Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
195.07 Кб
Скачать

34. Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.

Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасу көздерін іздестіру өте қиын, мұның өзі Қазақстанның ежелгі тарихын, сонымен қатар онымен шектелген аумақты мекендеген, Еуразияның кең этно генетикалық үрдістеріне қатысқан тұрғындардың тарихын зерттеуімен тығыз байланысты. Еуразия - Солтүстік жартышарда орналасқан жердің ең ірі құрлығы. Еуразияға Еуропа мен Азияның бөліктері енеді.

Қазақ халқының шығу тегінің көптеген аспектілері ішінде келесі екеуі маңызды болып табылады: лингвистикалық және антропологиялық. Әрине, көне замандарда осы аймақты мекендеген жергілікті тұрғындар ортақ лингвистикалық және антропологиялық негіздерге ие болған. Қазіргі ұрпақтардағы генетикалық классификациялау негізінен лингвистикалық аспектіге сай келеді. Қазақстанның ежелгі тарихын үнді-еуропалық және түркілік деп үлкен екі кезеңге бөлуге болады.

Лингвистикалық жағынан алғанда, бұл кезеңдегі Қазақстанды ғана емес, сондай-ақ кең байтақ Еуразия аймағын мекен еткен адамдар үнді еуропалық тілдер тобының көне ирандық бұтағына енетін. Хронологиялық жағынан қарастырылушы кезең біздің эрамызға дейінгі III—I мың жылдықтарды қамтиды.

Палеоантропологиялық зерттеулер. (Антропологияның палеоантропология саласы қазбалы адамдар питекантроп, неандертальдықтардың дене типін зерттейді). Бүл зерттеулер қола дәуіріндегі Қазақстан аумағын мекен еткен ежелгі адамдардың сыртқы келбетін сипаттауға мүмкіндік берді. Бүл кезеңде кең байтақ территорияда ежелгі еуропеоидтердің түрлі нұсқалары кең таралды, бірақ олардың ішінде Андроновтық деп аталатын археологиялық мәдениеттің дала типтері басым болды. Сонымен қатар, шығыс-оңтүстік (Жетісу) және Батыс Қазақстан бөліктерінде шығыс Жерорта теңізі нәсіліне ұқсас тайпалар да мекен етті.

Сонымен, Қазақстанда көне замандарда шығыстық (азиаттық нәсілдік) ген іздері жоқ европеоидтік нәсілдің айқын нұсқалары өмір сүрді. Әрине, ежелгі Қазақстандағы европеоидтік бейне ерекше автохтонды болды, бет бейнесінің маңызды белгілері ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды.

Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" , кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.

Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында "...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.

35. XV-XVIII ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы мен тұрмысы.

Жалпы бұл кезде қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы «Ұлы хан» болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды.

Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе, орнына үлкен ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері немесе олардың балалары сайланды.

Қазақ қоғамын әлу­меттік-тап­тық топ­тарға бөлу негізіне әл-ауқат­ты­лық жағдайынан гөрі, әле­уметтік шығу тегі алын­ды. Жоғары арис­тократ­тық топ — ақсүйек­терге Шыңғыс әулет­тері: хан­дар, сұлтан­дар, оғлан­дар не­месе төре­лер, би­лер, бек­тер сон­дай-ақ, қожа­лар жат­ты. Шыңғыс әулет­тері қазақ ру­лары мен тай­па­лары­ның ешқай­сы­сына жат­пай­тын, олар қоғам­ның басқару­шы то­бын құра­ды. Ал бүкіл өзге ха­лық әл-ауқат­ты­лық жағдайына қара­мас­тан төменгі топқа — қара сүйек­ке жатқызыл­ды. Қара­пайым ха­лық қата­рына – ша­ру­алар, мал­шы­лар, егіншілер мен қолөнершілер, жа­тақтар мен қала ха­лықта­ры, ұсақ са­уда­гер­лер мен ауыл адам­да­ры кірді. Соғыс кездерінде өзінің жауынгерлік ерліктерімен даңққа бөленген қатардағы сарбаздар әлеуметтік баспалдағымен жоғары жылжып, батырлар тобынан орын алды.

