Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын модель.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
195.12 Кб
Скачать
  1. Статикалық модельдің 3 мысалын суреттеңіз

Статикалық модельдер – модельдеу жүйесінің құрылымын көрсете отырып, уақыт ағымында өзгерістерін көрсетпейді. Бұл модельдер жүйенің құрылымын сипаттау үшін ыңғайлы. Ол объектілер бір бірімен қалай байланысты екенін және оның ерекшеліктері қандай екенін зерттейді. Статикалық модель жүйенің кейбір кезеңдегі нақты ерекшеліктерін көрсететін «сурет» деп айтсақ болады. Статикалық модель мысалдары: карта, глобус, компьютердің схемасы, Күн жүйесіндегі планеталардың тізімі және олар туралы ақпарат.

Статикалық модель – бұл уақыт факторының әсерінсіз функционалдық байланысты көрсететін теориялық құрылым. Осы модель көбінесе нарықтық тепе-теңдікті зерттегенде қолданылады. Нарықтық тепе-теңдік өзгеруі мүмкін, бұл сұраныс пен ұсыныс сызықтарының тепе-теңдікке әсер ететін сыртқы факторлардың өзгерісінен болады. Нарықтық тепе-теңдіктің өзгеру заңдылығын және оның зардаптарын анықтау үшін салыстырмалы статика әдісі қолданылады. Және бұл екі немесе одан да көп тепе-теңдік жағдайларын салыстыруға мүмкіндік береді, бірақ бір нүктеден екінші нүктеге қалай өтетінін зерттей алмаймыз. Бұл модель график арқылы салыстыру кезінде өте тиімді. Әртүрлі тепе- теңдік түрлерін салыстыру:

экономикалық параметрлердің нарықтық тепе-теңдікке әсерін анықтауға;нарықтық тепе-теңдіктің зардаптарын түсіндіруге;нарықтың болашақтағы жағдайын болжауға;

экономикалық реттеудің құрал- жабдықтарын пайдаланудың әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

Салыстырмалы статикалық модельді қолдану әдісі сұраныс пен ұсыныс қисығына бағалық емес параметрлердің әсерін зерттеуге негізделген. Жаңа нарықтық тепе-теңдікке өту, нарыққа қатысушылардың өзгерген жағдайға үйрену процессі болып табылады. Сондықтан да нарыққа қатысушылардың өзгерістерге байланысты мінез-құлықтары олардың бейімделген мүмкіндіктерінен және уақыт факторларынан білінеді. Бұл уақыт факторын тіпті статикалық модельде қолдануға алып келеді. Нарыққа қатысушылардың мінез- құлқы өзгерістерге әсер ету шапшаңдығынан білінетіндіктен, уақыт айналымдарын қысқауақыттық, бір мезеттік, ұзақуақыттық және өте ұзақ уақыттық деп бөлуге болады.

14.Модельдердің қай түрі «Егер…болса, не болады?»

сұрағана жауап беруіне мүмкіндік береді? Бұл модельдін

ерекшелігі қандай?

Имитациялық модельдер – экономикалық көріністің нақты бейнеленуі. Бұл модель «Егер....болса,не болады» деген сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді. Имитациялық модель – бұл зерттеліп отырған процесстің ағымын имитациялайтын модельдердің жиынтығы. Олар нұсқалық есептемелерді жылдам және оңай жүзеге асыруға көмектесетін арнайы ақпараттық база мен қосалқы бағдарламалар жүйесімен біріктірілген. Имитациялық модельдер арқылы процесстерді шынайы өмірде болып жатқандай етіп сипаттайтын модельдерді құруға болады. Бұл кезде белгілі бір жүйе туралы ақпарат алу үшін тәжірибеде ол жүйе шынайы жүйені дәл сипаттай алатын модельмен алмастырылады. Модельмен тәжірибе жүргізу имитация деп аталады. Имитация – шынайы объектіде тәжірибесіз белгілі бір құбылыстың мәнін ашу.

Имитациялық модельдерді келесі жағдайдарда қолданады:

  • Егер шынайы объектіде тәжірибе жасау мүмкән болмаса немесе ол қымбат болса:

  • Аналитикалық модель құру мүмкін емес болса,яғни егер жүйеде уақыт, себептік байланыстар, стохастикалық айнымалар болса;

  • Жүйенің Мінез құлығын уақыт ішінде имитациялау керек болса;

Имитациялық модельдеу жүйенің қылығын уақыт ішінде имитациялауға мүмкіндік береді. Бұл жерде бір артықшылық, модельдегі уақытты басқаруға болады: тез ағымды процесстер кезінде оларды баяулатуға немесе баяу өзгермелі модельдеу жүйелерін тездетуге болады. Ақпараттық жүйелердің дамуымен бірге қазіргі кезде қиын немесе ерекше бұйымдардың моделі үш өлшемді (3D) имитациялық модельдеуді жасауға мүмкіндік береді. Бұл техника өндірістің алдында барлық білімдерді, құралдарды, ақпараттарды жинауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, с басқарушылық модельдерде «егер ...болса,не болады?» және «қалаулыға қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа жауап береді. Және бұл модель үш айнымалыдан тұрады: 1) айнымалы, объектінің ағымдағы жағдайын сипаттауға мүмкіндік береді, 2) басқарушылық ықпал жасау – бұл жағдайдың өзгеруіне әсер ететін айнымалар, 3) бастапқы мәліметтер және сыртқы әсер етулер, яғни сырттан берілетін параметрлер немесе бастапқы параметрлер.