Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аян.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
531.97 Кб
Скачать

1. Кукык және мемлекет ұғымдарынын аныктамасы жане аракатынасы

Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тiршiлiгi мен дамуын қамтамасыз ететiн, өзiнде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың құқықтарын, бостандықтарын әрі заңды мүдделерiн қорғайтын, мемлекеттiң өз iшiндегi және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетiн институт. Мемлекет - белгiлi бiр аумақ шеңберiнде халықты өз ырқына көндiрiп отыратын, бүкiл қоғам атынан iшкi және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа мiндеттi заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым. Мемлекеттiң белгiлерiне мыналар жатады:

1.Мемлекеттiк билiк - ерекше көпшiлiк билiгi, яғни халық билiгi.

2.Мемлекеттiң халқы әкiмшiлiк жүйеге бөлiнедi, Азаматтары шекарасы белгiленген әкiмшiлiк-территорияның аумағында тұрады.

3. Iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуде тәуелсiз.

4. Билiк жүргiзетiн органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады.

5. Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттiң аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы 6. Мемлекеттiң басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы.

құқық дегенiмiз мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.

Құқық мазмұнының негiзгi элементтерi:

- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтiк, мәдениеттiк т. б. бағытын дамытып, нығайту;

- мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретiн, ара-қатынасын реттеп, басқару;

- халықаралық қатынастарды реттеп, басқару.

Құқықтың екi түрлі тұсінігі болады: біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

2. Құқықтық мемлекеттін негізгі сипаттары

Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесiн қорғайтыны, заң үстемдiгi мен құқық принциптерiне негiзделiп құрылған мемлекет. Ол принциптер: заңның үстемдiк eтyi; мемлекеттiк билiктiң заң шығарушы, атқарушы және сот билiктерiне бөлiнуi; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем деңгейiнде кепiлдiк берiлуi; тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылығының болуы, т. б.Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болған. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекуеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттік жолмен дамуын армандады. Аристотель: заң үстемдігі болмаса, демократия жоқ – деді. Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақты дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге болады.

Құқықтық мемлекеттiң негізгі сипаттары:

1. Заңның үстемдiк етуi.

2. Мемлекеттiк билiктiң бөлiнуi.

3. Тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылығы.

4. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәндiлiгi, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалатындығы.

5. Саяси және идеологиялық плюрализмнiң болуы.

6. Азаматтық қоғамның қалыптасуы.

7. Iшкi заңдардың көпшiлiк таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерiне сәйкес келуi. Адамдар “заңның құлы” болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес, Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан өсиет сөз бар:

Заң – мемлекеттің ақылы.

Сот – мемлекеттің жүрегі.

Мәдениет – мемлекеттің тәртібі.

Міне, осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалыптасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде құқықтық мемлекет орнайды. Қорыта айтқанда, құқықтық мемлекет дегенiмiз - жеке Тұлға мен қоғам мүддесiн қорғайтын, заң үстемдiгi мен құқық принциптерiне негiзделген мемлекет.