Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osnovy_prava2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
302.58 Кб
Скачать

11. Бюджеттік құқық негіздері

Бюджеттік құқық – бұл бюджеттік құрылымды ұйымдастыру кезеңінде пайда болған, сонымен қатар орталандырылған және жергілікті бюджеттерді пайдалануды қалыптасуда, бөлу және ұйымдастыруда пайда болған қатынастарды реттейтін қаржылық құқығының ерекше бөлігінің бөлімі.

Бюджеттік құқықтық пәні болып мемлекеттің бюджеттік қызметі барысында қалыптасқан қоғамдық қатынас шығады, яғни ұйымдастырушылдың және материалдық бюджеттік қатынастар.

Бюджеттік құқықтың әдістері:

Императивтік әдіс. Мемлекеттің ақшалық құралдарды бір жақты мәжбүрлік қайтару арқылы өндіріп алудағы бюджет қызметінде әдіс ең айқын көрінеді.

Диспозитивтік әдіс. Экономикалық табиғаты жағынан немиелік болып келетін бюджеттік қатынастардың құқықтың реттеулері үшін қолданылады (мемлекеттік қарыздандырулар қатынастары мен бюджеттік несиелеу қатынастар).

Бюджеттік құқықтың мөлшерлері материалдық және ұйымдастырушылық болып бөлінеді. Бюджеттік құқықтың жүйесі екі бөліктен құралады: жалпы және ерекше.

Жалпы бөлімге келесі институттар кіргізіледі:

1)    бюджеттік құрылым;

2)    қаржы саласындағы басқару;

3)    бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері;

4)    бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері.

Ерекше бөлімге кіргізілетін институттар:

1)    бюджет табыстарының құқықтық реттелуі;

2)    бюджет шығындарының құқықтық реттелуі;

3)    мемлекеттік несиенің құқықтық реттелуі.

Бюджеттік құқықтың жалпы бөлігінің мөлшері негізінен ұйымдастырушылық бюджетті қатынастарды, ал ерекше бөлігінің мөлшері материалдық бюджетті қатынастарды реттейді.

бюджеттік құқықтық қатынастар – бұл бюджетті құқық мөлшерімен реттелген және мемлекеттің бюджеттік қызметінің барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.

Бюджеттік құқық қатынастарының субъектілері:

1. Тұтасымен алғанда мемлекет;

2. ұлттық-аймақтық және әкімшілік-аймақтық ұйымдастырулар (егер мемлекет, мемлекет федеративтік болса, онда федерация субъектілерін кіргізе отырып);

3. Мемлекет үкіметінің өкілдік және орындаушы (атқару) органдары;

4. Құқықтық тұлғалар;

5. Жеке тұлғалар.

Бюджет жүйесінің принциптері:

·        Барлық бюджеттердің бірлігі;

·        Бюджеттердің толықтығы;

·        Бюджеттердің нақтылығы;

·        Бюджеттердің жариялылығы;

·        Бюджеттердің дербестігі.

Бюджеттің тағы екі түрі бар: мемлекеттік бюджет және облыс бюджеті.

Мемлекеттік бюджет – республикалық және жергіліктібюджеттердің олардың арасындағы өзара өтеу операциялары есептелмеген жиынтығы;

Облыс бюджетті – облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің олардың арасындағы өзара өттеу операциялары есептелмеген жиынтығы.

Қазақстан бюджеттік жүйесі барлық бюджеттердің бірлік және дербестік принциптеріне негізделген, республикалық және жергілікті бюджеттер өздері дербес қызмет атқарады.

12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары

Міндеттеме дегеніміз – бір адамның (борышқордың) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан бас тартуы.

Міндеттемелер зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады. Сонымен бірге міндеттемелер төмендегідей қимылдардың негізінде туындайды:

  1. заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;

  2. заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;

  3. азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешіміннен;

  4. заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;

  5. өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;

  6. басқа жаққа зиян келтіру салдарынан, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау салдарынан;

  7. азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;

  8. заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

Міндеттеме – міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда – іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс.

Міндеттемені орындау, заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету, кепіл, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа да әдістер арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсім) деп аталады.

Міндеттемеге сәйкес несие берушінің борышкер кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заңдарға белгіленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлік тиесілі адамның басқа несие берушілердің алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар міндеттемені атқаруының осындай әдісі кепіл деп танылады.

Кепіл түрлері:

Ипотека – кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі.

Кепілзат – кепілге салынған мүлікті кепіл беруші кепіл ұстаушының иелігіне беретін кепіл түрі.

Кепілпұл – уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]