Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dauylbaev_shpooor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
24.01.2020
Размер:
333.24 Кб
Скачать
  1. Айналым құралын мөлшерлеу.

Айналым қорларының мөлшері - бірнеше жылдарға жасалынатын қордың (запас) көлемі мен пайдалану күндерін анықтайды. Басқаша айтқанда материалдарды сатып алып, өндіріске жөнелткеннен бастап, дайын өнімді шығарып, сату үшін қоймаға жібергенге дейінгі материал қорында (запас) айналым қорларының(ақша түрінде) қанша күн тұруын көрсетеді.Айналым қорларының мөлшері кәсіпорындағы қордың (запас) әр түріне байланысты есептелінеді:

-өндірістік қор бойынша

-аяқталмаған өндіріс бойынша

-дайын өнім бойынша

Айналым қорларының ең көп бөлігі (85-90%) өндірістік қорды құруға кетеді.

Өндірістік қорлар құрылуы бойынша олар былай бөлінеді:1. ағымды қорлар - өндірістік үрдістің үздіксіз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етеді.2. сақтандыру (кепілді) қорлары – ойда болмаған жағдайлар үшін құрылады. Мысалы, (шикізаттар мен материалдардың дер кезінде жеткізілмеуі, сапасыз шикізаттардың жеткізілуі және т.б.)3. маусымдық қорлары – материалдардың маусым кезінде үздіксіз түсуін немесе пайдалануын қамтамасыз етеді. Бұл қордың ерекшеліктерінің бірі – оның уақыты шектеулі және шикізаттардың (жүзім, қызанақ және т.б.) пайдалылығы сақталу мерзімімен анықталады. Бұдан осындай шикізаттарды сақтаудың ерекше талаптары мен оны өңдеудің әдістері шығады. І. Мөлшерлік база дегеніміз – кәсіпорында материалдық ресурстардың шығысын жоспарлағанда және талдағанда қолданатын мөлшерліктер мен барлық мөлшер жиынтығы. Бірінші және негізгі элемент мөлшері – бұйымның таза массасы, яғни өнімді өндіруге жұмсалған материалдық ресурстарды пайдалы тұтыну деңгейі немесе жұмыс көлемі.

Екінші элемент мөлшері - өнім өндіру үрдісінде технологиялық ерекшелігіне сәйкес қосымша материал шығынын ескіреді. Үшінші элемент мөлшеріне – технологиялық үрдіске байланысты емес, басқадай себептерден туындаған материалдық ресурстардың шығыны және ұйымдастыру-техникалық қалдық шығындары жатады.

Қалдық – бұл негізіг материалдан қалған, оны өндірісте қолданып, сондай өнім өндіруден пайда болған қалдық. Қалдықты өзінің өзгешелік пайдалану мүмкіндігіне қарай қолданылатын (қайтарылатын) және қолданылмайтын (қайтарылмайтын) болып жіктеледі. Қайтарылатын қалдық – бұл материалдық ресурстардың қалдығы, оны кәсіпорында пайдалануға немесе оны басқа кәсіпорынға немесе халыққа сатуға болады.

Қайтарылмайтын қалдыққа жататыны - өндірісте қолдануға жарамайтын қалдық,бірақ оны екінші кезектегі ресурс ретінде қолдануға болады (жаңқа, метал сыңықтары, қиқым, макулатура және т.б.)

Шығын – бұл өндірісті техникалық дамыту кезеңінде қолдануға жарамайтын материал бөлігі. Оған жататыны – материалдық ысырап шығыны.

Айналым қорларының мөлшері – бұл кәсіпорынның өндіріс іс әрекетіндегі қолданатын тұрақты ақша қаражатының ең аз мөлшері. Айналым қорларының жеке элементтерінің көпшілік мөлшері келесі формуламен анықталады:

М=Ш-З . Мұндағы:

М – нақты элемент бойынша айналым қорларының мөлшері, теңге;

Ш - дәл сол ортакүндік шығыс элементінің шығыны, теңге;

З – айналым қорларының дәл сол элементінің орташа мөлшердегі запасы, күн, %;

  1. Айналым құралын сипаттайтын негізгі көрсеткіштері.

Кәсіпорында барлық материалдық, ресурстарды пайдалану деңгейін анықтауға жинақтаушы маңызды көрсеткіш – материалсыйымдылығы (Мс), оның кepi көрсеткіші - өнімнің материалқайтарымдылығын көрсетеді.

Материалсиымдылығы (Мс) және өнімнің материалқайтарымдылығы төмендегі формуламен анықталады, егер оны тауарлы өнім көлеміне есептегенде,

Мм Тө

Мс =------; Мқ=-----

Т Мш

және де оны, сатылған өнім көлеміне есептегенде:

Мш Сө

Мс =-----; Мқ=-----

Сө Мш

Мұнда: Мш – кәсіпорында жұмсалған материал ресурстарының саны;

Тө - кәсіпорында шығындалған тауарлы өнім көлемі.

