
- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мəмілелер ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субектілері мен объектілері
- •8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы
- •9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары
- •10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері
- •11. Бюджеттік құқық негіздері
- •12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері
- •14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босатудың негіздері
- •18. Қаржылық бақылау
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері жəне түрлері
- •20. Сот төрелігі жəне оның қағидалары
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі
- •Азаматтық құқықтың жүйесі
- •Заңға негізделген нормативтік құықтық актілер.
- •Әдеттегі құқықтар.
- •Халықаралық шарттар (конвенциялар).
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері жəне объектілері.
- •23. Ішкі Істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
- •24. Қазақстан Республикасының әділет органдары.
- •25. Құқық бұзышылықтың ұғымы және құрамы.
- •26.Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28. Отбасы құқығы ұғымы,қағидалары.
- •29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы,объектілері мен субъектілері.
- •31. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық –құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34.Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлері.
- •38.Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •39. Қазақстан Республикасының сот төрелігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41. Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •42. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •43. Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары
- •48. Субъективті құқық жəне заңды міндет
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мəртебесі
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері
- •54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тəртіп.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері
- •58. Жұмыс уақыты ж/е демалыс уақыты. Еңбекті қорғау
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі
- •60.Құқықтық қатынастардың құрамы
- •62. Қазақстан Республикасының Президенті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару ж/е өзін-өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамалары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •69. Қажетті қоғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық ж/е мемлекет ұғымдарының анықтамасы ж/е арақатынасы
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •72. Меншік құқығы
- •73. Қаржы полициясы ж/е оның атқару қызметі
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу, жолдары
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •77. Азаматтық құқық түсінігі, пәні ж/е реттеу әдістері
- •78. Алименттік қатынастар
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары
- •80. Азаматтық құқық қатынастар түсінігі ж/е түрлері
- •81. Некеге тұрудың шарттары
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •88. Ерлі зайыптылардың құқытары мен міндеттері
- •89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көзі
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі
63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесін
саяси
әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.
64. Қылмыстың санаттарының түсінігі
Қылмыс санаттары жайлы айтпас юұрын қылмыстың не екендігіне тоқталу дұрыс болар. Қылмыс дегеніміз – Қылмыстық кодекске байланысты жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекетті айтады.
Қылмыс санаттары жайлы Кодекстің 10-бабында айтылған.
1. Осы Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлiнедi. 2. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады. 3. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады. 4. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады. 5. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері
Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, олардың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қылмыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдағыдай жасауға және оны жасыруға барлық қажетті жағдайларды жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, ортақ бөлінбейді. Тек қасақана жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.
Қылмысқа қатысушылардың түрлері
Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші деп бөледі.
Орындаушы — бұл нақты қылмыс құрамының объективті жағынан кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің- қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмысты орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл-есі кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.
Ұйымдастырушы — қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам. Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы — бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады.
Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Жоспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүнемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.
Адамды нақты заңға қайшы әрекеттерге баруға тікелей бағытталмаған жалпы үндеу мен тілектер айдап салу ретінде қарастырыла алмайды. Мысалы, «о дүние» тартымдылығы туралы абстрактілі ойлар немесе керісінше, бір адамның «ақша жасай» алмауы және т.б. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмысты жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылдым. Сондай-ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстын ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасау сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде береді.
Қылмысқа қатысушылардың жауапкершіліктері
Қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігі олардың қылмыс жасауға нақты қатысуының сипаты мен дәрежесіне қарай белгіленеді. Қылмысқа қатысушылар дербес әрекеттері үшін жауап береді. Сонымен бірге, олар жасалған қылмыспен орындаушының әрекеті арқылы байланыста болғандықтан, мұндай жағдайда қылмыстың аяқталғандығы туралы мәселе орындаушының әрекеттерін жүзеге асыру сатыларына тәуелді түрде шешіледі. Егер орындаушы бірігіп ойлаған қылмыстарын, еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жасай алмаса, басқа қатысушылар орындаушының қылмыс жасау сатыларына қарай қылмысқа дайындалғандығы иемесе оқталғандығы үшін жауапқа тартылады.
