
- •1.Моделдеу түсінігі
- •2.Модельдерге қойылатын міндетті талаптар
- •3.Сипаттау модельдері
- •4.Нормативтік моделдеу
- •5.Статикалық және динамикалық модельдер
- •6.Оптимизациялық модельдер
- •7.Имитациялық модельдер
- •8. Басқарылатын және болжамды модельдер
- •9. Модельдерді ұсыну формалары
- •10. Модельдердің атқаратын функциялары
- •11. Басқарушылық шешімдерді әзірлеудің негізгі формалары
- •12. Концептуалды моделдеу
- •13. Физикалық моделдеу
- •14. Маркетинг моделдері
- •15.Фирманың қызметін маркетингтік басқарудың принциптері
- •Сипаттау модельдерін жасаудың мақсаттары
- •2.Құрылған моделдердің сапасына әсер ететін субъективті факторлар
- •3. Г.А. Саймонның шешімдерді қабылдаудың нормативтік (классикалық) моделі
- •4.9.Шешімдерді қабылдаудың дескриптивтік моделдері
- •5.М. Круазьенің ұйымдастыру моделі
- •6.Шешімдерді қабылдаудың инкрименттік үрдісінің моделі
- •7. «Мусорная корзина» моделі
- •8. Экономика дамуының моделі (Харрод моделі)
- •10. Вертикальді и горизонтальді талдау
- •11.Салааралық баланстың статикалық моделі
- •12.13 Қаржы менеджментіндегі предикатттық модельдері нормативтік модель
- •15. Дағдарысқа қарсы басқарудың моделі
- •Бейдағдарыс моделінің бірінші кезең – мақсаттарды дәлелдеу. Осы кезеңде қандай іс шаралар қабылданады?
- •Бейдағдарыс моделінің екінші кезеңі – болжамды талдау. Осы кезеңде қандай іс шаралар қабылданады?
- •Бейдағдарыс моделінің кезендерінің бірі – дағдарыстың ықтимал себептерінің диагностикасы. Осы кезенде қандай іс шаралар қабылданады?
- •Бейдағдарыс моделінің кезендерінің бірі – төтенше жағдай жобасын құру. Осы кезенде қандай іс шаралар қабылданады?
- •Бейдағдарыс моделінің кезендерінің бірі – стратегияны таңдау. Осы кезенде қандай іс шаралар қабылданады?
- •Бейдағдарыс моделінің кезендерінің бірі – тактиканы құру. Осы кезенде қандай іс шаралар қабылданады?
- •Бейдағдарыс моделінің кезендерінің бірі – бақылау және өзгерістер еңгізу. Осы кезенде қандай іс шаралар қабылданады?
- •Моделдерді қолдануға итермелейтін негізгі себептерді атаңыз.
- •Сипаттау модельдеріне 10 мысал келтіріңз
- •Сипаттау модельдерін құрылуының реттілігінің схемасын салып көрсетіңіз
- •11.Нормативтік модельдеріне 5 мысал келтіріңіз
- •Уақыт факторына байланысты модельдердің қандай түрлері бар
- •Статикалық модельдің 3 мысалын суреттеңіз
- •14.Модельдердің қай түрі «Егер…болса, не болады?»
- •15.Модельдердің қай түрі «Егер бәрі де бұрынғы жағдайда қалса, не болады?» сұрағана жауап беруіне мүмкіндік береді? Бұл модельдін ерекшелігі қандай?
- •Модельдердің функционалдық мақсатын қарастырғанда қандай функцияларды айқындауға болады?
- •17. Модельдерді ұсыну формаларының 10 мысалан келтіріңіз
- •Модельдердің қай түрі жұмыскерлердің тәжрибесіне негізделіп ойдағы экспериментке түйіледі? Бұл модельдің ерекшелігі қандай?
- •Модельдердің қай түрі нақты объектілер немесе процесстер түрінде ұсынылады? Бұл моделдің ерекшелігі қандай?
- •21. Шешілетін мәселелерге қарай сипаттау модельдерін өндеудің мақсаттары қандай?
- •22. М.Портер моделі
- •23. Модельді дәлдікке тексеру кезені
- •Модельді құру процессінің «мақсатты қою» кезені.
