
- •31. XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы.
- •32. Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
- •33. Хүіі-хүііі ғ. 1-ші ширегінде қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі. «Ақтабан шұбырынды». Аңырақай шайқасы.
- •34. Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.
- •37. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы.
- •38. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •39. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері (1783-1797 жж.).
- •40. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері (1836-1838 жж.)
- •41. 1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •42. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы (1837-1847 жж.)
- •43. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •44. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары.
- •45. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.
37. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы.
Ресей мен Қазақ хандығының екі жақты жақындасуына XVIII ғасырдың басында жоңғар феодалдарының шапқыншылығына қарсы тұру мүдделігі басты себеп болған еді. Еділ өзені бойындағы қалмақтар мен башқұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды. Осындай күрделі мәселелерді шешу үшін Солтүстіктегі қуатты көрші Ресеймен мәмілеге келуді керек етті.
XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ хандары орыс патшасынан жоңғар қалмақтарына қарсы көмек сұрап елші жіберді. 1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейітқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келді. Олар әйел патша Анна Иоановнаға Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. 1731 жылы 19 ақпанда орыс патшасы Әбілқайыр ханға және «бүкіл қазақ халқына» олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы грамота жіберді. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде Кіші жүзге А.И.Тевкелев бастаған елшілік келді. Олармен бірге Петроградқа жіберілген қазақ елшілері де оралды. Сонымен 1731 жылы 10-шы қазанда қазақ сұтандары мен ру басыларының жиналысында Кіші жүздің Ресей құрамына бодан болып қабылдануы жөнінде шешім қабылданды. Осыдан кейін 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Ресей империясының құрамына кіретінін білдіріп ант беріп, әөзінің мөрін басты». Бірақ, бұл шарт тек 1734 жылдан кейін ғана жүзеге асырыла бастады.
Ресей патшасының Кіші жүзді қол астына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр патша әйел Анна Ионановнаға хат жазып, Ұлы жүзді де өз қол астына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Петроградқа Хангелді батыр жеткізді.
1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойып, Ұлы жүз хандығына: «Сіздерді қол астымызға Әбілқайырды алған шарттар бойынша аламыз», - деген қағаз жіберді.
Қазақтар Қазақстанның Ресеймен бірігуі елдің экономикалық өркендеуіне, саяси, мәдени жағдайының жақсаруына игі ықпал жасайды деп үміт етсе, пашта өкіметі өзінің отаршылдық саясатын жүргізу пайдасы бар деп санады.
1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановна Әбілқайырға Ор өзенінің сағасынан бекініс салу қажеттігі жөнінде хат жолдап, қала салатын жерге И.К.Кириллов пен А.И.Тевкелевті жіберді.
Патшаның әмірімен қазақ даласындағы өзендердің бойына бекініс қамалдар салынып, олар біртіндеп ірі қалаларға айнала бастады. Жайық бойында тұрғызылып жатқан қалалар мен бекіністердің маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды. Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендерінің бойындағы құнарлы жерлерінен айырылып, оңтүстікке қарай ығысқан Орта жүздің қазақтары Бұқара мен Ташкент түбіне келіп қоныстануға мәжбүр болды.
1740 жылы Орынбор экспедициясының бастығы генерал-лейтенант князь В.А.Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келіп, 19 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Нұралы, Ералы сұлтандармен, Жәнібек, Бөкенбай және Есет батырлармен, кейінірек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет және Абылай сұлтанмен келіссөздер жүргізді. Оның барысында Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөніндегі шартқа қол қойды. Осы шарттан кейін патша өкіметінің отарлау саясаты жаңа қарқын алды. 1740-1743 жылдардың өзінде ғана Кіші жүзбен Оңтүстік Оралдың жерлері түйісетін маңда қазақтардың қоныстарын тарылтқан, көптеген жаңа бекіністер салынды. Мұндай жаппай әскери тірек базаларын салуға қарсы болған Әбілқайырмен оның төңірегіндегілердің пікірі елеусіз қалды.
Бұл кезде кең-байтақ Орынбор өлкесін басқарып отырған И.И.Неплюев Ресейдің Кіші жүздегі билігін күшейтуге бар күшін салды. 1742 жылы тамыз айында Әбілқайыр хан үшінші рет Ресейге бодандығы жөнінде ант берді. 1744 жылы Орынбор губерниясы құрылып, оның бірінше гибернаторы болып генерал И.И.Неплюев тағайындалды.
1749 жылы хан болып Әбілқайырдың баласы Нұралы сұлтан сайланды. Ол алғашқы жылдардан бастап-ақ патша өкіметінің айтқандарын орындайтын тәуелді билеуші екендігін көрсетті.
Сонымен XVIII ғасырдың орта кезінде Ресейге Кіші жүздің біраз бөлігі, Орта жүздің тек аз бөлігі кірді. Ал, Солтүстік-шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей құрамына тек XIX ғасырдың 20-40 жылдарында ған, патша өкіметінің әскери-саяси күш көрсету нәтижесінде қосылды.