- •Мемлектеттік кәсіпорын.
- •Кәсіпорынның негізгі қоры, оның маңызы.
- •Негізгі қордың белсенді және енжарлы бөлігі.
- •Негізгі қорды бағалауда қолданатын құндар.
- •Амортизация, оның ұғымы, мазмұны.
- •Негізгі қордың тозу түрлері.
- •Негізгі қордың тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштері.
- •Айналым құралы, оның мазмұны.
- •Айналым құралының құрамы.Негізгі элементтері.
- •Айналым құралын мөлшерлеу.
- •Кәсіпорында айналым қорларын пайдаланудың экономикалық тиімділігі.
- •Тікелей инвестициялардың атқаратын қызметі.
- •Инвестициялық қызметтің базалық принциптері қандай?
- •Күрделі қаржыны қалыптастырудың негізгі көздері.
- •37. Өндіріс типтері (жеке, сериялық, жаппай), олардың сипаттамасы, артықшылығы және кемшілігі.
- •Өндірстің әртүрлі типтерінің салыстырмалы сиптаттамасын төмендегі кестеден көреміз.
- •39.Өндірісті дайындау, оның құрамы, мазмұны мен маңызы.
- •51.Күрделі қаржының тиімді пайдалану
- •52. Өндіріс шығындарының түрі.
- •54. Кәсіпоорынның пайдасы.
- •57.Дисконттық құн.
- •58.Дисконттық құнды есептеу әдісі
- •81. Жүкті тасымалдаудағы көлік шаруашылығының маңызы
- •82.Көлік шаруашылығының құрылымы
- •28. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі деген не?
- •70. Негізгі цехтың атқаратын қызметі
- •. Жүк айналымын анықтаудың есебі.
- •Кәсіпорында энергетикалық шаруашылықты ұйымдастырудың маңызы, негізгі міндеті мен функциясы.
- •85.Энергиялық баланс.
- •Энергияға жұмсалатын шығын есебі.
- •Негізгі цехтың атқаратын қызметі.
- •Ірі кәсіпорындағы құрылым бірлігі.
- •Нарық жағдайындағы өнімді өндіруге кететін шығындарды азайтудың жолдары мен маңызы.
- •Кәсіпорында көлік шаруашылығын ұйымдастыру
- •56. Негізгі капиталды қолданатын құндар, олардың аталуы, мазмұны және айырмашылықтары, қолданау аймағы.
Айналым құралы, оның мазмұны.
Айналым қорлары - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бip өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі. Әдетте, айналым құралы өзінің, заттай формасын өзгертеді немесе жояды, өндірістік үрдісі аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Өнеркәсіпте айналым құралы негізгі екі топқа бөлінеді: айналым құралы және айналым қорлары. Айналым өндіріс қоры, өндіріс шеңберінде болып, заттай формаға еңбек бұйымын құрайды. Оларға шикізат, негізі және көмекші материалдар, отын және электроқуат, аяқталып бітпеген өндіріс, алдағы мерзімді жұмсалатын шығын, құнсыз және тез тозатын бұйымдар, тетіктер, жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер т.б. жатады. Айналым өндіріс қорын есепке алғанда және жоспарлағанда натуралды және ақшадай көрсеткіште сипатталады.
Айналым қорларының кұрамына дайын өнім, жөнелтілген бірақ ақысы әлі төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі есеп-шоттардағы, кассалардағы ақша, eceптeciп бітпеген жердегі акша қаражаттары жатады.
Айналым құралдары өндіріс саласында кызмет атқаруында, үнемі айналымда болып, өндіріс шеңберінен, айналым шеңберіне ауысып отырады.
Айналым құралының айналымдылық үрдісінде үш сатыдан өтеді:Біріншісі -ақша (еңбек бұйымдарын дайындау), екіншісі - өндіріс (өнімді өндіру үрдісі), үшіншісі - тауарлы (дайын өнімді сату), яғни кәсіпорынға ресурстар тауарлы өнімнен, жаңа ақша қаражатына ие болады (А-А1).
Өнімді сатудан түскен ақшаға кәсіпорын жаңадан еңбек бұйымдарына ие болады, яғни өндіріс құралы жаңа келесі айналымдылық шеңберіне ауысады.
