Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
195.07 Кб
Скачать

41. 1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.

1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан кейін, хан тағына Абылай келді. Ресей әкімшілігі Абылайды орта жүздің ханы ретінде, ал Қытайдағы Цин әулеті Абылайды үш жүздің ханы ретінде мойындады.

1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін, билікке баласы Уәли келді. Орта жүзде бір мезгілде екінші хан Бөкей тағайындалды.

1815 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли хандар қайтыс болды.

1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы Сперанский дайындаған «Сібір қазақтарын басқару туралы жарғысы» шықты. Бұл жарғыға сәйкес, Орта жүзде хандық билік жойылып, оның орнына губерния, округ, уезд, болыс, ауыл әкімшілік басқару жүйесі енгізілді.

Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін (1748) билікке баласы Нұралы (1748-1786) келді. Ералы, Есім, Айшуақ, Шерғазы хандар билік құрды.

1824 жылы Орныбор генерал-губернаторы Эссен дайындаған «Орынбор қазақтарын басқару туралы жарғысы» шықты. Бұл жарғыға сәйкес Кіші жүз территориясы 32 дистанцияға бөлінді.

Бұл жарғылар, негізінен алғанда, алысты көздейтін арам ниетті пиғылмен жасалған еді. Соның салдарынан Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары өздерінің дәстүрлі мемлекеттілігінен айырылып қалды, Қазақстан бірте-бірте Ресей империясының отарына айналды. Жарғы жаңалықтары көші-қон шеңберін тарылтты, еркін көшу бостандығы мүмкін болмай қалды. Бұрыннан қалыптасқаң рулық ұжымдар бір-бірімен мидай араласып кетті.

Бір кездегі дамыған көшпелі мал шаруашылығы тұйыққа тіреліп, күрт құлдырай бастады. Патша үкіметі мемлекеттік салықтың қатаң белгіленген мөлшерін бекітті. Елден жиналатын алым-салық шенеуніктік аппарат пен әскери күштерді ұстауға қажетті қаржы көзіне айналды. Патша үкіметінің бұл реформалары қазақ рубасылары мен сұлтандарынан іріктелген, айтқанды екі етпей орындайтын«тәртіпті аппарат» құруды одан әрі күшейте түсті. Олар бірте-бірте орыс шенеуніктеріне теңестірілді. Ендігі жерде олар сыйақы мен шен алу үшін қызмет етуге көшті. Оларды қызметке тағайындау да, қызметінен алып тастау да Ресейдің аймақтық басшылығының көзқарасы мен көңіл күйіне тікелей байланысты болды.

Болыс сайлауы парақорлық, шар салушылардың дауысын, орыс шенеуніктерінің ықыласын сатып алу сияқты жиіркенішті масқара құбылыстардың етек алуына алып барып соқтырды. Сайлаудың мұндай сиқы бір руды екінші руға қарсы қойып, өзара өшіктірді. Әркім өз руының құрамына дауыс беруге тырысты. Ал аға сұлтандарды сайлауға қара сүйек өкілдерінің де қатысуына рұқсат етілген кезде сұлтандар мен рубасыларының бір-біріне қарама-қарсылығы күшейе түсті.

Округтық приказдар империяның қазақ даласындағы және Орта Азия иеліктеріндегі әскери-отаршылдық әрекеттерін одан әрі өршітудің әзірлік алаңдарына айналды. Сұлтандардың бір бөлігі, әсіресе жаңа қызмет лауазымдарын бөлу кезінде ескерусіз қалған бөлігі, патша үкіметінің реформаларына қарсы шықты. Ондай наразылықтардың бірқатары қарулы көтеріліске ұласты. Дегенмен де, XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформалардың отаршылдық сипаты мен мәні күшті болғанына қарамай, олар қазақ даласында сауда-саттықты, денсаулық сақтау ісін және халыққа білім беруді едәуір дамытуға оң ықпалын тигізді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]