
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Тақырыбы:
- •Қаржының атқаратын қызметіне байланысты экономистердің көзқарастарының эволюциясы
- •Қаржы саясатының типтері: классикалық, реттеуші, жоспарлы-директивті
- •«Мультипликатор» концепциясы
- •«Неоклассикалық синтез»
- •Тексерген: Ахметов.А
- •Алматы- 2013
- •1. Қаржының атқаратын қызметіне байланысты экономистердің көзқарастарының эволюциясы
- •Қаржының қоғамдық дамудағы ролі қандай ?
- •Қаржы саясаты дегеніміз не ?
- •Қаржы саясатының типтері: классикалық, реттеуші, жоспарлы-директивті
- •«Мультипликатор» концепциясы
- •«Неоклассикалық синтез»
«Мультипликатор» концепциясы
Мультипликатор (латын тілінде multіplіkator – көбейтуші) – табыстың өзгеруі инвестициялардың өзгеруіне байланысты екенін көрсететін коэффициент. Мультипликатор идеясын экономика ғылымына алғаш рет 1931 ж. ағылшын экономисі Р.Кан енгізді. Ол инвестицияның халықтың сатып алу қабілеті мен жұмыспен қамтылуын қалай еселейтінін (мультификациялайтынын) көрсетіп берді. Дж. М. Кейнс “Жұмыспен қамтылудың, пайыздың, ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген еңбегінде мультипликатордың жалпылама түсініктемесін берді. Мультипликатор теориясы бойынша белгілі бір өндіріс аясына жұмсалған шығын басқа өндіріске және жұмыспен қамтылуға ынталандырушылық ықпал етеді. Жалпы ұлттық өнім көлеміндегі бұл оң, өскелең нәтиже мультификациялық нәтиже деп аталады. Мультипликатор инвестиция мөлшері көбейгенде жалпы ұлттық өнімнің өсу көлемін көрсететін сандық коэффициент болып табылады. Мысалы, инвестиция 100 млрд. теңгеге өссе, мұның өзі жалпы ұлттық өнімді 300 млрд. теңгеге өсіреді, демек, мультипликатор=3, егер жалпы ұлттық өнім 200 млрд. теңгеге артса, онда мультипликатор 2-ге тең болады. Кейнстік мультипликатор теориясы шеңберінде үкімет (мемлекеттік тапсырыс), фирмалар, халық жұмсаған ірі көлемдегі шығынның (инвестицияның) оң ықпалы ұлттық өндірістің тиімділігіне және өсуіне игі әсерін тигізетіні негізделді. Кейіннен мультипликациялану (көбею) құбылысы уақыт факторын ескере отырып қарала бастады және мультипликатордың динамикалық серпінді үлгісі пайда болды. Ол бастапқы инвестиция нәтижесінің қайталанып отыратындығын басшылыққа алып жасалды. Жинақ ақша мен инвестиция серпініне талдау жасауда мультипликатор теориясын пайдалану жиынтық сұранымның, жалпы ұлттық өнім көлемінің және халықтың жұмыспен қамтылуының өзгеруіне ықпал етудің нақты тұтқаларын көрсетеді. Бұл теория түрлі бағыттар тарапынан сынға ұшырағанымен, тиімді сұраным тұжырымдамасын, нарықтық экономиканы реттеу қажеттігі мен мүмкіндігін негіздеуде ерекше рөл атқарды. Түрлері: инвестициялық мультипликатор – күрделі жұмсалымның жиынтық табысқа ықпалы;ақша мультипликаторы – ақша-несие жүйесіне салымның көбеюі не азаюы нәтижесінде ақша массасының бір бірлікке шаққанда қанша артатынын не қысқаратынын көрсететін сандық коэффициент; депозиттік (несиелік) мультипликатор – банк депозиттеріндегі болмашы өзгерістердің ақша мөлшеріне және банк жүйесі мен несие рыноктарында бір мөлшердегі ақшаның сан рет пайдаланылуы арқылы несие көлеміне жасайтын ықпалы.
«Неоклассикалық синтез»
“Неоклассикалық синтез” идеясын америка экономистерінің ішінде бірінші Нобель сыйлығының лауреаты Пол Самуэльсон (1915) ашты. “Синтездің” мәні - теориялар арасындағы алшақтықты жою, қазіргі ғылыми жетістіктер мен бұрынғы жұмыстардын бүкіл оңды істердің бәрін сәйкестңдіру болды.
Самуэльсонның теориялық өндеулеріндегі ең бастысты экономикалық процестерді талдауда әр түрлі ынталарды біріктіру. Мәселен, батыс экономистерінің басым көпшілігі тиімді ақша-несие және фискалды саясат жолымен А. Смит пен А. Маршалдың классикалық микроэкономикасын, Кейнс бойынша табыс деңгейінің қазіргі экономикалық анықтауын біріктіргілері келді.
Сонымен, Самуэльсон бойынша “синтез” – бұл еңбек құны теориясы мен шекті пайдалылық теориясының келісімі. Бұл микро - және макро деңгейлеріндегі статистиканы зерттеу оған талдау жасау және тепе – теңдік шығару динамикасын зерттеп, оны ажырату, бағдарлау және дискретті даму. Математикалық үлгілер мен есептеулерді қолдана отырып, ол логикалық негіздеулерді шығарып өзара функционалды байланыстарды анықтады.
