
- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мəмілелер ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субектілері мен объектілері
- •8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы
- •9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары
- •10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері
- •11. Бюджеттік құқық негіздері
- •12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері
- •14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босатудың негіздері
- •18. Қаржылық бақылау
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері жəне түрлері
- •20. Сот төрелігі жəне оның қағидалары
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі
- •Азаматтық құқықтың жүйесі
- •Заңға негізделген нормативтік құықтық актілер.
- •Әдеттегі құқықтар.
- •Халықаралық шарттар (конвенциялар).
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері жəне объектілері.
- •23. Ішкі Істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
- •24. Қазақстан Республикасының әділет органдары.
- •25. Құқық бұзышылықтың ұғымы және құрамы.
- •26.Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28. Отбасы құқығы ұғымы,қағидалары.
- •29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы,объектілері мен субъектілері.
- •31. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық –құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34.Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлері.
- •38.Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •39. Қазақстан Республикасының сот төрелігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41. Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •42. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •43. Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары
- •48. Субъективті құқық жəне заңды міндет
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мəртебесі
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері
- •54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тəртіп.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері
- •58. Жұмыс уақыты ж/е демалыс уақыты. Еңбекті қорғау
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі
- •60.Құқықтық қатынастардың құрамы
- •62. Қазақстан Республикасының Президенті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару ж/е өзін-өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамалары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •69. Қажетті қоғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық ж/е мемлекет ұғымдарының анықтамасы ж/е арақатынасы
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •72. Меншік құқығы
- •73. Қаржы полициясы ж/е оның атқару қызметі
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу, жолдары
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •77. Азаматтық құқық түсінігі, пәні ж/е реттеу әдістері
- •78. Алименттік қатынастар
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары
- •80. Азаматтық құқық қатынастар түсінігі ж/е түрлері
- •81. Некеге тұрудың шарттары
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •88. Ерлі зайыптылардың құқытары мен міндеттері
- •89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көзі
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі
6. Мəмілелер ұғымы, түрлері
Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін белгілі бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегеніміз азаматтар мен занды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.
Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар: біріншіден, мәміле адамдардың еркін білдіретінд ерікті әрекет. Оның еріктілігі азаматтық кұқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді. Бұндай мақсаты жоқ әрекет — қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы; екіншіден, мәміле, көп жағдайда, заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет; үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет; төртіншіден, мәміле азаматттық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарлары азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.
Мәміленің түрпішіндері. Мәміле ауызша, жазбаша не болмаса конклюдетті әрекет арқылы және үндемеу (әрекетсіздік) сияқты түрпішіндерде болады.
Мәміленің ауызша түрпішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жерде мәміле жасаушылардың еркі тараптардың бір-бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Бұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесуі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін.
Жазбаша мәмілелер: 1) егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін зандарда өзгеше арнайы талап көрсетілмесе немесе іскерлік мәлімет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатын әрекеттен басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын әрекет жағдайында; 2) мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалатын мәміле жазбаша түрпішінде жасалуы тиіс; 3) зандарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиіс.
Адамның мәміле жасауға деген еркі айқан көрініп тұруын, мәміле жасайын деген ниетінің байқалып тұруы арқылы мәміленің жасалуы конклюдетті мәміле деп аталады. Мысалы банкоматқа карточканы салып ақша алу, көшеде телефон-автоматқа карта салып сөйлесу, қоғамдық көлікке кіргенде жол ақысын төлеп билет алу сияқты әрекеттерді жатқызуға болады.
Үндемеу (әрекетсіздік), заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.
Азаматтық құқық саласында мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Мәміле жасауға араласатын тараптардың санына байланысты бір жақты, екі жақты, көп жақты мәміле түрлері бар.
Заңнамалар мен тараптардың келісімі бойынша мәміле жасау үшін бір жақтың еркі ғана қажет әрі жеткілікті болатын мәмілені бір жақты мәміле деп атаймыз. Екі жақтың да еркі мен келісімі міндетті болып табылатын мәміле екі жақты мәміле деп аталады. Екі және одан да көп тараптардың еркі мен келісімі талап етілетін мәміле көп жақты мәміле д.а.
Бір жақ екінші жаққа көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле ақылы мәміле д.а. керісінше болса, ақысыз мәміле.
Мәліменің жасалу уақытына байланысты: нақты мәміле – мәміленің талабына байланысты белгелі бір заттың, мүліктің берілуіне байланысты жасалатын мәміле. Келісімді мәміленің жасалуы үшін сол мәмілені жасау туралы тараптардың өзара келісімге келуі жеткілікті болады.
Мәміленің негізінің маңыздылығына байланысты каузалды мәміле – негізіне байланысты туатындықтан соған тәуелді болады. Сондықтан негізінің жойылуы бір жақты мәміленің әрекет етуінің заңды күшін жояды. Абстрактілі мәміледе, керісінше, мәміленің негізі есепке алынбайды, егер мәміле сол мәмілені жасаушының түпкілікті еркін білдірсе.