеттерінің маңызын түсінбей және өзін-өзі билей алмауы себепті неке қиылған болса, некеге тұру арқылы құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ прокурор;
3) некені қиюға кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін білмеген жұбай, әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, оның алдындағы бұзылмаған неке бойынша жұбайы, осы Заңның 11-бабының талаптарын бұза отырып қиылған неке арқылы құқықтары бұзылған басқа да адамдар, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы орган мен прокурор;
4) жалған некеге тұру жағдайында прокурор, сондай-ақ некенің жалғандығы туралы білмеген жұбайы;
5) осы Заңның 24-бабының 3-тармағында аталған мән-жайлар болған кезде құқығы бұзылған жұбай құқылы.
2. Неке жасына толмаған адаммен, сондай-ақ сот әрекетке
қабілетсіз деп таныған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезінде іске қатысуға қорғаншы және қамқоршы орган тартылады.
Билет № 12.
Құқықтық жүйенің түсінігі.
Демалыс уақыты.
Құнды қағаздар түсінігі.
Есеп.
Әкімшілік құқықтық нормалардың ықпал етуі бойынша жіктелуін көрсетіңіз. Өз сөздеріңізді дәлелдеңіз.
1. Құқық жүйесі - қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы мен үйлестігі түрінде жəне олардың салашалар, салалар мен институттарға логикаға сəйкес орналасқандығынан көрінетін құқықтың ішкі құрылымы.
Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері:
Құқықтық норма - мемлекеттің өзі бекітіп кепілдендірген, нормативтік актілер нормасында көрсетілген, коғамдық қатынастарды реттейтін жеке түрде жалпыға бірдей міндетті болатын мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережесі.
Құқық институты — белгілі қоғамдық қатынастар топтамасын реттейтін заң нормаларының, тəртіпке салынған жиынтығы
Құқық саласы – құқықтық норманың жиынтығы болып табылатын қоғамдық қатынастардың сапалық жағынан біркелкі аясын өзіне тəн құқықтық реттеу əдісімен реттейтін құқық жүйесінің ең ірі бөлімі.
Құқық салашасы - құқық саласымен салыстырғанда құқықтық нормалардың аздаған ғана топтамаларын біріктіреді жəне тектес қоғамдық қатынастарды реттейді
Құқық жүйесінің негізгі ерекшеліктері:
1) жүйенің бастапқы элементі болып құқықтың нормасы алға шығады, олар іріленген құрылымдарға - институттар, салашалар мен салаларға бірігеді;
2) жүйенің осы бастапқы элементтері өзара қайшы болмайды, бір-бірімен байланысқан, іштей үйлескен болып келеді, мұның өзі жүйеге тұтастық, жинақылық түр береді;
3) жүйенің мұндай болуы əлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мəдени, тарихи факторлармен байланысты болып келеді;
4) құқық жүйесі объективтік түрде бар қатынастарға байланысты туындайды, адамдардың субъективтік еркінше жасалуы мүмкін емес.
2. Демалыс уақыты - қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты.
Демалыс уақыты туралы мәселелер «Еңбек туралы Кодекстің» 6-тарауында анық жазылған.
Демалуға және тамақтануға арналған үзiлiс (53-бап) 1. Күнделiктi жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бiр сағаттан кем болмайтын үзіліс берілуге тиiс. Бұл үзілiс жұмыс уақытына енгізілмейдi және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады. 2. Yзiлiс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушiнің актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленедi. 3. Өндірiс жағдайлары бойынша үзiлiс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкiндігiн қамтамасыз етуге міндеттi. Мұндай жұмыстардың тiзбесi, демалу және тамақтану тәртібi мен орны қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша жұмыс берушiнiң актiлерiнде немесе ұжымдық шартта белгiленедi. 56-бабына сәйкес демалыс күндері былай белгіленеді:
1. Қызметкерлерге апта сайын демалыс күндері беріледі.
2. Бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына екі демалыс күні, ал
алты күндік жұмыс аптасында - бір күн беріледі.
3. Бес күндік жəне алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні
болып табылады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні жұмыс
берушінің актісінде немесе ауысым кестесінде белгіленеді. Егер ұжымдық шартта, еңбек шартында өзгеше белгіленбесе, екі демалыс күні қатар беріледі.
4. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.
5. Үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздіксіз қызмет ету қажеттігі салдарынан демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін қызметкерлерге демалыс күндері жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып қабылданған актілерінде бекітілген ауысымдық кестеге сəйкес қызметкерлерге (қызметкерлер тобына) аптаның əр күндері кезекпен беріледі.
6. Іссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерін өзі жіберілген жұмыс берушінің еңбек тəртіптемесіне сəйкес пайдаланады.
60- бабына сәйкес Демалыс түрлері:
1. Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлері:
1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;
2) əлеуметтік демалыстар беріледі.
2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс
қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына жəне қызметкердің өзге де жеке қажеттіктеріне арналады жəне жұмыс орны (лауазымы) мен орташа
жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.
3. Əлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында жəне өзге де əлеуметтік
мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.
4. Қызметкерлерге əлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері:
1) жалақы сақталмайтын демалыс;
2) оқу демалысы;
3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға
байланысты демалыстар беріледі.
3. ҚР азаматтық Кодексінің 129-бабына сәйкес құнды қағаз д\з- мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы. Бағалы қағаздар борыштық және үлестік болуы мүмкін.
Борыштық бағалы қағаз – эмитенттің (борышкердің) осы бағалы қағаздарды шығару шарттарында борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаздар. Үлестік бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлік иесінің мүлікке белгіленген үлесіне иелік ету құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады.
Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:
1) құжатты және құжатсыз;
2) эмиссиялық және эмиссиялық емес;
3) атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi.
Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған бағалы қағаздар.
Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.
Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар.
Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн бағалы қағаздар.
Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
Ордерлiк бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар осы Кодекстiң 132-бабының 3-тармағында көзделген тәртiппен берiлген жағдайда, басқа тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз
Бағалы қағаз бойынша құқықтар беру (132-бап.):
1. Ұсынушыға бағалы қағазбен куәландырылған құқықты басқа адамға беру үшiн бағалы қағазды сол адамға тапсыру жеткiлiктi.
2. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар талапты (цессияны) жеңiлдету үшiн белгiленген тәртiп бойынша берiледi. Бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам осы Кодекстiң 347-бабына сәйкес бұл талапты орындау үшiн емес, тиiстi талаптың жарамсыздығы үшiн жауапты болады. Атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берiлетiн қағаз жойылады, ал оның жаңа иесiне басқа бағалы қағаз берiледi.
2-1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар беру және солар бойынша құқықтарды растау ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.
3. Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағазға берiлген жазу - индоссамент арқылы берiледi. Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам (индоссант), жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, құқықтың болуы үшiн ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшiн де жауапты болады. Бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берiлетiн адамға - (индоссантқа) немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкiлiк болуы мүмкiн (орындауға тиiс адам көрсетiлмейдi). Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаментi) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуi мүмкiн. Бұл жағдайда индоссант өкiл ретiнде әрекет жасайды.
Билет № 13.
Еңбек тәртібі.
Азаматтық құқықтың түсінігі.
Прокуратура органдарының жүйесі.
Есеп.
Қалалық Әкім аппаратының екі лауазымды тұлғасы өзге тұлғалармен бірлесіп, жарнама агенттігін ашты. Мемлекеттік қызметкерлердің бұл әрекеті қаншалықты дәрежеде заңнамаға сәйкес келеді?
1. ҚР «Еңбек кодексінің» 69-бабына сәйкес еңбек тәртібі былай белгіленеді:
1) Жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдермен келісе отырып бекітеді.
2) Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді.
3) Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.
4) Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбектегі жетістектері үшін көтермелеудің кез келген түрін қолдануға құқылы.
Еңбек тәртібін жұмыс беруші жеке ж\е ұжымдық еңбек үшін қажетті ұйымдастырушылық ж\е экономикалық жаңдайлар жасау, қызметкердң еңбекке саналы көзқарасы арқылы, сендіру, адал еңбегі үшін көтермелеу әдістерімен, сандай ақ тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану арқылы қамтамасыз етеді (70-бап) 72-74- баптар аралығында еңбектік тәртіптік жазалар қамтылған:
1) Жұмыс беруші қызметкерлердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін:
А) ескерту;
Б) сөгіс;
В) Қатаң сөгіс;
Г) осы кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.
2. Азаматтық құқық – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік – аумақтық бөлшектірінің күнделікті өмірімен, іс - әрекетімен ажырамас байланыстағы ҚР құқығының бір саласы. Тауар – ақша, қатысушыардың теңдігінің негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады. Материалды игіліктірмен байланысты қоғамдық қатынастар деп атылады. Қр азаматтық заңнамаларының екі түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды: 1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және; 2) мүлікпен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді. Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық, өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілерінің арасында пайда болады.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқықтық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар д\а. Мүліктік қатынастар д\з мүлікті алу, иемдену не басқа субектілерге беру беру барысындағы қвтынастар. Сондықтан нарық жағдайында тауар ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі объектісі болады.
3. Прокуратура – Республика аумағында заңдардың, ҚР президенті жарлықтарының ж\е өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл ж\е бірыңғай қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік ж\е атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау ж\е жою жөнінде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен зағдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай ақ заңда белгіленген жағдайларда тәртіппен шекке қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
ҚР Прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметінің тәртібі ж\е прокурорлардың өкілеттілігі ҚР Конституциясымен, «Прокуратура туралы» ҚР-ның 1995ж 21 желтоқсан ындағы Заңмен, заң актілерімен, ҚР бекіткен халықаралық шарттармен сондай ақ Республика Бас Прокурордың бұйрықтарымен айқындалады.
Прокуроатура мемлекет атынан:
Конституцияның, Заң актілерінің ж\е Республика Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;
Жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудіңғ әкімшіілік ж\е атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;
Сотта мемлекет мүддесін білдіреді;
Республиканың Конституцисы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға ж\е басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;
Заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
Статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объектілігін ж\е жеткіліктігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статитиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласындағы заңдарлың қолданылуын жүзеге асырады.
Билет № 14.
Еңбек ақы.
Құқықтық жауапкершіліктің түсінігі.
Жер санаттары.
Есеп.
Аудандық білім бөлімінің бастығы болмаған уақытта, оның міндетін атқарушы мектеп диреторын жұмыстан шығару туралы шешім шығарады. Алайда мектеп диеркторы бөлім бастығы келмейінше міндетін атқарушы тұлғаның мұндай шешім шығаруға құқығы жоқ екендігін айтып, жұмыс орнын босатпайтындығын айтты. Кімнің пікірі дұрыс? Неге?
1. Еңбек ақы - еңбек үшiн оның күрделiлiгiне, саны мен сапасына сәйкес төленетiн сыйақы (табыс). Ол «Еңбек туралы кодекстің» 7-тарауы бойынша реттеледі.
70-бапқа сәйкес еңбекақы: 1. Жұмыс берушi осы Заңға, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкердiң еңбегiне ақы төлеуге мiндеттi. 2. Қызметкерлердiң еңбегiне ақы мерзiмдiк, кесiмдi түрде немесе еңбекке ақы төлеудiң өзге де жүйелерi бойынша төленедi. Ақы төлеу еңбектiң жеке және/немесе ұжымдық нәтижелерi үшiн жүргізiлуі мүмкiн. 3. Қызметкердiң жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделiлiгiне қарай белгiленедi. Қызметкерлердiң өндiрiс тиiмдiлiгi мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық мүдделiлiгiн күшейту үшiн жыл iшiндегi жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесi және материалдық көтермелеудiң басқа да нысандары енгiзiлуi мүмкiн. 4. Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесi ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің актілерімен белгiленедi. 5. Жұмыс беруші қызметкерлерге қойылатын біліктiлiк талаптары мен жұмыстардың белгiлi бiр түрлерiнiң күрделілігін жұмыстардың және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктілік анықтамалығы негізінде белгілейдi. Аталған анықтамалықтарды әзірлеу мен оларды қолданудың тәртібін еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды. Жұмыс берушi орындалатын жұмыстарды белгілi бiр күрделi жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге біліктілік разрядтарын беруді жұмыстардың және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында және басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына, сондай-ақ қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшін белгiленетін үлгілік бiлiктiлiк талаптарына сәйкес дербес жүргізедi.
Жалақының мөлшерiн жұмыс берушi дербес белгiлейдi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен кем болмауы керек. (71-бап)
2. Құқықтық жауапкершілік әлеуметтік жауапкершіліктің ерекше түрі ж\е қоғам өмірінің әр саласында әрекет етеді. Адамдардың қоғамдық пайдалы әрекетінің итермелеушісі, құқыққы қарсы әрекетін алдын алу, оған жол бермеудің амалы. Сондықтан құқық бұзған тұлға құқықтық жауапкершілікке тартылып, оған жағымсыз салдары бар, мемлекеттің ықпал ету шаралары қолданылады. Құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі құқық бұзған адамға белгілі мөлшерде тиісті шара қолданудың барысында, мүліктік ж\е жеке сипаттағы зиян келтіреді. Сонымен құқықтық жауапкершілік д\з құқыққа қарсы жасаған әрекеті үшін құқық бұзушыға қолданылатын, белгілі бір мүліктік ж\е жеке сипаттағы зиян шектіретін мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы.
Құқықтық жауаптылық қай салаға жататындығына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді.
- əкімшілік – əкімшілік сипаттағы теріс қылық жасалған жағдайда туындайды жəне шара қолдану (жаза қолдану) немесе айыппұл салу түрінде болады;
- азаматтық — заң алдындағы жауаптылық міндеттеме шарттарының бұзылу нəтижесінде туындайды;
- қылмыстық – заң алдындағы жауаптылық қылмыс жасалуының нəтижесінде ғана қолданылады;
- материалдық (дүниемен байланысты) – қандай бір мемлекеттік кəсіпорындар, мекемелер ұйымдарға зиян немесе залал келтірілген жағдайда заң алдындағы жауаптылық туындайды;
- тəртіптік — заң алдындағы жауаптылық əскери, еңбек, оқу орнындағы тəртіптер бұзылған жағдайда туындайды, бұлар шара қолдану, сөгіс жариялау, ескерту жасау түрлерінде болады.
Құқықтық жауаптылықтың қызметтерін оның алдына қойылған мақсаттар анықтайды, əрі содан туындайды.
Жазалау қызметі - орын алып отырған құқық бұзушылыққа мемлекеттік жаза қолдану түріндегі жауабы. Бұл жаза түріндегі жауап кінəлі адамға, оның жеке басына мүліктік немесе ұйымдық тауқымет тартқызу немесе мұқтаждыққа ұшырату, сөйтіп қолайсыз зардаптар шектіру арқылы сазайын беру түрінде білдіріледі.
Құқықты қалпыңа келтіру қызметі - құқыққа өкілетті субъектінің мүддесін қамтамасыз етудің барысында кінəліден келтірілген зиянды өндіріп алуға, шыққан шығынды, шеккен залалды өткізуге, жоғалған мүліктің орнын толтыртқызуға мүмкіндік береді.
Тəрбиелік қызметі– заңға теріс жүріс-тұрыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алудың, ондайларды болдырмаудың қажеттілігі дəлелдерін субъектілердің саналарында қалыптастыру, күнделікті болмыстағы қызметтерінде əдетке айналуын қамтамасыз етуге күш салу болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жерi;
6) су қорының жерi;
7) босалқы жер.
Жер санаттары туралы мәселелер «Жер кодексінің» 3-бөлімінде анық жазылған.
Ауыл шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады.
Қалаларды, кенттердi, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшiн берiлген жер учаскелерi елдi мекендер жерiнiң санатына жатады. Елдi мекендердiң жерi өзге әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың жерiнен қаланың шегi, кенттiң шегi, ауылдық (селолық) елдi мекеннiң шегi арқылы шектеледi.
Осы Кодекстe және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен тиiстi нысаналы мақсат үшiн азаматтар мен заңды тұлғаларға берiлген жер өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерi және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер деп танылады. Өнеркәсiп жерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру мен пайдалану үшiн берiлген жер, оның iшiнде олардың санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар жатады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің жері жатады.
Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың жер учаскелері жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынбай, басқа санаттардағы жерлер құрамында бөлінеді және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу кезінде ескеріледі.
Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне берiлген жер учаскелерi орман қорының жерi деп танылады. Орман қорының жерi мемлекеттiк және жекеше орман қоры жерiнен тұрады. Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген ормансыз жер мемлекеттiк орман қорының жерiне жатады.
Су айдындары (өзендер және олармен теңдестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерiнде орналасқан, ағысты реттейтiн су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулерiне және ауыз сумен қамтамасыз етудiң бас саға жүйелерiн санитарлық күзет аймақтарына бөлiнген жер су қорының жерi деп танылады.
Меншiкке немесе жер пайдалануға берiлмеген, аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер болып табылады. Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен босалқы жер құрамына ауыстырылады.
Билет № 15.
ҚР Президентінің мәртебесі.
Еңбектік құқықтық қатынастар.
Мәміле түсінігі.
Есеп.
М. деген азамат түнде қатты өлең айту арқылы көршілерінің шырқын алды. Көршілерінің ескертулеріне құлақ аспағандықтан, олар учаскелік инспекторды шақырды. М. әрекеттері заңға қайшы ма? Есепті шешіңіз.
1. 1995 жылғы Конституция бойынша ҚР Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға; халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. Президент мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
Республика Президентi болып тумысынан республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Президент халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Оның өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Прези-дентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
Конституцияда және Президент туралы конституциялық заңда Президенттің өкілеттіктері айқындалған. Президенттің өкілеттіктері жеткілікті шамада кең және күшті болып табы-лады. Олар экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы терең реформаларды ары қарай жүргізудің, қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мен нығайтудың міндеті ретінде болады. Президенттің өкілеттіктерін жинақтап келесідей түрлерге бөлу-ге болады:
- сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi;
- мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және қауiпсiздiгiн қамта-масыз ету саласындағы өкiлеттiгi;
- Парламентке және оның Палатасына қатысты өкiлеттiгi;
- Үкiметке қатысты өкiлеттiгi;
- Конституциялық Кеңеске қатысты өкiлеттiгi;
- соттарға және судьяларға қатысты өкілеттіктері;
- прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi;
- Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкiлеттiгi;
- Ұлттық Банкке қатысты өкiлеттiгi;
- Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне қатысты өкiлеттiгi;
- әкiмдерге қатысты өкiлеттiгi;
- өзiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға қатысты өкiлеттiгi;
- республикалық референдумға қатысты өкiлеттiгi;
- Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi.
1995 жылғы Конституцияға сәйкес Президентке бірінші рет заң актілерін шығару құқығы берілді. Президент Республика-сының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар мен өкiмдер шығарумен қоса Конституцияда белгіленген жағдай-ларда заңдар және заң күші бар жарлықтар да шығарады. Парламент Президентке заң шығару өкілеттігін берген жағдайда Президент уақытша заңдар шығару құқығын иеленеді (Конституцияның 53 бабыны 3) тармақшасы). Ал, Президенттің заң күші бар жарлықтар шығаруының себебі болып Прези-денттің белгілі бір заң жобасын жедел (1 айда) қабылдануы тиістілігін білдіретін талабын Парламенттің орындамауы табы-лады. Республика Президентiнiң жарлықтарымен:
1) Президенттiң Республика Президентiнiң актiлерiн шығаруды талап ететiн конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады;
2) мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгiленген жауапты-лығын қамтамасыз ету мәселелерi шешiледi;
3) Парламенттiң заңдық құзыретiне кiрмейтiн, сондай-ақ Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдардың заңмен белгi-ленген құзыретiне жатпайтын мәселелердi құқықтық реттеу жүзеге асырылады;
4) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеу-меттiк-саяси дамуының стратегиялық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылданады.
2. Еңбек құқығы еңбек нарық үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын ж\е онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалдық ж\е рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады.
Қоғамдық еңбек қатынастары саласында құқықтық еңбек қатынастары ерекше орын алады. Құқықтық еңбек қатынастарының мынадай ерекше белгілері бар:
Қызметкер нақты бір ұйымның еңбек ұжымына мүше болып кіреді;
Қызметкердің еңбек ұжымына кіруі ерекше заңды фактінің көмегімен жүзеге асырылады;
Қызметкер өзі жұмыс жасайтын ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынуға міндетті;
Қызметкерің кәсібіне, мамандығына, біліктілігіне сай еңбек міндетін атқаруы еңбек қатынастарының мазмұны болып табылады.
Еңбек құқығы пәніне құқықтық еңбек қатынастарынан туындайтын ж\е олармен тығыз байланысты қатынастарда жатады. Осындай қатынастардың қатарына жатқызуға болады:
Жұмысқа орналасу жөніндегі қатынастар;
Ұйымдастыру-басқару;
әлеуметтік-экономикалық;
өндірістегі кәсіби дайындық ж\е біліктілік дәрежесін көтеру жөніндегі;
тәртіптік жазалар қолдану мен материалдық шығынды, зиянды орнына келтіру;
еңбек туралы заңнамалардың сақталуын қадағалау мен бақылау жөніндегі;
еңбекдауларын қарау жөніндегі қатынастар.
3. ҚР Азаматтық кодексінің 147-бабына сәйкес мәміле д\з азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге н\е тоқтатуға бағытталған әрекеттер. Оның 4 белгілері бар:
мәміле адамдардың еркін білдіретін ерікті әрекет;
заңмен мақұлданған, құқықа сәйкес әрекет;
тек азаматтардың құқықтық қатынастарын тудыруға, өзгертуге ж\е тоқтатуға бағытталған әрекет;
азаматтық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарлары азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.
Мәміле ауызша, жазбаша не болмаса конклюдетті әрекет арқылы ж\е үндемеу сияқты нысандарда болады.
Мәміленің ауызша нысаны мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жерде мәміле жасаушылардың ерік тараптарының бір бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Бұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі арқылы жасалуы мүмкін.
Жазбаша мәміле. Егер іскерлік қызмет өріссінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса,жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар н\е олардың өкілдері қол қоюға тиіс. Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды аласу арқылы жасалуы мүмкін. Хат, жеделхат, факс, электрондық құжаттар н\е субъектілеріді ж\е олардың еркін білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі. Заңдармен ж\е тараптардың келісңмңмен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге ж\е оларда осы тараптарды орындамау салдары көзделуі мүмкін.
мәміленің конклюдетті нысаны, мысалы жетон, билет н\е әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, ауызша түрде жасалған болып келеді. Яғни, адамның мәміле жасауға деген еркі айқын көрініп тұруын, мәміле жасайын деген ниеттің байқалып тұруы арқылы мәміленің жасалуы конклюдетті мәміле д\а.
Үндемеу (әрекетсіздік), заңдарда н\е тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.
Билет № 16.
Жер құқығының түсінігі.
ҚР Парламентінің құрамы мен құрылымы.
Азаматтың тұрғылықты мекенжайы.
Есеп.
4 класс оқушысы Петров Виктор автобуста жол ақысын төлемеді. Жүргізуші одан жолда жүру билетін сұрағанда ол жоқ болып шықты. Жүргізуші одан айыппұлды төлеуді талап етті. Жүргізушінікі дұрыс па? Әкімшілік жауапкершілік қанша жастан басталады?
1. Жер – ҚРның егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңестік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы мен кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі. Қазақстан Республикасында жер мемлекеттiк меншiкте болады. Жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
«Жер кодесінің» 4-бабына сәйкес Жер заңдарының принциптерi:
Қазақстан Республикасының жер заңдары:
1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi;
2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;
3) жердi қорғау және ұтымды пайдалану;
4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
5) жердi нысаналы пайдалану;
6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы;
7) жердiң жай-күйi және оған қолжетiмдiлiк туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
8) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау;
9) жерге залал келуiн болдырмау немесе оның зардаптарын жою;
10) жердi ақылы пайдалану принциптерiне негiзделедi
Жер құқығының негізгі міндеттері — Қазақстан Республикасы жер зандарының міндеттері: жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи органы сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және занды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласыңда зандылықты нығайту болып табылады.
2. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.
«ҚР Парламенті ж\е оның депутаттарының мәртебесі» туралы заңның 4-бабына сәйкес ҚР Парламенттің құрамы мен құрылымы былай белгіленген:
1. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан:
Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.
2.Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбір үш жылда қайта сайланады.
3. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.
4. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.
Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша бірыңғай жалпы ұлттық сайлау округінен жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
5. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.
6.Сенат пен Мәжiлiс депутаттарын сайлау тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.
3. ҚР конституциясының 21-бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар».Сонымен қатар 25-бапқа сәйкес:
1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі.
Азаматтық кодекстің 16-бабына сәйкес: Азаматтың тұрғылықты жері және заңды мекенжайы:
1. Азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады.
2. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жерi олардың ата-анасының, асырып алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жерi болып танылады.
3. Азаматтың жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ мемлекетпен қарым-қатынастарында пайдаланатын заңды мекенжайы болады.
Азаматтың тіркелген жері оның заңды мекенжайы болып танылады.
Азаматтарды тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының
Yкіметі айқындайды.
Билет № 17.
ҚР Үкіметінің өкілеттілік мерзімі.
Құқық қорғау органдарының түсінігі.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің қағидалары.
Есеп.
Он алты жасар бұзақылар өздерін тәртіпсіз күйде жүріп, жаман сөзайтқандары үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Оларға ашылған істер аудандық кәмілетке томағандар комиссиясына жіберілді. Қаншалықты дұрыс шешім қабылданды? Олар әкімшілік жаупкершілікке тартыла алады ма?
1. ҚР Үкіметі – атқару билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын алқалы орган болып табылады.
ҚР Үкіметінің өкілеттілік мерзімі «ҚР Үкіметі туралы» заңының 4 - бабында былай бекітілген:
1. Республика Үкiметi Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi.
2. Республиканың жаңадан сайланған Президентiнiң алдында өкiлеттiгiн доғару Үкiметтiң жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған және Үкiмет мүшелерi қол қойған жазбаша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады.
Өкiлеттiктi доғару туралы өтiнiш жаңадан сайланған Мемлекет басшысы қызметке ресми кiрiскеннен кейiн берiледi.
Үкiметтiң өкiлеттiгiн доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
Мемлекеттін міндеті мен қызметі қоғам өмірінің көпетеген салаларын қамтиды. Солардын арасында аса мағызды міндеттердін қатарына жататын іс құқықтық тәртіп пен заңдылықты адамдардың құқығын, бостандығын, мемлекеттік ж\е мемлекеттңк емес бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының мүдделерін қорғау, қылмыспен күресу. Бұның барлығы ңс жүргізу ұүұығы саласына жатады. Сондықтан, іс жүргізу құқығында құқық қолдану іс әрекеті құқық қорғау органдарының көмегімен іске асады. Құқық қорғау органдары құқық қорғайтын және қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіпті, заңдылықты қорғауды қамтамасыз ететін органдарға бөлінеді. Мұндай органдарға полиция, ішкі істер органдарының ішкі әскер, патрульдік қызметтегі секілді, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін құрылған бөлімдер жатады. Құқық қорғау органдарының қызметтеріне: 1) конституциялық бақылау; 2) әділ соттық; 3) соттардың ұйымдастырфылуын қамтамасыз ету; 4) прокурорлық қадағалау; 5) қылмысты анықтау және тергеу; 6) заң көмегі және қылмыстық іс бойынша қорғау сияқты іс - әрекеттер жатады.
Мемлекеттік бюджет араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық ж/е жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайданылатын ж/е бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке ж\е заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға міндетті жарналар жіберіледі. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен кызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.
Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыланжыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу. А несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы ж\е белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы.
Мемлекеттік қаржылық іс әрекет ж\е қаржылық бақылаумен айналысатын көптеген органдары бар. Оларға мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті ж\е атқару органдары Мәжіліс, Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк, Санақ палаталары, Қазыналық, салық комитеті, салық полициясы, басқа да көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрл инспекциялар жатады.
Билет № 18.
Азаматтық құқықтық қатынастар.
Құқық қорғау органдарының арнайы қағидалары.
Қаржылық қызметтің әдістері.
Есеп.
Азамат Ли МАИ қызметкерлерімен мас күйінде қолданғаны үшін ұсталып, сот шешімімен бір жылға дейін көлік айдау құқығынан айрылды. Алайда ол бұл шешіммен келіспейтіндігін, өйткені өзінің инвлид екендігін және көлікксіз ешқайда бара алмайтындығын айтты. Кімдікі дұрыс? Шешіміңізді негіздеңіз.
1. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір – бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері: 1) Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері заң жүзінде тең, бір – бірінен тәуелсіз, осынысымен басқа құқықтық қатынастардан айырмашылығы бар; 2) Азаматтық құқықтық қатынастар заңда көрсетілген не көрсетілмеген негіздердің де барысында пайда болды; 3) Азаматтық құқықтық қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде тараптардың келісімі шешуші рөл атқарады; 4) Азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен тәсілінің өзгешелігі. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздеріне заңды фактілері жатады.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатысушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет,сондай ақ әкімшілік аумақтақ бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғышарттары олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке ж\е азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.
Азаматтық құқықтық қабілеттік д/з-азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқатылады. Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінпайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттігі д/з-тұлғаның өзінің әрекетімен құқықты алу және іске асыру, міндеттерді орындай алу қабілеттігі. Тұлғаның әрекет қабілеттілігінің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген сияқты түрлері кездеседі. Құқық қабілеттілігінің бұндай түрлері адамның жасына байланысты бөлінеді.6 жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп есептеледі. Жартылай әрекет қабілеттілігі 6-14 жасқа дейінгі балалар тән. Олар ұсақ тұрмыстық мәнеі бар, пайда табуға бағытталған, бірақ нотриалды растау мен мемлекеттік міндетті ресми тіркеуді талап етпейтін мәмлелерді жасауға, өздерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға берілген құралдарды иелік жасауына құқықтары бар. Толық емес әрекет қабілеттілігі 14-18 жастағы азаматтар үшін мойындалады. Олардың әрекет қабілеттілігінің шеңбері 6-14 жасқа дейінгі балаларға қарағанда барынша кеңейтілген. 14-18 жастағы азаматар өздерінің оқу ақысы, еңбек ақысы сияқты кірістерін өз бетінше пайдалануға, авторлық құқықты алуға, кассаға ақша салуға, еңбек етуге құқықтары бар. Жеке тұлғалардың толық әрекет қабілеттілігі 18 жасқа, яғни кәмілетке толған кезде пайда болады. Шектелген әрекет қабілеттігі соттың шешімімен ішімдікке, нашақорлыққа салынып, өзін-өзі ұстай алмайтын азаматтарға қолданылады.
Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар,ақша соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер иен бұйымдар дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтары мен басқа да мүліктік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір – қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құүпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылывқ құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
2. Мемлекеттін міндеті мен қызметі қоғам өмірінің көпетеген салаларын қамтиды. Солардын арасында аса мағызды міндеттердін қатарына жататын іс құқықтық тәртіп пен заңдылықты адамдардың құқығын, бостандығын, мемлекеттік ж\е мемлекеттңк емес бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының мүдделерін қорғау, қылмыспен күресу. Бұның барлығы ңс жүргізу ұүұығы саласына жатады. Сондықтан, іс жүргізу құқығында құқық қолдану іс әрекеті құқық қорғау органдарының көмегімен іске асады. Құқық қорғау органдары құқық қорғайтын және қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіпті, заңдылықты қорғауды қамтамасыз ететін органдарға бөлінеді. Мұндай органдарға полиция, ішкі істер органдарының ішкі әскер, патрульдік қызметтегі секілді, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін құрылған бөлімдер жатады.
Құқық қорғау қызметінің айрықша ерекшеліктері бар. Ол конституциялық принциптерге – оның мәнін ж\е мазмунын анықтайтын, жалпы басшылық идеялары мен ережелеріне сәйкес жузеге асырылады. Ең алдымен оларға мыналар жатады:
1) ҚР конституциясының 34-бабында баянды етілген жалпықұқықтық заңдылық принциптері, оны барлық мем\к ж\е мем\к емес мекемелер мен уйымдардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың Конституция мен заңдардың нусқамаларын булжытпай сақтауы деп тусінуі керек. Оның устіне Конституцияның букіл Қазақстан аумағында жоғары заң куші бар ж\е ол тікелей қолд.
