Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osnovy_prava2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
302.58 Кб
Скачать

90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің  мемлекеттік  органдарда  мемлекеттік биліктің  міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған  лауазымдық  өкілеттіліктерді  атқару бойынша ресми қызметі.

ҚР  мемлекеттік қызмет  екі деңгейде жүзеге  асырылады: республикалық және жергілікті;

ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет"  - бұл  мемлекеттік қызметкерлердің  мемлекеттік органдардағы  мемлекеттік биліктің  міндеттері мен функцияларын  іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін  атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде  мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең мағынада  қарастырылады.

Мемлекеттік қызметтің негізгі белгілері: 1) мемлекеттік ұйымдастырушы қызметінің бір түрі; 2) әкімшілік, еңбек, азаматтық,  қаржы  және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі; 3) ақылы түрде кәсіби негізде жүзеге асыралады, яғни арнайы даярланған қызметкерлрмен - мемлекеттік қызметкерлермен жүзеге асырылады; 4) олардың қызметінің мәні -  мемлекеттің міндеттері мен функцияларын практикада жүзеге асыру.         Мемлекеттің қызметтің  қағидалары – мемлекеттік қызметтің  негізіне  қаланатын және оның мәнін білдіретін негізгі  идеялар, басшылыққа алынатын бастаулар ("ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заңының 3 бабында бекітілген ). Оларға мыналар жатады:

1)заңдылық;

2) қазақстандық патриотизм;

3) мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;

4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің  мемлекет мүддесі алдында басымдылығы;

5) жалпының қол жетушілігі, яғни ҚР азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша  жоғарылатылуына тең құқылығы;

6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;

7) мемлекеттік қызметшілердің  кәсіпқойлығы мен жоғарғы біліктілігі;

8) жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды  тұлғалардың  өз өкілеттіліктері шегінде  қабылдаған шешімдерінің бағынышты төменгі органдардың орындаулары үшін міндеттілігі;

9) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда  болуы және есеп берушілігі;

10) мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбек ақыны тең төлеу;

11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;

12) мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;

13) қызметтік міндеттін адал, ынтал атқарғаны, ерекше маңызды  және күрделі тапсырмаларды  орындағаны үшін көтермелеу;

14) қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін немесе тиісінше  орындамағаны үшін және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;

15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]