Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osnovy_prava2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
302.58 Кб
Скачать

4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.

Еңбек шартын тоқтату негіздері:

  1. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;

  2. Еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;

  3. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;

  4. Қызметкерлердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;

  5. Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;

  6. Қызметкерлердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тарту;

  7. ҚР-ның заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерлердің сайланбалы жұмысқа ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбацтын лауазымға тағайындалуы;

  8. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы;

  9. Жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтару негіздері б.т.

25-бап. Жеке еңбек шартын тоқтату мен бұзу негiздерi

1.Жеке еңбек шарты:

1) мерзiмiнiң бiтуi бойынша;

2) тараптардың еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша тоқтатылуы мүмкiн.

2. Жеке еңбек шарты:

1) тараптардың келiсiмi бойынша;

2) тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша;

3) заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша бұзылуы мүмкiн. 

3. Тараптар жасасқан жеке еңбек шарты тараптардың келiсiмi бойынша бұзылуы мүмкiн. Қызметкер мен жұмыс берушiнiң жазбаша келiсуi жеке еңбек шартын тараптардың келiсiмi бойынша бұзудың негiзi болып табылады. 

4. Жеке еңбек шарты тараптардың бiрiнiң бастамасымен, егер бұл тарап екiншi тарапқа жеке еңбек шартында келiсiлген мерзiмде жазбаша ескертсе, бұзылуы мүмкiн. Бiр тараптың екiншi тарапқа ескерту мерзiмi жеке еңбек шарты бұзылған кезге дейiн бiр айдан кем болмауы керек. 

4-1. Жеке еңбек шарты осы Заңның 26-бабының 8), 9), 10), 11), 12), 14), 15) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзылған кезде қызметкердi алда шарттың бұзылатыны туралы ескерту талап етiлмейдi.

(((( 26-баптың 8,9,10,11,12,13,14,15 тармақшаларыJ))))

8) егер қызметкер тәртiптiк жаза алған болса, ол еңбек мiндеттерiн дәлелдi себептерсiз қайталап орындамаған; 

9) қызметкер еңбек мiндеттерiн бiр рет өрескел бұзған жағдайда бұзылуы мүмкiн.

10) егер iс-әрекетi оған жұмыс берушi тарапынан сенiмiнiң жоғалуына негiз болса, ақшалай немесе тауарлық құндылықтармен тiкелей қызмет ететiн қызметкер кiнәлi iс-әрекет жасаған; 

11) тәрбиешiлiк мiндеттi атқарушы қызметкер аталған жұмысты жалғастырумен сыйыспайтын жат қылық жасаған;

12) қызметкерге еңбек мiндеттерiн атқаруымен байланысты белгiлi болған мемлекеттiк, қызметтiк, коммерциялық мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария еткен;

13) осы Заңның 21-бабына және осы баптың 5) тармақшасына сәйкес басқа жұмысқа уақытша ауыстырған жағдайда қызметкер жұмыстан бас тартқан; 

14) Бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер сот шешiмiмен жұмысына қайта алынған;

15) қызметкерге мемлекеттiк құпияларға рұқсат беру тоқтатылған жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзылуы мүмкiн.

5. Жеке еңбек шартын бұзу және тоқтату жұмыс берушiнiң бұйрығымен ресiмделедi. 

5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес

Жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес.

Н.Ә.Назарбаев  (Қазақстан халқына Жолдауынан).

Де­пу­таттардың алдында сөз сөйлегенде Президент: «Жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес. Бізге сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын жасау қажет», деп атап өтті.

Сонымен қатар, осы бағыттағы жұмысты жандандыра түсу мақсатында Мемлекет басшысы ел Үкіметіне әлеуметтік тәжірибені ескере отырып, үш айлық мерзімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама дайындауды тапсырды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мә­се­лесі құқық қорғау жүйесін жаң­ғыртудағы өзекті мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқор­лықпен күрес мемлекеттік сая­сат­тың негізгі басым бағыттарының қа­та­рында. Сыбайлас жемқорлықтың салдары мемлекеттің күйреуі­не әкеліп соғаты­ны, халықтың билікке сені­мін жоғал­та­ты­ны белгілі жәйт.

Соңғы жылдары мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықпен күресте қатаң шаралар қол­данылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері

Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011–2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі № 267 Заңы

Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:

1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi;

2) мемлекеттік органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы;

5) Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттік мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану;

5-1) мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғауды мемлекеттің қамтамасыз етуі; т.б.............

12) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]