Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dauylbaev_shpooor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
333.24 Кб
Скачать
  1. Тікелей инвестициялардың атқаратын қызметі.

Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

«Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы»заңды дамытуға байланысты ҚР Президенті 1997ж сәуір айының 5-ші жұлдызында тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ҚР экономикасын басым секторларының тізімі жөнінде жарлық шығарды.Бұл секторларға жататындар:

—Өндірістік инфрақұрылым (жолдар,көлік,көпірлер,электр және жылу станциялары,телебайланыс топтары);

—Өңдеуші өнеркәсіп (халық тұтынатын тауарларды,өндіріс құралдарын өндіру);

—Астана қаласының объектілері;

—Тұрғын үй,әлеуметтік сала мен туризм объектілері(денсаулық сақтау,білім беру,спорт,мәлениет,туризм объектісі);

—Ауыл шаруашылығы;

Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады. Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

- жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;

- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;

- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ;

- экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;

- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;

- менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу;

- жаңа жұмыс орындарын құру;

- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;

- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;

- қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

  1. Инвестициялық қызметтің базалық принциптері қандай?

Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:

1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.

2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.

3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:

• Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;

• Мемлекеттік зейнетақы қорына;

• Аймақтық бюджетке;

• Республикалық бюджетке;

4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.

Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса, онда олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі керек.

1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі.

2. "Замазкалау" принципі.

Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргіз. Шешімді қабылдап алғаннан кейін, инвестицияны іске асыру барысында ол еркіндікті енді оған бармау алмастырады, Мәселен, қандай станокты сатып алуға, не жалға алуға немесе өзің өндіргің келеді де, бұл операцияны жүргізу үшін қанша кредит аласың, оны қандай мерзімге және қанша проценттік мөлшерде алуға шешім жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың бәрін жасап болғаннан кейін, қайтадан қайту оңайға түспейді, өте қыйын болады. Бұл станокты көп жыл бойына пайдалану керек болады, алған кредит үшін проценттерді төлеу керек болады. Сөйтіп, сылап-бітеу процесінен шыға алмай, байланасың да қаласың, өйткені иңвестициялық жоба күшіне еніп алғаннан кейін еркін қимыл-әрекеттерге баруың шектеулі болып қалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]