2) екінші бір негізгі принцип – адамның ж\е азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы. ҚР Конс\ң 1-бабында адамның ар-ожданы, қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықұтары қымбат қазына деп жарияланған. Мем\к органдар мен лауазымды адамдар адамға құрмет корсетуге, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндетті.
3) Азаматтар мен заңды тулғалардың заң ж\е сот алдындағы теңдігі принципі(ҚР Конс\ң 14-бабы). Шыққан тегі, әлеуметтік, қызметтік ж\е муліктік жаңдайы, жынысы, нәсілі, улты, тілі, дінге көзқарасы, нанымдар, турғылықты жері себебі б\ше не өзге де кез-келген өзге жағдаяттар б\ша ешкімді, ещқандай кемсітуге болмайды.
4) Жариялылық принципі құқық қорғау қызметінің, бул мем не жеке бастың мудделеріне залалын тигізуі мумкін жағдайларды есептемегенде,ашық ж\е копшілік алдында жузеге асырылатындығын білдіреді. БАҚ құқық қорғау органдарының жумысымен танысуына, лауазымды адамдардан сухбат алуларына, өздеріне қажетті мәліметтер жинауларына мумкіндіктері бар.
5) Жан-жақтылық, толықтық ж\е уәжділік принципі. Құқық қорғау органдары өз жумыстарында қателіктер мен басқа да жолсыздықтардан аулақ болу ушін осы принциптерді булжытпай орындап отыруы тиіс. Оны басшылыққа алмау – құқық қолдану субъектілері ушін азаматтардың, заңды тулғалардың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мудделеріне қысым жасау секілді теріс зардаптарға соқтыруы мумкін.
6) Ұлттық тіл принципі (19-бап). Бул біздің көп ұлтты еліміздің ерекшелігін корсетеді ж\е республикада туратын барлық халықтардың құқықтары мен бостандықтарын, сыйлауға негізделген.
7) Құқық қорғау қызметін жузеге асыру кезіндегі кәсіпқойлық принципі. Ол мундай қызметті негізінен, заңгерлік жоғары білімі бар, арнайы дайындықтан өткен, белгілі дәрежеде өмірлік ж\е құқықтық тәжірибесі бар адам жузеге асырады.
8) Әркімнің білікті заң көмегімен алуға ж\е қорғану құқығына кепілдік принципі (13-бап, 3-т ж\е 16-б 3-т). Әрбір адамның заңда белг тәсілдер мен құралдарды қолдана отырып қорғануға, сондай-ақ азаматтық ж\е өзге де кез-келген істерді шешкен кезде білікті заңгердің, оның ішінде адвокатты пайдалануға құқығы бар. Заңда қарастырылған жағдайда, заңгерлік көмек тегін корсетіледі.
3. Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, жеке ж\е заңды тұлғалардың табысының,пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекетің бюджетіне түседі.Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджнттік емес қорларға да міндетті жарналар жатады.Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.
Мемлекеттің қаржылық қызметтің кеселі әдістері ақша қорларын бөлу мен пайдалану. Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты,қайтарымсыз,ақысыз ме,млекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу. Несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің ақшалай қаржыларыне уақытша пайдалануы. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатыстарын қамтиды. Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Ол векселмен бекітіледі және вексельді банктер есепке алады да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктік несиеге алынады.
Билет № 19.
Сайлау жүйесі.
Қаржы құқығының түсінігі.
Еңбек құқығының субъектілері.
Есеп.
14 және 16 жасар екі бала не істерлерін білмегендіктен далада телефон тораптарын бұзып ойнауының нәтижесінде полиция пунктіне жеткізілді. Кім, қандай тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылады?
1. Сайлау жүйесі – бұл мемлекеттің өкілді, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен сайланбалы лауазымды тұлғасын (Президент) құрудың заңмен бекітілген тәртібі, яғни кандидат-тарды ұсыну мен дауыстарды санаудың жүйесі. Басқаша айтқанда, сайлауларды ұйымдастыру мен өткізудің нақты амалы. Сайлау жүйесінің екі түрін көрсетуге болады: мажоритарлық сайлау жүйесі және бара-бар өкілдік (пропорционалдық) сайлау жүйесі. Тарихи тұрғыда алғашқы сайлау жүйесі болып мажоритарлық жүйе табылады. Оның негізінде көпшілік қағидасы жатыр, яғни белгіленген көпшілік дауыс санын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Бұл көпшіліктің қандай болатындығына байланысты мажоритарлық жүйе өз кезегінде әдетте үш түрге бөлінеді:
1. Салыстырмалы көпшілік мажоритарлық жүйесі – бұл ең қарапайым сайлау жүйесі. Мұнда қарсыластарына қарағанда дауыстардың ең көбірек санын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Қазақстанда Президентті және Сенаттың сайланатын депутаттарын сайлаудың екінші турында (қайта дауыс беру) және маслихат пен өзге де жергілікті өзін-өзі басқару орган-дарына сайлау кезінде салыстырмалы көпшілік жүйесі қолда-нылады.
2. Абсолюттік көпшілік мажоритарлық жүйе – сайлану үшін дауыстардың абсолюттік көпшілігін, яғни жалпы санының жартысынан астамын алу талап етіледі. Қазақстанда бұл жүйе бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) жартысынан астамының дауысын алуы қажет.
3. Квалификацияланған көпшілік мажоритарлық жүйе – тиісті сайлау жүйесінде квалификацияланған көпшілік дауыс санын алған кандидат сайланған болып есептеледі. Квалифика-цияланған көпшілік дауыс саны заңмен белгіленеді және ол абсолюттік көпшілік дауыс санынан жоғары болып табылады. Қазақстанда бұл жүйе қолданылмайды.
Бара-бар өкілдік (пропорционалдық) сайлау жүйесі бойынша Қазақстанда Парламент Мәжілісінің 98 депутаты сайланады. Бұл жүйенің басты идеясы мынада: әрбір саяси партия парла-ментте сайлаушылардың өзі үшін берген дауысына бара-бар болатын (сай келетін) мандаттар санын иеленеді. Бұл жүйе салыстырмалы түрде шағын партиялардың да парламентте өкіл-діктерінің болуына кепілдік береді және бұл жүйеде сайлаушы-лар дауысын нақты кандидаттарға емес партиялық тізімге береді.
2. Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барсында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мемлекеттің қаржылық іс әрекетінің барсында материалды және ұйымдастырушылық сияқты екі түрлі қаржылық қатынастар қалыптасады. Материалды қаржылық қатынастар мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру және бөлу үрдісін, ақшалай қаржылардың қозғалысын қосымша реттейді. Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша, қаржы жүйелерінің, қаржыны мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды, мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру барысында қалыптасады.
3. Еңбек д/з- адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани ж/е басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын ж/е онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың саласы. Еңбек құқығы-еңбек қатынасын реттейтін құқық нормаларын жиынтығы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты-жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу ж/е заңсыздыққа жол бермеу.
Еңбек құқығының субъектілеріне қызметкер мен жұмыс беруші жатады.
Жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға. Жұмыс берушiлердiң өкiлдерi - құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс берушiнiң немесе жұмыс берушiлер тобының мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi жеке немесе заңды тұлғалар.
Қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға. Қызметкерлердің өкілдері - кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және (немесе) қызметкерлер уәкілеттік берген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған өзге де тұлғалар мен ұйымдар.
Билет № 20.
Экологиялық құқықтық жауапкершілік.
Салық құқығының түсінігі.
Азаматтық қызмет түсінігі.
Есеп.
Облыс әкімі некеге тұру жасын 16 жасқа түсіретін шешім шығарды. Облыс прокуроры бұған қарсылық білдірді. Прокурор қарсылығы қаншалықты дәрежеде негізделген? Атқарушы билік өкілдері жас мөлшерін төмендету құқығына ие ма?
1. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық дегеніміз мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы құзіретті, құқық қорғау органдары ж\е басқа да құзіретті субъектілер мен экологиялық құқық бұзушының арасындағы сол бұзушыға жаза қолдану жөніндегі қарым қатынас.
Экологиялық құқық бұзушылық ҚР экологиялық кодексінің 319 -320 - баптарына сәйкес әкімшілік ж\е теріс қылық н\е қылмыс болып бөлінеді.
Әкімшілік экологиялық құқық бұзушылық деп экологиялық құқықтық тәртіпке, халықтың өміріне, денсаулығына, экологиялық қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға нақты қауіп төндіретін, әкңмшілік жауаптылық қарастырылған құқыққа қарсы, кінәлі әрекетті н\е әрекетсіздікті айтамыз.ҚР Әкімшілік кодексінің 45-бабына сәйкес экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаның 10 түрі қолданылады:
Ескерту жасау;
Әкімшілік айыппұл салу;
Ә.қ.б.ты жасау құралы н\е оның тікелей объектісі болған затты, ә.қ.б. жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны, ж\е бағалы қағаздарды тәркілеу;
Ә.қ.б.ты жасау құралы н\е оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою;
Арнаулы құқықтан айыру;
Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік атестатынан айыру;
Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру н\е оған тыйым салу;
өз бетімен салынып жатқан н\е салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
әкімшілік қамауға алу;
шетелдік н\е азаматтығы жоқ адамды ҚРның шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы қылмысық жауаптылық. Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес Қылмыстық кодекстің міндеттері қатарын коршаған ортаны қорғау жатады. Қылмыстық Кодекстің шоғырланған табиғатты пайдалану ж\е қоршаған ортаны қорғауға байланысты қылмыстарды үш үлкен санаттарға бөлуге болады: арнайы экологиялық құрам, аралас ж\е қосымша.
Арнайы экологиялық құрам таза экология саласындағы қылмыстар;
Аралас э.құрамды қылмыстар тек белгілі бір жағдайларда, қоршаған орта мен табиғатты қорғау саласына ғана қатысы бар жағдайларда ғана экологиялық деп танылады;
Қосымша құрамы бар экологиялық қылмыстарға мемлекеттік билікке қарсы, мемлекет қызмет саласындағы ж\е мемлекеттік құпиялармен байланысты қылмыстарды жатқызуға болады.
2. Салық - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлем. Салық төлеушiнiң салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған сәйкес салық төлеушi салық органына тiркеу есебiне тұруға, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салық есептiлiгiн жасауға, оны белгiленген мерзiмде табыс етуге, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi. Мемлекет салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден - оның салық мiндеттемелерiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi және осы Кодексте көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
Салықтар түрлері:
1. Корпорациялық табыс салығы. Оны төлеушілерге ҚР Ұлттық Банкімен мемлекеттік мекемелерді қопағанда, ҚРның резидент заңды тұлғалары, сандай ақ ҚРда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын н\е ҚРдағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады.
2. Жеке табыс салығы. Оны төлеушілер салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар болып табылады.
3. Қосылған құн салығы тауарларды өндіру ж\е олардың айналысы процесіне қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды,сандай ақ ҚР аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді.
4. Акциздер тауар бағасына орындалатын жұмыстар мен көрсетілген қызмет тарифтерінен енгізілетін нақты ставкаларын ҚР Үкіметң белгілеп бекітетін міндетті төлемдер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi. Мұнай операцияларын ж\е өндірумен байланысы жоқ жер асты құрылыстары салу мен пайдалану жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалануы бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салудың ерекшеліктері реттеледі ж\е жер қойнауын пайдаланудың төлейтін төлемдері.
6. Әлеуметтiк салық. Өзінің аты айтып тұрғандай халықтың әлеуметтік қажеттіліктері мен мұхтаждықтарын өтеуге жұмсалады.
7. Жер салығы жеке меншік, тұрақты жер пайдалану ж\е бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығы салық салу объектілері бар жеке ж\е заңды тұлғалардың төлейтін төлемі.
8. Көлiк құралдары салығы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар мен меншік, шаруашылық жүргізу н\е оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер б\т.
9. Мүлiк салығы. ҚР аумағында меншік, шаруашылық жүргізу н\е оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, ҚР аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер.
3. Азаматтық қызмет - азаматтық қызметшiлердiң қазыналық кәсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруға және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкiлеттiктердi орындау жөнiндегi кәсiптiк қызметi; Азаматтық қызметшi - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақылы штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру және мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам; Азаматтық қызметке кiру
1. Азаматтық қызметке кiру тағайындау тәртiбiмен немесе конкурс бойынша жүзеге асырылады. 2. Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттiк мекеме, қазыналық кәсiпорын ұйымдастырып, өткiзедi. 3. Азаматтық қызметке кiру және азаматтық қызметшiнiң бос лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 4. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушiнiң актiсiн шығару жолымен жүзеге асырылады.. Азаматтық қызметте болумен байланысты шектеулер
1. Азаматтық қызметшi: 1) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға; 2) азаматтық қызметтiң қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi атқаруға кедергi келтiретiн iс-әрекеттерге қатысуға; 3) қызмет жағдайын азаматтық қызметпен байланысты емес мақсатта пайдалануға; 4) азаматтық қызметтi өткеру кезеңiнде белгiлi болған мемлекеттiк құпияны, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге құқылы емес. 2. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымға азаматтық қызметке қабылдана алмайды.
Билет № 21.
Азаматтық қоғам.
Жер құқықтық қатынастары.
Конституциялық құқықтың түсінігі.
Есеп.
Азаматша Бергимбекова және азамат Имантаев үйленуге шешім қабылдады. Некелерін мешітте қиған олар АХАЖ бөлімінде некелерін тіркемеді. Уақыт өте келе Бергимбекова некені бұзу туралы шешім қабылдап, әділет органдарына арыз жазды. Әділет органдары арызды қабылдамай, некені тіркеу туралы куәлікті талап етті. Лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық сипаттама беріңіз?
1. Құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі азаматтық қоғамның орнығуы болып табылады.
Азаматтық қоғам дегеніміз имандылық, өнегелік, діни, ұлттық, əлеуметтік-экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы, осылардың көмегі арқылы жеке адамдар мен олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады. Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады. Азаматтық қоғам болмаса құқықтық мемлекет те болмайды.
"Азаматтық коғам" ұғымын өткен замандардың ұлы ойшылдары Аристотель, Цицерон, Г.Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, К.Маркс жəне т.б. тұжырымдаған болатын.
Азаматтық коғамның негізгі идеясы адамның қоғамдағы басымдылық идеясы, адамның дербестік идеясы, өз əрекеттерін құқықты құрмет тұта отырып, ең алдымен өнеге мен имандылық қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асыруға қабілетті болу идеясы. Сонымен бірге, азаматтық қоғамның болмысына мемлекет араласпауы тиіс, ал оның араласуы тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана болуы мүмкін. Aзаматтық коғамның күрылымы мынадай бөліктерден тұрады:
1. Мемлекеттік емес, əлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кəсіпкерлік).
2. Мемлекетке тəуелді емес өндірушілер (жекеше фирмалар мен т.б.).
3. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер.
4. Саяси партиялар мен қозғалыстар.
5. Тəрбие беру аясы мен мемлекеттік емес білім беру.
6. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары.
7. Отбасы.
8. Шіркеу, мешіт, жəне т.с.с.
Азаматтық қоғамның белгілері:
- адам жəне азаматтың құқықтары мен бостаңдықтарын ең толық түрде қамтамасыз ету;
- өзін-өзі басқаруы;
- оны құрайтын құрылымдар мен ондағы түрлі халық топтары арасында болатын бəсекелестік;
- қоғамдық пікірдің еркін түрде қалыптасуы жəне көппікірлілік (плюрализм);
- бүкіл жалпылык хабардар болу жəне ең алдымен ақпарат алуға адам құқықтарынын іс жүзінде жүзеге асырылуы.
2. Жер құқығы қатынастары - жерге меншiк құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектiлерге жер учаскелерiн бекiтiп беруге байланысты жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi құқықтық қатынастар. Жер құқық катынастарының өзге де құқық қатынастары сияқты өзіне тән болатын объектісі, субъектісі ж\е мазмұны болады. Жер құқық қатынастарының обектісі ретінде ҚРның жер қоры, жер учаскесі ж\е жер үлесі жатады.
