- •1.Басқару талдаудың мәні мен негізгі мақсаты?
- •2.Басқару процесінің қызметі қандай?
- •3. Өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижесіне ресурстарды тиімді пайдалану қалай әсер етеді?
- •4. Экономикалық ақпараттың негізгі жеткізушісі?
- •5. Экономикалық талдаудыдің ақпараттық көздеріне қандай талаптар қойылады?
- •6. Бәсекелестіктің интенсивтілігін қандай факторлар анықтайды?
- •7. Әлемдік тәжірибеде бағаның қандай түрі қолданылады?
- •8. Өндірістік резервтерді анықтау кәсіпорын қызметінің нәтижесіне қаншалықты маңызды?
- •9. Ассортименті мен шығару құрылымы, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдаудың негізгі бағыттарын атаңыз
- •10. Зиянсыз сатуды талдаудың негізгі бағыттарын атаңыз.
- •12. Еңбек өнімділігінің артуына қандай факторлар әсер етеді?
- •13.Негізгі өндіріс қорларын тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіштерін сипаттаңыз.
- •14.Өндірілген өнімнің материалдық сыйымдылығының төмендеуіне қандай факторлар әсер етеді?
- •15. Материалды және еңбек ресурстары талдауынң негізгі бағыттарын атаңыз.
- •16. Еңбек ақының өсу қарқыныны еңбек өнімділігінің өсуінен асқан жағдайында өткізілген талдау бойынша андай басқару шешімдері қабылдануы мүмкін?
- •17. Инвестициялық талдаудың негізгі мазмұны неден тұрады?
- •18. Өндірістің тиімділігін арттыратын іс-шара.
- •19. Қорлардың жай күйі талдауында қандай көрсеткіштер есептеледі?
- •Толықтыру және қорларды тиеу динамикасына байланысты талдау:
- •20. Материал сыйымдылықты төмендету жолдарын атаңыз және оның шығындарды төмендету үшін маңызы қандай?
- •21.Жұмысшылардың саны мен құрамы бойынша жоспарды орындау талдаудың маңыздылығын атаңыз және кәсіпорынның тиімді қызметі үшін қолданылатын еңбек өнімділігін талдаудың мақсаты мен әдістерін атаңыз.
- •22. Қаржылық және капитал салымдарының тиімділігін бағалау және есептеу неден тұрады?
- •23. Еңбек өнімділігі мен қорқайтарымдылығының өсімінің резервтерін атаңыз.
- •24. Инвестициялық жобалар бойынша шешім қабылдаудың шарттары неден тұрады?
- •25. Өнімді өндіру мен шығаруды талдаудың бағытттарын, міндеттерін және мақсатын атаңыз.
- •26. Өнімді өндіру және шығару талдауында қандай көрсеткіштер пайдаланылады және қалай есептеледі?
- •27. Өнімді өткізу мен өндіріс көлемін өсіру резервтердің қандай түрлерін білесіз?
- •1.Еңбекті қолдануды жақсарту.
- •2. Еңбек құралдарын қолдануды жақсарту.
- •3. Еңбек заттарының қолданылуын жақсарту( шикізат, материалдар).
- •28. Шығындарды басқарудағы бухгалтердің рөлі қандай?
- •30. Өндірістің барлық түрлеріне арналған шығындар талдауы бойынша қандай көрсеткіш жалпылама болып табылады? Қалай есептеледі?
17. Инвестициялық талдаудың негізгі мазмұны неден тұрады?
Инвестициялық қызмет – кәсіпорынның әрқайсысына тән.Ол коммерциялық ұйым жұмыстарының ең негізгі аспектлерінің бірі болып табылады.Инвестициялық талдау - инвестициялық белсенділіктің және кәсіпорынның инвестициялық қызметінің тиімділігін зерттеу мақсатында олардың өсуін қамтамасыз етеді.Инвестициялар қажеттілігінің себептері: материалдық техникалық базасын жаңарту, өндіріс көлемін өсіру, қызметтің жаңа түрін игеру.
Инвестициялық талдаудың негізгі мазмұны мыналардан тұрады:
Инвестиция және инвестициялық қызмет;
Инвестициялық талдаудың теориялық негіздері;
Инвестициялық жоба;
Инвестициялық жоба тиімділігіне баға беру әдістері;
Инфляция және тәуекелге б/ы инвестициялық жобалар талдауы;
Бағаның және инвестициялық жобаның қаржысының құрылымының анализы
Лизингтік операцияның тиімділігінің талдауы
Инвестициялық жобалар б/а шешім қабылдау бірнеше факторлардың әсерімен қиындайды. Олар: инвестиция түрлері, инвестициялық жобаның құны, қолайлы жобалардың көптігі, инвестицияға қолайлы қаржы ресурстардың тапшылығы,шешім қабылдаумен байланысты тәуекел.
Барлық шешімді келесі түрде сыныптауға болады.