Айналым құралы мөлшерлік –сөйлемге мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді.
Мөлшерленетін айналым құралына айналым құралдар топтарындағы, өндіріс запастарын құрайтын-шикізат, материалдар, ыдыс, аяқталмаған өндіріс, алдағы мерзімде жұмсалатын шығындар т.б.жатады.
Өндірісте әлі де болса өндеуден өтпеген (көмір, мұнай,мақта, ағаш) еңбек бұйымдары шикізаттардан айтуға болады. Материалдар негізі және көмекші деп бөлінеді.Негізгі материалға , жаңа өнім құрамында басты заттың құрамын (машина жасау зауытында металл, нан пісіретін наубайханада ұн т.б) сипаттайтын материалды жатқызамыз. Ал көмекші материалдарға жаңа өнімге керекті және оған сырт түрі мен оның құрамының талапқа сай болуын (лак, сыр, тұз, қант, май) немесе техниканың жұмысы дұрыс болуын қамтамасыз ететін (майлайтын және сүртетін материалдар) керекті заттарды жатқызамыз .
Аяқталмаған өндіріс - бұл еңбек бұйымы, өндіріс цехтарының өндеу үрдісінде болған, бөлімшелерде, әртүрлі деңгейдегі дайындықта жатқан, цех коймаларындағы бұйымдар мен бөлшектер жатады. Осы материалдарға, отынға, электроқуатқа, еңбек ақыға шығындар жұмсалды, бірақ олар әліде болса өндеуден өтпеген және оны сатуға болмайды.
Айналым құралын мөлшерлеу де табиғи және ақшадай көрсеткіштері қолданылады.
Айналым құралының құрамы.Негізгі элементтері.
Айналым құралдардың заттық мазмұны – еңбек заттары. Негізгі құралдар айырмашылығы сол – айналым қор өндіріс процесінде бір рет қана қатысады да, сол жолы түгелдей пайдаланылып кетеді және өзінің бүкіл құнын пайда болған жаңа өнімге қосады.
Айналым құралдарды оңтайлы және үнемді жұмсау – кәсіпорынның бірінші кезектегі міндеті болып саналады. Себебі, иматериалдық шығындардың ¾ өнеркәсіп өнімдерінің өзіндік құнын құрайды.
Айналым құралдары құрамы, оның құрылымы өндірісті мамандандыруға байланысты.
Кәсіпорындағы айналым құралдарды пайдаланудың маңызды экономикалық көрсеткіштері оның айналғыштығы болып табылады. Ол есепті мерзім ішінде қанша рет айналғанымен және айналым мерзімімен бағаланады. Әрбір кәсіпорын айналым құралдарының айналғыштығын тездетіп, сол арқылы оған деген өзінің қажетсінуін азайта алады.
Нарықтық экономиканың негізгі шегі – кәсіпорындарда айналым құралдардың жетіспеушілігі. Осы мақсатта кәсіпорындарда өндіріс қажет ететіндей мөлшерде өндірістік босалқы қорлар жасаған дұрыс. Оларда материалдардың артық қоры болмаған жөн. Кәсіпорынның айналым қорлары мен айналым құралдары туралы түсінігін, негізін, мақсатын және құрамын қарастырайық. Осы ұғымдардың үйлесімді еместігі есте болуы керек. Айналым құралдары-өндірістік процестің міндеті элементі, өзіндік құнның негізгі бөлігі. Шикізаттың, материалдың, жанармайдың және энергияның өнім бірлігіндегі шығыны төмен болған сайын, оларды шығару мен өндіру де үнемді болады, соның арқасында өнім де арзандайды.
Кәсіпорынның айналым құралдарының жеткілікті болуы, нарықты экономика жағдайында бір қалыпты жұмыс істеуіне керекті басты себеп болып табылады.
Ең бастысы, айналым қорлары мен айналым құралдарн тиімді пайдалану не беретінін және өнімнің материал сыйымдылығының төмендеуі мен айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдататын шаралардың қандай екендігін нақтылы меңгеру қажет.
Өндірістік айналым қорлары үш бөліктен тұрады:
-өндірістік қорлар (запас);
-бітпеген өндіріс және кәсіпорынның өзі дайындаған жартылай өнім;
-болашақ уақыттағы шығындар