Хан өзінің қасы­нан ұлыс сұлтан­да­ры мен көшпелі тай­па­лар көсем­дерінің кеңесін құрды. Олар хан­дық әмірінің соғыс, дип­ло­мати­ялық мәсе­лелерін, тер­ри­тори­ялық дау-жан­жалдар­ды және т. б. ше­шу үшін жыл бойы құрыл­тайға жи­налып отыр­ды. Мем­ле­кеттік басқару жүйесі әдет­тегі құқыққа (адат) негізделді. Адат­пен бірге мұсыл­мандық құқық нор­ма­лары XVII ғасыр­дың соңын­да, Тәуке хан­ның тұсын­да «Жеті жарғы» де­ген ат­пен бірыңғай жи­нақ түрінде жүйеленіп, то­лықты­рылған бо­латын.

Феодалдық қанау көптеген салық салуды әдетке енгізді. Олардың негізгілері: малшылардан – зекет, соғым, сыбаға, сыйлық, егіншілер мен қолөнершілерден – ұшыр, тағар, баж және хараж алынды.

XV-XVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы – көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Малдың негізгі түліктері қой, жылқы және түйе еді. Мұндай мал халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын.

Көшпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдан түскен өнімдерді Түркістанның Сығанақ, Сауран, Ясы және басқа қалалардың базарларына апаратын, соның ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізетін болған. Бұл өнімдеріне айырбасқа қалалардан әр түрлі тауарлар: мақта маталары мен жібек маталар, темірден соғылған бұйымдар, дайын киім-кешектер, шапандар, орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, сондай-ақ әртүрлі үйге қажетті заттар т.б. алатын. Көшпелілердің астық өнімдеріне – бидайға, тарыға, арпаға, жеміс-жидекке – сұранысы өте қатты болды.

Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыды. Әдетте, егіншілікпен көбіне көшіп-қонуға мүмкіншілігі жоқ кедей жатақтар шұғылданды. Негізгі дақылдар – тары, бидай, арпа, жүгері. Егіншілік Қаратау, Ұлытау өңірлерінде, Ертіс өзені алқабында, Зайсан көлінің жағасында да едәуір дамыды. Егіншілік саймандары тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды. Дән түю, ұн тарту үшін ағаш келі, қол диірмен пайдаланылды. Астық ұраға көміліп сақталды.

Қазақстанның алуан түрлі тағы жануарлары бар кең-байтақ даласы көшпелілерге жеке-дара және ұжым болып аңшылық етуге зор мүмкіндік берді. Олар аң аулауда басты қаруы ретінде көбінесе садақты қолданды.

Өзен мен көл жағасын мекендеген қазақтар балық аулаумен де шұғылданған. Балықшылықпен көбінесе малы аз, тұрмысы төмен кедей шарулалар айналысқан. Олардыңбалық аулаудағы құрал саймандары: қарма, шанышқы, өрнек, ау, т.б.

36. XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері.

Қазақ халқының тіршілік-тұрмы­сын­да қолөнер кәсібі үлкен маңыз­ды орын ал­ды. Өй­ткені мал ша­ру­ашы­лығы не­месе егіншіліктің да­муы қолөнер кәсіпшілігімен тіке­лей бай­ла­ныс­ты бол­ды. Мал ша­ру­ашы­лығы үшін ер-тұрман, ат әбзел­дері, мал­ды ұстай­тын, бай­лай­тын жаб­дықтар, егіншілік үшін жер жыр­та­тын және тыр­ма­лай­тын, ас­тықты жи­най­тын және өңдейтін құрал­дар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайын­далды. Бұл кез­дегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қара­байыр ша­ру­ашы­лық еді. Үй­де істе­летін кәсіп бұйым­дардың көпшілігі та­уарға ай­нал­май­тын, өндірушінің өз от­ба­сын ғана қанағат­танды­руға пай­да­ланы­латын. Ха­лық өнері, әсіре­се, киіз үйдің жаб­дықта­рын, жиһаз­да­рын жа­са­уда ерек­ше өрістеді.

