Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аян.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
531.97 Кб
Скачать

12.Субъективті құқық жане зани міндет

3. Субьективтiк құқық - құқықтық қатынастардағы субьектiлердiң екi жақты мүдде-мақсаттарының орындалуы. Субьективтiк құқықтың алдындағы негiзгi мүдде – мақсаттар: бiрiншi - қатынастың күрделi мақсатын толық орындау; екiншi - көрсетiлген iс-әрекеттi дұрыс орындау; үшiншi - көрсетiлген мiндеттердiң дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртiншi - егерде дұрыс орындалмаса сот арқылы орындату. Бұл әрекет екi жақты субьектiлердiң құқығы. Оған ешкiм кiрiсе алмайды.

4. Заңды мiндеттер. Субъективтiк құқық бар жерде заңды мiндеттер болады. Бұл екеуi бiр-бiрiнсiз бола алмайды. Себебi қатынастардың көпшiлiгiнде екi жақты субьектiлердiң құқықтары бар және соған сәйкес екi жақты субьектiлердiң мiндеттерi бар. Заңды мiндетi бар тұлға оны өз еркiмен орындамаса, мемлекеттiң мәжбүрлеу күшi қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге мiндеттi. Егер бұл мiндетiн орындамаса, заңда белгiленген шара қолданылады. Мiндет заңды тұлғаларға да жүктеледi.

Заңға негiзделген айғақтар - құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгеруiмен немесе тоқтауымен құқық нормалары арқылы байланыста болатын тiршiлiк жағдайлары. Олардың түрлерi: оқиғалар және әрекеттер.

Оқиғалар - адамдардың ерiк-ықтиярынсыз пайда болады. Мысалы, адам өлiмi мұрагерлiк құқықты тудырады, ал пенсия жасына жету, зейнетақы алуға мүмкiндiк бередi.

Әрекеттер - адамдардың ерiк-ықтиярымен пайда болатын заңға негiзделген айғақтар. Олар құқыққа сай (заңды әрекет) және құқыққа қарсы әрекеттер (заңсыз әрекет) болып бөлiнедi.

Заңды әрекет - бұл заңның талаптарына сәйкес келетiн, субьектiлердiң құқықтары және мiндеттерiмен қабысатын мiнез-құлық. Заңды әрекет үш топқа бөлiнуi мүмкiн: жекелеген әрекет; заңды қылық; заңда көрсетiлген нәтиже тудыратын, әлеуметтiк мәнi бар заңды әрекет.

Заңсыз әрекет - бұл қылық заң талаптарын бұзады, субьективтiк құқықтарға нұқсан келтiредi, адамдарға жүктелген мiндеттерге сәйкес келмейдi.

13.Қукык бузушылык турлери

Құқық бұзушылық - құқыққа қарсы, қоғамға қайшы тұлғаға зиянды, қауiптi, кiнәлi, жазаланатын әрекет немесе әрекетсiздiк.

Құқық бұзушылық терiс қылық жыне қылмыс болып бөлiнедi.

Терiс қылық құқықтың саласына сәйкес бiрнеше түрге бөлiнедi: әкiмшiлiк терiс қылық, азаматтық терiс қылық, тәртiптiлiк терiс қылық.

Қылмыс - өте зиянды, қауiптi құқық бұзушылық. Сондықтан оған қарсы өте қатаң жауапкершiлiктiң түрлерi қолданылады.

Құқық бұзып, кiнәлi болған субъектiге мемлекет өзiнiң мәжбүрлеу шараларын қолданады. Ол бойынша кiнәлi субъектiнiң жеке өз басы мүлiктiк шектеуге ұшырайды немесе ұйымдық сипаттағы қысым мен шектеуге түседi. Заң бойынша жауаптылықтың екi түрi болады: айып төлеу және құқықты бұзуды түзеу. Айып төлеу әкiмшiлiк немесе тәртiптiк терiс қылық жасағанда қолданылады. Құқықты бұзуды түзеу - жауаптылығы бұзылған құқықтық норманы ерiксiз қалпына келтiруге мәжбүр ету.

Заң алдындағы жауаптылық тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана туындайды. Жауапқа тартылушы тұлға мемлекеттiң мәжбүрлеу шарасы тек қана құқық бұзушылықтың бар екендiгi анықталғанда және ол заңға сәйкес келсе ғана мойын ұсынуға құқылы. Жауапқа тартылушы адам өзiн заңсыз түрде жауапқа тартудан қорғауды талап етуге құқылы. Егер лауазымды тұлғалар жауапқа тартудың процессуалдық ережелерiн бұзса немесе оған нұқсан келтiрсе, олар жауапқа тартылуға тиiстi.

Осы қағидаларды әдiлеттi орындау үшiн мемлекеттiң алдында екi жауапты мiндет тұрады. Бiрiншiсi, ешкiмдi кiнәсiз жауапқа тартпау, азаматтардың бостандығына, адамгершiлiгiне, құқығына жазықсыз зиян келтiрмеу. Екiншiсi, қылмыскерге өз кiнәсiне сай заң бойынша әдiл жазасын беру, қажет болса бас бостандығынан айыру