Көп тараған инвестициялық шешімдер. Міндетті инвестициялар, яғни фирма өз қызметін жалғастыру үшін қажеттілер:
Қоршаған ортаға зиянды азайту;
Еңбек жағдайын мемлекеттік нормаға жеткізу б/а шешім қабылдау;
Шығынды төмендетумен байланысты шешімдер:
Қолданудағы технологияларды жетілдіру б/а шешім қабылдау;
Өнім, жұмыс, қызметтердің сапасын көтеру б/а шешім қабылдау;
Еңбек ұйымдастыру және басқаруды жақсарту б/а шешім қабылдау;
Фирманы кеңейту және жаңартуға бағытталған шешімдер:
Жаңа құрылысқа арналған инвестициялар
Фирманы кеңейтуге арналған инвестиция
Фирманы қайта құруға арналған инвестиция
Техникалық қамтамасыз етуге арналған инвестициялар
Қаржы активті сатып алу б/а шешім қабылдау:
Стратегиялық альянстарды құруға бағытталған шешімдер;
Негізгі капитал б/а жүргізілетін опрецияларда күрделі қаржы құралдарды қолдану б/а шешім қабылдау;
Жаңа нарықты және қызметтерді игеру б/а шешім қабылдау;
МЕА сатып алу б/а шешім қабылдау
18. Өндірістің тиімділігін арттыратын іс-шара.
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады. Өндіріс тімділігін ынталандыру механизмінің тағы бір маңызды шарты – инвестициялық белсенділік. Тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің, яғни қазіргі мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттырудың басым факторы – еңбек өнімділігі. Демек, еңбек өнімділігін арттыру ұлттық экономиканың әртараптануының, фирманың, саланың, экономикалық қызметтің нәтижелілігінің алғы шарты. Зерттеліп отырған кезеңді тұтас алғанда корпорацияның бұл бағыттағы түпкі көрсеткіштері аса нәтижесіз емес. Алайда, табыстың өсу динамикасы тұрақсыз. Корпорацияның жалпы табыстылығына негізгі өндірістің тиімділігі, яғни негізгі қызметтен түсетін пайданың мөлшері тікелей әсер етуде.
Экономикалық өсімді ынталандырудың тиімді механизмін қалыптастырудың маңызды бағыттары – жоғары деңгейдегі инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету, қаржылық қызметті реттеу, бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру, қысқа және орта мерзімді болжамдар жасау. Мұндай бағыттардың іске асырылуы төмендегі шаралардың нақты орындалуын қажет етеді: - экономиканың, жоғары технологиялық үрдістері басым құрылымына көшу; - іргелі және қолданбалы зерттеулері мемлекет және жеке меншік тарапынан қолдау; - ғылыми зерттеулерді бюджеттік қаржыландырудың тұрақты, заңдық нормативтермен қамтамасыз ету; - қаржы ресурстарын тиімді пайдалана отырып, адам әлеуетін инвестициялауды жетілдіру.
Әдебиеттерде көп қарастырылатын, тәжірибеде өзін өзі ақтай білген кәсіпорын стратегияларының кең тараған түрін базистік немесе эталондық стратегиялар деп атайды.
Нарықтық қарым қатынасқа өту - адами қызметтің шешуші шеңберінде экономиканың терең жылжуын талап етеді. Өндiрiстiң қарқындауына әр кәсіпорынды, ұйымды, фирмманы экономикалық өсудiң сапалы факторларын толық және бiрiншi кезекте қолдануға қайта бағдарлау керек.
Жан-жақты дамыған өндiрiстiк күштер және өндiрiстiк қатынастардың, шаруашылық механизммен жоғарғы ұйым және тиiмдiлiктiң экономикаға ауысуын қамтамасыз етуi керек. Даму және өндiрiстiң әбден жетiлуінің негiзгi бағыттары бойымен өндiрiстiң тиiмдiлiгiнiң жоғарылатуының факторлары, тиiмдiлiктi дәлелдеу және барлық экономикалық көрсеткiштер талдауда ескерiлуі қажет. Бұл бағыттар техникалық кешендердi, ұйымдастыру және әлеуметтiк-экономикалық өлшемді қамту негізінде жанды еңбектiң үнемдеуiне, шығындар және ресурстар, сапа және өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылатуға дейін жетедi.
Өндiрiстегі экономикалық тиiмдiлiктi жоғарылатуының жолдары:
Жұмыс уақытының үнемділігі→еңбек сыйымдылығының төмендеуі→өндірістің техникалық деңгейінің артуы→материалдық ынталандыру жүйесін енгізу.
Ғылыми-техникалық ілгерілеу жетістіктері→озық технологиялардың кең игерілуі→өндірісті автоматтандыру және механикаландыру→материалдардың жаңа түрлерін жасау және қолдану→өнім сапасын жақсарту.
Адам факторының активизациясы→басқаруды демократизациялау және орталықсыздандыру→жауапкершілікті және ынтаны жоғарылату→жұмысшылардың профессионалды деңгейлерін жоғарылату→еңбек шарттарын жақсарту.
Басқарушылық жүйесін жақсарту→ кәсiпорындарды жекешелендiру және мемлекет меншiгiнен шығару→мемлекеттік басқаруды жетілдіру→шаруашылық есептілікті жетілдіру→еңбекке деген мотивация жүйесін жетілдіру.