жер қоры - Қазақстан Республикасының егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңiстiк, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндiрiс құралы және кез келген еңбек процесiнiң аумақтық негiзi;
жер учаскесi - осы Кодексте белгiленген тәртiппен жер қатынастары субъектiлерiне бекiтiлiп берiлетiн, тұйық шекара iшiнде бөлiнген жер бөлiгi;
жер үлесi - жер учаскесiне құқықтар мен мiндеттерге басқа тұлғалармен бiрге қатысудың осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда бөлiп шығарылуы мүмкiн сан жағынан айқындалған үлесi.
Жер құқығы қатынастарының субъектiлерi - жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрi осы құқық қатынасында мiндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер. Жер құқық қатынас субъектілерінің құқық көлемі мынадай жағдайларға тәуеліді болады:
субъектісінің түріне;
субъекітнің заңи маңызы бар әрекетіне;
аталған жер құқығы қатынастарының ерекшеліктеріне;
құқық қатынастары субъектіснің өз функциясын жүзеге асыру жағдайына байланысты болады.
Жер құқық қатынастарының субъектіленің қатары, мазмұны ж\е олардың құқықтарының ара қатынасы елдеігі жер саясаты ж\е әлеуметтік экономикалық қайта құрулар сипатына тәуелді өзгеріп отырады.
3. Конституциялық құқық дегеніміз ҚР конституциялық құрылысының, адам мен азаматтың мәртебесінің, мемлекет құрылымының, мемлекттік билік органдары жүйесінің, жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқарудың негіздерін реттейтін құқық нормалардың жиынтығынан тұратын құқықтың бір саласы. Конституциялық құқық тұлғаның құқық мәртебесі мен ҚР мемлекеттік құрылысын реттейтін құқықтық нормаларждың жиынтығы, құқықтың саласы. Сондықтан мемлекеттің құрылымына, адам мен мемлекет арасындағы қатынасқа, мемлекттік билікті іске асыру меғн ұйымдастыруға байланысты қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың оқытатын пәні. Құқықтың басқа салалары сияқты конституциялық құқықтың өзіндік қоғамдық қатынастардывқұқықпен реттеу әдістерә деп аталатын амал айла тәсілдердің жиынтығы бар.
Конс құқық тәсілдері д\з – конституциялық құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға ж\е оған қатысушыларға құқықтық әсет ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығы. Оларға мыналар жатады:
Құқық беру әдісі, яғни конституциялық құқықтық қатынастарға құқықтар беру;
Рұқсат беру әдісі, яғни субъектілерге құқықтық норма шегінде қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат ету;
Міндеттеу әдісі, яғни құқық субъектісіне міннеттер бекіту;
Тыйым салу әдісі, яғни құқық субъектілеріне қандай да бір заңсыз әрекет етуге тыйым салу.
Билет № 22.
Қазақстан республикасының ұлттық қоры.
Еңбек дауының түсінігі.
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі.
Есеп
Әділет органдарына некені тіркеу туралы арыз жазуға келген А., К мырзаның келе алмауына байланысты, беріп жіберген арызды көрсетті. Алайда әділет органының өкілі ол арызды қабылдаудан бас тартты. Әділет органының қызметкері дұрыс істеді ме? Неліктен?
1. Еліміздің тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзгеде мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған мақсатта ҚР Ұлттық қоры құрылады. ҚР Үкіметінің ҚР Ұлттық банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзгеде мүлік түріндегі активтері ҚР Ұлтттық қоры болып табылады. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады. Жинақтау функиясы қаржылық және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзгеде мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді.
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану дүние жүзілік ж\е ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мелекеттегі ж\е шет елдегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл рете макроэкономикалық ж\е фискалдық тұрақтылық ж\е ҚР ҰҚның негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Қор түсімі мен жұмсалуы ұлттық ж\е шетелдік валюталармен жүргізіледі.
Ұлттық қорды сенімгерлік басқаруды ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шартттың негізінде ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
2. Еңбек дауы - еңбек туралы заңдардың қолданылу мәселелерi бойынша бұрын қызметкер (қызметкердiң өкiлi) мен жұмыс берушi (жұмыс берушiнiң өкiлi) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiспеушiлiк. Еңбек дауының ұжымдық және жеке сияқты екі түрі бар. Жеке еңбек дауы – қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы заңдарды қолдану мәселелері жөніндегі жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы бұрын реттелмеген жекуе еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы келіспеушіліктер. Еңбек даулары екі сатыда – тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Тараптардың келісімімен еңбек дауларын келісім комиссиясы қарау мүмкін.Ұжымдық еңбек даулары – ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгертуге және еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасауға, оларды орындауға байланысты сондай – ақ қолданылып жүргеен заңдардың ұжымдық шарттар мен келісімдердің ережелерін қолдану мәселелері бойынша жұмыс беруші мен қызметкерлер ұжымдары арасындағы келіспеушіліктер.
3. Әкімшілік жауаптылық дегеніміз құқық бұзушыға белгілі бір айырулар, зиян, айып, мұқтаждық, еркінен айыру сияқты құқықтық шығынға ұшырататын әкімшілік құқық бұзушылыққа деген мемлекеттің қатынасы, жауабы. Әкімшілік кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Әкімшілік жауаптылыққа ақыл -есі дұрыс, 16 жасқа толған жеке адам және заңды тұлғалар тартылады.
Әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы бірнеш әкілшілік жазалар колданылады. Әкімшілік жаза д\з Әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған субьектілерге мемлекеттік арнайы лауазымды адамдар мен органдар тағайындайтын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Әкімшілік жазалар құқық бұзушының атына, ар намысына нұсқан келтіру, тән ауыртпалығын шектіру емес, заңдылықты сақтау, құқықтық тәртіпті сыйлау, әлеуметтік әділеттілікті қалпына кетіру, құқық бұзушыны тәрьбиелеу ж\е басқа адамдардың құқық бұзушылығына жол бермеу ж\е алдын алу мақсатында қолданылады.
ҚР Әкімшілік кодексінің 45-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаның 10 түрі қолданылады:
Ескерту жасау;
Әкімшілік айыппұл салу;
Ә.қ.б.ты жасау құралы н\е оның тікелей объектісі болған затты, ә.қ.б. жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны, ж\е бағалы қағаздарды тәркілеу;
Ә.қ.б.ты жасау құралы н\е оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою;
Арнаулы құқықтан айыру;
Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік атестатынан айыру;
Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру н\е оған тыйым салу;
өз бетімен салынып жатқан н\е салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
әкімшілік қамауға алу;
шетелдік н\е азаматтығы жоқ адамды ҚРның шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
Билет № 23.
Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері.
ҚР Президентінің өкілеттілік мерзімі.
Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы.
Есеп.
Жүрек талмасынан қайтыс болған әкесінің екінші әйелімен жасаған некесін жарамсыз деп тану туралы, арызында азамат Борис келесідей негіздерді көрсетті: некенің қысқа мерзімді болуы, екінші әйелінің әкесіне дұрыс қармауы, үлкен жас айырмашылығы. Келтірілген дәйектер некені жарамсыз деп тануға жеткілікті ме? Жалған неке деген не?
1. Әкімшілік жауаптылық дегеніміз құқық бұзушыға белгілі бір айырулар, зиян, айып, мұқтаждық, еркінен айыру сияқты құқықтық шығынға ұшырататын әкімшілік құқық бұзушылыққа деген мемлекеттің қатынасы, жауабы. Әкімшілік кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Әкімшілік жауаптылыққа ақыл -есі дұрыс, 16 жасқа толған жеке адам және заңды тұлғалар тартылады.
Әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы бірнеш әкілшілік жазалар колданылады. Әкімшілік жаза д\з Әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған субьектілерге мемлекеттік арнайы лауазымды адамдар мен органдар тағайындайтын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Әкімшілік жазалар құқық бұзушының атына, ар намысына нұсқан келтіру, тән ауыртпалығын шектіру емес, заңдылықты сақтау, құқықтық тәртіпті сыйлау, әлеуметтік әділеттілікті қалпына кетіру, құқық бұзушыны тәрьбиелеу ж\е басқа адамдардың құқық бұзушылығына жол бермеу ж\е алдын алу мақсатында қолданылады.
ҚР Әкімшілік кодексінің 45-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаның 10 түрі қолданылады:
Ескерту жасау;
Әкімшілік айыппұл салу;
Ә.қ.б.ты жасау құралы н\е оның тікелей объектісі болған затты, ә.қ.б. жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны, ж\е бағалы қағаздарды тәркілеу;
Ә.қ.б.ты жасау құралы н\е оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою;
Арнаулы құқықтан айыру;
Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік атестатынан айыру;
Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру н\е оған тыйым салу;
өз бетімен салынып жатқан н\е салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
әкімшілік қамауға алу;
шетелдік н\е азаматтығы жоқ адамды ҚРның шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
2. ҚР Конституциясының 40-бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.»
Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi ҚР Президенті туралы заңының 4-бабында былай бекітілген:
1. Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс.
Бесжылдық өкілеттік мерзімі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатын болады.
2. Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», — деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.
3. Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің, қызметінен кетірілгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады.
4. Бiр тұлға қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына қолданылмайды.
3. Мемлекеттің мәні дегеніміз оның табиғатын, мазмүнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптық және жалпы әлеуметтік. Мемлекеттің әлеуметтік мәнін жақтаушылар мемлекет адамзат қоғамына ортақ, әмбебап, жалпы ұйым болғандықтан ол халықтың барлық топтарының мүддесін, ешкімге артықшылық, кемшілік жасамай бірдей қорғау керек деген пікір айтады.
Мемлекеттің қызметтері дегеніміз қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, əлеуметтік тағайыны мен мəнін білдіретін, өздеріне ғана тəн формалары, өздеріне ғана тəн əдістер арқылы атқарылатын əрекеттері жəне олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің қызметтері қатып қалған жəне ешбір өзгермейтін қасаң құбылыс емес, қайта олар өзгермелі, езгерістерге жиі ұшырайтын құбылмалы болып келеді.
Мемлекеттің кызметтері үлкен екі түрге бөлінеді:
Сыртқы:
Демократиялық
экономиканы ұйымдастыру, басқару, реттеу
əлеуметтік
экологиялық
ішкі:
құқықтық;
ұйымдастырушылық.
Қандай да болсын қоғам түрлі таптар мен əлеуметтік топтардан тұрады. Кейбір елдерде, мысалы Қазақстанда, көптеген ұлттар тұрады. Олардың арақатысын реттеу – негізінен, мемлекеттің міндеті. Оларға қамқорлық жасауды, олардың арасындағы қатынастарды, пайда болатын қайшылықтарды реттеу, шешу, жөнге салу, тек қана мемлекеттің қолынан келетін іс. Ол ұшін мемлекетте күш те, қаражат та, басқа да мүмкіндіктер бар. Осыған сəйкес мемлекет əлеуметтік функция атқарады. Егер де мемлекеттің осы қызметі кең өріс алып, үздіксіз жүргізілетін болса, оны əлеуметтік мемлекет дейді.
Билет № 24.
Мемлекеттің белгілері.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
Бюджеттік құқық.
Есеп.
Ерлі зайыпты Петровичтер өз қыздарына Ботсвана атын беретіндіктерін айтып, әділет органына келеді. Әділет органы қызметкерлері болашқта баланың психикалық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін екендігін негіздей отырып, оның атын тіркеуден бас тартады. Әділет органы қызметкерлері қаншалықты дәрежеде заңды әрекет етті?
1.Мемлекет д/з-белгілі бір аумақ шеңберінде, халықты басқаратын өз еркін ихтиярына көндіретін, халықтан салық жинайтын, барлығына бірдеі заңдар қабылдайды, басқару апараты бар саяси ұйым немесе саяси апарат. Мемлекеттің негізгі белгілеріне:
Халқының және аумағының болуы. Кез келген мемлекеттің өзінің белгілі бір аумағы болады. Сонымен қатар, мемлекеттің аумағында халқының болуы. Мемлекеттік билік өзінің аумағында тұратын адамдардың адамдардың арасында қоғамдық қатынастарды құқық, заң арқылы реттеу үшін сол халыққа арналған құқықтық нормативтік актілерді қабылдайды. Қабылданған нормативтік құқықтық актілер халықтың барлық топтарына ортақ және міндетті түрде орындалуға, сақталуға және іске асырылуға тиіс.
Саяси бұқара биліктің болуы. Саяси билік жалпыға бірдей ортақ мүддені қанағаттандыратын ортақ билік. Мемлекеттің екінші белгісі ол мемлекеттік биліктің болуы. Биліктің бұқаралық болатын себебі ол, сол мемлекеттің халқы атынан оның аумағында тұратын елдің, адамдардың барлығына бірдей таратылады. Бұқаралық билікке мемлекеткеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету аппараттары жатады.
Салық және салық жүйесінің болуы. Салықтың негізгі мақсаты саяси пара билікті қамтамасыз ету, яғни қоғамның жалпы істерін қамтамасыз ету. Салықтар, алымдар, төлемақылар-мемлеттік аппаратты, қызметкерлерді ұстауға қоғамның басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын мемлекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын, халық табысының бір бөлігі. Мемлекет халықтан салық алып оны мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғам қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды.
Жалпыға бірдей қабылданған заңдардың болуы, осы заң арқылы мемлекет өз ерік ихтиярын халыққа жеткізеді, басқару апаратының болуы. Мемлекеттің тағы бір белгісі ол мемлекетте құқықтың, заңдардың болуы, құқық пен мемлекеттің ажырамас, тығыз байланысы. Құқық пен заңды сол мемлекеттің өзі қабылдап бекітеді және олар сол мемлекеттің бүкіл іс-әрекетін заңдастыруға көмектеседі, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
Мемлекеттің келесі белгісі ол мемлекеттің егемендігі. Егенмендігінің болуы д/з- мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатта тәуелсіз болуы. Егемендік мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздігі. Мемлекеттің егемендігін үш жақта қарастыруға болады: біріншіден, мемлекеттің бүкіл аумағына, халқына тарайтын бірден-бір мемлекеттік билік болып табылатын биліктің үстемдігі; екіншіден, мемлекет органдарының бірыңғай жүйесін құрайтын мемлекеттік биліктің тұтастығы; үшіншіден, мемлекеттік биліктің өз істерін өз еркімен шешуге құқығы бар биліктің тәуелсіздігі.
Мемлкеттің рәміздерінің болуы. Оған ту, елтаңба, әнұран жатады.
Әкімшілік құқық қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері д/з мемлекеттік билік ресми мойындаған, басқару қатынастары субъектілерінің мінез құлықтары ережесінің көрінуі мен бекітілуі. Олар дерек көздері болу үшін төмендегідей бірнеше белгілерге ие болуы керек субъектілердің белгілі бір нысандары орындауға міндетті бір не бірнеше мінез құлық ережелері болуы керек: мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен орындалатындай мемлекеттік билікпен ресми мойындалуы қажет; әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің іс әрекеттерінде белсенді қолданылатындай практикалық маңызға ие болуы керек; әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің қандай да бір құқықтық маңызды іс әрекеттер жасауы үшін негізі болуы керек; қоғамдағы өмір сүріп отырған құқықтық жүйе мен ғылыми құқықтық доктринаға сәйкес келуі керек.
Әкімшілік құқықтың мынадай қайнар көздері бар. 1) Қазақстан Республикасы Конституциясы, халықаралық, мемлекетаралық шарттар, 2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары, 3) ҚР-ның заңдары, 4) ҚР Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, жергілікті мемлекеттік ж/е өзін өзі басқару органдарының актілері, 5) әкімшілік соттық прецеденттер, 6) әкімшілік шарт, 7) ғылыми құқықтық доктрина.
Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет д/з мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Құқықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталық ж/е жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының ж/е бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық құқықтық акті.Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттік атқарылу б/ша бюджет есебі мен есептілігін жүргізілу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі ҚР-ның бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер ж/е ҚР-сы Ұлттық қоры, сондай ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі төмендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттердің түрлеріне:
1) түзетілген бюджет. Түзетілген бюджет д/з тиісінше ҚР-ның Парламентінде н/е мәслихатта нақтыланбай, ҚР-ның Үкіметі н/е жергілікті атқарушы органдары енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген н/е анықталған бюджет.
2) бекітілген бюджет. Бекітілген бюджет тиісті қаржы жылына арналған, ҚР-ның Парламенті н/е тиісті мәслихат бекіткен бюджет.
