- •1.Басқару талдаудың мәні мен негізгі мақсаты?
- •2.Басқару процесінің қызметі қандай?
- •3. Өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижесіне ресурстарды тиімді пайдалану қалай әсер етеді?
- •4. Экономикалық ақпараттың негізгі жеткізушісі?
- •5. Экономикалық талдаудыдің ақпараттық көздеріне қандай талаптар қойылады?
- •6. Бәсекелестіктің интенсивтілігін қандай факторлар анықтайды?
- •7. Әлемдік тәжірибеде бағаның қандай түрі қолданылады?
- •8. Өндірістік резервтерді анықтау кәсіпорын қызметінің нәтижесіне қаншалықты маңызды?
- •9. Ассортименті мен шығару құрылымы, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдаудың негізгі бағыттарын атаңыз
- •10. Зиянсыз сатуды талдаудың негізгі бағыттарын атаңыз.
- •12. Еңбек өнімділігінің артуына қандай факторлар әсер етеді?
- •13.Негізгі өндіріс қорларын тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіштерін сипаттаңыз.
- •14.Өндірілген өнімнің материалдық сыйымдылығының төмендеуіне қандай факторлар әсер етеді?
- •15. Материалды және еңбек ресурстары талдауынң негізгі бағыттарын атаңыз.
- •16. Еңбек ақының өсу қарқыныны еңбек өнімділігінің өсуінен асқан жағдайында өткізілген талдау бойынша андай басқару шешімдері қабылдануы мүмкін?
- •17. Инвестициялық талдаудың негізгі мазмұны неден тұрады?
- •18. Өндірістің тиімділігін арттыратын іс-шара.
- •19. Қорлардың жай күйі талдауында қандай көрсеткіштер есептеледі?
- •Толықтыру және қорларды тиеу динамикасына байланысты талдау:
- •20. Материал сыйымдылықты төмендету жолдарын атаңыз және оның шығындарды төмендету үшін маңызы қандай?
- •21.Жұмысшылардың саны мен құрамы бойынша жоспарды орындау талдаудың маңыздылығын атаңыз және кәсіпорынның тиімді қызметі үшін қолданылатын еңбек өнімділігін талдаудың мақсаты мен әдістерін атаңыз.
- •22. Қаржылық және капитал салымдарының тиімділігін бағалау және есептеу неден тұрады?
- •23. Еңбек өнімділігі мен қорқайтарымдылығының өсімінің резервтерін атаңыз.
- •24. Инвестициялық жобалар бойынша шешім қабылдаудың шарттары неден тұрады?
- •25. Өнімді өндіру мен шығаруды талдаудың бағытттарын, міндеттерін және мақсатын атаңыз.
- •26. Өнімді өндіру және шығару талдауында қандай көрсеткіштер пайдаланылады және қалай есептеледі?
- •27. Өнімді өткізу мен өндіріс көлемін өсіру резервтердің қандай түрлерін білесіз?
- •1.Еңбекті қолдануды жақсарту.
- •2. Еңбек құралдарын қолдануды жақсарту.
- •3. Еңбек заттарының қолданылуын жақсарту( шикізат, материалдар).
- •28. Шығындарды басқарудағы бухгалтердің рөлі қандай?
- •30. Өндірістің барлық түрлеріне арналған шығындар талдауы бойынша қандай көрсеткіш жалпылама болып табылады? Қалай есептеледі?
26. Өнімді өндіру және шығару талдауында қандай көрсеткіштер пайдаланылады және қалай есептеледі?
Өнім өткізу көлемі мен өндіріс көлемі тығыз байланысты көрсеткіштер болып табылады. Шектеулі өндіріс мүмкіндігінде және шектеусіз сұраныс шартында өнім өндірісінің көлеміне басымдылық беріледі, ол өз кезегінде сату көлемін анықтайды. Шартты-табиғи көрсеткіштер, құндық көрсеткіштер секілді, өнім өндірісінің көлемдеріне жалпылама сипаттама беру үшін қолданылады. Сонымен қатар өнімнің сапасын талдау көрсеткіштері; Өнім тиелуін және сатып өткізілуін талдау көрсеткіштері; Ырғақтылық жұмысын талдау көрсеткіштері қолданылады.
