- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мəмілелер ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субектілері мен объектілері
- •8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы
- •9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары
- •10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері
- •11. Бюджеттік құқық негіздері
- •12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері
- •14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босатудың негіздері
- •18. Қаржылық бақылау
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері жəне түрлері
- •20. Сот төрелігі жəне оның қағидалары
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі
- •Азаматтық құқықтың жүйесі
- •Заңға негізделген нормативтік құықтық актілер.
- •Әдеттегі құқықтар.
- •Халықаралық шарттар (конвенциялар).
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері жəне объектілері.
- •23. Ішкі Істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
- •24. Қазақстан Республикасының әділет органдары.
- •25. Құқық бұзышылықтың ұғымы және құрамы.
- •26.Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28. Отбасы құқығы ұғымы,қағидалары.
- •29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы,объектілері мен субъектілері.
- •31. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық –құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34.Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлері.
- •38.Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим)
- •39. Қазақстан Республикасының сот төрелігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41. Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •42. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •43. Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары
- •48. Субъективті құқық жəне заңды міндет
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мəртебесі
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері
- •54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тəртіп.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері
- •58. Жұмыс уақыты ж/е демалыс уақыты. Еңбекті қорғау
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі
- •60.Құқықтық қатынастардың құрамы
- •62. Қазақстан Республикасының Президенті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару ж/е өзін-өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамалары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •69. Қажетті қоғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық ж/е мемлекет ұғымдарының анықтамасы ж/е арақатынасы
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •72. Меншік құқығы
- •73. Қаржы полициясы ж/е оның атқару қызметі
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу, жолдары
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •77. Азаматтық құқық түсінігі, пәні ж/е реттеу әдістері
- •78. Алименттік қатынастар
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары
- •80. Азаматтық құқық қатынастар түсінігі ж/е түрлері
- •81. Некеге тұрудың шарттары
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •88. Ерлі зайыптылардың құқытары мен міндеттері
- •89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көзі
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі
16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама
Конституция белгілі бір кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани және құқықтық дамуының нәтижесі ретінде демократияның даму деңгейін белгілейтін, аталмыш қоғамдағы жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын көрсететін, экономикалық және әлеуметтік өмірдегі мемлекеттің рөлін айқындайтын, халықтың қоғамдық белсенділігі мен саяси жүйесін сипаттайтын құжат болып саналады. Басқаша айтқанда, Конституция мемлекет пен тұтастай қоғамның тек негізгі заңы ғана емес, сонымен бірге жоғары заң күшіне ие және Қазақстан құқының бүкіл жүйесі үшін нормативтік база болып санала отырып, саяси-құқықтық құжат болып саналады, сондай-ақ қазіргі заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет белгілері жүйесінде айрықша орын алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы преамбуладан және 9 бөлімнен тұрады.
Преамбула (кіріспе) Қазақстан халқын Конституция қабылдаған айрықша субъекті ретінде атап көрсетеді; Конституцияны қабылдау себептерін (мотивтерін) ашып көрсетеді.
1 бөлім. «Жалпы ережелер» мемлекет құрылысының негіздерін айқындаушы қағидаларға арналған.
1-бап. Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып саналады.
2-бап. Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып саналады.
3-бап. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық; мемлекеттік биліктің заң щығарушы, атқарушы және сот үш билік тармағына бөліну қағидалары бекітілген.
4-бап. Қазақстан Республикасындағы қолданылатын құқықтарға анықтама беріледі және Конституция арқылы ең жоғары заң күші танылады.
5-бап. Идеологиялық және саяси әралуандылық қағидалары танылады, қоғамдық бірлестіктер қызметінің тәртібі реттеледі.
6-бап. Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
7-8-баптар. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі және Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың қағидалары негізінде басқа мемлекеттермен ынтымақтастық және тату көршілік қарым-қатынас саясатын жүргізеді.
2 бөлім. «Адам және азамат» жеке адамның құқықтық мәртебе негіздеріне арналған, бұл бөлімде адам және азамат құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтық институты негіздерінің тәртібі белгіленеді.
3 бөлім. «Президент» бөлімінде президенттік басқару нысандары бекітіледі, бапқа сәйкес Президент биліктің бірде-бір тармағына жатпайды, мемлекеттің басшысы, халық бірлігінің, Конституцияның рәмізі әрі кепілі болып саналады және мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
4 бөлім. «Парламент» заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган ретінде Парламенттің құқықтық мәртебесін айқындайды, Парламент қызметінің ұйымдық-құқықтық нысандарын және оның депутаттарының мәртебесін бекітеді.
5 бөлім. «Үкімет» Республикадағы атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет қызметінің негіздеріне арналған, Үкімет пен Премьер-министрдің құзырын бекітеді.
6 бөлім. «Конституциялық Кеңес» негізгі қызметінің бірі Конституция нормаларына ресми түсініктер беру болып саналатын конституциялық Кеңестің құқықтық ереже негіздеріне арналған.
7 бөлім. «Соттар және сот төрелігі» сот жүйесіне арналған, соттардың нормативтік-құқықтық актілерді конституциялық емес деп тану туралы Конституциялық Кеңеске жүгіну мүмкіндігін бекітеді. Конституция бұл бөлімде алдын-ала жүргізілетін әкімшілік тексерулер мен алдын ала тергеуді соттар мен прокуратуралардан бөледі.
8 бөлім. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» 85-бапқа сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді және атқару органдарымен жүзеге асырылады. 89-бапқа сәйкес, Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару танылады, оның міндеті-жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде халықтың дербестігін қамтамасыз ету.
9 бөлім. «Қорытынды және өтпелі ережелер» (90-98 баптар), жекелеген конституциялық белгілеулерді жүзеге асыру процедураларын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының ерекшеліктері:
1) қабылдау және өзгерту тәсілдері бойынша қатаң болып
саналады;
2) заңдық формасы бойынша – жазылған;
3) қолдану уақыты бойынша – тұрақты.