Қылмыс жасау сатылары
Адамның қасақана, яғни саналы және мақсатқа сай қызметі өзінің даму барысында бірқатар сатылардан өтеді. Алдымен, адамда қылмыс жасау ниеті пайда болады. Ол алдына белгілі бір мақсат қояды, оған қол жеткізу үшін тәсілдерді, орнын, уақытын ойластырады, қылмыс себебін нақтылайды.
Нақты шешім қабылдап болып, адам дайындық әрекеттерін бастайды, ал содан кейін ойлаған әрекетін тікелей орындауға кіріседі. Кейбір жағдайларда адам ойлаған ісін бірден орындауға кіріседі (мысалы, жасырын пәтерге кіріп бағалы заттарды алады). Мұндай әрекеттер аяқталған қылмысты құрайды: (мысалы, ұрлық). Басқа жағдайларда, адам қылмыс жасауға алдын ала дайындалады (мысалы, көшірме бедер арқылы кілт жасау, пәтер қожайындарының келу, кету мерзімдерін анықтау), немесе қылмыстың өзін жасауға кіріседі (мысалы, дайындалған кілттермен пәтер есігін ашады, бірақ сигнал беру жүйесініңқосылғанын білмейді). Бұл екі жағдайда да қылмыс аяқталмай қалады. Осы әрекеттердің барлығы қылмыс жасау сатылары деп аталады.
Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяқталған қылмыс.
Қылмысқа дайындалу — бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеуі, дайындауы немесе ыңғайлары қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға не байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдлйлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе. Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды болуы қаруды заңға сәйкес сатып алу, сыйлық ретінде алу, немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, кілттерді және т.б. ұрлау.
Дайындау — бұл шикізаттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдардың жартылай фабрикаттарын жасау.
Бейімдеу — заттарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту).
Бірге қылмыс жасаушыларды іздеу басқа адамдармен танысу немесе таныстықтарын жалғастыру, оларды нақты қылмыс жасауға итермелеу, әрқайсысының рөлін талқылау және т.б. тұрады. Іздеу тәсілдері ретінде уәделесу, қорқыту, бірге баюға уәде беру, бопсалау қолданылуы мүмкін. Қылмыс жасауға сөз байласу, қылмыстық жауапкершілік жасына толған екі немесе одан да көп адамдардың бірге қылмыс жасауға сөз байласуларын көздейді. Қылмыс жасау үшін басқа да шарт-жағдайлар жасау әр түрлі әрекеттерден көрінуі мүмкін. Мұндай әрекеттер ойға алған қылмыстың жоспарын жасаудан, пәтер иелерінін кету, келу уақытын аныктаудан, белгі беру жүйесінің бар жоқтығын білуден және т.б. сипатталады. Мұндай әрекеттерді шамалап, тізімін беру мүмкін емес.
Субъективтік жағынан қылмысқа дайындалу тек тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмысқа қылмыс нәтижесің тілемей дайындалуға болмайды. Қылмысқа оқталу деп — адамның еркінен тыс мән жайларға байланысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс жасауға тікелей бағытталған қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі танылады.
Қастандық қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекеттерден тұрады, ол адамның қылмыстық нақты құрамының объективтік жағын орындай бастағанын немесе орындап болғанын білдіреді. Адам өлтіруге қастандық жасағанда, мысалы, адам жәбірленушіге оқ атуға оқталады немесе атқанымен мүлт кетеді, ұрлық жасағанда құлыпты бұза бастайды. Көпшілік жағдайда қастандық әрекет жолымен жасалады (соққы беру, у беру, оқ ату және т.б.) Жеке жағдайларда қастандық әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін (мысалы, анасы жаңа туған баласын өлтіру үшін, оған емшек сүтін бермей қояды).
Аяқталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяқталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар белгілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғында ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады). Ал басқа қылмыстар әрекетті жасаған сәттен бастап (әрекет немесе әрекетсіздік) қоғамға қауіпті салдардың туындағанынан немесе туындамағанынан тыс аяқталған болып есептеледі (мысалы, қарақшылықта шабуыл жасау фактісінің өзі, адам мүлікті алған, алмағандығына қарамастан, аяқталған қылмыс құрамын құрайды).
Кейбір қылмыстар әрекетті жасау сәтінен бастап емес, дайындау немесе қастандық сатысында-ақ аяқталған болып есептеледі (мысалы, бандитизм банды шабуыл жасаған кезде емес, оны ұйымдастырған сәтте аяқталған болып есептеледі).