
- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мəмілелер ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субектілері мен объектілері
- •8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы
- •9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары
- •10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері
- •11. Бюджеттік құқық негіздері
- •12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері
- •14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босатудың негіздері
- •18. Қаржылық бақылау
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері жəне түрлері
- •20. Сот төрелігі жəне оның қағидалары
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі
- •Азаматтық құқықтың жүйесі
- •Заңға негізделген нормативтік құықтық актілер.
- •Әдеттегі құқықтар.
- •Халықаралық шарттар (конвенциялар).
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері жəне объектілері.
- •23. Ішкі Істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
- •24. Қазақстан Республикасының әділет органдары.
- •25. Құқық бұзышылықтың ұғымы және құрамы.
- •26.Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28. Отбасы құқығы ұғымы,қағидалары.
- •29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы,объектілері мен субъектілері.
- •31. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық –құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34.Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлері.
- •38.Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •39. Қазақстан Республикасының сот төрелігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41. Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •42. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •43. Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары
- •48. Субъективті құқық жəне заңды міндет
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мəртебесі
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері
- •54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тəртіп.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері
- •58. Жұмыс уақыты ж/е демалыс уақыты. Еңбекті қорғау
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі
- •60.Құқықтық қатынастардың құрамы
- •62. Қазақстан Республикасының Президенті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару ж/е өзін-өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамалары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •69. Қажетті қоғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық ж/е мемлекет ұғымдарының анықтамасы ж/е арақатынасы
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •72. Меншік құқығы
- •73. Қаржы полициясы ж/е оның атқару қызметі
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу, жолдары
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •77. Азаматтық құқық түсінігі, пәні ж/е реттеу әдістері
- •78. Алименттік қатынастар
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары
- •80. Азаматтық құқық қатынастар түсінігі ж/е түрлері
- •81. Некеге тұрудың шарттары
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •88. Ерлі зайыптылардың құқытары мен міндеттері
- •89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көзі
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі
31. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтарда қабылданды. Экологиялық заңнама:
1.Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстiң ережелерi қолданылады. 4. Қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар осы Кодексте реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
Экология - қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жағдайындағы ілім. Қоршаған орта – табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердың озон қабатын,суды,топырақты,жер қойнауын, жануарлар менөсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс – қимылына , қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Экологиялық қайіпсіздік дегеніміз, жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай күйі.
Экологиялық құқықтық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын өоғамдық қатынастар. Экологиялық құқықтың оқытатын пәні: 1) қоршаған табиғи ортаны қорғау;2) табиғат байлықтарын тиімді пайдалану; 3) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады.Экологиялық құқықтық әдістер дегеніміз нақты бір міндетті орындауға бағынылған шындықты, болмысты,практикалық және теориялық жағынан игерудің амал-айлаларының жиынтығы.
Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.
Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.
Ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.
32. Азаматтық –құқықтық жауаптылық.
Азаматтық-құқықтық жауаптылық құқық бұзушының мүлкінен айыру, не алу, немесе кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салумен, занды тұлғаны мәжбүрлікпен жою, не қайта құрумен байланысты, жағымсыз нәтижелі, құқықтық жауаптылықтың бір түрі. Азаматтық-құқыктық жауаптылықтың бірнеше түрі бар.
Шарт бойынша және шарттан тыс жауаптызлық. Шарт бойынша жауаптылық дегеніміз несие берушінің алдындағы борышын өтемеген, не оның толық ыждақаттылықпен орындалмағаны үшін шарт, не басқа да құқықтық негіздер бойынша борышқорға мүліктей зиян әкелетін жағымсыз салдарлар. Шарт бойынша жауаптылықтың ерекшеліктері: біріншіден,шарт бойынша жауаптылыктың күшіне енгеніне дейін субъектілер өзара нақты азаматтық-құкықтық міндеттемемен байланған, мысалы, сауда-саттық, тауар жеткізу, жүк тасу, екіншіден, бұндай жауаптылык тараптардың жасаған шарттарынан, не басқа да құқықтық негіздерден, мысалы, экспортқа бұйымдар шығаратын жоспарлы актілерден пайда болады, үшіншіден,осындай жауаптылықтың күшіне енуіне міндеттемені орындамау негіз болады. Шартта белгіленбеген, бірақ бір тұлғаның құқыққа карсы әрекетінің нәтижесінде, екінші бір тұлғаға келтірілген зиян бойынша күшіне енетін жауаптылықты шарттан тыс жауаптылық деп атаймыз.
Үлестік және ынтымастық жауаптылық. Зиян келтіруші жақта бірнеше тараптар болған жағдайда үлестік жауаптылық туралы ереже қолданылады. Шарт не заңмен зиян келтірушіге жүктелетін жауаптылықты үлестік жауаптылық деп атаймыз. Ынтымастық жауаптылық долбарланбайды, тек шартпен немесе заңмен қарастырылған жағдайда орын алады.
Негізгі және қосымша жауаптылық. Құқық нормаларының жалпы тапсырмаларында белгіленген тәртіп бойынша туындайтын борышқор мен зиян келтірушінің жауаптылығы негізгі жауаптылық.
Заңда белгіленген кейбір жағдайларға байланысты зиян шеккен жақтың құқығын, мүддесін толық өорғау және өанағаттандыру мақсатында негізімен қатар қосымша жауаптылық та тағайындалады.
Кері жауаптылық. Заң бойынша бір тұлғаның екінші бір тұлғаның әрекеті үшін жауаптылығы регрестік жауаптылыққа жатады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мынадай негізгі қызметтерді аткарады: жазалау, қалпына келтіру, тәрбиелік.
Жазалау қызметі— міндеттемені бүзған немесе шығып келтірген түлғаның мүлкінің азаюы.
Тәрбиелік қызметі— құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.
Қалпына келтіру қызметі— шығын келген тұлғаныц мүліктік жағдайын қалпына келтіру.
Азаматтык-құқықтық жауапкершіліктің туындауы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тән тәртіпсіздік жасалуы шарт.
Азаматтық құқық бұзушылықтың элементтеріні жататындар: белгілі бір тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті; келтірілген (шеккен) зиянның немесе залалдың болуы; құкыққа қайшы әрекет пен келтірілген зиянның салдары арасындағы себепті байланыс; құқық бұзушының кінәсі. Борышқорды міндеттемені бұзғаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талабымен жүзеге асырылады.