“Неоклассикалық синтез” әртүрлі күресуші тұжырымдамалар мен мектептердің арасында өзара қолданылатын келісім жолдарын іздестіруге бағытталған. “Синтез” – бұл америкалық экономикалық ойлардың дамуындағы жалпы үрдестер мен дәстүрлер. Сонымен бірге, позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым әртүрлі жағдайларды ескере отырып ұлттық формаларда дамиды.
Самуэльсон бойынша аралас экономика, экономикалық бақылауды қоғам (мемлекет атынан) және жеке меншік институттар тарапынан жүзеге асыратын, еркін кәсіпкерлік жүйе. Еркін бәсекелестік, уақыт өте, монополияға айналып, қоғамдағы өндіріс пен бөлудің сәйкестігін анықтауда негізгі механизмі ретінде қатысады. Самуэльсон бойынша аралас үлгіде экономиканың негізі болып дамыған еңбек бөлінісі мен күрделі ақша жүйесі бар тауарлы өндіріске жатады. Осыдан ол мынадай қорытынды жасайды, еркін рынок жүйесінің кемшіліктерін түзетуде мемлекеттің экономикалық рөлі өсе түседі.
Самуэльсонның табыс деңгейі жинақтар мен инвестициялар арақатынасымен немесе жиынтық қоғамдық сұраныспен анықталатынын, сол сияқты бұл деңгейде фискалдық саясаттың әсерімен өзгеретіндігін көрсетті. Ағымдағы тұтынудан (капиталдан) өндіріске тартылатын ресурстар жұмсалады деп жазды автор, бірақ болашақта олар қайтарым береді, яғни экономика болашаққа қызмет етеді.
Ұлттық өнім мен ұлттық табыс динамикасы циклдық ауытқұларды көрсетеді, Самуэльсон оның төрт сатысын (фазасын) бөліп көрсетеді: қысу, жандану, экспансия және жоғары саты.
Самуэльсонның пікірі бойынша қазіргі даму кезеңіндегі сұраныс пен ұсыныс, мемлекет пен банктердің ақылды саясатының арқасында бір – біріне пара - пар болады. Ол ұсыныстың сұранысқа бейімделу кезеңдерінің ұзақтығына сәйкес сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігінің әртүрлі үлгілерін (типтерін) қарастырды.
Аралас экономикалық жүйе қызметінің негіздерін қарастыра келіп, Самуэльсон мынадай қорытынды жасады, рынок сұраныс пен ұсыныс арқылы қандай тауар керек және кімге, қандай көлемде өндіру қажеттігін анықтайтын жүйе. Ол былай деп атап көрсетеді, мемлекет нарықтық экономиканың шығындарының мөлшерін реттеп, елдің қорғанысқа, қоршаған ортаны қорғауға, аз қамтамасыз етілгендердің пайдасына табыстарды қайта бөлуге және т.б. жауапкерші.
Жалпы, “неоклассикалық синтез” үш блоктан тұрады:
Кейнстің қысқартылған (ықшамдалған) немесе кесілген үлгісінен;
Хикс – Хансенің “кірістер - шығыстар” схемасынан (кестелігінен);
Толық жұмыспен қамтылмаудың себептерін түсіндіруден;
Кейнстің бірінші қысқртылған (ықшамдалған) үлгісіндегі жиынтық сұраныс немесе жоспарланаған шығындар (Е), тұтынуға (С), және инвестицияларға (І) бөлінеді, ал жиынтық ұсыныс ұлттық табыстың (Ү) деңгейімен анықталады. Шартты тепе – теңдік мына теңдеумен сипатталады:
Ү=E=C+I
Екінші блокта “кірістер – шығыстар” сызбасын (кестелерінің) авторлары инвестициялау тек, капиталдың шекті тиімділігі проценттік (пайыздың) мөлшерінен асып кеткенде ғана: І < І (R) мағынасы бар деп есептеді. Процентің (пайыздың) мөлшері неғұрлым төмен болса, соғұрлым басқадан тең жағдайларда қосымша капитал салымдарын жасау пайдалы, яғни керісінше.
Жалпы алғанда Хикс – Хансен сызбасын (кестесін) жасаумен неоклассикалық мектеп ертеден айналысып, жалпы экономикалық тепе – теңдік тұжырымдамасының көптеген үрлігін көрсетті, сондықтан да Кейнсиандық теория оған жекелеген жағдай құқығында кіреді.
Үшінші блок – белгілі бір деңгейден төмен түспетіндігіне қарамастан, еңбек ақының икемсіздігі толық жұмыспен қамтылмаушылық себептерін түсіндіреді. Бұл еңбек нарығындағы өздігінен реттеу механизмінің - әрекетіне тосқауыл қояды. Бағаның өсуімен ақшаға деген сұраныста өседі, демек, ликвидттен (өтімділіктен) айырылғаны үшін - төлем проценті көбейеді, соның салдарынаң инвестициялар қысқарады, ұлттық табыс пен жұмыспен қамтылушылық деңгейі төмендейді. Мұндай құбылыстардан “өтімділік қақпаны” туындайды.
“Өтімділік қақпан” – бұл, процент нормасының ең төменгі деңгейде болған кездегі, экономиканың жағдайы. Оның одан арғы жерде төмен түсуі, ұлттық табыстың инвестициялық өсуі және жұмыспен қамтылушылық мүмкін еместігін көрсетеді.
Мұндай құбылыстар, өтімділіктен айырылу төлемнің аздығы, сондықтан, ақша көлемінің бүкіл өсімін неғұрлым ақшаға тиімді деген алыпсатарлық сұраныстарға жұмсалғаның пайдалағын түсіндіреді.