
- •5.Маркетингтік зерттеулердің мәні мен Қағидалары.
- •6.Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен түрлері.
- •17. Түпкі тұтынушының сатып алу туралы шешім қабылдау процесі.
- •18. Өнеркәсіптік тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдау процесі.
- •19. Сұранысқа байланысты маркетинг түрлері
- •20. Тұтыну нарығын сегменттеу түсінігі және қағидалары.
- •21.Өнеркәсіптік нарықты сегменттеу қағидалары.
- •25.Тауарлардың жіктелуі.
- •31.Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі
- •32.Тауардың оралуы. Штрих код түсінігі
- •34.Көтерме сауда және оның түрлері.
- •40. Бағаны белгілеуде әсер ететін факторлар.
- •41. Баға белгілеудің негізгі әдістері
- •42. Тауарға баға белгілеуде қолданылатын стратегиялар.
- •52.Стратегияларды жоспарлауда колданылатын тәсілдер.
- •Маркетинг сұрақтары.
19. Сұранысқа байланысты маркетинг түрлері
Маркетингтің көп түрлігі тұтынушылардың сұранысына байланысты. Сұранысқа байланысты маркетинг түрлері:
Конверсиялық маркетинг- барлық немесе бірнеше рыноктың сегменттері тауарды қабылдамайды. Бұл жағымсыз сұраныс болып табылады. Конверсиялы маркетингтің мақсаты мен міндеті болып тауарды жақсарту, бағаны төмендету, өткізу арналарын жақсарту , қоғамның пікірін өз мүддесіне сай өзгерту болып табылады.
Креативтік маркетинг басқаша дамушы маркетинг: жасырын сұранысты әйгілеуге бағытталған маркетинг. Бұл жасырын сұраныс болып табылады. Маркетингтің мақсаты мен міндеті болып рыноктың әлеуетті сыйымдылығын бағалау, жасырын сұранысты қанағаттандыратын тауарларды іздеп табу.
Ремаркетинг- сұраныс төмендеген жағдайда қолданылады. Ремаркетингтің мақсаты мен міндеті: жаңа нысаналы рынокты табу, оған сәйкес тауардың қасиеттерін өзгерту, коммуникацияны тиімді жүргізу;
Синхромаркетинг- сұраныс өндіріс күшінен біршама асатын болса, немесе бұл тауардың өндіріс көлемі рынок қажетінен көп болса қолданылатын маркетинг. Мақсаты. Сұранысты уақыт мерзімі бойынша реттеу, икемді баға қолдану;
Демаркетинг- қанағаттандыра алмайтын сұранысты төмендетуге бағытталған маркетинг. Бұл артық сұраныс болып табылады. Бағаны көтеру, өтімді ынталандыру шаралары мен сервисті азайту, сұраныс көлемін төмендету демаркетингтің міндеті болып табылады.
Ынталандырушы маркетинг- ынталы әдістер табу жолында әрекет жасайтын маркетинг. Мақсатыы болып бағаны төмендету, жарнаманы күшейту, тауардың ұтымды жақтарын көрсету, өтімді ынталандыру шараларын қолдану.
Демеуші маркетинг- сұранысты бір деңгейде сақтауға арналған маркетинг. Сұраныс толық қанағаттанған. Демеуші маркетинг міндеті тауардың сапасына және қызмет көрсету қасиеттеріне көбірек назар аудару.
20. Тұтыну нарығын сегменттеу түсінігі және қағидалары.
Рынокты сегменттеу - тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың мінез-құлқы мен тұтыну ерекшеліктеріне байланысты нарықты топтарға бөлу процессі. Сементтеудің негізгі мақсаты фирма үшін мақсатты аудитория табу. Тұтыну тауарлары рыногын сегменттеуде мына қағидалар алынады:
Географиялық негізде рынокты сегменттеуде сатып алушыларды мекендеу орнына немесе климат жағдайына байланысты бөледі.
Демография негізінде рынокты сегменттеу мына көрсеткіштермен сипатталады: жынысына қарап тұтынушыларды бөлу, жасына қарай, ұлтына қарай, біліміне қарай, табыстың деңгейіне қарай, отбасы адам санына қарай... демографиялық сегменттеуді жүргізу үшін халық санағы кең мүмкіндік береді.
Психографиялық негізінде тұтынушылар сипаттамалары бір тұтас кешенді болып келеді және мына көрсеткіштерге сүйенеді: қоғамдық топтарға қарай сегменттеу(жалпы тұрмысына қарай қандай тауарларға сұранысы болады); өмір тануына қарай сегменттеу(әсем заттарға құштарлығы); елікпе мінез жандар, ел көзіне түскенді жат көретіндер, атаққұмарлар.
Тұтынушылардың құлығына қарай рынокты сегменттеудің маңызды белгілері мыналар: сатып алу себебіне қарай тұтынушыларды бөледі(күнде сатып алушылар; тек аса қажетті жағдайда сатып алушылар); іздеген ұтымына қарай(өнімнің сапасы; сатушы көрсететін қызметі, тауардың тұтынуынан түсетін үнем); тұтынушының міртебесіне қарай (тауарды тұңғыш рет тұтынады; бұрын тұтынған; әлеуетті тұтынушы; жаңа сатып алушы); тұтынудың үдемелі қарқынына қарай; орташа тұтынатын тұтынушы; белсенді тұтынатын тұтынушы); тауармен таныстығына қарай өз пікірін сақтау дәрежесіне қарай (өз пікірін сақтаушылар; пікірі өзгерсе де уадесінде тұратындар; пікірі мен уадесі тұрақсыздар; айнымалылар)