Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osnovy_prava2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
302.58 Кб
Скачать

83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары

Адам құқығы - конституциялық құқықтың маңызды институты. Адам құқығы мен бостандығын тану және оны сақтау жеке елдерде, сондай-ақ бүкіл әлемде қауіпсіздікті нығайтып, қарым-қатынастардың тұрақтылығын арттырады.

Адам бостандығы - бұл мемлекеттің араласуы тиіс емес қызмет салалары. Ол тек құқықтық нормалар арқылы солардың шеңберінде адамның өз қалауы бойынша іс-әрекет етуін белгілейді. Мұндайда мемлекет нақты адамның бостандығына араласпауы тиіс, сондай-ақ мемлекет бұл бостандықтардың басқа тұлғалардың араласуынан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Адам құқығы – заңда көрсетілген саладағы мемлекет белгілеген және кепілдік беретін адамның мүмкіндіктері мен өкілеттіктері. «Адам бостандығына» қарағанда «адам құқығы» терминінің аясында адам қызметінің нақты бағыты бекітіледі. Мемлекет заңда көрсетілген салада адамның іс-әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етуге және қорғауға міндеттеме қабылдайды.

Адам құқығы және бостандығы адамның құқықтық мәртебесін белгілейтін, оның жағдайын бекітетін, жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынасты, адамның және мемлекеттің қатынастарын бекітетін халықаралық және ұлттық нормаларының жүйесін білдіреді. Адам құқығының және бостандығының объективті түрдегі анықтамасы осындай. Субъективті түрде адам құқығы және бостандығы нақты тұлғаға тиесілі құқықтық нормалар мен көзделген мүмкіншілігі (өкілеттігі) және мемлекет қорғайтын іс-әрекеті ретінде анықталады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның және азаматтың құқықтарының негізіне олардың құқықтық мәртебесін бекітеді және оларды жүзеге асыруға жағдай туғызады. Бұл принциптерге мыналарды жатқызуға болады.

1. Адам құқықтары мен бостандықтарының шеттендірілмеуі. Табиғи деп танылған құқықты мемлекет сыйламайды.

2. Конституция құқықтарды, бостандықтарды теріс мақсатта пайдалануға тыйым салады.

3. Конституциялық құқықтар мен бостандықты заңсыз шектеуге жол берілмейді.

4. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының тікелей іс-әрекеті олардың өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалану мүмкіншілігін және нақтылығын білдіреді.

5. Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды принципі олардың тең құқықтығы болып табылады.

6. Заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылу принципі.

7. Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды принципі құқықтардың, бостандықтардың және міндеттердің біртұтастығы және ажырамастығы

84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері

Еңбек құқығының қағидалары ретінде қолданыстағы заңнамада бекітілген негіз салушы басшылық негіздегі норманың негізін құрайтын мемлекеттік рынокты қолдануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге, оны ұйымдастыруға ж/е жалдау еңбегін қолдануға байланысты бағытталған саясаттың бағытын түсінуге болады.