- •25. Басқарушылық шешімдерді қабылдау процессінің негізгі кезендері.
- •Модельді құру процессінің «үлгіні қолдану» кезені.
- •27. Ойындар теориясы
- •28.Дескриптивтік модельдерді сипаттаңыз
- •29.Карнеги моделінің сипаттамасы
- •30. Классикалық модельдердің сипаттамасы
- •Моделдеу түсінігі
- •Модельдерге қойылатын міндетті талаптар
12.13 Қаржы менеджментіндегі предикатттық модельдері нормативтік модель
Қаржы менеджменті — 1) ақша айналымын, кәсіпорынның, ұйымның қаржы ресурстарының құралуы мен пайдаланылуын басқару, яғни кәсіпорында инвестицияларды қоса барлық қаржы ресурстарын қалып тастыру және реттеу үдерісі. Жоспарлау, шешімдер қабылдау өкімдер әзірлеу және бақылау сатыларын қамтиды; демек, бұл ұғымның ауқымы тар мағынадағы қаржы жоспарлауы ұғымынь ауқымынан кең. 2) қаржыны басқару, кәсіпорындардың, ұйымдардың өз мақсаттарына жетуі үшін қаржы қатынастарын орнату туралы ғылым.Қаржы менеджментінің атқарымы: ағымдағы және келешектегі қаржылық жоспарлау; ақша қорларын жасақтау және пайдалану; ақша айналымын ұйымдастыру; материалдық және қаржы ресурстарының теңдестірілуі; капиталдың тиімді құрылымын қолдау; ақшалай қаражаттың түсуі мен пайдаланылуын бақылау; қаржының көмегімен кәсіпорынның тиімді жұмысын және қызметкерлердің іскерлік белсенділігін уәждемелеу. Қаржы менеджментінің негізгі әдістері кәсіпорынның төлем төлеуге қабілеті мен қаржылық орнықтылығын, кәсіпорынның несиеге қабілетін оның теңгерімінің өтемпаздығын, қаржы нәтижелерін, айналым активтерінің айналымдылығын талдау, ықтимал банкроттығын бағалау.
Қаржы менеджментінде модель түрін қолдану –келесілерді іске асыру үшін : кәсіпорынның мүліктік қаржы жағд бейнелеу үшін; қаржылық стратегиясын сипаттау үшін, активтермен міндеттемелерді пайдалану үшін, қаржы көрсеткіштерін болжау үшін, факторлық талдау,!
Предикаттық модель-кәсіпорын түсімдерін оның болашақтағы қаржылық жағдайын болжау мақсатында қолданылады,Бұл модельді кеңірек әдістерді келесідей-
-Сатылым көлемінің қысымының нүктесін есептеу(қаржылық есеп, бақылау және талдау: есеп саясатын қалыптастыру; қаржылық есеп беру түріндегі ақпараттарды өңдеу және пайдаланушыларға ұсыну; қаржылық нәтижелерді талдау және сараптау; есептік көрсеткіштерді жоспарлық және стандарттық көрсеткіштермен салыстыру; компания ішіндегі аудит.)
-болжамды қаржылық есепті құру(Баланс болжамын құрастыру компанияның активтерін, оның міндеттемелерін және меншік капиталды кезең кезеңімен болжамдау арқылы жүргізіледі.Балансты болжау үшін компанияның қызметі туралы мәліметтерді жүйелі жинақтау қажет. Болжау мүмкіншілігінше бөлек элементтердің көбірек санына (табыс, шығындар, активтер, пассивтер) және олардың келешектегі көлемін, элементтер арасындағы ара қатынастарын бағалауын ескере мұқият талдауға негізделінеді. Болжау балансын құру келесі бір ізділікте жүргізілуі керек:аналыкалық кесте мәліметтері бойынша компанияның ағымдағы қаржылық жағдайын талдау;қаржылық қорытындыларды және оларға әсер ететін факторларды талдау; активтер, пассивтер, табыстар және шығындар құрылымдағы қатысты және абсолюттік өзгерістерді анықтау;)
-динамикалық талдау модельдері(уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. (динамикалық) талдау бір қатар жылдарға есептіліктің әрбір айқындамасын салыстыруға және трендіні анықтауға негізделген.)
