Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын баск талдау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
380.93 Кб
Скачать

24. Инвестициялық жобалар бойынша шешім қабылдаудың шарттары неден тұрады?

Инвестициялық шешімдерді қабылдау, кез-келген басқарушылық қызмет түрлеріндей, бірнеше тәсілдерге және критерийлерге негізделеді.

Инвестициялық шешім қабылдау шарттары:

  • Ақшалы өндіріске немесе бағалы қағаздарға инвестициялар, таза пайданың мөлшерін ақшаны банкте сақтаудан жоғары болса ғана маңызды;

  • Қаражаттарды инвестициялау тек инвестициялардың рентабельділігінің өсу қарқыны инфляцияның өсуінен жоғары болса маңызды;

  • Инфляциялау тек дисконт арқылы есептелген ең рентабельді жобаларға ғана маңызды.

Сонымен жобаға инвестициялау туралы шешім қабылдау келесі критерийлерге сәйкес болса қабылданады:

  • Жобаның арзандығы;

  • Инфляциялық зияндардың тәуекелдерін минимизациялау;

  • Өтімділік мерзімінің қысқалығы;

  • Түсімдердің тұрақтылығы және шоғырлануы;

  • Қазіргі және дисконттаудан кейінгі жоғары рентабельділік;

  • Одан әрі тиімді альтернативаның болмауы.

25. Өнімді өндіру мен шығаруды талдаудың бағытттарын, міндеттерін және мақсатын атаңыз.

Шаруашылық субъектісі өндіріс көлемін жоспарлаған және өндіріс қуатын анықтаған кезде қандай өнімді, қандай көлемде өндіретінін, қашан, қайда және қандай бағаға сататынын анықтайды. Соңғы қаржылық нәтижелер мен қаржылық тұрақтылық осыған байланысты. Ресурстар оның өнімдеріне сұраныс бар салалар мен кәсіпорындарға түседі. Нарықтық жүйе пайдасы жоқ салалар мен шаруашылық субъектілерін сирек кездесетін ресурстардан айырады. Шаруашылық субъектілері тауарларды оны өткізуден пайда түсіп турған уақытқа, осы тауарларға сұраныс қаныққанға дейін өндіреді. Қанша және қандай тауарларды өндіру, қандай бағамен оларды сату, капиталды қайда салу сұраныс және ұсыныс механизімімен, пайда нормасымен, акция бағамымен, валютамен, несие пайызымен анықталады. Өндіріс көлемінің өсу және өнімді өткізу екпіні, сапаның жоғарылауы шығындардың, түсімнің және рентабельділіктің көлеміне тікелей әсер етеді. Шаруашылық субъектілердің іс-әрекеті аз шығынмен жоғары сапалы өнімді көбірек шығару және сатуға бағытталуы қажет. Сондықтан өндіріс көлемі мен өнімді өткізуді талдаудың маңызы зор. Бәсекелестермен салыстырғанда тарату көлемін көбейту, өндірістік қуаттарды барынша пайдаланған кезде рыноктың үлесін кеңейту, оның сапасын жақсарту жолдарын табу, шығару көлемін өсіру үшін ішкі резервтерді табу және нәтижесі – кәсіпорынның түсімін көбейту өнімді өндіру мен шығаруды талдаудың мақсаты болып табылады. Өнімді өндіру мен шығаруды талдаудың негізгі міндеттері:

көлемнің негізгі көрсеткіштері бойынша, өнімнің құрамы мен сапасы дамуын бағалау;

бизнес-жоспарлардың, жоспарлау көрсеткіштерінің, олардың қарбаластығы мен нақтылығының теңгерілімі мен оңтайлылығын тексеру;

– өндіріс көлемі мен өнімді өткізу мөлшері өзгеруіне факторлар ықпалының дәрежесін айқындау;

– өнімді шығару мен өткізудің ішкі шаруашылық резервтерінің көбеюін айқындау;

– өнімнің өсу, ассортименті мен сапасының жақсарту екпінін көтеру үшін ішкі шаруашылық резервтерді пайдалану бойынша іс-шаралар жасау болып табылады.

Өнімді өндіру мен шығаруды талдаудың бағыттары:

  • өндіріс көлемі мен өнімді өткізу;

  • өнімнің ассортименті мен құрамы;

  • өнімнің сапасы;

  • өнімнің ырғақтылығы болып табылады.

Өнімді өндіру мен өткізуді талдау процесінде өндірістің өсуіне тежеуіл болатын себептер ашылуы тиіс:

  • өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудағы кемшіліктер;

  • материалдық, еңбек және ақша ресурстарын тиімсіз пайдалану;

  • өнімнің жарамсыздығы.

Өнімді өндіру, босату және сату бойынша дұрыс басқару шешімін қабылдау үшін кәсіпорынның басқару органдары қажетті ақпаратты уақытылы алып отыру қажет. Қоймадағы өнімнің қалдығы туралы мәлімет кәсіпорынның күнделікті потенциалды мүмкіндігі туралы талдау жасауға мүмкіндік береді. Босатылған өнімнің қалдығы туралы мәлімет өнімнің сатылуын болжау үшін, кәсіпорынның пайдасына оның әсерін болжау үшін, және де осы маңызды көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу жолын болжау үшін қажет болып табылады.