Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osnovy_prava2013.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
302.58 Кб
Скачать

27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.

Халықаралық  құқық - бұл халықаралық  құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық  құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық-  құқықтық  қағидалар мен нормалардың жиынтығы.                        

Халықаралық  құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық – құқықтық реттеудің  пәні болып табылатын  қатынастарды  екіге бөлуге болады:

а) мемлекеттер арасындағы  қатынастар;

б) мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші  ұлттар арасындағы қатынастар. Халықаралық  құқықтың нормалары , ең бастысы, халықаралық  қатынастардың  негізгі субъектілері – мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық  құқық мемлекететр арасындағы  құқық ретінде қалыптасқан болатын.

Бірақта, халықаралық  құқық мемлекеттер арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет  болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың  ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің  сферасына көшті.

Халықаралық  қатынастардың принциптері мемлекеттердің  іс-әрекеттерінің құқықтылығының  негізгі критериі болып табылады. Халықаралық құқықтың принциптерінің  мазмұнын білу мемлекеттердің, саясатының  қаншалықты құқықты екенін айқындауға қатысты. Халықаралық құқықтың принцпитерінің мазмұны, БҰҰ уставына сәйкес 1970 жылы Бас ассамблея қабылдаған, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарға және ынтымақтастыққа қатысты. Халықаралық құқықтың принциптері Деклорациясында және 1975 жылғы Европадағы қауіпсіздікпен ынтымақтастық жайында кеңесуінің қорытынды актісінде айқындалады. Деклорацияда халықаралық қатынастардың Халықаралық құқықтың 7 принципі жазылған. Олар:

1.Күші және күшпен қорқытуды пайдаланбау.

2.таластарды бейбіт жолмен шешу.

3.басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау

4.Ынтымақтастық.

5.Халықтардың тең құқылығы мен әр халықтардың өз тағдырын айқындау.

6Мемлекеттердің егеменді теңдігі

7.Міндеттемелерді өз еркімен орындау

Халықаралық құқықта мынадай салалар қалыптасқан:

1) Халықаралық  құқық субъектілік құқық;

2) Халықаралық  ұйымдар құқығы;

3) Халықаралық  гуманитарлық құқық;

4) Халықаралық  теңіз құқығы;

5) Халықаралық  әуе құқығы;

6) Халықаралық  ғарыш құқығы;

7) Халықаралық  атом құқығы;

8) Халықаралық  экономикалық құқық;

9) Халықаралық  қылмыспен күрес құқығы;

10) Халықаралық  келісімшарт құқығы;

11) Халықаралық  қоршаған ортаны қорғау құқығы;

12) Халықаралық  қауіпсіздік құқығы.

28. Отбасы құқығы ұғымы,қағидалары.

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болтатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.

Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік, немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқықтың басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастары реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу турала арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.

Неке-отбасы заңдарының негіздері

1. Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары:

    1) еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі;

    2) ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;

  3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

    4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

   5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;

6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

   7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;

   8) отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді.

3. Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылған неке ғана танылады.

4. Некеге тұруы кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады.       Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары тек заң негізінде және отбасы мүшелері мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершілігін, құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]