- •1.Басқару талдаудың мәні мен негізгі мақсаты?
- •2.Басқару процесінің қызметі қандай?
- •3. Өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижесіне ресурстарды тиімді пайдалану қалай әсер етеді?
- •4. Экономикалық ақпараттың негізгі жеткізушісі?
- •5. Экономикалық талдаудыдің ақпараттық көздеріне қандай талаптар қойылады?
- •6. Бәсекелестіктің интенсивтілігін қандай факторлар анықтайды?
- •7. Әлемдік тәжірибеде бағаның қандай түрі қолданылады?
- •8. Өндірістік резервтерді анықтау кәсіпорын қызметінің нәтижесіне қаншалықты маңызды?
- •9. Ассортименті мен шығару құрылымы, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдаудың негізгі бағыттарын атаңыз
- •10. Зиянсыз сатуды талдаудың негізгі бағыттарын атаңыз.
- •12. Еңбек өнімділігінің артуына қандай факторлар әсер етеді?
- •13.Негізгі өндіріс қорларын тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіштерін сипаттаңыз.
- •14.Өндірілген өнімнің материалдық сыйымдылығының төмендеуіне қандай факторлар әсер етеді?
- •15. Материалды және еңбек ресурстары талдауынң негізгі бағыттарын атаңыз.
- •16. Еңбек ақының өсу қарқыныны еңбек өнімділігінің өсуінен асқан жағдайында өткізілген талдау бойынша андай басқару шешімдері қабылдануы мүмкін?
- •17. Инвестициялық талдаудың негізгі мазмұны неден тұрады?
- •18. Өндірістің тиімділігін арттыратын іс-шара.
- •19. Қорлардың жай күйі талдауында қандай көрсеткіштер есептеледі?
- •Толықтыру және қорларды тиеу динамикасына байланысты талдау:
- •20. Материал сыйымдылықты төмендету жолдарын атаңыз және оның шығындарды төмендету үшін маңызы қандай?
- •21.Жұмысшылардың саны мен құрамы бойынша жоспарды орындау талдаудың маңыздылығын атаңыз және кәсіпорынның тиімді қызметі үшін қолданылатын еңбек өнімділігін талдаудың мақсаты мен әдістерін атаңыз.
- •22. Қаржылық және капитал салымдарының тиімділігін бағалау және есептеу неден тұрады?
- •23. Еңбек өнімділігі мен қорқайтарымдылығының өсімінің резервтерін атаңыз.
- •24. Инвестициялық жобалар бойынша шешім қабылдаудың шарттары неден тұрады?
- •25. Өнімді өндіру мен шығаруды талдаудың бағытттарын, міндеттерін және мақсатын атаңыз.
- •26. Өнімді өндіру және шығару талдауында қандай көрсеткіштер пайдаланылады және қалай есептеледі?
- •27. Өнімді өткізу мен өндіріс көлемін өсіру резервтердің қандай түрлерін білесіз?
- •1.Еңбекті қолдануды жақсарту.
- •2. Еңбек құралдарын қолдануды жақсарту.
- •3. Еңбек заттарының қолданылуын жақсарту( шикізат, материалдар).
- •28. Шығындарды басқарудағы бухгалтердің рөлі қандай?
- •30. Өндірістің барлық түрлеріне арналған шығындар талдауы бойынша қандай көрсеткіш жалпылама болып табылады? Қалай есептеледі?
10. Зиянсыз сатуды талдаудың негізгі бағыттарын атаңыз.
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің қаржылы-шаруашылық талдауы құрамына шығыстар мен кірістер көлемі тең болып келетін сату көлемі немесе сомасының зиянсыздық талдауы кіреді. Бизнес зиянға да ұшырамай, пайда да таппайтын жағдай. Зиянсыздық нүктесінен төмен сатулар шығындалуға алып келеді, ал сол нүктеден асқан әрбір сатулар пайдалы болады. Оны шығындарды жабуға жеткілікті сатылулардың өнім бірліктерінің саны түрінде көрсетуге де болады, содан кейінгі әрбір сатылған бірлік кәсіпорынға пайда алып келеді. Өндірілген өнімнің нақты саны мен зиянсыздық сату көлемі арасындағы айырма –бұл зиянсыздық аумағы н/е табыстылық аумағы деп аталады. Ол қаншалықты жоғары болса, соншалықты кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсарады. Бұл кәсіпорынға әрі қарай өмір сүруі үшін асуы тиіс нүкте болып табылады. Көптеген экономистер зиянсыздық нүктесін рентабельділік шегі деп те атайды.
Зиянсыздық нүктесін анықтауда 3 әдіс қолданылады: графиктік, талдаулық, теңестіру әдісі.
1. Графиктік әдіс. Кәсіпорынның зиянсыздық сату көлемін ж/е зиянсыз аймақты анықтау үшін график саламы. Көлденеңінен өндірілген өнім көлемі кәсіпорынның өндірістік жылдамдығынан пайыздық н/е натуралды бірлікте н/е ақшалай бірлікте көрсетіледі. Тігінен сатылған өнімнің өзіндік құны мен табысы көрсетіледі. Мысалы:
2. Талдаулық әдіс кәсіпорынның зиянсыздық сату көлемі мен зиянсыз аймақ арасындағы жалпы талдауы, бұл әдіс графиктік әдіске қарағанда ыңғайлы. Мұнда мәліметтер көрсеткіштерін формулалар арқылы есептеуге болады.
Нөлдік табыс нүктесі: I = S -V - F = (p * Q) - (v * Q) - F = 0
Мұндағы, I —табыс мөлшері; S — СТТ; V — жиынтық айнымалы шығындар; F — Жиынтық тұрақты шығындар.
