Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын модель.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
195.12 Кб
Скачать

10. Вертикальді и горизонтальді талдау

Горизонтальды талдау – есептi кезең деңгейiнiң алдыңғы кезеңнен абсолюттi не салыстырмалы ауытқуы.

Вертикальды талдау – жиынтық қаржылық көрсеткiштiң құрылымын анықтау және жиынтықтың өзгерiсiне әр баптың үлесiн есептеу.Бұл талдаудың элементі көрсеткіштерінің динамикалық қатарлары олардың шаруашылық ақыпұлдарының құрылымдарын жылжуларын олардың қаржыландыру көздерін бақылап,болжауына мүмкіндік береді. Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеппозициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткішердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі және баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және т.б.

Тікелей және көлденен талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

КҚЖ талдаудың негiзгi мiндеттерi келесiлер:

·Кәсiпорынның қаржылық жағдайына уақытында әрi объективтi баға беру, оның әлсiз жақтарын анықтау және оның пайда болу себептерiн оқу

·Кәсiпорынның қаржылық жағдайын, оның төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын жоғарылату резервтерiн iздестiру;

·Қаржы ресурстарын неғұрлым тиiмдi пайдалану мен кәсiпорынның қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған шаралар жүйесiн дайындау;

·Қаржы ресурстарын түрлiше пайдалану нұсқаларындағы қаржылық нәтиже мен қаржылық жағдайдың үлгiлерiн жобалау.

Жоғарыдағы мiндеттерге қол жеткiзу үшiн кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау келесiдей кезектiлiкте жүргiзiлуi тиiс:

1.Кәсiпорынның мүлiктiк жағдайы мен капитал құрылымын талдау

2.Капиталды пайдалану тиiмдiлiгi мен интенсивтiлiгiн талдау

3.Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiн талдау

4.Кәсiпорынның несие қабiлеттiлiгi мен банкроттылығының ықтималдылығын талдау

5.Кәсiпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру бағыттарын жобалау

11.Салааралық баланстың статикалық моделі

Баланс (ағылшын баланце — таразы), теңгерім — кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы жағдайын, шаруашылықтың кірісі мен шығысын (актив, пассив), т.б. тепе-теңдіктерді сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштердің белгілі бір жүйесі; Баланстық әдістің дамытылған түрін салааралық баланс деп атайды. Жоғарыда көрсеткеніміздей салааралық баланс сараптамалық есептеулерде, болжамдарда және жоспарлауда кеңінен пайдаланылады. Салааралық баланстардағы қажетті ақпарат және оның нәтижелері мынадай мүмкіндіктер береді: Салааралық баланстың көмегімен қажетті жұмысшы күшін анықтауға, ұлттық шаруашылық салалары бойынша жұмыспен қамту деңгейін болжауға болады.

1.Салааралық баланстарды экономиканы сипаттайтын модель ретінде және ұлттық экономика дамуының қарқыны мен пропорциялары бойынша болжамдық есептеулер әдісі ретінде қарастыруға болады. Салааралық баланстар салалар бойынша нақтыланған үдемелі ұдайы өндірістің жан-жақты схемасы болып табылады. Қоғамдық өнім құнының қалыптасуы процесі, оның орнын толтыру, тұтыну және жинақтау қорларына бөлу, жалпы ішкі өнімді жасау, бөлу, қайта бөлу процесі салааралық баланста тәптіштеле, нақтыланады;

2.Жоспар, болжам, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талдап, жасау кезінде қоғамның түпкі қажеттіліктерін бастапқы пункт ретінде қабылдайды;

3. Салааралық баланс көрсеткіші негізінде техникалық прогресс бағыттары зерттеледі.

4. Салааралық баланс салааралық байланыстардың салалық құрылымын негіздеу және болжау әдісі ретінде қолданылады.

5.Салааралық баланстың нұсқалары қоғамдық өндірістің бірқатар құрылымдық түрлерін салыстыру арқылы экономиканың ең тиімді деген құрылымын таңдауға көмектеседі. Баланстың экономикалық-математикалық моделі стандартты бағдарлама жасауға және оны электронды машиналарда есептеуге мүмкіндік туғызады.

6. Салааралық баланс өндірісті кеңейту үшін қажетті күрделі қаржыны есептеуге жағдай жасайды және сол қаржыны салалар және жылдар бойынша бөлуді қамтамасыз етеді.

Сонымен, салааралық баланс әдісінің көмегімен экономикалық құлдыраулар мен дағдарыстарды болжауға, сондай-ақ өндірістік, қаржылық және сауда дағдарыстарын шектеу үшін шаралар жүйесін қарастыруға болады. Ал, мұның өзі экономикалық өсу динамикасының болжамдылығын арттырады, сонымен бірге тұрақтылыққа қол жеткізуге жәрдемдеседі.

Статикалық модель – бұл уақыт факторының әсерінсіз функционалдық байланысты көрсететін теориялық құрылым. Осы модель көбінесе нарықтық тепе-теңдікті зерттегенде қолданылады. Нарықтық тепе-теңдік өзгеруі мүмкін, бұл сұраныс пен ұсыныс сызықтарының тепе-теңдікке әсер ететін сыртқы факторлардың өзгерісінен болады. Нарықтық тепе-теңдіктің өзгеру заңдылығын және оның зардаптарын анықтау үшін салыстырмалы статика әдісі қолданылады. Және бұл екі немесе одан да көп тепе-теңдік жағдайларын салыстыруға мүмкіндік береді, бірақ бір нүктеден екінші нүктеге қалай өтетінін зерттей алмаймыз. Бұл модель график арқылы салыстыру кезінде өте тиімді. Әртүрлі тепе- теңдік түрлерін салыстыру:

экономикалық параметрлердің нарықтық тепе-теңдікке әсерін анықтауға;нарықтық тепе-теңдіктің зардаптарын түсіндіруге;нарықтың болашақтағы жағдайын болжауға;

экономикалық реттеудің құрал- жабдықтарын пайдаланудың әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

Салыстырмалы статикалық модельді қолдану әдісі сұраныс пен ұсыныс қисығына бағалық емес параметрлердің әсерін зерттеуге негізделген. Жаңа нарықтық тепе-теңдікке өту, нарыққа қатысушылардың өзгерген жағдайға үйрену процессі болып табылады. Сондықтан да нарыққа қатысушылардың өзгерістерге байланысты мінез-құлықтары олардың бейімделген мүмкіндіктерінен және уақыт факторларынан білінеді. Бұл уақыт факторын тіпті статикалық модельде қолдануға алып келеді. Нарыққа қатысушылардың мінез- құлқы өзгерістерге әсер ету шапшаңдығынан білінетіндіктен, уақыт айналымдарын қысқауақыттық, бір мезеттік, ұзақуақыттық және өте ұзақ уақыттық деп бөлуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]