Бұл кез­де оңтүстік Қазақстан қала­лары­ның, Ор­та Ази­ямен, Шығыс Түркістан­мен, Орыс мем­ле­кетімен са­уда-сат­тық бай­ла­нысы жан­данды. Осы­ның арқасын­да көшіп-қону­шы және оты­рықшы ха­лық топ­та­рының эко­номи­калық, мәде­ни-әле­уметтік қарым-қаты­насы кеңейе түсті. XVI-XVI­II ғасыр­ларда «Ұлы жібек жо­лы» бойын­да ор­на­ласқан Сығанақ, Са­уран, Оты­рар, Түркістан, Сай­рам, Жент т. б. қала­лар­дың тез­деп өркен­деуі, қазақ халқының біртұтас ел бо­лу­ына, же­ке хан­дық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Оты­рар, Та­раз, Сай­рам және тағы басқа қала­лар­дан та­былған күміс теңге­лер мен мыс ақша­лар Қазақ хан­дығы тұсын­да са­уда-сат­тық өркен­деп, ақша ай­на­лымы да­мыған­дығын көрсе­теді.

Сығанақ пен Са­уран­ның, Ясы мен Оты­рар­дың ар­хи­тек­ту­ралық комп­лек­стері, Жәнібек пен Қасым­ның Са­рай­шықтағы, Қазанғап­тың Ұлы­тау жеріндегі ке­сене­лері, Маңғыс­та­удағы, Сыр­да­рия алқап­та­рын­дағы және Қара­тау қой­на­ула­рын­дағы ма­зар­лар өзіндік сәулет-си­паты­мен, ар­хи­тек­ту­ралық фор­ма­лары­ның жи­нақылық әрі айқын­шы­лығымен ерек­ше­ленді.

Ұлан бай­тақ кең да­лада мал бағып, күндерін та­биғат құшағын­да мал өрісінде, түндерін жұлдыз­ды ас­пан ас­тындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлем­дегі та­биғат құбы­лыс­та­рын үнемі бақылап отырған. Осы бақыла­удың нәти­жесінде ха­лықтың көпжыл­дық тәжіри­белері қоры­тылып, жұлдыз­ды ас­пан ту­ралы аст­ро­номи­ялық түсініктер мен білімдер жи­нақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалып­тасты. Қазақ халқы ас­пан әлемін бақылау арқылы «құс жо­лы», «құй­рықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайын­да ұғымын кеңей­тті.

Рухани ерекшеліктері: XVI-XVII ғасыр­ларда қазақтар ара­сын­да ис­лам діні кеңінен та­рады. Оны та­рату­да Сығанақ, Түркістан, Хо­резм, Бұха­ра, Са­марқанд сияқты қала­лар ай­рықша рөл атқар­ды. Ис­лам діні көшпелі ха­лық ара­сын­да те­рең та­мыр жайған жоқ. Оған се­беп қақтығыс­тар, соғыс­тар және түрлі са­яси қара­ма-қай­шы­лықтар еді. Сон­дықтан ха­лықтың әсіре­се көшпелі бөлігі ис­лам дінін көпке дейін қабыл­да­май, тәңірге, күнге, ас­панға, жер­ге, суға та­бынуға негіздел­ген на­ным­ды ұста­ды. Қазақтар өмірінде от­ты қаси­ет­теу үлкен рөл атқар­ды.

XVI-XVI­II ғасыр­ларда қазақ халқының ара­сын­да тақыры­бы мен жан­ры жағынан алу­ан түрлі ауыз әде­би­еті кең өріс ал­ды. Қазақ халқының по­эзиясын­да жы­ра­улар­дың ор­ны ерек­ше бағалан­ды. Жыр толғаула­рын­да қанат­ты сөздер, ғиб­ратты нақыл­дар кең орын ал­ды. Сол кез­дегі қазақ по­эзиясы­ның аса ірі тұлғала­ры – Шал­киіз (XV ғ.), Дос­памбет (XVI ғ.), Жи­ем­бет (XVII), т. б. жы­ра­улар.

Қазақтың ба­тыр­лар жы­ры эпосқа тән аңыз сияқтанғаны­мен, олар­дың бәрі дерлік та­рихи оқиғаларға құрылған. Мәсе­лен, Қобы­лан­ды, Ал­па­мыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қам­бар дас­танда­ры та­рих шын­дығымен қабы­сып жатқан шығар­ма­лар. Қазақтың әле­уметтік-тұрмыс­тық дас­танда­ры да («Қозы Көрпеш-Ба­ян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) фе­одал­дық-ру­лық қоғам­ның өмірін үлкен ше­берлікпен көрсе­теді.