3) нақтыланған бюджет. Нақтыланған бюджет атқарылу барысында ҚР-ның Парламенті н/е тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет.
4) мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджет араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық ж/е жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайданылатын ж/е бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
5) жергілікті бюджет. Жергілікті бюджет облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджеттердің деңгейлеріне:
1) республикалық бюджет;
2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала)бюджеті бюджет кіреді.
Республикалық бюджет салықтық ж/е басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын ж/ орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведмоствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге ж/е мемлекеттің саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет б\т.
Облыстық бюджеті араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)бюджеттерін біріктіретін талдамалы ақпарат ретінде пайданылатын ж/е бекітуге жатпайтын жиынтық бюджеті.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті салықтық ж/е басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын ж/е ауданның(облыстық маңызы бар қаланың)жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведмоствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржы мен қамтамасыз етуге ж/е тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан(облыстық маңызы бар қала)бюджеті болып табылады.
Билет № 25.
Азаматтық құқытық жауапкершілік.
Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру.
Азаматты хабар ошарсыз кетті деп тану.
Есеп.
11 жасар Дарханның ата анасының арасында баланың бокспен айналысуына байлнысты дау туындады. Әкесі боксты жалғастыру керектігін айтса, анасы қарсылық білдірді. Дархан боксты ұнатқанымен анасының көңіліне қаяу түсргісі келмеді. Бұл жағдайды қалай шешуге болады?
1. Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының мүлкінен айыру, не алу, немесе кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салумен, заңды тұлғаны мәжбүрлікпен жою, не қайта құрумен байланысты , жағымсыз нәтижелі, құқықтық жауапкершіліктің бір түрі. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің бірнеше түрі бар:
шарт б/ша ж\е шарттан тыс жауаптылық. Шарт б/ша жауаптылық д/з несие берушінің алдындағы борышын өтемеген, не оның толық ыждақаттылықпен орындалмағаны үшін шарт, не басқа да құқықтық негіздер б/ша борышқорға мүліктей зиян әкелетін жағымсыз салдарлар. Шартта белгіленбеген, бірақ бір тұлғаның құқыққа қарсы әрекетінің нәтижесінде екінші бір тұлғаға келтірілген зиян б/ша күшіне енетін жауаптылықты шарттан тыс жауаптылық деп атаймыз.
Үлестілік ж/е ынтымақтастық жауаптылық. Зиян келтіруші (борышқор)жақта бірнеше тараптар болған жағдайда үлестік жауаптылық туралы ереже қолданылады. Шарт не заңмен белгіленген, белгілі бір үлес б/ша әрбір борышқорға, зиян келтірушіге жүктелетін жауаптылықты үлестік жауаптылық деп атаймыз. Несие берушінің алдында әрқайсысы толық жауап беретін, екі не одан да көп тұлғалардың (борышқор зиян келтірушілер)жауаптылығы ынтымақтастық жауаптылық деп аталады.
Негізгі ж/е қосымша жауаптылық. Құқық нормаларының жалпы тапсырмаларында белгіленген тәртіп б/ша тоқтайтын борышқор мен зиян келтірушінің жауаптылығы негізгі жауаптылық деп аталады. Құқықтың жалпы нормасына сәйкес зиян келтірген тұлға келтірілген зиянды өзі қалпына келтіруге міндетті. Заңда белгіленген кейбір жағдайларға байланысты зиян шеккен жақтың құқықығын, мүддесін толық қорғау ж/е қанағаттандыру мақсатында, негізгі мен қатар, қосымша жауаптылықта тағайындалады. Онын орын алуы мысалы, ата-аналарынын,коргаушылардын 14 жастан 18 жаска дейінгі кәмелетке толмаған балалардың келтірілген зиянын өтеу туралы жауаптылығы барысында туындайды.
Кері жауаптылық заң б/ша бір тұлғаның екінші бір тұлғаның әрекеті үшін жауаптылығы регрестік жауаптылыққа жатады.
Құқыққа қарсы әрекет. Азаматтық объективті ж\е құзіретті тұлғалардың (несие беруші, жәбірленуші) субъективті құқықтарын, азаматтық заңнамалардың нормаларын бұзатын, құқықтық тәртіпке қайшы іс қимыл құқыққа қарсы деп аталады.
Зиянды әрекет. Азаматтық құқықта зиян деп мүліктік ж\е мүліктік емес игіліктерге кез келген шығын, кедергі келтіру айтылады.
2. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру деп:
1) қызметкер жұмысының (еңбек функциясының)өзгеруі, яғни жұмысты басқа лауазым, мамандық, кәсіп,біліктілік б/ша орындау.
2)орындау кезінде еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары(жалақы мөлшері, жұмыс уақытымен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар)өзгеретін жұмысты тапсыру.
3) жұмыс берушінің оқшауланған құрлымдық бөлімшесіне ауыстыру.
4) жұмыс беруші мен бірге басқа жерге ауыстыру есептеледі.
Еңбек кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыруға қызметкердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізумен ж/е жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді.
Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрылым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші жұмыс ауыстырушы басқа жерге көшетіні туралы қызметкерге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескеруге міндетті. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауыстырылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің көшуіне байланысты еңбек кодексінің 153-бабынба көзделген өтемақы төлемдерін жасайды. Қызметкер жұмыс беруші мен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкер мен еңбек шарты еңбек кодексінің 59-бабы 1-тармағының 1)тармақшасында көзделген негіз б/ша тоқтатылады. Жұмыс берушінің бос тұрып қалу жағдайында қызметкердің мамандығын, біліктілігін ескере отырып, оның келісімінсіз, күнтүзбелік жыл ішінде бір айдан аспайтын мерзімге, оны денсаулық жағдайы б/ша қайшы келмейтін басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар. Қызметкер денсаулық жағдай б/ша медициналық қортындыда көрсетілген мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстырылады. Қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан н/е денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген кезде басқа жұмысқа ауысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда қызметкер мен еңбек шарты Еңбек кодексінің 59-бабы 1-тармағының 4)тармақшасында көзделген негіз б/ша тоқтатылады.
3. Азаматтық кодекстін осы баптарына сәйкес:
28-бап. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану
1. Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы бiр жыл бойы деректер болмаса, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кеттi деп тануы мүмкiн.
2. Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы соңғы деректер алынған күндi анықтау мүмкiн болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi, ал бұл айды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда келесi жылғы бiрiншi қаңтар хабар-ошарсыз кетудiң басталған күнi деп есептеледi.
29-бап. Хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкiн сақтау
1. Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адамның мүлкiне сот шешiмiнiң негiзiнде қорғаншылық белгiленедi. Осы мүлiктен хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға мiндеттi адамдарды асырауға қаражат берiледi және хабар-ошарсыз кеткен адамның салықтар мен басқа да мiндеттемелер бойынша берешегi өтеледi.
2. Мүдделi адамдардың арызы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы мүлiктi сақтау және басқару үшiн хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрған жерi туралы соңғы деректер алынған күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн де қорғаншы тағайындай алады.
30-бап. Хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы шешiмнiң күшiн жою
Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адам келген немесе оның тұрған жерi белгiлi болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы және оның мүлкiне қорғаншылық белгiлеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Билет № 26.
Құқықтық қатынастардың құрамы.
Конституциялық құқықтың субъектілері.
Әкімшілік құқықтың пәні.
Есеп.
Секталардың бірінің мүшесі баласына мектепке баруға тыйым салып, арнайы діни әдебиетті оқуға ғана рұқсат берді. Әйелі бұл мәселені талқылау үшін заңгерге жүгінді. Анаға кеңес беріңіз.
1. Құқықтық қатынастар — құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөліктерден: құқық субьектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады.
Құқық субъектісі — заңды жəне жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекет органдары, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар жəне сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жəне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жəне жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары жəне азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып саналады.
Субъективтік құқық — тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте əрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-əрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шеңбер аясында əрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жоқ па, ол тұлғаның өз еркі.
Заңды міндет — заң белгілеген əрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жүктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мəжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тəрбиелеуге міндетті. Егер бүл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.
Құқықтық қатынас объектісі—табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндет аталған объектілерге бағытталған болып келеді. Құқықтық қатынастардың объектісі құқықтық қатынастың не нәрсеге бағытталып ықпал етуі. Құқықтық қатынас неге ықпал етенін білу үшін, ең алдымен құқық нормаларының объектісін анықтау қажет.
2. Конституцияық құқық д\з ҚР конституциялық құрылысының, адам мен азаматтың мәртебесінің, мемлекет құрылымының, мемлекеттік билік органдары жүйесінің, жергілікті мемлекеттік ж\е өзін өзі басқарудың негіздерін реттейтін, құқық нормаларының жиынтығынан тұратын құқықтың бір саласы.
Конституциялық құқықтық нормалардың тиісті қоғамдық қатынастарға әсер етуінің нәтижесінде конституциялық құқықтық қатынастар пайда болады. Олай болса, конституциялық құқықтық қатынастар – бұл конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар.
Конституциялық құқықтық қатынастардың өзіндік ерекше-ліктері:
1. өз мазмұнымен ерекшелінеді, яғни конституциялық құқық-тың пәнін құрайтын қатынастар саласында пайда болады, қоғам құрылысы мен мемлекет құрылысының негіздерін білдіреді;
2. басқа құқықтық қатынастардың негізі болып табылады;
3. қоғам өмірінің барлық жақтарында болады, тиісінше қоғамдық қатынастардың алуан түрлілігінің көптігімен ерекшеленеді;
4. кейбір субъектілері ерекше болып келеді. Яғни, кейбір субъектілер конституциялық құқықтық қатынастардан басқа ешбір қатынастардың субъектісі (қатысушысы) бола аламайды (мысалы, мемлекет, халық, ұлт, ұлыс т.б.)
Конституциялық-құқықтық қатынастың мазмұнын оның субъектілері арасындағы өзара құқық пен міндет нысанындағы заңи байланыс құрайды. Олай болса, конституциялық құқықтық қатынастардың мазмұнына келесі элементтер кіреді:
1. субъектісі – конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылар (мемлекет, халық, мемлекеттік органдар, ұлттар, әкімшілік аумақтық бірліктер, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, азаматтар, депутаттар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, сайлаушылар корпусы, қоғамдық бірлестіктер);
2. объектісі – конституциялық құқықтық қатынастар неге байланысты пайда болып отыр, неге бағытталып отыр сол оның объектісі болады (мемлекеттік билік, мемлекеттің аумағы, материалдық игіліктер, құнды заттар, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттері, адамдардың жүріс-тұрысы, азаматтардың мүліктік емес құқықтары және т.б.);
3. субъективтік құқықтар мен заңи міндеттер.
3. Әкімшілік құқық қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы.Әкімшілік құқықтық нормалардың көмегімен реттелетін, қоғамдық қатынастардың жүйесі әкімшілік құқықтың пәні болып табылады. Әкімшілік құқықтықтың пәні төмендегідей бес құрамдас бөлшектен тұрады. Біріншіден: Республика Президентінен бастап, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әкімшіліктеріне дейінгі аралықта, атқару билігінің мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерніе іске асырылуының үрдісі барысында пайда болатынқоғамдық қатынастар. Бұл жерде ең алдымен экономиканы, әлеуметтік мәдени, әкімшілік саяси жұымыстарды ұйымдастыру сияқты сыртқы іс-әрекеттерді орындау үшін құрылған атқару билігі органдары мен мемлекеттік басқару органдарының бүкіл жүйесі әрекетінің сыртқы көрнісі. Екіншіден: ақпараттық талдау, іс-жүргізу, жұмысқа қабылдау, қызметпен ауысу, жұмыстан шығару, тәртіптік жауаптылық, мадақтау, материалдық техникалық жабдықтау, қай жерде істелініп жатқанына қарамастан, мейлі ол атқару, заң шығару н/е сот билігі, органдарда болсын, өзара ұқсас, бір типтес болып келетін, барлық мемлекетік органдардың ішкі ұйымдастырушылық қатынастары. Үшіншіден: Әкімшілік құқықтық пәніне, мемлекетік биліктік, құзыретке ие, мемлекетің атынан, бүкіл Қазақстан Республикасының аумағында әрекет жасайтын жалпымемлекеттік бақылау қызметі кіреді. Бақылау барлық мемлекеттік органдардың қабылданған нормативтік актілерді орындау мен іс әрекеттерінің заңдылығына ғана бағытталып қоймайды, олардың мақсаттылығын, қажеттілігінде қамтиды. Жалпы мемлекеттік бақылау прокурорлық бақылаудан ерекшеленеді. Жалпымемлекеттік бақылаудың қолданатын шаралары тәртіп бұзушылары қызметтен, жұмыстан шығару, ақшалай айыпұл салу сияқты тәртіптік сипатта болады. Төртіншіден: Әкімшілік құқығы пәні, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарау кезіндегі судьялар мен соттардың іс әрекеттерін қамтиды. Бұл жерде соттар әділ сот органы болып отырғаны мен, белгілі бір әкімшілік істі қарау кезде Әкімшілік кодекстің баптарына сүйенетіндіктен олардың қызметі әкімшілік құқықтың пәніне кіреді. Бесіншіден: әкімшілік құқық пәніне кейбір азаматтық қоғамның кейбір институттарына мемлекет өзінің жекелеген мемлекеттік биліктік құзыретіне беру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар да жатады. Себебі олардың көпшілігі әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі.
Билет № 27.
Азаматтық құқықтардың субъектілері.
Құқық бұзушылықтың ұғымы.
Сот төрелігі және оның қағидалары.
Есеп.
Ф.П.Соколов сот шешімі боынша айлығының 1\4 көлемін алимент ретінде баласына төлеуде. Бала аса қатты ауыруына байланысты анасы Соколовтан қосымша 20 мың тенге алу жөнінде сотқа шағым түсіреді. Сот қандай шешім қабылдуы мүмкін?
1. Азаматтық құқықтық катынастар д\з-қатысушылар бір бірімен субъектиті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс емес қатынастар.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатысушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет,сондай ақ әкімшілік аумақтақ бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғышарттары олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке ж\е азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.
Азаматтық құқықтық қабілеттік д/з-азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқатылады. Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінпайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттігі д/з-тұлғаның өзінің әрекетімен құқықты алу және іске асыру, міндеттерді орындай алу қабілеттігі. Тұлғаның әрекет қабілеттілігінің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген сияқты түрлері кездеседі. Құқық қабілеттілігінің бұндай түрлері адамның жасына байланысты бөлінеді.6 жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп есептеледі. Жартылай әрекет қабілеттілігі 6-14 жасқа дейінгі балалар тән. Олар ұсақ тұрмыстық мәнеі бар, пайда табуға бағытталған, бірақ нотриалды растау мен мемлекеттік міндетті ресми тіркеуді талап етпейтін мәмлелерді жасауға, өздерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға берілген құралдарды иелік жасауына құқықтары бар. Толық емес әрекет қабілеттілігі 14-18 жастағы азаматтар үшін мойындалады. Олардың әрекет қабілеттілігінің шеңбері 6-14 жасқа дейінгі балаларға қарағанда барынша кеңейтілген. 14-18 жастағы азаматар өздерінің оқу ақысы, еңбек ақысы сияқты кірістерін өз бетінше пайдалануға, авторлық құқықты алуға, кассаға ақша салуға, еңбек етуге құқықтары бар. Жеке тұлғалардың толық әрекет қабілеттілігі 18 жасқа, яғни кәмілетке толған кезде пайда болады. Шектелген әрекет қабілеттігі соттың шешімімен ішімдікке, нашақорлыққа салынып, өзін-өзі ұстай алмайтын азаматтарға қолданылады.
2. Құқық бұзушылық дегеніміз құқықтық талаптарды бұзудағы немесе оларды орындамау барысындағы əрекеттер (əрекеттіліктер немесе əрекетсіздіктер).
