Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
195.07 Кб
Скачать

43. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.

Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 жылы желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басында Жанқожа батыр тұрды.

Көтерілістің басталуының негізгі негізгі себебі Орынбор әкімшілігінің шешімі бойынша қазақтардың еріксіз жұмыстарға жегілуінде, жолды пайдаланудағы, кеуендерге қызмет көрсетудегі ауыр салықтар да, сондай-ақ патша өкіметінің қоныс аударушылық саясатында жатты.

1856 жылы патша әскерлері мен көтерілісшілер арасындағы тікелей соғыс қимылдары басталды. Көтеріліс бүкіл Қазалы өңірін қамтыды. 1856 жылы 19-23 желтоқсан аралыында көтерілісшілер тобы патша әскерлерінің майоры Булатов қолбасшылық еткен отрядпен шайқасты. Көтерілісшілермен шешуші шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда Қазалыға жақын жердегі Арықбалық мекенінде жүрді. Зеңбірек, мылтықпен жақсы қаруланған Фитингофтың әскерлеріне қарсы Жанқожаның ақ туын көтерген көтерілісшілер бірнеше рет шабуыл жасады. Бірақ Жанқожа сарбаздарының шабуылы сәтсіздікпен аяқталып, аман қалғандары бытырап тарап кетті. Ауыр жараланған Жанқожаны сарбаздар шайқас жерден алып шығып, қауіпсіз жерге жасырды. Жанқожа бастаған көтерілісшілер Сырдарияның оң жағалауына, ондағы Хиуа хандығының жеріне өтуге мәжбүр болды.

Көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді. Көтеріліс Сыр бойы шеңберінен аспады. Соғыс қимылдары барысында ескі мешеу әскери тактика қолдану, ортағасырлық тәртіптерге сүйену көтерілістің жеңілуіне әкелді. Бұдан басқа бай феодалдардың сатқындығы да өз әсерін тигізді.

Бірақ осыған қарамастан Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған 1856-1857 жылдары болған Сырдария қазақтары көтерілісінің тарих маңызы өте зор. Өйткені, ол патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық азаттық қозғалыс еді.

44. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары.

1850-1860 жылдардағы Оңтүстік Қазақстанды Ресейдің басып алуы Қазақстанды отарлаудың соңғы кезеңі ретінде сол дәуірде оңтүстік Қазақстан аумағын алып жатқан Қоқан, Бұқар және Хива хандықтарына қарсы ресейлік әскери жорығынан кейін орын алды.

Қазақстанның бұдан кейінгі тағдырының жалпы бейнесі қоғамдық прогресстің еуропалық үлгісімен, соның ішінде Ресейдің мемлекеттігі мен оның халқының тағдырымен байланысты болды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың көпшілігі отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналыса бастайды, бұл Ресейдің ішкі облыстарынан қоныс аударып келген орыс шаруаларына қазақтардың кең құнарлы жерлерін тартып алып беруімен түсіндіріледі. Қазақстанның экономикасы Ресейдің шаруашылық қызметі аясына біртіндеп кіре берді. Оның аумағында өндірістің, көліктің, сауданың көптеген салалары қарқынды дами бастайды. Ұлттық жұмыс тобын, зияткерлерді қалыптастыру жүргізілді.

Жаппай әлеуметтік-экономикалық сараптаулармен бірге Қазақстанда этномәдени синтездеу әрекеттері және орыстың рухтандырушылығының  үздік үлгілері түрінде еуропалық өркениет жетістігінің жергілікті жағдайына үйрену және өз халқы үшін қолайлы мәдени перспективадағы қазақтың шығармашыл зияткерлерін іздеу әрекеттері жүзеге асырылады. Осы іздеулерді өз қызметімен іске асырған керемет оқымысты Шоқан Уәлиханов (1835-1865) – ол батыс оқымыстылары арасында бірінші болып өз кезегінде сыртқы әлемге беймәлім Қашқариға барған және ұлы ауызша шығармашылығындағы шығарма – «Манас» эпосын жазған тамаша оқымысты-шығыс зерттеушісі. Қазақ мәдениетінің тарихында ұлы ойшыл-ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) ролі ерекше. Қазақтың әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі, қазақтың жазба әдебиетінің классигі, ол тек дарынды ақын ғана емес, шығыс, орыс және еуропа әдебиеттері  шығармаларының шебер аудармашысы.

Қазақ елін отаршылдықтан босатуға тырысқан және Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігіне ұмтылған, қазақ елінің ұлттық-бостандық қозғалысын басқарған және 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын және «Алаш-Орда» үкіметін ұйымдастырған келесі қазақ зиякерінің тағдыры қайғылы. Бұл тек саяси қызметпен айналысып қана қоймай, ірі мәдени-ағартушылық жұмыстарды, әдеби-публицистикалық қызметті, ғылыми зерттеулерді жүзеге асырған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалары. Әсіресе өзінің ойларындағы тұрақты жалпы адами гуманистік құндылықтарды насихаттаған дүр ақын-ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының ролі айрықша. Бұлардың барлығы Кеңес билігі орнаған жылдары қудалауға ұшырап, атылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]