Еңбек құқығының қайнар көздері,қағидалары және Еңбек құқығының субъектілері  «Еңбек көздері» түсінігі екі өзара байланысты аспектімен беріледі. Біріншіден оған әлеуметтік құбылыс ретінде құқық туғызатын обьективті факторлар жатады. Бұндай фактор ретінде қоғамның материалдық жағдайындағы өмір сүруі, экономикалық, саяси және құқық негіздері нақты түрде мемлекеттің құқықты қалыптастыру, оған нормативтік-құқықтық акті түрін беру жұмыстарымен байланыстырады.  Жоғарыда айтылғандардың негізінде құқық көздері ретінде мемлекеттің еңбек рыногын қолданудығы қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы, жалдау жұмыстарын ұйымдастыру мен оны қолданудағы өкілетті органдардың құқық шығарушылық әрекеттері жатады. Еңбек құқының көздері көп және әр түрлі және де олар әр түрлі негізде бөлінеді.  Құқық көздерді заңдық күші бойынша классификациялалау дәстүрлі болып саналады.  1. Халықаралық келісімдер мен келісім шарттар. Оған мысалы, Қазақстан Республикасынада ратифицирленген Еңбекті Ұйымдастырудың Халықаралық конвенциясы адамзаттың құқын қорғаудың Жалпы Декларациясы жатады. (№29 «Міндетті және мәжбүрлі еңбек туралы», № 100 «Құндылығы бірдей еңбегі үшін әйел мен ер адамға тең ақы төлеу туралы», № 138 «Ең төменгі жас ерекшелігі туралы»), сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы арасындағы келісімдер 15.04.95 ж. («Еңбекші-көші қоншыларды еңбек көші қон және әлеуметтік қорғау саласындағы келісімдер мен бірлесіп қызмет ету туралы», 09.09.94 ж. « Жұмыскерге еңбек міндеттерін атқару кезінде келтірілген кәсіптік ауруға ұшрау кезінде немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын бірлесіп толтыру туралы»).  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның 24 бабында келесі ережелер бекітілген:  3. Әркім еңбекті, кәсіпті және мамандықты таңдап алуға ерікті. Мәжбүрлі еңбекке әскери немесе төтенше жағдайларда ғана сот шешімімен жол беріледі.  4. Әркім қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына құқылы, ешқандай кемсітушіліксіз еңбек марапатын алуға сондай-ақ жұмыссыздықтын әлеуметтік қорғалуға құқылы.  5. Заңмен белгіленген әдістер арқылы шешу белгіленген жекеленген және ұжымдық еңбек келіспеушіліктер, көтеріліске шығу құқығы мойындалады.  6. Әркім дем алуға құқылы. Еңбек келісімі бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақыты, демалыс күндері жыл сайынға ақылы демалыстар кепілденеді.  7. Қазақстан Республикасының Заңы. Еңбек құқының негіздері болып табылатын заңға мыналар жатады: 10.12.99 ж. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 12.07.93 ж. «Кәсіби бірлестіктер туралы» заңдары т. б. жатады.  8. Қазақстан Республикасының Қаулысы. Оған жататындар: 29.12.00 ж. « Жұмыскерлердің еңбек ақысын төлеудің инструкциясы мен тәртібін бекіту туралы», 25.06.99 ж. «Екі айдан астам уақытқа еңбекке жарамсыздығын белгілеуге болатын аурулардың түрлерін бекіту туралы», 25.06.99 ж. «Шетел жұмысшы күшін тартуды және Қазақстан Республикасынан жұмысшы күшін шығаруды Лицензиялау туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы.  9. Министрліктердің, комиттетердің және ведомствалардың актісі. Оларға жататындар: халықты әлеуметтік қорғау мен еңбек Министрінің 21.04.00 ж. «Тегін емдеу-алдын алу тамақтану мен витаминдік препараттарды берудің ережесін бекіту туралы», 22.07.00ж. «Еңбекті нормаландыруды ұйымдастыру бойынша Әдістемелік рекомендацияларды бекіту туралы», ҚР денсаулық сақтау ісі бойынша Агенттігінің 22.05.00 ж. « Медициналық аптекалық жұмыскерлерді қосымша демалысқа шығару туралы» Бұйрығы.  Еңбек туралы нормативтік актілердің әрекеті:  Еңбек туралы нормативтік актілердің әрекеттері адамның уақыты, аумағы мен шеңбері бойынша қаралады.  Еңбек құқығының негізі болып табылатын нормативтік-құқықтық актілер үшін әрекеттерінің басталуы мен аяқталуын бекіту нақты практикалық маңызға ие.

85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері

Қазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз – мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 1 тарауының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:

1.  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер.

2.  елді мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері.

3.  өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер.

4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы және тарихи мәдени мақсаттағы жер.

5.   орман қорының жері.

6.   су қорының жері.

7.   босалқы жер

Жерді осы аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды мемлекеттік органдар Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін алып қою және беру жөніндегі өз құзіреті шегінде жүргізеді.

Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын Жер кодексі және соған сәйкес қабылданған басқа да Қазақстан Республикасының заң актілері реттеп отырады.

Жер қорын басқару анықтамасы басқаларға қарағанда Ю.А.Вовк берген:

«Біртұтас жер қорын басқару ретінде мемлекеттің елдегі жерлерді мейлінше

ұтымды пайдалануды ұйымдастырудың және оларды қорғауды мақсат етіп

тұратын құқықтық қызметі түсініледі».Бұл анықтамада жер қорын мемлекеттік басқарудың басты өзіндік белгісі болып оның елдегі жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғаудағы ұйымдастырушылық рөлі табылады.Анықтамадағы екінші ерекшелік жер қатынастарын емес,біртұтас мемлекеттік жер қорын басқарудан көрініс табады.

Арнайы жер қоры – ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардың, сондай-

ақ мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының

заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерінің және

шартты жер үлестерінің иелері мен жер пайдаланушылар бас тартқан жердің

есебінен құралатын резервтегі жер.

Иммиграциялық жер қоры – оралмандарға беру үшін резервке қалдырылған

және арнайы жер қоры құрамына кіретін жер учаскелері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]