Құқық бұзушылықтың белгілері (нышандары):
а) қоғамға зияндылығы, қауіптілігі - құқық бұзушылықтың негізгі объективтік нышаны, айырымдық белгісі жəне оның заңнан құқыққа қайшы болу шегін ажыратуға негіз болатын объективтік тұғыры. Құқық бұзушылықтың қоғамға келтіретін зияны мен оның қауіптілігі қоғамға маңызды құндылықтар мен оның тіршілік ету жағдайларына қол сұғулардан тұрады;
б) кұқыққа қайшы келушілік - əрекеттің немесе əрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігін, зияндылығын заң атауы арқылы білдірілуі. Құқыққа қайшы (қарсы) келудің жəне ол үшін жауапты болудың шегін, мөлшері мен шамасын мемлекет анықтайды, əрі оны бекітеді де;
в) кінəлілік - басқаша айтқанда - құқық бұзушылыққа бару құқық бұзушының тысқарыдан ешбір ықпалсыз-ақ өзінің ерік-ықтиярын əлгіндей түрде білдіруі, ал мұның өзі кінəлі жүріс-тұрыс (мінез-құлық). Егер де жеке адамды таңдау еркі (ықтияры) болмаса, егер ол өзінің жүріс-тұрысының құқыққа қайшы келетінін жете түсінуге қабілеті болмаса, онда оның кінəлі əрекеті құқық бұзушылық болмайды да, ол объективті түрдегі құқыққа қайшы əрекеттік болып шығады. Сондықтан мұндай адам заң алдындағы жауаптылыққа тартылмайды;
г) əрекеттілік немесе əрекетсіздік түріндегі əрекеттер. Мұндағы əрекетсіздік түріндегі құқық бұзушылық - тұлға заңдық талаптарды орындауға міндетті бола тұрып, оларды орындамаған жағдайда болады;
д) жазаланушылық - мемлекет тарапынан мəжбүрлеу шараларының қолданылу мүмкіндігі.
Құқық бұзушылықтар əлеуметтік қауіптілігіне байланысты жəне зиян келтіру дəрежелеріне қарай қылмыстар жəне теріс қылықтар деп жіктеледі.
Қылмыстар қоғамға қауіптілігі (зияндылығы) жағынан барынша жоғары дəрежеде болатындығымен ерекшеленеді. Олар қоғамның ең маңызды, едəуір мəнді мүдделеріне нұқсан келтіреді. Мұндай ең маңызды, едəуір мəнді мүдделерге нұқсан келтірулер мен қол сұғулардан қылмыстық заңдар қорғайды. Жасалған қылмыстар үшін заң аса қатал жазалау шараларын белгілейді.
Теріс құқықтар - əлеуметтік зияндылығы мен қоғамдық қауіптілігі төмен дəрежеде болатындығымен ерекшеленетін құқық бұзушылықтар.
Теріс қылықтардың қоғамдық қауіптілік дəрежесін анықтауда төмендегідей айырымдық белгілері ескеріледі:
а) нұқсан келтірілген қоғамдық қатынастардың объект түріндегі маңыздылығының дəрежесі;
ə) келтірілген зиянның мөлшері;
б) құқыққа қарсы (қайшы) əрекеттің жасалу тəсілі, уақыты мен орны;
г) құқық бұзушының өз басы.
3. Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес Рес-публикада мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақ-тарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді.
Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұруы демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу мемлекеттің құқықтың жоғарылығы принципін, соның ішінде бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсе-теді. Құқық қорғау органдарының жүйесіндегі маңызды орын алатын мемлекеттің органдардың бірі-соттар.
Сот билігінің негізгі мақсаты – қоғамның мүшелерін кез келген бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыз-дығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлға-лардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады.
ҚР Конституциясының 75-бабында және “ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық Заңның 1-бабында аталғандай, “Қазақстан Респбликасында сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Сот төрелігі – бұл адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемле-кеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы. . Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:
1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.
Билет № 28.
Азаматтық құқықтардың объектілері
Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
Есеп. Жер заңымен жер учаскесін мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерге мәжбүрлеп алу белгіленген. Мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер деген не?
1. Азаматтық құқықтық катынастар д\з-қатысушылар бір бірімен субъектиті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс емес қатынастар. Ол екіге бөлінеді: құқық объектілер ж\е құқық суъектілері.
Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар,ақша соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер иен бұйымдар дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтары мен басқа да мүліктік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір – қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құүпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылывқ құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
2. Мемлекет д/з-белгілі бір аумақ шеңберінде, халықты басқаратын өз еркін ихтиярына көндіретін, халықтан салық жинайтын, барлығына бірдеі заңдар қабылдайды, басқару апараты бар саяси ұйым немесе саяси апарат. Құқық д/з жалпыға бірдей міндетті заңдар көрініс табатын, мемлекеттің күшімен қоғамдық қатынастарды реттейтін ереже қағидаларының жиынтығы н/е жүйесі. Ғаламда мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы үш түрлі пікір бар. Бірінші мемлекеттің объективті даму процесінде, іс әрекеттінің нәтижесінде құқық өмірге келіп, мемлекет пен бірге дамып келеді деп түсіндіреді. Сондықтан, құқық мемлекетке бағынышты болуға тиіс. Бұл пікірді қолдайтын ғаламдардың негізгі қатесі құқықтың мазмұнын толық түсінбеуінде. Олар құқықты тек мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілерінің жиынтығы деп түсінуінде. Екінші пікір мемлекет құқықтың объективті даму процесінде, іс әрекеттінің нәтижесінде өмірге келіп, құқық пен бірге дамып келеді деп түсіндіреді. Сондықтан мемлекет құқыққа бағынышты болуға тиісті. Құқық объективтік тұрғыдан мемлекеттен өмірге бұрын келді. Сондықтан басымдық артықшылық құқықта болуға тиіс. Бұл пікір бірінші көзқараста аз да болса шындыққа жақынырақ. Бірақ, бұл да бір жақты көзқарас. Үшінші пікір мемлекет пен құқық бір бірінің даму нәтижесінде өмірге келген жоқ. Олар қоғамның объективті дамуын, заңдылықтарын талаптарына сәйкес өмірге құқық бұрын келіп, мемлекет кейінрек келіп, екеуі тығыз байланысты дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл көзқарас құқық пен мемлекеттің мазмұнын арақатынасын тереңірек түсінуге, білуге толық мүмкіншілік береді. Сол арқылы мемлекеттік нигилизмге, құқықтық нигилизмгеде жол берілмей әшкереленеді. Мемлекет пен құқықтың арақатынасы объективті тұрғыдан қалыптасып, бір бірімен тығыз байланысты дамиды, оның дамуына сан қырлы ықпал, көмек жасайды.
3. Жалпы, атқарушы билік мемлекеттік биліктің бір тармағы болып табылады. Атқарушы билік – бұл заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктердің өкілеттіліктерін, әртүрлі бақылау түлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығы.
Атқарушы биліктің мақсаттары:
1) азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің аман-есен өмір сүруіне септігін тигізетін
жағдайлар жасау;
3) азаматтардың немесе ұйымдардың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру
үшін, адамдардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірлерінің
еркіндігіне жағдай жасау.
Атқарушы биліктің негізгі белгілері:
1) жан-жақтылығы –адамдар ұжымдары қызмет еткен жерлердің барлығында болуы және үздіксіздігі;
2) мәжбүрлеушілігі – күшке сүйенеді, ықпал ету шараларын жеке дербес жүзеге асыру мүмкіншілігі;
3) құралдылығы – құқықтық, ақпараттық, техникалық ұйымдық қорларының болуы;
4) ұйымдастырушылық сипатта болуы.
Атқарушы билік органдары - бұл қоғам мен мемлекеттің әкімшілік-саяси, әлеуметтік -мәдени, шаруашылық және сала аралық аумақтық міндеттерді жүзеге асыру үшін атқарушы-бұйырушы өкілеттілік берілген және құрылымы болатын әлеуметтік құрылым немесе ұйым.
Атқарушы билік органдарыныңөз құрылымы, құзырығы бар мемлекеттік аппараттың бір бөлігі болып табылатын ұйым және заңнамаға сәйкес құрылады. Мемлекеттің тапсырмасы бойынша қызмет етуге қатысуға құқық берілген, атқарушы-бұйырушы қызмет ету тәртібінде шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси сфераларға күнделікті жетекшілік етуге, сала аралық басқарумен шұғылдануға арналған.
Атқарушы билік органдары әртүрлі негіздер бойынша классификацияланады.
1) құзырлығының көлемі мен сипаты бойынша:
а) жалпы құзырлы органдар - көптеген сфералардың қызметтеріне басшылық жасайтын органдар, мысалы, ҚР Үкіметі, жергілікті атқару органдары;
б) салалық құзырлықтағы органдар - басқарудың жеке сфераларын және салаларына басшылық ететін органдар, мысалы, министрліктер;
в) ішкі салалық құзырлықтағы органдар - сала шегінде тапсырылған жұмыс учаскелерінің шегінде басшлық ететін органдар, мысалы, министрліктердің теорриториялық органдары
г) сала аралық құзырлықтағы органдар - бұл барлық немесе көптеген басқару салалары мен сфералары үшін арнайы функцияларды атқаратын органдар.
2) ұйымдық-құқықтық нысандарына байланысты:
а) министрліктер; б) мемлекеттік комитеттер; бас басқармалар; агенттіктер; департаменттер; бөлімдер;
3) ведомство қарамағындағы сұрақтарды шешу тәртібі бойынша:
а) алқалық-осы органның құзырлығындағы барлық сұрақтар бойынша шешім қабылдау басымдылығы ұйымдастырылған және заңды түрде біріктірілген тұлғалардың топтарына берілген органдар, мысалы, үкімет. Алқалы органдарда шешім олардың мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
б) дара басшылық органдар - бұл осы органның құзырлығына берілген барлық сұрақтар бойынша шешуші билік органды басқаратын жетекшіде болатын органдар, мысалы агенттіктер.
4) қызметінің аумақтық масштабына байланысты:
а) орталық атқару органдары, мысалы, ҚР министрліктері;
б) жергілікті, мысалы, әкімшіліктер;
в) аумақаралық;
4) құрылу тәртібі бойынша:
а) ҚР Президенті құратын органдар, мысалы, агенттіктер;
б) жоғарғы атқарушы билік органдары құратын.
5) қаржыландырылуына байланысты:а) мемлекеттік бюджеттік;б) шаруашылық есебінен.
Билет № 29.
Неке қатынастарының құқықтық жағдайы.
2. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
3. ҚР коституциялық құқықтың түсінігі, пәні, реттеу әдістері.
4. Есеп. Мәслихат депутаты Сейдахметов тергеушімен куә ретінде жауап беруге шақырылды. Тергеушінің әрекеті заңға сай ма?
1. Неке д\з ерлі зайыптылар арасындағы мүліктікж\е мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті ж\е толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Ал отбасы д\з - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Неке ж\е отбасы туралы барлық мәселелер 1998жылдын 17 желтоқсаннында қабылданған «неке ж\е отбасы» туралы заңымен реттеледі. «Неке ж\е отбасы» туралы заңның 3-бабына сәйкес Неке-отбасы заңдарымен реттелетін қатынастар:
1) некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;
2) отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
4) азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.
2. Мемлекет – басқару функциясын орындайтын жəне соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететі, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Мемлекеттің шығуы туралы түрлі теориялар бар. Осы құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм ілімі мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа – қанаушы жəне қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нəтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым – мемлекет пайда болады. Теологиялық (діни) теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Патриархалдық теория мемлекет пен құқықтың шығуын отбасының дамуымен байланыстырады. Отбасының қожасы ер адам, ол отбасын өз еркімен билейді, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды реттейді. Сөйтіп, отбасы мүшелерінің белгілі бір тəртіпке бағынып, қалыптасуының жөн-жобаларын аныктайды. Келісім-шарттық теория мемлекет пен құқықтын шығуын, пайда болуын адамдар арасындағы келісім-шартпен байланыстырады. Тағылық дəуірде адамдар өмір сүру үшін бірімен-бірі жауласып, соғысып, əбден береке-касиеті кетеді. Сондай кауіпті, келіссіз өмірден құтылу үшін адамдар өзара ымыраға келісіп, шартқа отырады. Соның нəтижесінде мемлекет құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды, лайықты өмір сүруге жағдай туғызуды міндеттейді. Қоғам мүшелері де заң талаптарына бағынатыны туралы міндеттеме алады, деп түсіндіреді бұл теорияны жақтайтындар. Күштеу (зорлау) теориясы мемлекет пен құқықтың шығуын зорлық-зомбылықпен байланыстырады. Күшті тайпалар əлсіз тайпаларды жаулап алып бағындырып, олардың қарсылығын басып тұру үшін мемлекет жəне оған тəн басқару, күш қолданатын органдарды құрады дейді.
3. Конституциялық құқық д/з- ҚР конституциялық құрлысының, адам мен азаматтың мәртебесінің, мемлекеттік құрлымының, мемлекеттік билік органдар жүйесінің, жергілікті мемлекеттік ж/е өзін-өзі басқарудың негіздерін реттейтін, құқықнормаларының жиынтығынан тұратын құқықтың бір саласы. Конституциялық құқық тұлғаның құқық мәртебесі мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрлысын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Сондықтан мемлекеттің құрлымына, адам мен мемлекет арасындағы қатынасқа, мемлекеттік билікті іске асыру мен ұйымдастыруға байланысты қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың оқытатын пәні болып табылады. Конституциялық құқықтық қатынастар төмендегідей әдістердің көмегімен реттеледі:1) міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады. ҚР Конституциясының 18-бабында “мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар ж/е бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен,шешімдермен ж/е ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті”;2)тыйым салу әдісі бұл әдіс көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрлымдарға қатысты қолданылады. Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана қолданылады. Конституция заңда қаралмаған әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.3)рұқсат беру әдісі мұндай әдіс көп жағдайда адамның ж/е азаматтың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады. М: әркімнің, заңмен белгіленген басқа ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп тұруын ж/е тұратын орнын еркін таңдауын айтуға болады. Рұқсат беру әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттілігін белгілеу кезінде де қолданылады.4)тану әдісі кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерге мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс объективті фактордан адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.
Билет № 30.
1.Некеге тұрудың шарттары.
2.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
3.Отбасының құқықтық жағдайы.
4.Есеп. Ғылыми-зерттеу институтының ұжымы кезінде өздері ұсынған депутат Қаптағановтың есебін тыңдау туралы шешім қабылдады. Бірақ Қаптағанов өзінің басқа елдің азаматтығын алуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтатқанын айтып, есеп бермейтінін хабарлады. Қаптағановтың әрекеті заңға сай ма ?
1. Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
«Неке ж\е отбасы туралы» заңның 9-бабына сәйкес Некеге тұру шарттары:
1. Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.
2. Неке осы Заңның 11-бабында аталған мән-жайлар болған жағдайда қиылмайды.
Ал 11-бабқа сәйкес араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар:
Некеге тұруға:
1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың);
3) асырап алушылар мен асырап алғандардың;
4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.
Осы заңның 13-бабына сәйкес Некеге тұру тәртібі былай анықталады:
1. Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін. Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.
2. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.
3. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады.
2. Еңбек д/з- адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани ж/е басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын ж/е онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың саласы. Еңбек құқығы-еңбек қатынасын реттейтін құқық нормаларын жиынтығы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты-жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу ж/е заңсыздыққа жол бермеу. Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалды ж/е рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады. Еңбек құқығы әдісі-еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек құқығының әдісі-еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар сонымен қатар тығыз байланысты басқа қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшіліктерінің барынша жалпылама көрнісі. Еңбек құқығы әдістерін мынадай белгілермен:
1) еңбектік құқықтық қатынастар ж/е солардың негізінде туындайтын басқа да қатынастарды реттейтін императивтік ж/е диспозивтік нормалардың қосындысымен;
2) еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті ж/е шартты әдістердің қосындысымен;
3) әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеу әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен;
4) жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралп жіктелінуі;
5) еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітумен сипатталады.
3. Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Ал отбасы деп некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Неке ж\е отбасы туралы барлық мәселелер 1998жылдын 17 желтоқсаннында қабылданған «неке ж\е отбасы» туралы заңымен реттеледі.
«Неке ж\е отбасы» туралы заңның 3-бабына сәйкес Неке-отбасы заңдарымен реттелетін қатынастар:
1) некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;
2) отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
4) азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.
