Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аян.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
531.97 Кб
Скачать

40. Әкімшілік құқықтың пәні және әдістері.

Әкімшілік құқық – қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтық бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асыру билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азкамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні. Әкімшілік құқықтық нормалардың көмегімен реттелетін, қоғамдық қатынастардың жүйесі әкімшілік құқықтың пәні болып табылады. Біріншіден, республика президентінен бастап, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әкімшіліктеріне дейінгі аралықта, атқару билігінің, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде іске асырылуының үрдісі барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар. Екіншіден, ақпараттық талдау, іс жүргізу, жұмысқа қабылдау, қызметпен ауысу, жұмыстан шығару, тәртіптік жауаптылық, мадақтау, материалды-техникалық жабдықтау т.с.с.,қай жерде істеліп жатқанына қарамастан, мейлі ол атқару, заң шығару немесе сот билігі органдарында болсын, бәрібір, өзара өзара ұқсас, бір типтес болып келетін, барлық мемлекеттік органдардың ішкі ұйымдастырушылық қатынастары. Үшіншіден, әкімшілік құқықтың пәніне, мемлекеттік-биліктік құзыретке ие, мемлекеттің атынан, бүкіл ҚР-ның аумағында әрекет жасайтын жалпымемлекеттік бақылау қызметі кіреді. Төртіншіден, әкімшілік құқығы пәні, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істі атқару кезіндегі судьялар мен соттардың іс-әрекеттерін де қамтиды. Бесіншіден, әкімшілік құқық пәніне кейбір азаматтық қоғамның кейбір азаматтық қоғамның кейбір институттарына мемлекет өзінің жекелеген мемлекеттік-биліктік құзыретін беру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар да жатады.

Әдістері: қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал жасаушы тәсілдік сипатта болатын әкімшілік құқықтың әдістері өзіндік бірнеше ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Біріншіден, әкімшілік құқық әдістерінің, яғни төменгі органдар мен лауазымды адамдар, жоғарғы органдардың бұйрығын, тапсырмасын орындайтын сатылылығы. Мысалы, азаматтық-құқықтық қатынастар үшін тараптардың еркінің теңдігі болса, әкімшілік құқықтық әдісте бір жақтың екінші жақтың еркінен үстемдігі байқалады. Әкімшілік құқық әдістерінің келесі бір ерекшеліктері құқықтық нормативтік актілерде көрсетілген нормалардың, талаптардың бұлжытпай орындалуы. Бұндай міндеттеу адамдардың барлығына бірдей не белгілі бір әлеуметтік топтарға ғана бағытталуы мүмкін. Мысалы, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, көшені арнайы көрсетілген жерден қиып өту немесе жеке топтарға арналған, жүргізушілерге автокөліктерімен жүруге, автокөліктерін қоюға тыйым салатын ережелерді айтуға болады.

41. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.

Әкімшіліктің құқықтың дерек көздері дегеніміз –мемлекеттік билік ресми мойындаған, басқару қатынастары ережесінің көріну мен бекітілуі. Олар дерек көздері болу үшін төмендегідей бірнеше белгілерге ие болуы керек: субъектілердің белгілі бір нысандар орындауға міндетті бір не бірнеше мінез-құлық ережелері болуы керек; мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен орындалатындай мемлекеттік билікпен ресми мойындалуы қажет; әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің қандай да бір құқықтық маңызды іс-әрекеттер жасауы үшін негізі болуы керек; қоғамдағы өмір сүріп отырған құқықтық докетринаға сәйкес келуі керек.

Əкімшілік құқығының басты қайнар көздері деп Қазақстан Республикасының

Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында

қабылданған “əкiмшiлiк құқық бұзушылық” кодексi жəне басқа да құқықтық-

нормативтiк келісімдерді айта аламыз.

Әкімшілік құқықтың төмендегідей қайнар көздері бар:

  1. ҚР-ның Конституциясы;

  2. Халықаралық, мемлекетаралық шарттар;

  3. ҚР конституциялық заңдары;

  4. ҚР-ның заңдары;

  5. ҚР-ның Президентінің, Парламентінің;

  6. Үкіметінің, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзің-өзі басқару органдарының актілері;

  7. Әкімшілік соттық прецеденттер;

  8. Әкімшілік шарт;

  9. Ғылыми құқықтық доктриналар.