Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osnovy_prava2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
302.58 Кб
Скачать

65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару ж/е өзін-өзі басқару

Қазақстан  Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы заңнама

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарында қабылданды. Алынған мәліметтер бойынша келесі анықтамаларды атап өтсек: 

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызметi; 

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару - халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалған тәртiппен жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет; 

2-1-бапта Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды ұйымдастыру    негiздерiжайлы айтылған.

1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл (село) шегiнде жеке жүзеге асырылады. 

2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жергiлiктi қоғамдастық мүшелерi тiкелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырады.  39-5-бапта Мемлекеттiк органдардың жергiлiктi өзiн-өзi   басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы берілген:

1. Мемлекеттiк органдар жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды қалыптастыру және дамыту үшiн қажеттi құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiн әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз етудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес халықтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседi. 

2. Мемлекет осы Заңда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестiгiне кепiлдiк бередi.

  

 39-6-бапта Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының   жауаптылығы көрсетілген.Яғни,жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi қоғамдастық халқының алдында жауапты болады.

66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.

Адамның саяси құқықтары - адамның мемлекеттің саяси және қоғамдық өміріне араласу мүмкіндіктері. Бұл құқықтарды жүзеге асыру үшін азаматтардың арнайы органдарды ескертуі және занды сақтау мақсатында олардың бұйрықтарын орындауы шарт. Адамның саяси құқықтарына мыналар:

  • адамның азаматтық алуға құқы;

  • сайлау құқы;

  • ар- ождан еркіндігі;

  • ақпарат алуға құқы және т.б. жатады.

  • ҚР азаматтарына тиесілі құқықтарды олар қоғамдық әртүрлі қарым-қатынастарда қолданады. Бірақ бұл құқықтар біртекті емес, және оларды дұрыс түсіну үшін заңдарда және әдебиетте келтірілетін терминдердің бірдей болуы жөнінде келісіп алған жөн.

  • Құқық адамдар арасында, олар мен ұйымдар және т.б. арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Құқық адам мен заттың арасындағы қатынасты реттемейді, ал заттарға және материалдық емес игіліктерге қатысты қатынастарды реттейді. Осылайша барлық құқықтар мен міндеттер тек адамға, жеке тұлғаға немесе адамдар қауымдастықтарына тиесілі, сондықтан оларды жеке құқықтар деп атауға болады (кең мағына тұрғысынан). Бірақ азаматтар әртүрлі қоғам салаларына қатысып, әрбір саланың өзгешеліктеріне байланысты әртүрлі құқыққа ие болады. Заң әдебиеттерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мынадай шартты түрдегі топтарға бөледі: саяси, жеке, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар. Демек, «жеке құқықтар» деп азаматтарға тиесілі барлық құқықтар емес, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтардан айырмашылығы бар құқықтар жатады. Бұл топқа жеке тұлғаның өзінен ажырамайтын, жеке өмірінің әртүрлі салаларында қорғайтын азаматтардың осындай құқықтарын біріктіреді. Бұл құқық ар-ожданын, өмірін, денсаулығын, атын, әртүрлі жеке өмірі салаларының құпиялылығын, оның ішінде жанұя өміріндегі құпияларын және ҚР Конститутциясының ІІ бөлімінде кепілдік берілген басқа да нормаларды білдіреді. Дәл осы азаматтардың құқықтарын «жеке құқықтар» ретінде атайды (осы терминнің тар аясында). «Жеке құқықтар мен бостандықтар» ұғымы ғылыми әдебиетте ХХ-ғасырдың 40-жылдарының соңы мен 50-жылдарының басында қалыптасты.

  • Жеке құқықтардың маңызды ерекшеліктеріне мыналар жатады:

  • 1) жеке адамның бостандығына кепілдік береді, яғни азаматтың адамгершілік қатынастарда, жеке тұрмыстық өмірінде әртүрлі іс-әрекет етуін кедергісіз таңдау мүмкіндігін білдіреді (әрине, егер мұндай іс-әрекеттер құқық нормаларына қайшы келмеген жағдайда);

  • 2) жеке азаматтың тұлғасын оқшауландырып, оның рухани мүдделерінің, қабілеттерінің, жеке өмірдегі дағдылары мен жеке ерекшеліктерінің жан-жақты көрініс табуына көмектеседі.

  • Жеке құқықтарда жеке мүдде, тұрмыс саласы, жеке адам өмірі, адам қауіпсіздігі конститутциялық қорғау объектісі болып саналады; мұнда азамат жеке творчестволық тұлға ретінде алдыңғы сапта көрінеді. Сондықтан гуманизм идеясы көрсетілген құқықтарда өзінің айқын конституциялық-құқықтық мәнін көрсетеді.

  • Жеке құқықтардың ерекшеліктерінің бірі олардың адамның жеке игіліктерінен ажыратылмайтын ар-ожданы, жеке өмірі, жеке қауіпсіздігі тәрізді құқықтарды білдіреді. Ажырамайтын бұл құқықтар басқа адамдарға келісім немесе басқа жолмен берілуі мүмкін емес және олардың мүліктік сипаты жоқ. Олардың өзгешелігі рухани, олар қамтамасыз ететін ажырамайтын игіліктердің материалдық емес сипатында.

  • Адам құқықтары мен бостандықтарының заң табиғаты оларды қоршаған адамдардың бұзудан бойын аулақ ұстау міндеттігін көрсетеді. Бұл құқықтардың жария құқықтық қорғау тұрғысынан азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттерінен тыс шеңберде жатқан жеке құқықтары саласына мемлекеттің араласпауы мұнда алдыңғы қатарға шығады. Мемлекет сонымен бірге қажет болған жағдайда азаматтарды мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың тарапынан болған заңсыз әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

  • Жеке құқықтар мен бостандықтардың белгілі ішкі құрылымы болатын жеке жүйеге қатысты (дәлірек айтқанда, азаматтың құқықтың мәртебесінің шағын жүйесінде) қасиеттері бар. Жеке құқықтардың жіктелуінің негізіне жеке адам бостандығының ең маңызды атап айтқанда: азаматтың жеке қауіпсіздігі, оқшаулану мүмкіндігі мен жеке өмірі, оның ар-ожданы мен абыройының қорғалуы, жанұясы мен некесінің қорғалуы, рухани өмірінің құпия тараптары, ар-ожданының қорғалуы тәрізді құқық нысандарын алуға болады. Жеке бостандықтың мұндай нысандарының көрініс табуы маңызды әлеуметтік игіліктер болып табылады және Конститутцияның баптарында бекітілген заң нормаларының көмегімен қамтамасыз етіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]