- •1.Басқару талдаудың мәні мен негізгі мақсаты?
- •2.Басқару процесінің қызметі қандай?
- •3. Өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижесіне ресурстарды тиімді пайдалану қалай әсер етеді?
- •4. Экономикалық ақпараттың негізгі жеткізушісі?
- •5. Экономикалық талдаудыдің ақпараттық көздеріне қандай талаптар қойылады?
- •6. Бәсекелестіктің интенсивтілігін қандай факторлар анықтайды?
- •7. Әлемдік тәжірибеде бағаның қандай түрі қолданылады?
- •8. Өндірістік резервтерді анықтау кәсіпорын қызметінің нәтижесіне қаншалықты маңызды?
- •9. Ассортименті мен шығару құрылымы, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдаудың негізгі бағыттарын атаңыз
- •10. Зиянсыз сатуды талдаудың негізгі бағыттарын атаңыз.
- •12. Еңбек өнімділігінің артуына қандай факторлар әсер етеді?
- •13.Негізгі өндіріс қорларын тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіштерін сипаттаңыз.
- •14.Өндірілген өнімнің материалдық сыйымдылығының төмендеуіне қандай факторлар әсер етеді?
- •15. Материалды және еңбек ресурстары талдауынң негізгі бағыттарын атаңыз.
- •16. Еңбек ақының өсу қарқыныны еңбек өнімділігінің өсуінен асқан жағдайында өткізілген талдау бойынша андай басқару шешімдері қабылдануы мүмкін?
- •17. Инвестициялық талдаудың негізгі мазмұны неден тұрады?
- •18. Өндірістің тиімділігін арттыратын іс-шара.
- •19. Қорлардың жай күйі талдауында қандай көрсеткіштер есептеледі?
- •Толықтыру және қорларды тиеу динамикасына байланысты талдау:
- •20. Материал сыйымдылықты төмендету жолдарын атаңыз және оның шығындарды төмендету үшін маңызы қандай?
- •21.Жұмысшылардың саны мен құрамы бойынша жоспарды орындау талдаудың маңыздылығын атаңыз және кәсіпорынның тиімді қызметі үшін қолданылатын еңбек өнімділігін талдаудың мақсаты мен әдістерін атаңыз.
- •22. Қаржылық және капитал салымдарының тиімділігін бағалау және есептеу неден тұрады?
- •23. Еңбек өнімділігі мен қорқайтарымдылығының өсімінің резервтерін атаңыз.
- •24. Инвестициялық жобалар бойынша шешім қабылдаудың шарттары неден тұрады?
- •25. Өнімді өндіру мен шығаруды талдаудың бағытттарын, міндеттерін және мақсатын атаңыз.
- •26. Өнімді өндіру және шығару талдауында қандай көрсеткіштер пайдаланылады және қалай есептеледі?
- •27. Өнімді өткізу мен өндіріс көлемін өсіру резервтердің қандай түрлерін білесіз?
- •1.Еңбекті қолдануды жақсарту.
- •2. Еңбек құралдарын қолдануды жақсарту.
- •3. Еңбек заттарының қолданылуын жақсарту( шикізат, материалдар).
- •28. Шығындарды басқарудағы бухгалтердің рөлі қандай?
- •30. Өндірістің барлық түрлеріне арналған шығындар талдауы бойынша қандай көрсеткіш жалпылама болып табылады? Қалай есептеледі?
3. Өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижесіне ресурстарды тиімді пайдалану қалай әсер етеді?
Ұйымның өндірістік – шаруашылық қызметінің нәтижеесіне, өндірістік жоспардың орындалу динамикасына еңбек ресурстаррының тиімді қолданылу дәрежесі әсер етеді. Материалдық өндірістің кез-келген саласында әр-түрлі шарттар негізінде техникалық-ұйымдастырушылық деңгейдің жақсаруына өндірістік процестегі үш элементтің қолданылу дәрежесімен анықталады: еңбек, еңбек құралдары және еңбек заттары. Өндірістік ресурстардың ең бір сапалық көрсеткіштерінің бірі – еңбек өнімділігі – экономикалық тиімділіктің көрсеткіші болып табылады. Еңбек ресурстарын талдау еңбек өнімділігі есебінен өндіріс тиімділігін арттыру үшін резервтерді ашуға мүмкіндік береді: жұмыскерлер санын, жұмыс уақытын рационалды пайдалану. Айтылғандардың бәрі ұйымның экономикалық қызметін талдауда қарастырылып отырған бағыттың қоғамдық және практикалық мәнін қарастырады.
Өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижесіне ресурстарды тиімді пайдалану әсерін талдағанда өндірістк қорларды пайдаланужағын қарастырамыз. Өндірістік қорларды пайдалану мәселенің екі жағы бар
Біріншісі – өндіріс процесінде тұтынылған өндіріс құралдар көлемінің азаюымен байланысты;
екіншісі – өндірістік-шаруашылық қызметіне авансталғандардың азаюымен
Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның болашақ дамуына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қорқайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге. Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылығын тиімді пайдалану оның барлық технико-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік туғызады, соның ішінде өнім шығаруын көбейтеді, өзіндік құнын, еңбек сыйымдылығын төмендетеді және т.б. Кәсіпорынның технологиялық саясатын жасау үшін негізгі қорлардың тиімді қолдану көрсеткіштерінің тереңдетілген талдануы қажет және бірінші кезекте қор қайтарым көрсеткіші талдануы қажет. Кәсіпорынның технологиялық саясатын жасау үшін негізгі қорлардың тиімді қолдану көрсеткіштерінің тереңдетілген талдануы қажет және бірінші кезекте, айтып өткенімздей, қор қайтарым көрсеткіші талдануы қажет.
4. Экономикалық ақпараттың негізгі жеткізушісі?
Экономикалық ақпаратты негізгі жеткізушілері ретінде ақпаратты жинақтау, басу және жазуда қолданылатын физикалық орта түсінігі пайдаланылады. Ақпаратты басу, жазу және есептеу әдістеріне байланысты жеткізушілер қолдан жасалған, электронды және гибридті болып бөлінеді.
Қолдан жасалған жеткізушілерге техникалық құралдарды пайдаланбай ақ адамдар қабылдай алатын және ақпаратпен толтырылған қағаз түріндегі құжаттар жатады. Экономикалық ақпараттың электронды жеткізушілеріне техникалық құралдарды пайдалану арқылы есептлетін немесе басылып, жазылатын ақпараттар жатады (магниттік және оптикалық жеткізушілер). Гибридтік жеткізушілерге ақпаратты басу, жазу, есептеу әдісіне байланысты машиналық түрде есептелетін құжаттар жатады. Ол жерде ақпаратты жетізуші емес , арнайы мамандандырылған техникалық құралдар есептейді.
Қазіргі уақытқа дейін ең көп таралған ақпаратты жеткізуші заңдық күші бар және арнайы формада тіркелген экономикалық көрсеткіштер жөніндегі ақпараттық хабарламалар түсінігі қамтылған құжаттар болған.
Алғашқы құжатты өңдеу үшін алдымен артық ақпааттарды алып тастап, керектісін сақтап өңделетін көрсеткіштердің құрамын анықтап алуымыз керек. Бұл кезде негізгі назар тұрақты және айнымалы ақпараттарды бөлуге бағытталады. Содан кейін, есептілік бланкісіне реквизиттерді орнластырады.