Осыдан критикалық көлем табамыз: Q ' = F / (p-v)
Мұнда Q ' — зиянсыздық нүктесі. Бұл көрсеткіштің экономикалық мәні пайда нөлге тең болатын сатудан түскен түсім.
3. Теңестіру әдісі теңестіру жүйесіне негізделеді:
П = В – VC – FC = Ц*X – AVC *X – FC = 0
X = Nпор = FC / (Ц – AVC)
Жалпы түрде табыстар және шығыстардың әр бір қорытынды есебінің схемасы келесідей болып көрсетіледі:
Табыс – Айнымалы шығындар – Тұрақты шығындар = Таза пайда.
Теңестіру әдісі өнім ассортиментіндегі құрылымдық өзгерістердің әсерін талдауда да қолдануға болады. Бұл жағдайда өндіріс өндірістен түскен табыстың жалпы сомасындағы қатысты үлестер жүйесі ретінде қарастырылады. Табысқа әсері өнім ассортиментіндегі рентабельділіктің төмен ж/е жоғары жағына өзгерісіне қатысты болады.
Зиянсыздық сату көлемі мен зиянсыз аймақ – кәсіпорынның қызметін бағалау, әрбір бухгалтер, экономист, менеджердің қолынан келетін талдаулар сияқты басқару шешімдеріне негізделген бизнес-жоспар жасаудағы негізгі көрсеткіштер болып табылады.
12. Еңбек өнімділігінің артуына қандай факторлар әсер етеді?
Еңбек өнімділігі – белгілі бір уақыт аралығындағы бір жұмысшыны өнім шығарылымы, яғни өнім көлемін жұмысшылар санына қатынасымен анықталады. Еңбек өнімділігі - тірі еңбектің нәтижелігін сипаттайды. Еңбек өнімділігін үздіксіз өсіру – өндірісті кеңейтудің және ішкі жалпы өнімді өсірудің бірден-бір қайнар көзі болып табылады. Кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі еңбек өнімділігі көптеген себептерге байланысты өзгеруі мүмкін.Өндіріс көлеміне әсерін тигізіп өзгеріске ұшырататын жұмысшылар саны, өнім көлемі сияқты факторлар еңбек өнімділігіне де өз әсерін тигізеді.
Еңбек өнімділігінің өзгерісіне әсер ететін факторлар ретінде оның деңгейінің өзгеріске ұшырауына негізделген барлық себептер түсіндіріледі. Тәжірибеде еңбек өнімділігінің өзгеруіне әсер ететін факторлар тобын келесідей бөлу қарастырылған:
Аудандық-эконономикалық факторлар (табиғи-климаттық шарттар мен олардың өзгерістері және еңбек ресурстары) ж/е экономикалық- географиялық факторлар (жергілікті құрылыс материалдарының болуы, жұмыс күшінің бос ресурстары, электроэнергия, сулар, жергілікті жердің рельефі, коммуникацияға дейінгі қашықтық т.б.);
ҒТП жылдамдату факторлары (өндірістің ғылыми-техникалық өзгерісі, жоғары тиімділікті техниканың жаңа түрлерін енгізу, прогрессивті технологияны қолдану, жобалауда автоматтандырылған жүйелерді қолдану);
экономикалық факторлар (басқарудыңжетілдірілуі, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру, кадрларды жоспарлау мен басқару т.б.);
құрылымдық ауытқулар факторлары (өндірістің құрылымы мен көлемінің өзгерісі, сатып алынған бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың үлестерінің өзгерісі, өнімнің жеке түрлерінің мөлшерлерінің өзгерісі);
Әлеуметтік факторлар (адами фактор, монотанналы , зиянды, қиын еңбектің көлемдерін қысқарту, т.б.).
Еңбек өнімділігінің өсуі резервтері болып тек қолданылып жүргендер ғана емес, сонымен қатар экономиканың еңбек ресурстарының шын мүмкіндіктері де қарастырылады.
Еңбек өнімділігінің өсуінің ішкі өндірістік резервтеріне келесілер жатады:
Дайындалған өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендеу(технологиялы, өндірістік, толық);
Құрылымды жақсартатын резервтер, яғни жұмыс күшінің жақсы қолданылуы;
Жұмыс уақытын қолдануды жақсарту;
Материалды ресурстарды, еңбек заттарын ж/е еңбек құралдарын үнемдеу.
Уақыты б/ша еңбек өнімділігін өсіру резервтері қолдану ағымдағы(жақын уақытта қолданылуы мүмкін) және перспективті (жаңа технологиялар енгізу, өндірісте қайта құрулардың жүруін талап етеді)болып бөлінеді.
Еңбек өнімділігінің артуына әсер ететін факторлар:
Ғылыми-техникалық
Жаңа техника мен технологияны енгізу;
Өндірісті механизациялау мен автоматтандыру;
Пакртің құрылымы мен құрылғылардың модернизациясының өзгерісі;
Бұйымдар констукциясы, шикізат сапасы, материалдардың жаңа түрлерін қолданудың өзгерістері;
Ұйымдастырушылық
Қызмет көрсетудің зонасы мен нормаларының өсуі;
Өндірістің мамандануы мен өндіріс көлемін кеңейту;
Жұмыс уақытының нағыз қорларының өзгерісі;
Өнімнің ақаудан болған жоғалтуларын азайту;
Нормаларды орындамаған жұмысшылар санын қысқарту.
Құрылымдық
Өндіріс көлеміннің өзгерісі;
Сатып алынған бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың жалпы көлемдегі үлестерінің өзгерісі
Әлеуметтік
Персоналдың сапалық деңгейінің өзгерісі;
Қызметкерлердің еңбекке деген қатынасының өзгеруі;
Еңбек шарттарының өзгерісі.
