- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мəмілелер ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субектілері мен объектілері
- •8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы
- •9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары
- •10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері
- •11. Бюджеттік құқық негіздері
- •12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері
- •14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босатудың негіздері
- •18. Қаржылық бақылау
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері жəне түрлері
- •20. Сот төрелігі жəне оның қағидалары
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі
- •Азаматтық құқықтың жүйесі
- •Заңға негізделген нормативтік құықтық актілер.
- •Әдеттегі құқықтар.
- •Халықаралық шарттар (конвенциялар).
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері жəне объектілері.
- •23. Ішкі Істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
- •24. Қазақстан Республикасының әділет органдары.
- •25. Құқық бұзышылықтың ұғымы және құрамы.
- •26.Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28. Отбасы құқығы ұғымы,қағидалары.
- •29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы,объектілері мен субъектілері.
- •31. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық –құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34.Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлері.
- •38.Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •39. Қазақстан Республикасының сот төрелігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41. Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •42. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •43. Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары
- •48. Субъективті құқық жəне заңды міндет
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мəртебесі
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері
- •54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тəртіп.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері
- •58. Жұмыс уақыты ж/е демалыс уақыты. Еңбекті қорғау
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі
- •60.Құқықтық қатынастардың құрамы
- •62. Қазақстан Республикасының Президенті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару ж/е өзін-өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамалары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •69. Қажетті қоғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық ж/е мемлекет ұғымдарының анықтамасы ж/е арақатынасы
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •72. Меншік құқығы
- •73. Қаржы полициясы ж/е оның атқару қызметі
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу, жолдары
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •77. Азаматтық құқық түсінігі, пәні ж/е реттеу әдістері
- •78. Алименттік қатынастар
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары
- •80. Азаматтық құқық қатынастар түсінігі ж/е түрлері
- •81. Некеге тұрудың шарттары
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •88. Ерлі зайыптылардың құқытары мен міндеттері
- •89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көзі
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі
48. Субъективті құқық жəне заңды міндет
Субъективтік құқық[1] – адамның не ұйымның заңға сәйкес ой-пікірін білдіру және іс-әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі. Субъективтік құқықтың бастапқы алғышарты құқық қабілеттілігі (құқық иелену қабілеті) болып табылады. Субъективтік құқық абстрактілік және нақты түрге, сондай-ақ абсолюттік және қатыстылық түрге де бөлінеді. Нақты субъективтік құқықтар құқық нормасына сәйкес құқықтық фактіден туындайды. Қатыстылық құқығы (шарттан, зиян келтіруден, т.б. құқықтық фактіден туындайтын құқық) белгілі бір тұлғалардан нақты бір әрекетті жүзеге асыруды талап етуге заңды мүмкіндік береді.