
- •31. XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы.
- •32. Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
- •33. Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегінде қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі. «Ақтабан шұбырынды». Аңырақай шайқасы.
- •34. Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.
- •37. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы.
- •38. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •39. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері (1783-1797 жж.).
- •40. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері (1836-1838 жж.)
- •41. 1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •42. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы (1837-1847 жж.)
- •43. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •44. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары.
- •45. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.
39. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері (1783-1797 жж.).
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс (1783-1797) Көтерілістің басты қозғаушы күші қарапайым көшпенділер болды. Сонымен қатар азаттық қозғалысқа патша өкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар қатынасты.
Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды.
Жайық бойындағы жақсы жерлерге жайғасып алған казак-орыстарқазақ ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жасап, малын айдап әкетіп, адамдарына зорлық-зомбылық жасады. Оның үстіне патша өкіметінің шенеуніктері мал өсіріп отырған шаруалардың шұрайлы жерлерін тартып алып, қысым көрсетті. Патша өкіметі қазақтарды «ішкі жаққа» Жайық сыртына өткізбей оған тиым салды, қазақ ақсүйектері бір бөлігінің құқықтарына қысым жасалды. Кіші жүздің ханы нұралының да халыққа тізесі батты. Оның адамдары елдегі шаруаларды алым-салықпен зар илетті.
Азаттық қозғалыс. Көтерілістің басты мақсаты – ғасырлар бойы Кіші жүз жерінде қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак-орыс әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою еді.
1785 жылдың жазында Сырымның жасақтары жаңа адамдармен толығып, көтеріліс бұқаралық сипатқа айналды.
Стихиялы түрде болды. 1783 жылдың көктемінде қазақтардың Орал бекінісі желісіне шабуылы басталды. Атамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасап, ондағы солдаттарды тұтқынға алды, малдарын айдап кетті.
1783 жылғы тамыз айында әскери шайқастардың бірінде Сырым Орал казак-орыс жазалаушы отрядтың қолына түседі. Бірақ 1784 жылы көктемде оны нұралы хан босатып алуға мәжбүр болады.
1784 жылы мамыр айында сырым Датұлы Орал казактарымен кескілескен ұрыстар жүргізді. Қараша айында С.Датұлының жасағында 1000дай адам болды.
1786 жылы хандық билік жойылып, сырымды алдап-сулап бауырына тартуды көздеген патша әкімдері оны он екі ата Байұлы руларының аға старшыны етіп тағайындады.
1790 жылы патша үкіметі, нұралы өлгеннен кейін, осы оқиғаны желеу етіп оның інісі ералыны хан көтерді.
1794 жылы жеккөрінішті ралы хан өліп, оның орнына 1796 жылы хан тағына отырған ұралының баласы есім де езгіні жеңілдеткен жоқ.
1795 жылы сырым бастаған көтеріліс қайтадан кең қанат жая бастады. Қазақ жасақтары, әсіресе, 1796 жылы малдың жаппай қырылуына әкеп соққан қысқы ауыр жұттан кейін белсенді қимылдар жасады. 1797 жылы наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түнде көтерілісшілер Есім ханды өлтірді.
1797 жылдың күзінде полковник Скворкин бастаған әскери топ Сырымды қудалауды күшейтті.
1797 жылдың күзінен бастап Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адаммен Қаратай сұлтан қосылды. Бірақ Сырымға олармен шайқасудың сәті түскен жоқ, ол Сыр бойына барып, көтерілісшілерді таратып, өзі Хиуа хандығына өтіп кетті. Сол жақта Сырымды 1802 жылы қазақ сұлтандарының итаршылары у беріп өлтірді.
Сырым Датұлы бастаған көтерілістің жеңіліске ұшырауының көптеген себептері бар:
1) оның жеткілікті ұйымдаспаған стихиялы сипатта болуы;
2) қару-жарақтың әлсіө болуы;
3) жергілікті қауымдық-рулық меншік ру ақсүйектерінің қоныстарға иелік етуіндегі кедергі, қайшылықтары.
Ресейдегі шаруалар көтерілісінің көптеген қолбасшылары сияқты Сырым батырға да аңғырттық-монархиялық қиялдар тән болатын. «Жақсы ханға» сенушілік Сырым Датұлын да құтылдырмады.
Бірақ тауелсіздікке ұмтылған Сырым бастаған көтерілістің қазақ халқының азаттық идеясын шыңдауда үлкен әсері мен ықпалы тиді. Көтеріліс Кіші жүздегі хандық биліктің негіздеріне зиян келтіріп, оның түпкілікті жойылуын жақындатқан ірі аттаныс еді.