Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аян.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
531.97 Кб
Скачать

90. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы.

Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (прокуратура,алдын-ала тергеу және анықтау жүргізетін органдар) мен сот болып табылады.

Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады.Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар-азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомствалық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар.

Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматттық сот ісін жүргізу туралы заңдармен белгіленеді. Азаматтық іс жүргізу құқығы – мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, басқаша айтқанда, азаматтық істер бойынша сот әділдігін сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйесі.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке, дербес құқық болып табылады, оның да дербес нысанасы және реттеу әдісі бар.Азаматтық іс жүргізу құқығының реттейтін нысанасы сот пен іс жүргізуге қатысушы тұлғалар, яғни азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының басты міндетті субъектісі сот болып табылады, басқа субъектілер соттан қорғау сұраған тұлға немесе іске қатысуға жауапкер ретінде не куә, сарапшы және т.б. тұлғалар болуы мүмкін.

Іске қатысушы тұлғалар ерекше көрсетілген: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен міндеттерін қорғайтын басқа да ұйымдар жатқызылған.

Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері билік сипатында жасалады, оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозитивтік сипатта болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасасуы себепті қысқартылуы мүмкін. Азаматтық істің өзіндік ерекшелігі осында.