Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын баск талдау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
380.93 Кб
Скачать

27. Өнімді өткізу мен өндіріс көлемін өсіру резервтердің қандай түрлерін білесіз?

Өндіріс көлемін өсіру резервтері – бұл кәсіпорынның ресурстарын қолдану есебінен көбеюінің сандық өлшенген мүмкіндіктері.

Кез-келген коммерциялық ұйым өз алдына пайданы көтеру мақсатын қояды. Резервтер әрбір өнім түрі б/ша анықталады.Өнім көлемі шығарылымының көбеюі пайданы жоғарылатудың бір факторы болып есептеледі. Бүгінгі таңда көптеген ұйымдар қиын жағдайда тұр. Соңғы жылдары ол ұйымдарда өнімді өткізу б/ша қиындықтар пайда болды. Сондықтан олардың алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі өнімді өткізу б/ша резервтер қалыптастыру, ұйымның өніміне қызығушылық танытқан жаңа тұтынушылар табу, өткізудің жаңа нарықтарына ену болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін шикізаттар сатып алудан ж/е технологиялық процесс жасаудан бастап тұтынушыға өнімді тиеп жіберуге дейінгі ұйымның барлық қызметтеріне кешенді талдау жасауды талап етеді. Дайын өнім шығарылым көлемінің көбеюі өндірістің өнім көлемінің артуы есебінен ж/е өндірілмеген өнім қалдығын қысқарту есебінен орын алуы мүмкін. Өнімді шығару үшін ең алдымен жақсы сапада, минималды шығындармен ( ұйым үшін шығындарсыз бағаны төмендету мүмкіндігі болуы керек) өндіру керек. Негізінде көбіне шығарылымның резервтерін қалыптастыру өнідістің резервтерін анықтауға байланысты. Өнім өндірісі көлемінің өсуінің резервтерін 3 топқа бөлеміз:

1.Еңбекті қолдануды жақсарту.

Оған мыналар жатады:

– Қосымша жұмыс орындарын құру. Формуласы:

N(PM)=∆M*B0

Мұндағы, DN – өнім көлеміннің өзгеруі; DМ – қосымша жұмыс орындар; В0 – жұмысшының ортажылдық шығарылымы.

– Жұмыс уақыты жоғалтуларының өтімділігі. Ол келесі формуламен анықталады:

DN (Л.жоғалту) = Тжоғалту * В ,

Мұндағы, DN – өнім көлемінің өзгерісі; Тжоғалту – жоғалтылған жұмыс уақыты сағаттар саны; В – ортасағаттық шығарылым.

– Еңбек өнімділігін жоғарылату;

– Кадрлар құрылымын жақсарту, білімділік деңгейлерінің өсуі.

2. Еңбек құралдарын қолдануды жақсарту.

DN – өнім көлемінің өзгеруі; n – қайта енгізілген құрылғылар саны; T1фi – әрбір құрылғы түрі б/ша пайдалы жумыс уақыты; B0фi – әрбір құрылғының 1 машина-сағатқа келетін өнім шығарылымы.

Бұл топқа келесілер жатады:

– Жаңа жұмыс орындарын құрылғылармен қамтамасыз ету;

– Құрылғылардың жұмыс уақытының жоғалтуларының өтімділігі;

– Құрылғылардың өнімділігін көтеру;

– Негізгі қорлардың құрылымын жақсарту.

3. Еңбек заттарының қолданылуын жақсарту( шикізат, материалдар).

Бұл топқа төмендегілер жатады:

– Материалдар нормаларын төмендету;

–Шикізаттар мен материалдар прогрессивті түрлерін енгізу.

Бұл өнім көлемін өсіру мақсатында топтардың әрбір элементі б/ша есептер кешені жасалады. Жасалған талдау ұйымның өнім шығарылымын жоғарылату мүмкіндіктерін бағалауға ж/е қаржылық нәтиженің төмендеуіне алып келетін ресурстарды қолдану диспропорциясын белгілеуге мүкіндік береді. Өндірілмеген өнім қалдықтарын қысқарту есебінен өнім өндірісі көлемінің өсу резервтері ұйымның өткізу қызмет жүйесінің сауатты жұмысының, дұрыс маркетингтік стратегия жасауының, жаңа тұтынушылар топтарын табуымен немесе қазіргі бар тұрақты тұтынушылар арасында сатуды өсіру.