Өнім сапасы – бұл бұйымның параметрлік, пайдаланушылық, тұтынушылық, технологиялық, дизайнерлік қасиеттерін, оның стандартизациялану және унификациялану деңгейін, беріктілігін және төзімділігін сипаттайтын түсінік. Өнім сапасының жалпылама, жеке (индивидуалдық) және жанама көрсеткіштерін айыруға болады. Өнім сапасының кәсіпорын жұмысының құндық көрсеткіштеріне: тауарлық өнім шығарылымына (∆ТӨ), өнімді сатып өткізуден түсім шамасына (∆Т) және пайдаға (∆П) ықпалын анықтауға негізделген. Есептеу келесі түрде жүргізіледі: ∆ТӨ = (Б1 – Б0) × М1, ∆Т = (Б1 – Б0) × ӨСӨVn1, ∆П = [(Б1 – Б0) × ӨСӨVn1] – [(ӨҚ1 – ӨҚ0) × ӨСӨVn1], мұндағы: Б0 және Б1 – сәйкесінше сапаны өзгерткенге дейін және өзгерткеннен кейін бұйымның бағасы; ӨҚ0 және ӨҚ1 – сәйкесінше сапаны өзгерткенге дейін және өзгерткеннен кейін бұйымның өзіндік құны; М1 – жоғары сападағы өндірілген өнімнің мөлшері; ӨСӨVn1 – жоғары сападағы өнімнің сатып өткізу көлемі. Өнім тиелуін және сатып өткізілуін талдау. Өнімнің сатып өткізілуін талдау әдістемесінің екі нұсқасы бар. Егер кәсіпорындағы түсім тауарлық өнімнің тиелуі бойынша анықталса, онда тауарлық өнімнің балансы келесі түрде болады: ДӨб + ТӨ = СӨӨ + ДӨа. бұдан: СӨӨ = ДӨб + ТӨ – ДӨа. Егер түсім тиелген өнімге ақы төленгеннен кейін анықталатын болса, онда тауарлық балансты былай жазуға болады: ДӨб + ТӨ + ТҚб= СӨӨ + ТҚа + ДӨа, СӨӨ = ДӨб + ТӨ + ТҚб – ТҚа – ДӨа, Мұндағы: ДӨб, ДӨа – сәйкесінше кезеңнің басы мен аяғындағы қоймалардағы дайын өнімнің қалдықтары; ТӨ – тауарлық өнім шығарылымының құны; СӨӨ – есеп беру кезеңдегі сатып өткізілген өнімнің көлемі; ТҚб,ТҚа – кезеңнің басы мен аяғындағы сатып алушылармен ақысы өтелмеген тиелген өнімнің қалдықтары. Ырғақтылық – жоспармен ескертілген көлемде және ассортиментте графикке сәйкес өнімнің бірқалыпты шығарылымы. Ырғақты жұмыс өнімнің уақытында шығарылуының және сатып өткізілуінің негізгі шарты болып табылады. Ырғақсыздылық барлық экономикалық көрсеткіштерді бұзады. Ырғақтылықтың жанама көрсеткіштері – мерзімнен тыс жұмыстар үшін үстеме ақылардың болуы, шаруашылық жүргізетін субъекттің кесірінен тұрып қалуларды өтеу, ақаулардан жоғалтулар, өнімнің жеткізбеушілігі және уақытында тиелмегендігі үшін айыппұлдарды төлеу, аяқталмаған өндірісітің және қоймалардағы дайын өнімдердің нормативтен артық қалдықтарының болуы. Ең тараған көрсеткіштердің бірі – ырғақтылық коэффиценті (Кы). Оны ырғақтылық бойынша жоспардың орындалуына кіргізілген соманы өнімнің жоспарлық шығарылымына бөлу арқылы анықтайды. Ырғақтылық бойынша жоспардың орныдалуына өнімнің нақты шығарылымы, бірақ та жоспарланып қойылғаннан астам емес етіп кіргізіледі: Кы = (∑(ӨШжі – ӨШжет.ор.і)) / ∑ӨШжі, Мұндағы: Кы – ырғақтылық коэффиценті; ӨШжі – і-ші кезеңдердегі өнімнің жоспарлық шығарылымы; ӨШоі – І-ші кезеңдегі өнім шығарылымы бойынша жоспардың жеткіліксіз орындалуы. Ырғақтылық бойынша жоспардың орындалуын бағалау үшін тікелей және жанама көрсеткіштер пайдаланылады. Тікелей көрсеткіштер – ырғақтылық коэффициенті, вариация коэффициенті, бейырғақтылық коэффициенті, айлық шығарылымына қарай әрбір декада (тәуелік) үшін өнім өндірісінің үлес салмағы, тоқсандық шығарылымға қарай әрбір ай үшін өндіріліген өнімнің үлес салмағы, жылдық өндіріс көлеміне қарай әрбір тоқсан үшін өндіріліген өнімнің үлес салмағы, есеп беру айының бірінші декадасында шығарылған өнімнің алдыңғы айдың үшінші декадасына қатысты үлес салмағы. Басқарушылық талдау өнім динамикасын және өнім өндірісін зерттеуден, базистік, цептік өсім темптерін және өсімді есептеу арқылы анықтауға болады. Сондықтан өндіріс көлемі және тауарды өткізу көлемі сәйкестендіру бағасына негізгі базистік периодтағы бағалар қолданылады.
Базистік өнім темпі әрбір келесі деңгейдің алғашқы жылдық динамикалық қатарына қатынасы арқылы есептеледі, цептік- өткен көрсеткішке байланысты анықталады.
Орташа жылдық өсім темпін өнімнің және өнім өткізіліміне орташа геометриялық және орташа арифметикалық арқылы есептеуге болады. Тауардың өндірісінің және жөнелтілуінің оперативті талдауында факттық және оспарлық тауар өндірісінің және жалдану көлемінің, 1 күндегі ассортименті (ай басынан өсетін), жоспардан ауытқуы да негізге алынады.
Тауар өндірісінің талдануы өнімді жеткізу келісім міндеттерімен тығыз байланысты. Кәсіпорын үшін жоспарды орындамау пайданың азайып, штрафтарды төлеумен көрсетіледі. Сонымен қатар бәсекелестік шартында кәсіпорын өнім өткізу нарығын жоғалтып, өндіріс көлемін төмендетуі мүмкін.Тауарды уақытылы жеткізбеу тек кәсіпорын жұмысына, қорытындысына ғана емес, сонымен қатар сауда ұйымдарының, көлік ұйымдарына, алып сaтарлардың да жұмысына кері әсерін тигізеді.
Өнімнің өткізілімін талдау барысында айрықша көңілді мемлекеттік тапсырыс бойынша міндеттерді орындау, жеткізумен байланысты және өнім экспортындағы міндеттерді де ұмытпау керек.