Сонымен қатар осы заңның 6-бабына сәйкес Неке-отбасы қатынастарындағы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру былай жүзеге асады:
1. Егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар өздеріне тиесілі неке-отбасы қатынастарынан туындайтын құқықтарды, оның ішінде осы құқықтарды қорғауға арналған құқықты өз қалауы бойынша қолданады. Неке-отбасы құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерді орындау отбасының басқа мүшелері мен құқықтың өзге субъектілерінің құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.
2. Неке-отбасы құқықтары заңмен қорғалады, бұған осы құқықтардың мақсатына қайшы келетін жағдайлар қосылмайды.
Билет № 31.
1. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
2. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
3.Мемлекеттің территориялық құрылымы (нысаны).
4. Есеп. Сапарғалиев тұрғын үй салу үшін банктен несие алып, кепілге жер учаскесін қалдырды. Бұл учаскеде Сапарғалиев салған үй кепілге кіре ме?
1. Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады. Мемлекеттің қызметі дегеніміз оның мәні мен табиғаты көрінетін іс-әрекетінің басты бағыты. Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған ортаға, әлеуметтік топтарға, жеке адамдарға немесе басқа мемлекеттергебағытталады. Мемлекеттің қызметтеріне экономикалық, әлеуметтік , мәдени-тәрбиелік, саяси, табиғатты қорғау, әскери, қорғаныс,халықаралық қылмыспен күрес т.б жатады. Мемлекеттің қызметтері бірнеше топтамаларға бөлінеді. Мысалы, мемлекет қызметінің маңыздылығына қарай олар негізгі және қосымша, уақыт жағынан тұрақты, уақытша, кеңістіктегі әрекетіне байланысты: жалпы мемлекеттік (жалпы ұлттық) және аймақтық, жалпы маңызды мақсаттардың атқарылу саласына байланысты: ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі., Мемлекеттік қызмет туралы заңның 8-бабында: 1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; 2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге; 3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға; 4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға; 5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге; 6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына; 7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне; 8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға; 9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге; 10) бiлiктiлiгi мен қабiлетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескерiле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға; 11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге; 12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына; 13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға; 14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға; 15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға; 16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
2. Еңбек д/з- адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани ж/е басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын ж/е онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың саласы. Еңбек құқығы-еңбек қатынасын реттейтін құқық нормаларын жиынтығы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты-жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу ж/е заңсыздыққа жол бермеу. Еңбек құқығы мынадай қағидаларға негізделеді:
Тараптар өкілдерінің өкілеттілігі
Тараптардың тең құқықтылығы
Талқылау үшін енгізілетін мәселелер тізбесін таңдау еркіндігі
Міндеттемелер қабылдау еріктілігі ж\е тараптардың оларды орындау міндеттілігі
Тараптардың мүдделерін құрметтеу
Еңбек кодексін сақтау
Тараптардың, олардың өкілдерінің келісім бойынша кабылдаған міндеттемелерді өзінің кінәсінен орындамағаны үшін жауаптылығы болып табылады.
Еңбек құқығының қайнар көздері-күрделі, көп деңгейлі құрлым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрлымының ішкі бірлігін көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі заңдық күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды. Еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орын алатын 2007ж 15 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі». Кодекс жалпы ж/е ерекше бөлімнен, 6 бөлімнен,40 тараудан,341 баптан тұрады. Сонымен қатар ең негізгі қайнар көзі ҚР конституциясы.
3. Мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.Ол екіге бөлінеді: басқау ж\е құрылымдық нысаны.
Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің және осы бөліктерді әрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты. Барлық мемлекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.
Жай немесе біртұтас мемлекет – бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтас мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды, бұл мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманың ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болады.
Күрделі мемлекет – бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одақтастықтар жатады.
Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер, бұларда құрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық деңгейі әр түрлі болған. Империялардың басты ерекшелігі – олардың құрамдас бөліктерінің ешқашан ортақ мемлекеттік-құқықтық мәртебесі болмаған.
Конфедерация империяға қарағанда ерікті негізде құрылады. Бұл нақты бір тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсатарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы.
Федерация – бұл күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады;
Достастық – бұл ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір деңгейімен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі. Оларды біріктіретін белгілер экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болуы мүмкін.
Одақтастық – бұл қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы нысан. Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекетаралық шарт болады.
Билет № 32.
1. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
2. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
3. Зайырлы мемлекет.
4. Есеп. Журналист Наурызбаева шетел азаматына тұрмысқа шығып Біріккен Араб Әмірліктеріне көшіп кетті. Бірақ жүктілік және туу кезінде Қазақстанға келіп, осында бала туды. Наурызбаеваның баласының азаматтығы қалай анықталады?
1. Құқықтық сана — Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарына жəне қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Құқықтық сана коғамдық сананың жеке бір саласы болып табылады. Ол құқықтық болмысты заң білімдері, құқықты бағалау жəне оны жүзеге асыру практикасы, құқықтық мақсаттар, құндылық бағдары түрінде бейнелейді. Осы аталған бес бейне (заң білімдері; құқықты бағалау жəне оны жүзеге асыру практикасы; құқықтық мақсаттар; құндылық бағдары (əрине бұлар құқықтық сананы бейнелейтіндер) заңдық мəні бар жағдайлар туындағанда адамдардың жүріс-тұрыстарын реттейді.
Құқықтық сананың функциялары:
а) танымдық;
б) бағалау;
в) реттеу.
Құқықтық сананың танымдық функциясына – құқықтық сана арқылы өмірдегі болмысты тану жүріп жатқандығы жатады;
Құқықтық сананың бағалау функциясына құқықтық сананың көмегі арқылы заңды маңызы бар өмірдегі нақты болмыстық жағдайларға баға берілетіндігі жатады. Құқықтық сананың реттеу функциясы дəлелдер жүйесі, бағалаулықтар бағдарлары, құқықтық мақсаттар арқылы жүзеге асырылады.
Құқықтық мəдениет — қоғамның құқықтық болмысының сапалық күйі. Бұл күй құқықтық актілердің, құқықтық жəне құқық қолданушылық қызметтің қаншалықты деңгейде екендігін білдіреді.
Осы сапалық күй тұлғаның құқықтық санасын, құқықтық дамуын, оның жүріс-тұрыс еркіндігі дəрежесін, мемлекет пен тұлғаның өзара жауаптылығы деңгейін де білдіреді. Жəне де бұл күй қоғам дамуына жəне қоғамның тіршілік ету жағдайларына ықпал жасап қолдау көрсетудегі қол жеткізілген деңгейін де көрсетеді.
Тұлғаның құқықтық мəдениеті - құқықты білу, ұғыну (түсіну) жəне құрметтеуден (құрмет тұтудан) тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді (көрінеді).
2. конецформыначалоформы Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауда ерікті. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Ерлі зайыптылардың мүліктік емес жеке құқықтары. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы. Сонымен, ерлі зайыпылардың мүліктік емес қатынастарына айналысатын ісін, кәсібін, мамандығын, тұратын жерін, аты жөнін, тегін таңдау еркі жатады.
Ерлі зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі- зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлі- зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлі- зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі.
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі: 1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік;2) ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі;3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқкиім және басқалар). Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін.
3. Зайырлы мемлекет – бұл мемлекеттің діннен бөлінуі. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Белгілері:
1) дін мен мемлекет бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды – діни бiрлестiктер қандай да болсын мемлекеттiк қызметтер атқармайды, дін мемлекеттің саясатына, сайлауларға, мемлекет-тік органдардың қызметіне, білім беру жүйесіне араласа алмайды, мемлекет те дiни бiрлестiктердiң қызметiне, егер ол заңға қайшы келмесе, араласпайды;
2) мемлекет дiни бірлестiктердi қаржыландырмайды;
3) барлық дiндер мен діни бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Еш-бiр дiн немесе дiни бiрлестіктер басқаларға қарағанда ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды;
4) діни сипаттағы партияларды және өзге де саяси құрылым-дарды құруға, сондай-ақ дiни бiрлестiктердің саяси партиялар қызметiне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берiлмейдi;
5) міндетті дін болмайды, әркім қандай дінді ұстанам десе, бала-ларын қандай дінде тәрбиелеймін десе өзі біледі, яғни діни сенім бостандығы танылады. Дiнге деген, құдайға құлшылық жасауға, дiни жоралар мен рәсiмдерге, дiндi оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезiнде қандай да бiр күштеп мәжбүр етуге жол берiлмейдi;
6) дiни бiрлестiктердiң қызметшiлерi саяси өмiрге барлық аза-маттармен бiрдей тек өз атынан ғана қатыса алады;
7) діни бiрлестiктер заң талаптарын және құқық тәртiбiн сақтау-ға мiндеттi. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлен-ген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi және т.б.
Билет № 33.
1. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
2. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
3. Федеративті мемлекет.
4. Есеп. С. азаматы өз көлігінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті және сол үшін жол полиция қызметкерімен тоқтатылды. С. құқықтың қай саласының нормаларын бұзды : азаматтық құқық, еңбек құқығы, әкімшілік құқығы, көлік заңдарын.
1. Сайлау жүйесі – бұл мемлекеттің өкілді, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен сайланбалы лауазымды тұлғасын (Президент) құрудың заңмен бекітілген тәртібі, яғни кандидат-тарды ұсыну мен дауыстарды санаудың жүйесі. Басқаша айтқанда, сайлауларды ұйымдастыру мен өткізудің нақты амалы. Сайлау жүйесінің екі түрін көрсетуге болады: мажоритарлық сайлау жүйесі және бара-бар өкілдік (пропорционалдық) сайлау жүйесі. Тарихи тұрғыда алғашқы сайлау жүйесі болып мажоритарлық жүйе табылады. Оның негізінде көпшілік қағидасы жатыр, яғни белгіленген көпшілік дауыс санын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Бұл көпшіліктің қандай болатындығына байланысты мажоритарлық жүйе өз кезегінде әдетте үш түрге бөлінеді:
1. Салыстырмалы көпшілік мажоритарлық жүйесі – бұл ең қарапайым сайлау жүйесі. Мұнда қарсыластарына қарағанда дауыстардың ең көбірек санын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Қазақстанда Президентті және Сенаттың сайланатын депутаттарын сайлаудың екінші турында (қайта дауыс беру) және маслихат пен өзге де жергілікті өзін-өзі басқару орган-дарына сайлау кезінде салыстырмалы көпшілік жүйесі қолда-нылады.
2. Абсолюттік көпшілік мажоритарлық жүйе – сайлану үшін дауыстардың абсолюттік көпшілігін, яғни жалпы санының жартысынан астамын алу талап етіледі. Қазақстанда бұл жүйе бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) жартысынан астамының дауысын алуы қажет.
3. Квалификацияланған көпшілік мажоритарлық жүйе – тиісті сайлау жүйесінде квалификацияланған көпшілік дауыс санын алған кандидат сайланған болып есептеледі. Квалифика-цияланған көпшілік дауыс саны заңмен белгіленеді және ол абсолюттік көпшілік дауыс санынан жоғары болып табылады. Қазақстанда бұл жүйе қолданылмайды.
Бара-бар өкілдік (пропорционалдық) сайлау жүйесі бойынша Қазақстанда Парламент Мәжілісінің 98 депутаты сайланады. Бұл жүйенің басты идеясы мынада: әрбір саяси партия парла-ментте сайлаушылардың өзі үшін берген дауысына бара-бар болатын (сай келетін) мандаттар санын иеленеді. Бұл жүйе салыстырмалы түрде шағын партиялардың да парламентте өкіл-діктерінің болуына кепілдік береді және бұл жүйеде сайлаушы-лар дауысын нақты кандидаттарға емес партиялық тізімге береді.
Республикамызда сайлауларды әзірлеу мен өткізуді мемлекеттік сайлау органдары ұйымдастырылады. Бұл органдар бірыңғай жүйе құрайды. Мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне:
1) Орталық сайлау комиссиясы;
2) Аумақтық сайлау комиссиясы;
3) Округтік сайлау комиссиясы;
4) Учаскелік сайлау комиссиясы кіред.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 5 жыл. Орталық сайлау комиссиясы төрағадан және алты мүшеден тұрады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен екі мүшесін Президент, екі-екіден төрт мүшесін Парламент палаталары тағайын-дайды. Қалған сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті маслихаттар сайлайды және олар жеті адамнан құралады.
2. Халықаралық құқық – бұл мемлекеттер, сондай ак халықаралық қатынастарға қатынасатынт басқа да кейбір құрылымдар арасындағы әртурлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды реттейтін құқық саласы. Ол ішкі мем\к құқықтың ерекше жуйесі ғана емес. Халықаралық құқық д\з халықаралық қатынастарды реттейтін ж\е біршама келісілген мем\ң еркін білдіретін келісімдік ж\е әдеттегі нормалары мен принциптері жуйесі б\т. Халықаралық құқықты сақтау халықаралық құқық белгілеген шектер мен нысандарда мем\ң жеке ж\е ужымдық шаралары арқылы жузеге асырылады. Құқық анықтамасы халықаралық құқыққа да жатады, бір ғана өзгешелігі, әрбір анықтау элементінің халықаралық құқықта өз ерекшелігі бар. Мәселен, халықаралық құқыққа құқықтың мынадай дәстурлі белгілері тән: мем\к -еріктік сипаттағы құбылыс; заңдық нормалар белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттейді; мәжбурлеу халықаралық- құқықтық нормаларды сақтауды қамтамасыз етеді. Халықаралық құқықтың негізгі принциптері халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтың осы заманғы жуйесінің аса маңызды заңдылықтарын білдіреді. Принциптер жуйесіне мыналар тән: әмбебаптық, жалпытанылғандық, жалпыміндеттілік, турақтылық. Бұл соңғылардың халықаралық құқық жуйесіндегі орнын, олардың қалыптасу ерекшеліктерін алдын ала анықтайды. «егер жалпыхалықаралық құқықтың буйрықты нормасы норма болып саналса, мемлекеттердің біртутас халықаралық қауымдастығы қабылдаса ж\е таныса...» негізгі принциптер құқықтық нысанаға ресімделеді. БҰҰ жарғысы, екінші бабында негізгі принциптері ж\е оларды қамтамасыз ету шаралары белгілеген. Оған қоса, негізгі принциптер мазмуны 1970 жылғы халықаралық құқық принциптері туралы декларацияда ашып корсетілген. 1975 Хельсинки кеңесі Европадағы қауіпсіздік ж\е ынтымақтастық жөніндегі Қорытынды актісінде негізгі принциптер мазмунын дамыта туседі. Негізгі принциптерді нақты іске асыру мем\ң келісім практикасында кезедсіп отырады. Принциптер жуйесіндегі бейбіт қатар өмір суру принципінің, біздіңше, жинақтау сипаты бар. Бейбітшілікті қолдау ж\е халықаралық кауіпсіздік негіздерін сипаттайтын принциптерге: аумақтық тутасытқ принципі; куш қолдануға ж\е қоқан лоқыға тыйым салу; туындаған халықаралық жанжалдарды бейбіт жолмен шешу принципі; шекаралардың мызғымастық принципі жатады. Халықаралық ынтымақтастық принципі, біріншіден, мем\ң егемендік теңдігімен; екіншіден, ішкі ісіне қол суқпаущылықпен; ушіншіден, мем\ң әртурлі салаларда қарым қатынас жасауымен; тортіншіден, мем\к егемендігін сыйлаумен; бесіншіден, өөзіне қабылдаған міндеттемелерін адалдықпен орындаумен сипатталады. Адам құқығын қорғау тетігін анықтау ушін адам құқығы мен негізгі бостандығын құрметттеу принципінің, халықтар мен улттардың өзін өзі басқару принципінің маңызы улкен. Халықаралық жариялылық құқығының ерекше қасиеттерін анықтай отырып, таным көздері жуйесіне, халықаралық көпшілік құқығының субъектілік құрамына, жауапкершілік институтының ерекшеліктеріне жеке жеке тоқталу қажет.
3. Əрбір мемлекеттің аумағында мемлекеттің аумақтық құрылымы оның ішкі құрылысын анықтайтын құрамды бөлшектерге бөлінеді. Сол аумақтық құрылымның көлемінде мемлекеттің аумақтық бөліктерінің жүйесі қалыптасады. Солардан мемлекет, мемлекет органдарының байланыс жүйесі түзіледі. Мемлекеттің тұтастай жəне оның əрбір аумақтық бөлігінің құқықтық мəртебесінің сипаты да соған байланысты болады. Мемлекет аумағының аталған түзілімін мемлекеттік құрылым дейді. Демек, мемлекеттік құрылым - тұтастай мемлекет пен оның бөліктерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы болып табылады.