Бұл кез­де Қазақ хан­дығының мем­ле­кеттік құры­лысы мен ха­лық өмірінің ерек­ше жағдай­ла­рын өзіндік өзге­шелігімен қам­ти­тын қоғам­дық ук­лад «би­лер сөзі», «би­лер ай­ты­сы», «би­лер да­уы», «төрелік ай­ту», «ше­шендік сөздер» деп ата­латын көркемдік мәде­ни­еттің біре­гей түрін туғыз­ды. Әде­би­еттің бұл түрін шығару­шылар негізінен XVI-XVI­II ғасыр­ларда қазақ қоғамын­да сот ісін жүргізу­мен ғана ай­на­лысқан жоқ. Би­лер хан кеңесінің мүше­лері бо­лып, мем­ле­кеттік істер­ге бел­се­не ара­лас­ты. Со­нымен бірге атақты би­лер тай­па­лар мен ру­лар­дың бас­шы­лары бо­лып, ел басқар­ды, жи­ын­дарда со­лар­дың аты­нан сөз сөй­леп, ай­тыс-тар­тыстар кезінде олар­дың мүдде­лерін қорғады.

Қазақтың атақты би­лері по­эти­калық та­лан­ты зор және су­ырып сал­ма ай­ту мен ше­шендік сөз арқылы өза­ра ай­тыс­тың та­маша ше­бер­лері болған. XVI-XVI­IIғасыр­ларда би-ше­шен­дер ара­сын­да мем­ле­кеттік және қоғам­дық қыз­метінің маңыз­ды­лығы, ше­шендік өнерінің күшімен по­эти­калық ше­берлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазы­бек Келдібекұлы (1665–1765), және Әй­те­ке Бай­бекұлы (1682–1766) ерек­ше орын ал­ды. Олар тек Қазақстан­да ғана емес, со­нымен қатар Ре­сей­де, Хи­уада, Жоңғария мен Қытай им­пе­ри­ясын­да та­нымал болған.

Бұл кез­де қазақ тіліндегі жаз­ба әде­би­ет­тері діни және аңыз­дық мазмұндағы кітап­тар түрінде та­рал­ды, сон­дай-ақ та­рихи шығар­ма­лар мен ру­лар та­рихы (шежіре) жа­сал­ды. Олар­дың ішінен За­хир-ад-дин Ба­быр­дың «Ба­быр­на­масын», Ка­малад-дин Би­най­дың «Шай­ба­ни-на­месін», Мұхам­мед Хай­дар Ду­латидің «Та­рих-и Ра­шидиін», Қожамқұл бек Ба­хидің «Та­рих-и-Қып­шағын», Қадырғали «Жа­ми-ат-та­вари­хын» және басқа да шығар­ма­лар­ды ар­найы бөліп көрсе­туге бо­лады.

Бұл кез­де Қазақ хан­дығы көршілес мем­ле­кет­термен, Ор­та және Та­яу Шығыс ел­дерімен үздіксіз ара­ласып отыр­ды. Мұның өзі араб-мұсыл­ман мәде­ни­еті мен ғылы­мының та­ралу­ына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мек­тептер мен мед­ре­селер ашы­лып, олар­да оқу араб-пар­сы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жа­зуда араб әліп-биін тұтын­ды. Мек­тептер мен мед­ре­селер­де ғылым­ның әр түрлі са­лала­ры "дін ілімі, ма­тема­тика, ло­гика, фи­лосо­фия) бойын­ша білім беріліп, Шығыс­тың ұлы ақын­да­рының клас­си­калық ту­ын­ды­лары­мен та­ныс­ты­рыл­ды. Мұның бәрі қазақ халқының жал­пы да­му­ына, бүкіл қоғам­ның ру­хани өмірі мен мәде­ни­етіне игі ықпал жа­сады.

Со­нымен, XVI-XVI­II ғасыр­ларда Қазақ қоғамын­да ша­ру­ашы­лықтың және мәде­ни­еттің да­му­ын­да еле­улі ілгеріле­ушілік орын ал­ды. Оның бас­ты се­бебі, қазақ халқының біртұтас мем­ле­кет­ке бірігуімен бай­ла­ныс­ты еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]