Сө-сатылған өнім көлемі;

Кәсіпорында айналым құралдарын пайдаланудың маңызды керсеткіштеріне келесілер жатады.

• айналым құралының айналым коэффициенті;

• айналым кұралының жүктеу коэффициент!;

• айналым кұралының айналу жылдамдығы жатады.

Айналым құралының айналым коэффициенті (Ка) - бip жыл ішіндегі айналым құралының айналымдылығымен сипатталынады; яғни сатылған өнімнің құнын немесе айналым сомасының кәсіпорындары айналым құралының (ай, тоқсан, біp жыл) тиісінше осы уакыт ішіндегі айналым құралының орташа қалдығына бөлу арқылы анықталады немесе сатылған өнім көлемінің айналым құралының бip теңгесінің келетінін көрсетеді: Сө

Ка=-----

Ақ

Мұнда: Ка - айналым құралының коффициенті;

Сө - сатылған өнімнің көлемі, теңге;

Ақ - айналым қорының орташа жылдык құны. теңге.

Айналым коэффициенті жоғары болған сайын, айналым құралы тиімді пайдаланады.

Айналым құралын тиімді пайдалануда маңызды көрсеткіш - айналым құралын жуктеу коэффиценті болып табылады. Айналым коэффициентінің өлшемінің кepi катынасын көрсетеді. Ол айналым құралының сомасына, сатылған өнімге жұмсалған бip теңгесімен сипатталынады:

Ақ

Кж=-----

Сө

Мұнда: Кж - айналым құралының жүктеу коэффициенті. Неғұрлым айналым құралымының жүктеу коэффициенті аз болған сайын, кәсіпорында соншама айналым кұралы тиімді пайдаланып, оның қаржылык жағдайы жақсарады.

Кәсіпорында айналым құралының айналымдылығы келесі факторларға байланысты: өндіру циклінің ұзақтығына; шығарылатын өнімнін сапасына және оның бәсекеге төтеп беруіне; өнімнің материалсиымдылығын төмендету проблемасын шешуге; жабдықтау тәсілі және өнімді өткізуге; айналым құралының, құралын тиімді пайдалану жұмыстарын жақсартуға т.б. факторларға байланысты.

Айналым құралының айналу жылдамдығы немесе ұзақтығы күнмен (К -бұл көрсеткіш уакытты бейнелеу, яғни айналым құралы белгілі уақытта толық айналым жасауы). Бұл көрсеткіш өндіріс циклінің ұзақтығының (К) айналым коэффициентіне (Ка) қатынасын көрсетеді, немесе мезгілдегі күн санын, айналым коэффициентіне (Ка) бөлу арқылы анықталады: К

Кұз = -----

Ка

Мұнда: К - мезгілдегі күн саны (360, 90, 30).

  1. Айналым қаражатының айналымдығын жеделтету жолдары. Айналым құралының айналым ұзақтығы азайған сайын немесе сондай жағдайдағы көлемде, сондай өнімді сатуда, оның жасаған айналымдылық саны көбейсе, соншама айналым құралын аз кажет етеді және керісінше, неғұрлым айналым құралы тезірек айналымдылықты жасаса, соншама оларды тиімді пайдаланады. Айналым кұралдарынын айналымдылығын тездету- кәсіпорынның бірінші кезектегі мәселесі және оны орындаудаға келесі жолдармен қол жеткізеді.

Өндіріс запастарын құрау сатысында-экономикаға негізделген запас мөлшерін өндіру; тұтынушыларға шикізат, жартылай фабрикаттар, жабдықтаушы бұйымдарды т.б. қамтамасыз етушілерге жақындату; тұра ұзақ байланысты кеңінен пайдалану; материалдық-техникалық жүйесін қамтамасыз етуде қойманы кеңейту, сол сияқты материалдар мен жабдықтарға тиеу-түcipy жұмыстарын механизациялау және автоматтандыру. Аяқталмаған өндіріс сатысында - ғылыми-техникалык пpoгpecтi (прогрессивті техниканы және технологияны, әcipece қалдықсыз және аз қалдықсыз, роботтық кешендерде роторлық желілерді, өндірісті химияландыру) тездету, үлгіге салу, үйлестіруді, өндіріс үлгісін дамыту; өнеркәсіп өндірісінің ұйымдастыру түрлерін жаңалау, арзан құрастырылған, арзандау материалдарды қолдану; экономикалық ынталандыру жүйесін жаңалау, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды пайдалануды үнемдеу; көтеріңкі сұраныстағы өнімнің үлес салмағын көбейту. Айналым сатысында - өнімді өндрушілерді тұтынушыларға жақындату; есептесу жүйесін жаңалау; тыңғылықты және өз уақытысында партиялар, ассортименттер, транзитты мөлшерде жасасқан келісім-шарт бойынша өте қатаң түрде өнімді тиеп жіберу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]