Абсолюттік нақты құқық өз әрекетін іске асыру еркіндігі мен ол әрекетке ешкімнің бөгет болмауын талап етушілікті білдіреді. Абстрактілі субъективтік құқыққа адам мен азаматтың табиғи және ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары жатады. Бұлар құқық субъектілігінің мазмұнын ашады және тұлғаның халықарық құқық пен конституция кепілдік беретін жалпы құқықтық мәртебесін құрайды. Мұндай құқықтар мен бостандықтар әркімге тумысынан тиесілі. Мәселен, нақты бір мүлікке меншіктену өкілеттігін иеленуіне-иеленбеуіне қарамастан адамда меншіктенуге деген абстрактілі құқығы болады; сотпен қорғануға деген абстрактілі субъективтік құқық бұзушылық кезінде пайда болмайды, ол абстрактілі мүмкіндік ретінде бұрыннан бар. Адамның абсолюттік құқықтары (өмір сүру, адамдық қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық, бостандығы мен жеке бастың қорғалуы, меншік, сайлау және сайлану құқығы) қоғамда өз орнын табуға бағытталған ұмтылысы. Абсолюттік құқық индивидтің заң шегіндегі еркін әлеуметтік белсенділік аясын білдіреді және оған өзге адамның да, мемлекеттің де араласуға құқығы жоқ. Құқықтық қатынастың субъектілері болу шін, олар құқықтық субъектілікке (құқықтық әрекет қабілеттілігі) ие болуы қажет. Құқықтық субъектілік үш элементтен тұрады: 1) құқықтық қабілет; 2) әрекет қабілеттілігі; 3)деликт қабілеттілігі. 1) Жеке субъектілер (жеке тұлғалар); бұларға азаматтар, азаматттығы жоқ тұлғалар, қосазаматтығы бар тұлғалар, шетелдік тұлғалар жатады. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтар Қазақстанның аумағында Қазақстан азаматтары сияқты құқықтарды иеленіп, құқықтық қатынастарға түсе алады, алайда, оларға қатысты заңнамамен орнықтырылған шектеулер бар, мысалы, олар Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына сайлана және сайлауға қатыса алмайды, Қарулы Күштер қатарында қызметін өтемейді, мемлекеттік аппаратта белгілі бір лауазымды иелене алмайды және т.б. 2) Ұжымдық субъектілер; бұларға мыналар жатады: мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық-құқықтық қатынастарға түскен жағдайда); мемлекеттік ұйымдар; мемлекеттік емес ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық бірлестіктер және т.б.). Құқықсубъектілік – бұл тұлғаны құқық субъектісі ретінде сипаттайтын құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттіктің жиынтығы. Құқықтық қатынастардың субъектілері болу үшін тұлғалар құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттікті иеленуі тиіс.
1.Субъектінің құқық қабілтеттілігі заңды түрде бекітілген құқыққа ие бола алу және міндеттерді орындай алу қабілеттілігі. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мемлекеттік ресми тіркеуден өткеннен кейін пайда болып, оның жойылуымен тоқтатылады.
Жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туғанда пайда болады. Ал, егер мұрагер беруші қайтыс болған жағдайда, іште қалған бала мұрагер бола алады. Жеке тұлғалардың құқық қабілетттілігі олар қайтыс болғанда, азаматтарды сот шешімі бойынша хабар-ошарсыз кетті деп мойындалғанда тоқтатылады.
2.Әрекет қабілеттілігі дегеніміз тұлғаның өзінің әрекетімен құқықты алу және іске асыру, міндеттерді орындай алу қабілтеттілігі. Тұлғаның әрекет қабілеттілігінің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген сияқты түрлері кездеседі.
6 жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп есептеледі.
Жартылай әрекет қабілеттілігі 6-14 жасқа дейінгі балаларға тән.
Толық емес әрекет қабілеттілігі 14-18 жастағы азаматтар үшін мойындалады.
Жеке тұлғалардың толық әрекет қабілеттілігі 18 жасқа, яғни кәмелетке толған кезде пайда болады.
Шектелген әрекет қабілеттілігі соттың шешімімен ішімдікке, нашақорлыққа салынып, өзін-өзі ұстай алмайтын азаматтарға қолданылады.
Деликтқабілеттілік — тұлғаның азаматтық құқық бұзушылық (деликттер) үшін жауап беру қабілеті. Деликтқабілеттілік белгілі бір жастан бастап пайда болады. Мысалы, азаматтық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды.
Әрекетқабілеттік шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілгендей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана және конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін. Құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттік бір-бірінен ажыратылмайды және көп жағдайда бір мезетте пайда болады. Азаматтық құқықтан басқа көптеген салаларда осындай жағдай орын алған. Азаматтық құқықтағы құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттіктің ажыратылуын былай түсіндіруге болады: а) мүліктік қатынастар олардың жасына, еркінің жағдайына қарамастан барлық азаматтар үшін қажет; ә) мүліктік құқықтық қатынастар саласында құқыққабілеттігі бар, алайда әрекетке қабілетсіз тұлғаның орнына оның заңды өкілі қатыса алады.