Мемелекеттік құрылымына байланысты барлық мемлекеттер қарапайым (унитарлы) жəне күрделі болып екі топқа бөлінеді. Соның бірі:
Федерация – бұл мемлекет күрделі одақтық мемлекет, оның құрамдас бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады. Олардың белгілі бір мөлшерлі шамада (дəрежеде) егемендігі болады. Федерациялық одақ децентрализациялау қағидатына негізделеді.
Федерацияда жоғарғы федералдық органдар жəне федералдық заң қабылдау жүйелерімен қатар федерация субъектілерінің жоғары органдары мен заң қабылдау жүйелері қатарласа өмір сүреді, федерацияда қос арналы салық жүйесі орын алады. Федерацияның нысандық белгісіне қосарланған азаматтықтың болуы жатады. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағидат бойынша құрылуы мүмкін. Мысалы, АҚШ мемлекеті федерация-штаттардың 51 субъектілерінен, ал Ресей Федерациясы – 89 федерация субъектілерінен (Республикалар, округтер, өлкелер жəне т.б. тұрады). Гермения- 10-нан аса федерация – жерлер субъектілерінен тұрады.
Билет № 34.
1. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
3. Бала құқықтары.
4. Есеп. Келесі актілердің қайсысын әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне жатқызуға болады : заң, кодекс, жарлық, қаулы, бұйрық, инструкция, ереже, телефонограмма, әдістемелік нұсқау. Өз актілерін шығару құқығына қандай мемлекеттік органдар ие болады?
1. Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады.
Мемлекеттің басқару нысаны - мемлекеттегі жоғары егемендік биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара жəне халықпен байланысын сипаттайды. Басқару нысаны мемлекет нысанындағы ең басты жетекші элемент болып табылады.
Монархия – мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы болады жəне атадан балаға мұра (мирас) ретінде беріледі (өтіп отырады).
Монархияның үш түрі болады: а) Шексіз (абсолюттік) монархия. Бұл жерде монарх мемлекеттің бірден бір жалғыз, ең жоғары органы. Оның қолында заң қабылдау, атқару, жəне сот биліктері шоғырланған. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны СаудАравиясы, Біріккен Араб Əмірлігі елдерінде орын алған.
б) Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия, басқарудың мұндай нысанында елдегі билік (өкімет) монарх пен басқа органдарға бөлінген болып келеді.
в) Дуалистік монархия. Басқарудың бұл нысанында елдегі мемлекеттік билік монарх пен парламент араларында тең бөлікке түскен болып келеді.
Республика. Басқарудың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік (өкімет) сайланбалы органдарға тиесілі болып келеді. Мұндай органдар белгілі бір мерзімге ғана сайланады жəне олар сайлаушылар алдында жауапты болады.
а) Президенттік республика басқарудың бұл нысанында президенттің жеке өзі, парламенттің қатысуымен үкіметті құрады. Үкімет өзінің қызметтері бойынша президент алдында жауапты болады. Басқарудың мұндай нысаны қазіргі заманда Америка Құрама Штаттарында жəне Қазақстанда орын алған.
б) Парламенттік республика. Мұндай басқару нысаны бар елде парламент заң қабылдайтын ғана емес, сонымен бірге үкіметті бақылайтын да орган болып табылады. Мұндағы президент – мемлекет яғни ел басшысы, ол үкімет басшысы емес. Мұнда үкіметті партиялар құрады. Үкіметке премьер-министр жетекшілік етеді (басқарады) (премьер-министр лауазымы басқаша аталуы мүмкін).
Мемелекеттік құрылымына байланысты барлық мемлекеттер қарапайым (унитарлы) жəне күрделі болып екі топқа бөлінеді.
Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтық құрылымында басқа мемлекеттер болмайды. Осы мағынада унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет деп аталады. Унитарлық мемлекет, əдетте тек əкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлінеді де, мелекеттің əкімшілік-аумақтық құрылымын құрайды. Əкімшілік-аумақтық бөліктерге ерекше құқықтық мəртебе берілмейді. Мұндай мемлекетте бір ғана Конституция, бір ғана заң шығаратын жоғары орган, бір ғана жоғары басқару органы, біртұтас азаматтық болады. Қазақстан Республикасы – унитарлық мемлекет.
Унитарлық мемлекет – тұтас орталықтандырылған мемлекет. Оның əкімшілік-аумақтық бөліктерінде мемлекеттік құрылым мəртебесі жəне егемендік құқықтар болмайды. Унитарлық мемлекетте жоғарғы органдардың, заң қабылдаудың, соттардың бірыңғай жүйелері құрылады. Онда бірыңғай азаматтық жəне бір арналы салық жүйесі болады.
Күрделі мемлекет – мұндай мемлекеттердің құрамдас бөліктерінің белгілі бір дəрежеде дербестігі болады. Күрделі мемлекеттерге империя конфедерация, федерация, достастық жəне бірлестіктер құрған мемлекеттер жатады.
Империя – күш жұмсаудың нəтижесінде құрылған күрделі мемлекет. Бұл мемлекеттің құрамдық бөліктері жоғарғы өкімет (билік) орындарына тəуелді болып келеді. Империялардың бір ерекшелігі, олардың құрамдық бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік-құқықтық мəртебе болған емес. Мысалы, тарихта белгілі Рим империясы, Британия империясы жəне т.б. жатады.
Конфедерация – белгілі бір тарихи кезеңде, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін егеменді мемлекеттердің уақытша жасасқан келісімдері бойынша құрылған одақ.
Федерация – бұл мемлекет күрделі одақтық мемлекет, оның құрамдас бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады. Олардың белгілі бір мөлшерлі шамада (дəрежеде) егемендігі болады. Федерациялық одақ децентрализациялау қағидатына негізделеді.
Достастық – белгілі бір дəрежеде тектес болып келетін ортақ белгілерімен (нышандарымен) сипатталатын мемлекеттердің ұйымдасқан түрдегі бірлестігі. Мұндай бірлестікті біріктіретін белгі (нышандары) экономикаға, құқық жүйесіне, тіл, мəдениет, дін салаларына қатысыты болып келеді. Мысалы Еуропа Одағы жəне т.б.
Саяси режим дегеніміз мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру əдістеренің жиынтығы.
Саяси режимдердің түрлері:
а) демократиялық;
б) антидемократиялық.
Антидемократиялық саяси режим өз кезегінде:
а) авторитарлық;
б) тоталитарлық;
в) фашистік режимдер болып жіктеледі.
Демократиялық саяси режимның белгілері:
1. Əр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында əрекет етеді, қызмет атқарады.
2. Идеологиялық плюрализм, яғни, қоғамда əр түрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына жəне үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.
3. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.
4. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мəнінде, қамтамасыз етьу кепілдері жасақталады.
Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:
1. Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады.
2. Идеологиялық плюрализм болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады.
3. Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.
4. Демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.
5. Жаппай қуғын-сүргін жəне заңсыздықтар орын алады.
6. Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі
7. сипаты персонофикацияланады, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура (шексіз билік) орнатады.
Тоталитарлық режимның белгілері:
1. Мемлекетте бір ғана саяси партия үстемдік етеді, ол мемлекеттік биліктің ұйтқысы болады.
2. Бір ғана идеология үстемдік етеді, идеологиядағы плюрализмге төзбеушілік етек алады.
3. Қоғамда жеке адамға табыну мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.
4. Мемлекет əкімшіл-əміршіл жүйе арқылы басқарылады.
5. Азаматтардың құқықсыздығы, олардың жүріс-тұрысы мен іс-əрекеттерінің жөн-жобасы қатал түрде реттеліп, жүзеге асырылады.
6. Шектен шыққан əлеуметтік бөспелік (демагогия) орын алады.
2. Жеке адамның, әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі іс-әрекеті н/е әрекетсіздігі н/е заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:
1) қоғамдық қауіптілігі – қоғамға, мемлекеттке, адамдардың мүдделеріне зиян келтіретін әрекет, өзінің әлеуметтік маңыздылығы жағынан қоғамға қарсы болып табылады. Бүндай қоғамға қауіпті әрекеттің жауаптылығы әкімшілік заңдармен анықталады;
2) әкімшілік құқықтың және басқа да еңбек, жер, қаржы құқықтарының нормаларын бұзатын іс – қимылдың құқыққа қайшы келетіндігі;
3) кінәлілігі – егер де құқық бұзған тұлға кінәлі деп табылса, яғни ол құқық бұзушылықты қасақана не абайсызда жасаған болса, заң тұлға жасаған іс – қимылды құқыққа қайшы деп санайды;
4) іс – қимылдың жауаптылығы – заңмен жауаптылық белгіленген іс – қимыл әкімшілік құқық бұзылушылық деп танылады.
Кез келген ә к б іс қимылды құқыққа жат, теріс қылық ж\е оны жасаған субъектіні әкімш жауапақа тарту үшін, оның өзінің құрамы болу керек. Әкімшілік құқық бұзушіліқтың құрамы д\з әкімшілік заңдармен бекітілген, әрекеттің не әрекеттісіздіктің құқыққа қайшы, кінәлі ж\е әкімшілік жауапқа тартуға болатындығын, не болмайтындығын анықтауға көмекетесін белгілер.Ә к б құрамына оның объектісі, объективтік жағы, субъектісі, субъективтік жағы.
Объектісіне әкімщілік заңдармен қорғалатын, белгілі бір іс қимыл қауіп төндіретін қоғамдық қатынастар жатады.
Объективті жағы ә қ б-тың сыртқы көрінісін, іс кимылдың өзін көрсетеді. Көп жағдайда құқық бұзушылықтың объективті жағына тәсілдерінің, сипаттарының белгілерін, құқық бұзушылықтың орны мен уақыты, зиянының салдары, қолданылған құралдардың түрлері жатқызылады.
Ә қ б субъектісіне ә қ б жасаған жеке ж\е заңды тұлғалар жатады.
Ә қ б субьективті жағы д\з өзі жасаған әрекетке не әректсіздікке деген тұлғаның психикалық қатынасы. Субъективті жақтарының бегілеріне кінә, мақсат, себеп жатады.
3. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы. Он сегіз жасқа(кәмелетке ) толмаған адам бала деп танылады. Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы , олардың қамқорлығына құқығы , өзінің мүделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар. Баланың ата – анасының екеуіменде ,аталарымен, әжелерімен , аға-інілерімен, апа-сіңілілермен (қарындастарымен ) және басқа туыстарымен қ қарым қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым- қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті. Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар. Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі бойынша қойылады, аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі. Әкесі атын өзгерткен жағдайда оның кәмелетке толмаған балаларының әкесінің аты-жөні өзгереді, ал кәмелетке толған балалардың әкесінің аты- жөні бұл туралы өздері арыз берген жағдайда өзгертіледі. Ата-анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін. Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі. Егер ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, аты-жөнін қорғаншы және қамқоршы орган қояды. Баланың осы Заңның 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде өзінің ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерінен асырау қаражатын алуға құқығы бар. Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретінде тиесілі сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билік етуіне келіп түседі және оны олар баланы асырап-бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды. Баланың өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртібімен алған кірістерді, мүлікті, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлікті меншіктенуге құқығы бар. Өз еңбегінен кіріс алған бала, егер ол ата-анасымен бірге тұрса, отбасын асырау жөніндегі шығыстарға қатысуға құқылы. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-анасы (олардың орнындағы адамдар), ал осы заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады. Кәмелетке толғанға дейін заңға сәйкес әрекетке толық қабілетті деп танылған кәмелетке толмаған адамның өз құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қорғалу құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар. Баланың ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде ата- анасының (олардың біреуінің немесе олардың орнындағы адамдардың) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу, оған білім беру жөніндегі міндеттерін орындамауы кезінде немесе тиісті дәрежеде орындамауы кезінде не ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) құқығын теріс пайдалану кезінде бала қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғанда - сотқа өзінің құқықтарын қорғау үшін өз бетінше өтініш жасауға құқылы. Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгендігі туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған ұйымдардың лауазымды адамдары мен өзге де азаматтар ол жөнінде баланың іс жүзінде тұратын жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті. Мұндай мәліметтерді алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.
Билет № 35.
1. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
2. Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.
3. Табиғат пайдаланудың түрлері.
4. Есеп. 3 сынып оқушысы, ата-анасыз автобуста жол ақысын төлемей отырды. Контролер одан билетті көрсетуді талап етіп, ол көрсетпегеннен кейін айыппұл төлеуді талап етті. Бұл жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық болды ма, егер болса әкімшілік жауапкершілікке кім тартылады?
1. Мемлекеттік биліктің ықпалын, күшін құқықпен шектеу керек деген пікірлер ерте дүниеден бері айтылып келеді. Аталған пікірлер Еуропадағы XVII- XVIII ғасырлардағы абсолюттік монархияның күшею кезінде құқықтық мемлекеттің теориясы болып қалыптасты. Құқықтық мемлекет дегеніміз жеке адам жəне қоғам мүддесін корғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тəртіптің жəне заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді.
Құқықтық мемлекет – басқаша түсіндірсек ол жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты етіп қойған мемлекетті айтады. Бұл мемлекет өз мақсатын орындауда төмендегідей қағидаттарға сүйенеді:
а) құқыктың басымдылығы;
б) адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы;
в) мемлекеттік биліктің бөлінуі;
г) заң үстемдігі;
д) құқық пен заңның тұтастығы;
е) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы;
ж) азаматтық коғамның орнауы;
з) қоғамның құқықтық мəдениетінің жоғары болып, оның құқықтық санасы деңгейінің биікке көтерілуі;
и) соттардың тəуелсіздігі;
к) антимонополиялық құрылымдардың тұрақты түрде қызмет істеуі.
2. Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.1. Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда - медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді. 2. Бір-бірімен некеде тұратын адамдармен туған баланың туу тегі ата- анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады.3. Егер баланың анасы баланың әкесі өзінің жұбайы (бұрынғы жұбайы) емес деп мәлімдесе, баланың әкесі осы баптың 4-тармағында немесе осы Заңның 47-бабында көзделген ережелер бойынша белгіленеді. 4. Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы баланың әкесі мен анасының азаматтық хал актілерін жазу органына бірлесіп арыз беруі жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларды немесе ол ата-ана құқығынан айырылған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала әкесінің арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда - сот шешімімен белгіленеді. Әке болуды анықтау туралы бірлесіп арыз беру бала туғаннан кейін мүмкін емес немесе қиын деп ұйғаруға негіз беретін мән-жайлар болған кезде болашақ баланың бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-анасы анасы жүкті болған кезде азаматтық хал актілерін жазу органына сондай арыз беруге құқылы. Баланың ата-анасы туралы жазба бала туғаннан кейін жасалады. Егер анасының күйеуі емес еркектің әке екендігі анық болып шықса, анасы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңдердің ішінде өзін асырау жөніндегі шығындарға одан тиісті ақша қаражатын сот тәртібімен талап етуге құқылы. Ақша қаражатының мөлшерін тараптардың материалдық, отбасылық және назар аударуға тұрарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, ақша қаражатын төлеу кезінде қолданылып жүрген есептік көрсеткіштің еселенген арақатынасымен сот белгілейді.5. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толған адам жөнінде әке болуды белгілеуге оның келісімімен ғана, ал егер ол әрекетке қабілетсіз деп танылған болса - оның қорғаншысының немесе қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен ғана жол беріледі. Бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-аналардан бала туған жағдайда және ата-ананың бірлескен арызы немесе бала әкесінің арыз болмаған кезде (осы Заңның 46-бабының 4-тармағы) баланың нақты адамнан туу тегі (әке болуды) ата-аналарының біреуінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының) арызы бойынша немесе баланы асырап отырған адамның арызы бойынша, сондай-ақ баланың кәмелетке толғаннан кейінгі өз арызы бойынша сот тәртібімен белгіленеді. Бұл жағдайда сот баланың нақты адамнан туу тегін анық растайтын айғақтарды ескереді. Өзін баланың әкесімін деп таныған, бірақ баланың анасымен некеде тұрмаған адам қайтыс болған жағдайда оның әке екенін тану фактісі азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен белгіленуі мүмкін.