Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dauylbaev_shpooor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
333.24 Кб
Скачать
  1. Кәсіпорында айналым қорларын пайдаланудың экономикалық тиімділігі.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеттілігі өндіріске салынған активтердің айналымдылық деңгейінен тәуелді болады. Айналымдылық көрсеткіштері қаншалықты жоғары болса, соншалықты өндіріске салынған активтер нақты ақша қаражаттарына жылдам айналады, яғни кәсіпорын өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытылы орындай алады.

Кәсіпорынның айналым капиталының айналымдылық деңгейі әр түрлі болады. Активтердің айналымдылық көрсеткіштері кәсіпорын мүлкінің құрылымын анықтайды және кәсіпорын активтерінің жекелеген түрлерінің (негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың) айналым жылдамдығынан тікелей тәуелді болады.

Айналым капиталының айналым ұзақтығы көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады. Сыртқы факторларға келесілерді жатқызуға болады:

Кәсіпорынның салалық ерекшеліктері (мысалы, өнеркәсіп саласының кәсіпорындарындағы ағымды активтердің айналым жылдамдығы қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарындағы активтердің айналым жылдамдығынан төмен болады);

Кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (өндірістік, жабдықтаушы, білім саласындағы кәсіпорындар);

Кәсіпорынның өндірістік қабілеті;

тұтынушылар арасындағы қарым- қатынастар, кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың болуы).

Айналым капиталын қолданудың тиімділігіне әсер ететін ішкі факторларға келесілер жатады:

Шығындарды басқару жүйесі (өндіріске қажетті материалдардың тиімді мөлшерін анықтау);

Кәсіпорынның баға саясаты;

Тауарлық-материалдық құндылықтарды бағалаудың тиімді әдістерді (өндірістік, орташа салмақталған құн, ФиФО, ЛиФО) қолдануды қажет ететін есеп саясаты.

Капиталдың айналымдылығының артуы материалдық құндылықтарды басқару жүйесінің тиімділігінің артқанын және кәсіпорынның өндірістік белсенділігінің өскенін сипаттайды. Активтердің айналымдылығының төмендеуі кәсіпорынның қолында шектен тыс материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың, ақша қаражаттарының шоғырланғанын білдіреді.

  1. «Инвестициялар»,күрделі қаржылар» ұғымына анықтама беріңіз. Нарық жағдайында өнеркәсіп өндіpici жаңа технологиялық-базаға көшуде, ұдайы өндіріске капитал салудың заңдылығын қарауда "инновациялық жаңалық" пен жүргізу мен " инвестиция'' түсініктеpi негізгі болып саналады. Өйткені нарық жағдайындағы үрдісте инвестиция негізін құрайтын, жаңалық түрін өндіріске енгізу арқылы өнім сапасының жаңа түрін шығару, өндіріс техникаларын жаңалау арқылы тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырылуын icкe асырады. Инвестиция нақты және портфельді немесе оны қоржынды инвестиция болып бөлінеді.Нақты инвестиция бipiнші жағдайда - инвестор, өзінің өндіру көлемін кеңейтуде - өндірістік негізі қорлары мен айналым қорларын ұлғайтса, екінші жағдайда - инвестор құнды бағалы қағаздар үлесінен девиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Ал, айналым құралына салынған инвестиция, күрделі қаржы салымы деп есептеуге болмайды. Күрделі қаржыны қолдану бағытына қарай өндірістік және өндірістік емес етіп жіктеуге болады.Өндірістік күрделі қаржы – кәсіпорынның дамуына бағытталған салым, ал өндipicтiк емеске - әлеуметтік шеңбердегі дамуды қамтамасыз ететін қаржы жатады. Ұдайы өндірісте нeгізгі қорлар өзінің формасы бойынша күрделі қаржыны жұмсауда төмендегідей ажыратылады: • icтeп тұрған кәciпopынды кайта құру және техникалык қайта қарулануына; • icтeп тұрған кәсіпорынды кеңейтуге; • жабдықтарды талапқа сәйкес жаңалауға.

Қаржыландыру көзіне карай күрделі қаржыны- орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді. Күрделі қаржы құрылымы түрін төмендегідей айыруға болады: • технологиялық; • ұдайы өндіріс; • салалык; • аймақтык.

Технологиялық құрылымдағы мақсатқа күрделі қаржы бөлу - мұнда қандай болмасын, бөлінетін ipi кұрлыс oбьeктісіне арналған шығын көлемінің жалпы сметадағы күн үлесіне қатынасымен түciндipeдi.Бұл кұрылымды жоғарғы сатыда көтеруде үйлесімді деңгейіне жасалынған смета жобасының кұнында машина және жабдықтардың үлeciн көтеруді қортындылайды. Бөлінген күрделі қаржы арқылы белсенді бөлімінің өсу деңгейін, кәсіпорынның өндіріс қуаттылығын арттыруға жағдай жасалынады. Ұдайы өндіріс құрылымына күрделі қаржы бөлу – негізгі өндіріс қорының ұдайы өндірістік формасына бөлінген күрделі қаржының жалпы сметадағы құнына үлес қатынасын білдіреді. Салалар құрылымына күрделі қаржы бөлу - тұтас алғанда халық шаруашылығына және өнеркәсіп салалары бойынша бөлінген қаржының қатынасын білдіреді. Аймақтық кұрылымға күрделі қаржы бөлу.Республикадағы аудандарға күpдeлi қаржы бөлу арқылы дамыту.Сонымен, қандай да болмасын кәсіпорында және ел экономикасында манызды роль атқаратын, күрделі қаржы бөлу, яғни нақтылы инвестиция еліміздің экономикасын жеке кәсіпорынның қай- қайсысы болмасын маңызды роль атқаратын инвестиция болып саналады:• ұлғаймалы ұдайы өндірістік саясатын icкe асыруға және кәсіпорынның негізгі өндіріс қорын үнемі жаңалауда;• өнім сапасын жақсарту және ғылыми - техникалық пpoгpecтi тездетуге;• барлық халық шаруашылық салаларының тең дамуына және қоғам өндіріс кұралдарының қайта құрылуына;• өнеркәсіпке керекті шикізат базаларын жасауға;

• азаматтық құрылыстар, денсаулық сақтауды дамыту, жоғарғы және орта мектептерді дамытуға:

• жұмыссыздық проблемасын шешу немесе женілдетуге;

• табиғатты қорғау және басқадай мақсаттарға жетуге.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]