Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын баск талдау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
380.93 Кб
Скачать

7. Әлемдік тәжірибеде бағаның қандай түрі қолданылады?

Әлемдік баға — әлемдік рынокта сатылатын тауар бірлігінің бағаланған әлемдік құнының шамасы немесе бағаның әлемдік сауда-саттықта қолданылатын түрі. Әлемдік баға, көбінесе, ауқатты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы келісімшарт арқылы мемлекеттер арасында емін-еркін айналыста болатын ақшамен белгіленеді. Әлемдік баға кейде сатушылар мен сатып алушылар белгілеген баға ретінде халықаралық сауда орталықтарында қолданылады. Қазіргі кезде мырыштың, қорғасынның, қалайының, алюминийдің,мұнайдың әлемдік бағасы ретінде Лондон биржасының бағасы алынады. Сол сияқты машинаның және жабдықтардың бағасы ретінде Еуропаның, Жапонияның және Американыңбелгілеген бағасы пайдаланылады. Әлемдік рыноктағы тауардың бағасы бір мезгілде бірнеше дәрежеде болуы мүмкін. Әлемдік баға дәрежесіне алуан түрлі жағдайлар әсер етеді. Оған тауар сұранымы мен ұсыныстарының қатысы, төленетін ақшаның валюталық түрі, сауда келісімінің уақыты, тауарды жеткізу мерзімі және сауда әлеміндегі экономика және экономика емес әр түрлі жағдайлар жатады. Егер сұраныс ұсыныстан артық болса, әлемдік баға дәрежесін анықтауда тауар сатушының ықпалы артып, баға көтеріледі, ал ұсыныс сұранымнан жоғары болған жағдайда, әлемдік бағаға тауар сатып алушының үстемдігі басым болып, әлемдік баға төмендейді. Есеп айырысу ешқандай кедергісіз, ақшалай жасалатын болса, әлемдік бағаның дәрежесі жоғарылайды. Есеп айырысу қолма-қол немесе несиеге беру және бөліп-бөліп төлеу жолымен жүргізілсе, онда ол әлемдік бағаға кері әсер етеді. Еркін сауда базарында сатылатын тауардың әлемдік бағасы келісімшарт тауарының бағасынан және көмекке арналған тауар бағасынан өзгеше болады.

Тауарды жеткізу тұрғысынан алғанда әлемдік баға бірнеше түрге бөлінеді. Тауарды бағалау тұрғысынан әлемдік бағаның 3 түрі бар. Оның біріншісі — сатушылардың бәсекелестігінен туындаған баға, екіншісі — шағын сауда тобының бәсекесінен туындаған баға, үшіншісі — бірнеше сатушы тобының бәсекесінен пайда болған баға. Негізгі тауарларға (астыққа, мұнайға, түсті металдарға т.б.) әлемдік баға деңгейлерінің өзгеруі арнаулы басылымдарда тұрақты жарияланып тұрады.

Әлемдік саудада екі термин: халықаралық келісім шарт бағасы, яғни нақты тауар жүзеге асатын баға және халықаралық саудада кеңінен тараған әлемдік нарық бағасы кеңінен қолданылады. Халықаралық келісім шарт жүзеге асатын кез келген баға әлемдік баға бола алмайды. Халықаралық саудадағы баға әлемдік бағаға айналуы үшін ол келесідей шарттарға сәйкес болуы тиіс: 1. халықаралық сауда қатыса алатын, яғни қарапайым сауда келісім шарттарын орындай алатын кез келген сатушы мен тұтынушы қол жетерлік болуы тиіс.  2. әлемдік тауар айналымында бетке ұстарлықтай болуы тиіс, яғни кең тараған келісім шарттарға қызмет көрсетуі тиіс.  Бұл көлемі жаынан мәні жоқ немесе келісім шарттардың арнайы мінез құлқы бар баға әлемдік баға ретінде қарастырылмайды. Қарапайым сауда келісіміне жеке экспорттық немесе импорттық емес шарттар жатады. Мұндай келісім шарттар әлемдік саудаға тән және әлемдік сауда айналымында маңызды рөл атқарады. Арнайы келісім шарттарға мемлекеттік көмек бағдарламасына кіретін фирмаішілік шарттарға жататын алып сатулар кіреді.