- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мəмілелер ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субектілері мен объектілері
- •8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы
- •9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары
- •10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері
- •11. Бюджеттік құқық негіздері
- •12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері
- •14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босатудың негіздері
- •18. Қаржылық бақылау
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері жəне түрлері
- •20. Сот төрелігі жəне оның қағидалары
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі
- •Азаматтық құқықтың жүйесі
- •Заңға негізделген нормативтік құықтық актілер.
- •Әдеттегі құқықтар.
- •Халықаралық шарттар (конвенциялар).
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері жəне объектілері.
- •23. Ішкі Істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
- •24. Қазақстан Республикасының әділет органдары.
- •25. Құқық бұзышылықтың ұғымы және құрамы.
- •26.Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28. Отбасы құқығы ұғымы,қағидалары.
- •29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы,объектілері мен субъектілері.
- •31. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық –құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34.Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлері.
- •38.Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •39. Қазақстан Республикасының сот төрелігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41. Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •42. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •43. Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары
- •48. Субъективті құқық жəне заңды міндет
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мəртебесі
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері
- •54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тəртіп.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері
- •58. Жұмыс уақыты ж/е демалыс уақыты. Еңбекті қорғау
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі
- •60.Құқықтық қатынастардың құрамы
- •62. Қазақстан Республикасының Президенті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару ж/е өзін-өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамалары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •69. Қажетті қоғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық ж/е мемлекет ұғымдарының анықтамасы ж/е арақатынасы
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •72. Меншік құқығы
- •73. Қаржы полициясы ж/е оның атқару қызметі
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу, жолдары
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •77. Азаматтық құқық түсінігі, пәні ж/е реттеу әдістері
- •78. Алименттік қатынастар
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары
- •80. Азаматтық құқық қатынастар түсінігі ж/е түрлері
- •81. Некеге тұрудың шарттары
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •88. Ерлі зайыптылардың құқытары мен міндеттері
- •89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көзі
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі
70. Құқық ж/е мемлекет ұғымдарының анықтамасы ж/е арақатынасы
Құқық дегеніміз — мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жал-пыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі, олар арқылы қоғам мен жеке тулғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады.Құқықты анықтаудың нормативтік және кең ауқымды амал-тәсілдері бар.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл атқарады. Құқық қағидаттары — оның мән-маңызын айқындайтын және білдіретін негізгі бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм жатады. Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарға құқықтың ықпал етуінің негізгі бағыттары. Құқық; функциялары ішінара ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі (жалпы) функцияларға мыналар жатады: саяси-экономикалық, әлеуметтік, тәрбиелік. Сыртқыларға (заңдық) мыналар жатады: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы мінез-құлық ережелері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі. Құқықтың қорғаушылық функциялары аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады.
Құқық нормаларын барлық басқа әлеуметтік нормалардан мыналар ерекшелейді: нормативтік құқықтық акт түріндегі шартты анықтылықтығы; мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен қамтамасыз етілген әлеуметтік қатынастардың барлық субъектілері үшін жалпыға бірдей міндеттілік; мінез-құлықты құқықтылық немесе құқықсыздық тұрғысынан, заңдылық немесе заңсыздық тұрғысынан бағалау.
Мемлекет ол - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы болып табылады. Ал, жоғарыда айтылған анықтамамызбен байланыст құқықты мемлекет деген де ұғым қалыптасады. Құқықты мемлекет - бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.
Негізінен, мемлекет және құқық - араларында үйлесімді байланыс бар әлеуметтік институттар. Шын мәнінде, құқық жалпыға міндетті, мемлекет ресми түрде кепілдендірген ережелер, яғни, қоғамдық қатынастарды реттеушілік қызметінің жалпы сипаттағы ережелері болып табылады. Құқықтың қызметі өмірдің барлық салаларына да кеңінен таралады. Оның ережелері - қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы қатынастарды реттеудің заңдық көрініс табуы. Құқықтық ережелер қоғамның мәдени дамуына сәйкес өрбиді, тарихи дәстүрлердің, өнегелік талаптарының және басқа да факторлардың ықпалына түседі. Көріп отырғанымыздай, Мемлекет пен Құқық бірдей ұғымдар емес. Егер мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болса, құқық - қоғамдық қатынастарды реттеуші - жалпы сипаттағы тәртіп ережелерінен тұрады. Сөйте тұра, Мемлекет пен Құқық - өзара тығыз байланысты қоғамдық феномендер. Оларды біршама кең әлеуметтік құбылыс - саясат біріктіреді. Мемлекет те, құқық та саяси билік жүргізудің құралы болып табылады. Сондықтан да екеуі де саяси мәнге ие. Екеуінің тығыз байланысы неден көрініс табады? Мемлекеттің құқықтан тәуелділігі құқықтың мемлекеттің қолындағы аса қажетті құралы болып табылатындығынан көрініс табады. Заңнамалық ережелерсіз мемлекет қимылдай алмайды. Дәл осы құқық ережелері арқылы үстемдік етуші әлеуметтік топтар өз еріктерін білдіре алады. Алайда, мемлекетсіз құқықтың өмір сүруі екіталай. Заңнамалық ережелер мемлекет тарапынан ұсынылады. Мемлекет пен құқықтың өзара үйлесімді байланысы азаматтық қоғамның аса маңызды элементі болып табылатын құқықтық мемлекетте барынша көрініс табады.
