Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osnovy_prava2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
302.58 Кб
Скачать

68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері

Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты.

Еңбек құқығының қағидалары дегеніміз – қазіргі заңдылықта бекітілген, еңбек құқығының нормаларының мәнін және еңбек саласын құқықтық реттеуде мемлекеттің негізгі бағыттарын білдіретін негізгі бастамалар.

Қазақстан Республикасы Конституциясында еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің мынадай қағидалары баяндалған: еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін билік ету, қызмет пен кәсіп түрін таңдау мүмкіндігі; мәжбүрлі еңбекке тиым салу және жұмыссыздықтан қорғау (24-бап); денсаулықты қорғау құқығы (29-бап); бірлестіктер бостандығына құқығы (23-бап); демалуға құқығы (24-бап). Бұл клнституциялық қағидалар еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің салааралық қағидаларына жатады.

Ал еңбек құқығының салалық қағидалары сол құқық саласының нормаларының ерекшелігін көрсетеді. Қазіргі кезеңдегі еңбек құқығы саласынң қағидалары мынадай үш топқа бөлінеді:

  1. Еңбек нарығын құқықтық ретеу саласындағы мемлекеттің саясатын білдіретін қағидалар.

  2. Жұмысшылардың (қызметкердердің) еңбек жағдайларын бекітуде басшылққа аынатын қағидалар.

  3. Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдалануды құқықтық реттейтін қағидалар.

Еңбек құқығының пәні келесідей ерекшеліктермен сипатталады:

  1. қарым қатынастар  ішкі еңбек қатынасы жағдайында  жұмыскерді  белгіленген өзара еңбек ету жағдайына бағындырудан шығады;

  2. жұмыскер нақты бір мекеменің еңбек ұжымына  енгізіледі;

  3.    еңбек қатынастары – жұмыскерді   жеке еңбек келісім шарты арқылы жұмысқа  жіберуге негізделген ерекше заңды деректерге байланысты пайда болады;

  4.    еңбек қатынасының мазұмыны   жұмыскердің  қатаң түрде белгіленген,  кәсіпке, мамандыққа, біліктілік пен лауазымға  негізделген  жұмысты атқаруымен байланысты.

  5. Еңбек құқының қазіргі кездегі әдістері  төрт негізгі  белгілермен сипатталады:

  6. Еңбек қатынастарының  орталықтанған және оқшауланған  реттеулерінің  өзара  бірлесуі. Бұл белгі еңбекті басқарудың   мемлекеттік –құқықтық  негізін көрсетеді.

  7. Кәсіподақтық мекемелердің  еңбек қатыныстыран реттеуге қатысу. Кәсіподақтық  негізгі екі  функцияны  жүзеге асырады- өкілетті және қорғаушы, сондай-ақ ұжымдық келісім шартқа отыру кезінде, жеке еңбек келісім шартына отыру барысында  және ұжымдық  еңбек келіспеушілігі кезінде  жұмыскердің мүддесін қорғайды.

  8. Жұмыскерлердің  еңбек құқығын қорғау  әдістерінің өзіндігі.  Ол ерекшелік ең бірінші  еңбек  құқы-  ол кәсіподақтық мекемелердің  әрекет ету негізінен көрінеді.

69. Қажетті қоғану және аса қажеттілік

Құқықтың қорғаушылық функциялары аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады. Қорғаушылық функциялары негізінде ең алдымен мінез-құлықтық рұқсат етілмейтін ережелер жатады корпоративтік нормалар, әдет-ғұрыптар, құқық нормалары және мінез-құлықтың басқа да ережелері ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында қажетті қорғанц жайлы және оны біркелкі қолдануды қамтамасыз ету туралы былай деп жазылған: «Қажетті қорғану - әр адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне, тұрғын үйіне, меншігіне және басқа да заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан қорғануға ажырамас конституциялық құқығы болып табылады. Осыған байланысты қаза келтіру не денсаулығына зиян келтіру бойынша істерді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК)  32-бабының қажетті қорғаныс және оның шектері туралы ережелеріне сүйене отырып, мақсат, себеп, кінә нысанын, қылмыстың жасалу тәсілін және әрекетті дұрыс саралауға қажетті басқа да мән-жайларды мұқият анықтау».

Яғни, бұл барлық адамдаржың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығыга және қызметтеріне қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануына құқығы бар екенін білдіреді. Бұл құқық адаға заңмен қорғалатын қандай да бір объектіге қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасалғанынағ ол объект қорғанушының өзіне н/се басқа адамдарға тиесілі екенініе, қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу не басқа адамдардың, мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.

Заң бойынша адамды қажетті қорғаныс жағдайында болды деп тану үшін қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасалғанын ж/е сол қол сұғушылық оның осы қол сұғушылықты болдырмау немесе тойтарыс беру үшін шабуыл жасаушыға қаза келтіру немесе денсаулығына зиян келтірумен ұштасқан әрекеттер жасауына себеп болғанын анықтау қажет делінген.

Аса қажеттілік — бұл қылмыстық заңмен қорғалатын құқықтар мен мүдделерге, ад

амның, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою үшін зиян келтіруге мәжбүр болатын ерекше жағдай. Аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттердің құқыққа сай болуының шарттары екі топқа бөлінеді: біріншісі, қауіп көзін, екіншісі, қауіпті жою жөніндегі әрекеттерді сипаттайды.

Қауіп-қатерге жатқызылатын шарттар:

  • аса қажеттілік жағдайында әрекеттер жасағанда қауіп көздері әр түрлі болуы мүмкін: апатты құбылыстар (найзағай, су тасқыны, вулкан атқылау), тетіктердің бұзылып қалуы (басқару тетігі істен шыққан автокөліктің қозғалысы), адамдар әрекеті (шабуыл жасау), физиологиялық процестер (ашығу, қатты мұздау). Мысалы, адам тонаушылардың шабуылынан қашып, бөтеннің автокөлігін айдап қашады;

  • қауіп шынайы және бар болуы тиіс, яғни, ол қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге тікелей қауіп төндіреді және кез келген сәтте жүзеге асырылуы мүмкін.

Қауіптен қорғану мынадай талаптарға сәйкес келуі керек.

  • зиян келтіру мәжбүрлі түрде болуы керек және үлкен қауіпті жоюдың жалғыз амалы болуы қажет. Соған орай, қорғанушының зиян келтірмей кауіпті жою мүмкіндігі болмайды;

  • келтірілген зиян алдыңғы зиянға қарағанда анағұрлым аз болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]