-жағдайлық талдау модельдері(Жағдайлық талдау: фирманың жетістіктері мен сәтсіздіктерін ескере отырып,өндірісте болған өзгерістердің себептерін анықтау, қызметкерлер жұмысының тиімділігін бағалау, сонымен қатар болашаққа болжам жасау.)
-нормативтік модель!(кәсіпорын қызметінің нақты нәтижелерін күтілетін нәтижелерінен және нормативтік көрсеткіштерімен салыстыуға мүмкіндік береді,Көбінесе кәсіпорынның ішкі қаржылық талдауында қолд.)
Ішкі талдау – бұл кәсіпорынның өз ішінде өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметтерді шұғыл, қысқа және ұзақ мерзімді басқару үшін жүргізілетін талдау.
Сыртқы талдау – қаржылық және статистикалық есеп беру мәліметтері негізінде банктер, қаржы органдары, акционерлар мен инвесторлар жүргізетін талдау.
Қаржы менеджментінің негізгі міндеті – қаржыны басқарудың компанияның стратегиялық және ағымды мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады. Нақты бір компанияның қаржыны басқару жүйесі көптеген факторларға байланысты болады: меншіктік нысанына, ұйымдық-құқықтық дәрежесіне, салалық және технологиялық ерекшеліктеріне, капитал көлеміне.
14.Фирманың күтілетін жағдайы модельдері- кәсіпорынның ағымдық-қаржылық жоспарлауында немесе банкроттық болуы қаупын бағалау мақсатында қолд. Қазіргі уақытта кез-келген кәсіпорын үшін негізгі қорларды басқаруды жетілдіру өте маңызды. Өйткені кәсіпорындағы негізгі қорларды оңтайлы түрде басқару негізінде кәсіпорындағы негізгі қорларды тиімді пайдалану жолдарын жетілдірмейінше, көп мөлшерде сапалы өнім алуға және оның негізінде кәсіпорын табысын арттырып, ары қарай болашақ дамуға қол жеткізу мүмкін емес деп айтуға болады. Кез келген қаржылық немесе шаруашылық оперциялардың тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-бірімен байланысты. Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тәуекел деңгейін бағалай және оның нақты операция табыстылының деңгейімен байланыстылығын бағалай білу қажет.Тәуекелдің мәні мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына – салынған капиталдан табыс алуға – тәуекелді анықтау сәйкес келеді. Кәсіпорынға өзіндік қаржы стратегиясын құру қажет. Қаржы стратегиясы- бұл кәсіпорынның жалпы стратегиясының құраушы бөлігі болып саналады. Ол кәсіпорынды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-амалдардың бас жоспарын жасау мен оны іске асыру әрекетінен көрінеді. Қаржылық стратегия теориясы іс жүргізудің нарықтық заңдылықтарын зерттейді, кәсіпорынның жаңа ортада тіршілік ету, даму үлгісін жасайды. Қаржылық стратегияға мыналар кіреді: қаржылық жағдайды талдау; кәсіпорын мүлкін оңтайландыру; табысты бөлу, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру, салық және баға ұстану саясаты; құнды қағаздар саясаты. Егер кәсіпорын өз тәжірибесінде ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және ағымдық қаржылық жоспарлау жүйесін қолданатын болса, онда жоспарлау көлемі де тиісінше бөлшектелінеді.
Ақша ағындары үлгісін құру арқылы болжаудың басты міндеті- ақша қаражаттары түсу және жұмсалуын белгілі бір уақыт кезінде бірдей болуын ұйымдастыру, демек, кәсіпорынның келешектегі өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді болатыны белгілі. Капиталды салу мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі «бұл жобаның тәуекелі төменірек сияқты» дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуекелге сәйкес келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де анықтауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау кеңінен тараған. Оның мақсаты – кәсіпорынның балансы мен қаржылық нәтижелер және оларды қолдану туралы есебі негізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму динамикасын бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен қолдануына, олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни пассивтер) назар аударылады.