Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osnovy_prava2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
302.58 Кб
Скачать

33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.

Заңды жауапкершілік жасалған құқықбұзушылыққа сәйкес қолданылатын, кінәлі жанның жеке, мүліктік немесе ұйымдастырушылық сипаттағы айырылушылықтарымен байланысты болатын мемлекеттік мәжбүр ету шаралары.

Заңды жауапкершілік бірнеше түрге бөлінеді:

  • Тәртіптік жауапкершілік – еңбек тәртібін бұзушыларға ықпал жасау нысаны‚ ол бойынша қызметкер жұмыс істейтін фирма әкімшілігі оған еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза (ескерту‚ сөгіс‚ қызметтен төмендету‚ жұмыстан босату‚ тағы басқалар) қолдануға құқылы;

  • Әкімшілік жаза – азаматтар мен лауазымды адамдардың қызмет бабында әкімшілік құқық бұзғаны үшін оларға ықпал жасау нысаны‚ ол бойынша ескерту жасау‚ айыппұл төлету‚ тәркілеу, кейбір құқықтарынан (басқару‚ аң аулау‚ тағы басқалар) айыру‚ еңбекпен түзеу жұмысына жіберу‚ әкімшілік қамауға алу‚ шетелдік азаматты әкімшілік жолмен елден қуу, тағы басқалар шаралар қолданылады;

  • Азаматтық құқықтық жаза – эконимикалық шарттарды‚ мәмілелерді‚ тағы басқалар бұзғаны‚ экономика жағынан тиімсіз мүліктік сипаттағы зардаптарға апарып соқтыратын басқа да жолсыздықтар жасағаны үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға ықпал ету нысаны, ол бойынша залалдардың‚ алынбаған табыстың орнын толтыру‚ айыппұл төлету‚ тұрақсыздық айыбын төлету‚ тағы басқалар шаралар қолданылады;

  • Қылмыстық жаза – қылмыс жасағаны үшін‚ кәмелетке толмағандарды қылмысқа баулығаны үшін‚ басқа жеке тұлғаларға‚ заңды тұлғаларға‚ конституциялық құқықтар мен бостандықтарға‚ мемлекетке қастандық жасағаны және қастандық жасауға ортақтасқаны‚ тағы басқалар үшін азаматтарға ықпал жасау нысаны‚ ол бойынша айыппұл төлету‚ лауазымды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыру‚ қоғамдық жұмыстарға тарту‚ еңбекпен түзеу жұмыстарына жіберу‚ бас бостандығын шектеу‚ қамауға алу‚ бас бостандығынан айыру‚ өлім жазасы, тағы басқалар қолданылады. 

Заңды жауапкершілік шаралары: жеке, мүліктік, ұйымдастырушылық сипатында болуы мүмкін. Заңды жауапкершілікке тән белгілер:

1)    құқықтық нормаларда мемлекетпен тағайындалады;

2)    мемлекеттік мәжбүрлеумен негізделеді;

3)    арнаулы  өкілді мемлекеттік органдармен қолданылады;

4)    жаңа қосымша міндет жүктеумен байланысты болады;

5)    жеке, мүліктік, ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі теріс нәтиже түрінде көрінеді;

6)    құқық норма санкциясын жүзеге асыру нысаны, нақты жағдайда нақты адамға қатысты қолданылады;

7)    іс жүргізу нысанында жүктеледі;

8)    жасалған қылмыс үшін және соның деңгейіне сай қолданылады.

34.Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.

1-бап.

1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.

2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының құ­қық­­тық жүйесі салаларының бірі.

Құқық саласы – бұл белгілі бір әдіспен бірыңғай қоғам­дық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйенің дербес бө­лі­гі, құқық­тық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеу пәні мен оның әдісі салаларға бөлудің заң ғылымындағы негізгі өлшемдері болып саналады.

Құқықтық реттеу әдісі түрінде, мемлекет (оның орган­да­ры) тарапынан құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қаты­нас­тар­ға әсер ету тәсілдері түсіндіріледі.

Құқықтық реттеу пәні сапалық бірыңғай қоғамдық қаты­­нас­тарды құрайды. Конституциялық құқық норма­ла­ры­мен ретте­ле­тін, қоғамдық қатынастар конституциялық құ­қық пәні болып саналады, мемлекет пән қоғам құры­лы­сы­ның негізін құрады жә­не мемлекеттік билікті жүзеге асы­ру­мен тікелей байланысты. Құқықтың басқа салаларымен салыстырғанда конституциялық құқық түбегейлі түрде өзгешеленеді. Конститу­ция­лық құқық қоғамның өмірлік қызметінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, руха­ни және т.б. бүкіл аясында қалыптасатын қатынастарды реттейді, сонымен бір мезгілде басқа салалар сияқты өмір­дің қандайда бір саласындағы қоғамдық қатынастарға әсерін тигізеді. Конституциялық құқықтың ерекшелігі, әрбір көр­се­тіл­ген аядағы базалық қатынастар мен оның нормалары көрсетілген салалардағы қатынастардың белгілі бір қабат­та­рын ғана реттейтіндігінен тұрады.

Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі. Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласында анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]