
- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мəмілелер ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субектілері мен объектілері
- •8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы
- •9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары
- •10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері
- •11. Бюджеттік құқық негіздері
- •12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері
- •14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босатудың негіздері
- •18. Қаржылық бақылау
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері жəне түрлері
- •20. Сот төрелігі жəне оның қағидалары
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі
- •Азаматтық құқықтың жүйесі
- •Заңға негізделген нормативтік құықтық актілер.
- •Әдеттегі құқықтар.
- •Халықаралық шарттар (конвенциялар).
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері жəне объектілері.
- •23. Ішкі Істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
- •24. Қазақстан Республикасының әділет органдары.
- •25. Құқық бұзышылықтың ұғымы және құрамы.
- •26.Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28. Отбасы құқығы ұғымы,қағидалары.
- •29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы,объектілері мен субъектілері.
- •31. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық –құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34.Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлері.
- •38.Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •39. Қазақстан Республикасының сот төрелігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41. Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •42. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •43. Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары
- •48. Субъективті құқық жəне заңды міндет
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мəртебесі
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері
- •54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тəртіп.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері
- •58. Жұмыс уақыты ж/е демалыс уақыты. Еңбекті қорғау
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі
- •60.Құқықтық қатынастардың құрамы
- •62. Қазақстан Республикасының Президенті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару ж/е өзін-өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамалары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •69. Қажетті қоғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық ж/е мемлекет ұғымдарының анықтамасы ж/е арақатынасы
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •72. Меншік құқығы
- •73. Қаржы полициясы ж/е оның атқару қызметі
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу, жолдары
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •77. Азаматтық құқық түсінігі, пәні ж/е реттеу әдістері
- •78. Алименттік қатынастар
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары
- •80. Азаматтық құқық қатынастар түсінігі ж/е түрлері
- •81. Некеге тұрудың шарттары
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •88. Ерлі зайыптылардың құқытары мен міндеттері
- •89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көзі
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі
7. Жер құқығының субектілері мен объектілері
Республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі болып Қазақстан Республикасы танылады.
Жер заңымен белгіленген негіздерде, жағдайлар мен шектерде жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі – азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар болып табылады.
Бұл ретте, егер Жер кодексінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай –ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады{3}
Мемлекет меншігі объектісі болып жеке меншікке берілмеген жерлер жатады. Бұл жерлердің құрамына мемлекет тарапынан жер пайдалану құқығымен азаматтарға және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелері де кіреді.
Жер заңдарымен келесі мақсаттар үшін:
- қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік қажеттеріне; мемлекеттік шекараны қорғау және күзету үшін тұрғызылған инженерлік-техникалық құрылыстар орналасқан; кеден қажеттері үшін пайдаланатын жерлер;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
- орман, жасанды орман өсіру үшін берілген жерлерді қоспағанда, қорының жерлері;
- су, ауданаралық (облыстық), шаруашылықаралық су, ирригациялық құрылыстар астындағы жер учаскелерін қоспағанда, қоры жерлері;
- магистральдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары жерлері;
- елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы жерлер тек мемлекет меншігінде болуы тиіс.
Жер заңдарының негізгі бір ерекшелігі ол, жеке меншік объектілері болып табылатын жер учаскесінің толық түрде оның нормативтік актілер негізінде анықталатын нысаналы (мақсатты) пайдалануына бағыныштылығы.
Бұл дегеніміз, жеке меншік құқығының объектісі ретінде, республика аумағындағы жерлер құрамынан жеке меншік құқығымен заңмен белгіленген нысаналы (мақсатты) пайдалануы анықталған жер учаскелері ғана танылады.
Осы себепті, жер заңдарымен мынадай мақсаттарға пайдаланылатын жер учаскелері жеке меншік объектілері болып табылады:
шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді, ғимараттарды олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер мен олардың кешендерін салу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілген (берілетін) жер учаскелері;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін және орман өсіру үшін берілген (берілетін) жер учаскелері;
үйлерді, ғимараттарды олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер мен олардың кешендерін салуға Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік мемлекеттік емес заңды тұлғаларға берілген (берілетін) жер учаскелері;
8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық.
Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет - бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза қолданудың фактілік негізі болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:
1) қоғамдық қауіптілік - бұл іс - әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде көлік құралдарын басқару
2) құқыққа қайшылық – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы
3) кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс - әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп деп тану үшін оның ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.
4) жазаланушылық – бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса.
5) жаппай өріс алуы (массовость) - бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы қоғамдық қатынастарға қауіп төндірсе, заң шығарушы осы қатынастарға қорғалатын мәртебе беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін бекітуге және оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге мәжбүр болады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы - бұл әкімшілік жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы.
Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі және осы кезде туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің міндеттері:
1) әрбір істің мән – жайларын өз уақытында, жан - жақты, толық және әділетті түрде (объективті) айқындау;
2) оны заңнамамен нақты сәйкестендіре шешу;
3) шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға итермелеген, ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылық нығайту.
Әкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар тартылады. Бұл жағдайда әкімшілік процесте жақтың шектеуі әрекет қабілеттікті көрсетеді. Әкімшілік-процессуалдық құқық қабілеттілік көп жағдайда азаматтық-процессуалдыққа ұқсайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу – бұл әкімшілік-юрисдикциялық процестің құрамына кіреді және әкімшілік құқықтың материалды және процессуалды нормаларымен толық көлемде реттелген. Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кдоексімен реттеледі.