- •5.Маркетингтік зерттеулердің мәні мен Қағидалары.
- •6.Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен түрлері.
- •17. Түпкі тұтынушының сатып алу туралы шешім қабылдау процесі.
- •18. Өнеркәсіптік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдау процесі.
- •19. Сұранысқа байланысты маркетинг түрлері
- •20. Тұтыну нарығын сегменттеу түсінігі және қағидалары.
- •21.Өнеркәсіптік нарықты сегменттеу қағидалары.
- •25.Тауарлардың жіктелуі.
- •31.Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі
- •32.Тауардың оралуы. Штрих код түсінігі
- •34.Көтерме сауда және оның түрлері.
- •40. Бағаны белгілеуде әсер ететін факторлар.
- •41. Баға белгілеудің негізгі әдістері
- •42. Тауарға баға белгілеуде қолданылатын стратегиялар.
- •52.Стратегияларды жоспарлауда колданылатын тәсілдер.
- •Маркетинг сұрақтары.
40. Бағаны белгілеуде әсер ететін факторлар.
Бағаға ісер ететін негізгі факторлар:
Өндіріс шығындары,тұтынушылар,тауар козғалысына катынасушылар,бәсекелестер және мемлекет, тұрғындардың сатып алу қабілеттілігі, тасымалдау көлемі.Фирма баға стратегиясын таңдау үшін оған кандай фактор әсер ететінің біле отырып,оларды талдау керек.
Өндірістікк шығындар көбінесе мемлекеттің экономикалық жағдайына және орта салалық өзіндік құнды белгілейтін өндірістің қоғамдық шығындарына байланысты.
Тұтынушы-баға және сату көлемініің өзара тәуелділігін екі себеппен түсіндіруге болады:бағаны кабылдау және тауарды сатып алу бағытына карай тұтынушыларды 4топка бөлеміз:үнемдеп сатып алушы,дербестелінген сатып алушы,этикалык сатып алушы,көңілсіз сатып алушы.
Тауар қозғалысына катынасушылар-бағаны белгілеуде маңызды роль аткарады.
Бәсекелестер: бағалық бәсекелестер –тауардың бағасын өзгерту арқылы бәсекелестік күрес жүргізу; бағасыз бәсеке – тауар сапасын, оның ерекше қасиеттерін, қауіпсіздігін, сервисін, әсемділігі мен дизайнын және т.б сипаттамаларын жақсарту арқылы жүргізілетін бәсекелестік күрес.
Мемлекет. Кәсіпорынның бағаны белгілеудің еркіндігін мемлекет шектейді.
Тұрғындардың сатып алу қабілеті – олардың ақшалай табысына байланысты.
Тасымалдау көлемі. Тасымалдау көлемі неғұрлым жоғары болса, тауардың әрбір данасына кететін шығындар соғұрлым аз болады да, бағаны төмендетуге мүмкіндік береді.
41. Баға белгілеудің негізгі әдістері
Баға – құнның ақшалай көрінісі. Баға шығындарды талап етпейтін, пайда алып келетін маркетинг кешенінің ең икемді құрамдас бөлігі. Баға белгілеу әдістері:
Құндылыққа негізделген баға белгілеу әдісі (бренд)
Шығынға негізделген баға белгілеу әдісі. Фирманың шығындары екі түрлі – тұрақты және айнымалы болады. Тұрақты шығындар дегеніміз – олар өндірген өнімнің көлемі өзгерсе де өзгермейтін шығындар, демек олар өндіріске, оның көлемііне тәуелсіз болады. Ал айнымалы шығындар – өндіріс деңгейіне тікелей байланысты.
Жеңілдіктерді қолданып баға белгілеу. Жеңілдіктердің үш түрі бар: 1) атқарымдық жеңілдіктер дегеніміз – ол сауда саласындағы әрекеттенушілерге көрсетілетін жеңілдіктер. Белгілі тауарды тарту арнасының құрамына кіретін қызметтерге бірдей жеңілділік ұсынады. 2) мерзімді жеңілдіктер – тауардың сатылатын мерзімінен тыс уақытта сатып алынған заттың бағасын төмендету болады. Мерзімді жеңілдіктер сатушыға өндіріс деңгейін жыл бойын тұрақты ұстауға көмектеседі, ал тұрақты шығындарды азайтуға, демек пайданы көбейтуге мүмкіндік береді. 3) сынақ . сынақ ретінде прейскуранттік бағадан тыс жеңілдіктер қолданылады. Мысалы, ескі тауардың сатылуы жақсы болған кезде жаңа тауардың бағасы төмендетіледі.
Пайда алуға негізделген баға белгілеу фирманы шығынға ұшыратпайтындай және белгілі бір пайда мөлшерін алатындай баға анықталады.
Сұранысқа негізделген баға белгілеу:
Бәсекелеске қарап баға белгілеу:
Нарыққа ену стратегиясы
Нарықтық лидерге қарап баға белгілеу
Бәсекелеске қарағанда жоғары баға белгілеу.
Географиялық баға белгілеу:
ФОБ(кеме), ФОР(рельс), СИФ(құн, сақтандыру) бағалары
Зоналық бағалар
