Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dauylbaev_shpooor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
333.24 Кб
Скачать
  1. Негізгі қордың тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштері.

Негізгі өндіріс қорының колдану денгейінің тиімділігін айкындайтын негізгі бip жинақтаушы қөрсеткіш – қор қайтарымдылығы.Қор қайтарымдылығы- дегеніміз жалпы өнім кұныньң орта жылдық негізгі өндірістік қордың кұнына катынасы.Қор қайтарымдылық(Ққ) көрсеткішін төмендегі формуламен есептейді:

Мұнда: Жө- жыл бойғы өндірілген өнімнің табиғи немесе құндай есептелгендегі кұны;

Нк - ортажылдық негізгі өндіріс кордың кұны.

Қор қайтарымдылық көрсеткішінің, кepi қатынасы өнімнің қорсиымдылығын көрсетеді:Қор сиымдыльқ көрсеткіші дегеніміз негізгі өндіріс қорының жалпы өнім құнына қатынасы. Мұнда: Қс - өнімнің қорсиымдылығы.

Негізгі өндіріс корының белсенді белігін колдану деңгейін тікелей сипаттайтын және өндіріс қуаттылығын, сонымен 6ipre оларды пайдалану мүмкіндігін жақсартатын жеке резервтер керсеткіштеріне жататыны:

Жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті коэффициенті - негізгі өндіріс қорының белсенді белімін пайдалану деңгейі уақытпен сипаттайтын көрсеткіш, немесе жабдықтардың нақты істеген жұмыс сағат санының, жоспар бойынша оның жұмыс сағат санына қатынасымен анықталады:

Мұнда: Ун - машина және жабдықтардың нақты жұмыс жасаған уақты;

Ужт - (жұмыс тәртібі) машина және жабдықтардың жұмыс атқару уақытының режім қоры.

Өндірісте негізгі қорды пайдаланудың, экстенсивті тобында, темендегідей коэффициенттер қолданады:

• жабдықтарды алмастыру коэффициенті;

• жабдықтарды жүктеу коэффициенті.

• жабдықтардың жұмыс тәртібінің алмасуын пайдалану коэффициенті. Өндірісте алынған қорытындыны екіншітоптағы негізгі қордың пайдалану- интенсивті көрсеткіштер мен есеп толтырылады, яғни оларды пайдалану деңгейі қуаттылық (өнімділік) арқылы бейнеленіп көрсетіледі. Жабдықтарды пайдалануда интенсивті коэффициентінің маңызы ете зор.

Жабдықтарды пайдаланудың интенсивті коэффициенті, машинаны және жабдықтарды пайдалану денгейін қуаттылық пен сипаттайтын көрсеткіш. Бұл көрсеткішті есептеу үшін төмендепгі формуланы қолданады:

Мұнда: Өн - машина және жабдықтардың нақты өнімділігі;

ӨМ - машина және жабдықтардың техникалық мүмкінділік өнімділігі (жабдықтардың паспорт, мүмкінділігі негізі бойынша анықталады).

Yшінші топтағы интегралды жабдықты пайдалану коэффициенті машина және жабдықтарды пайдалану денгейін уақытпен және қуаттылықпен сипатталатын кешенді көрсеткіш.

Кинтег = КЭкс + Кинтен

Негізгі өндіріс қорларын пайдалануға белгілі өлшемдері бар келесі көрсеткіштер жатады:Кәсіпорынньң барлық мүлкінің рентабельдік (Рм) жеке құрал рентабельдігі (Ржк) және өндіріс қорларының рентабельділігі (Рек).

пайда

Рм =---------------------------------------------------*100%;

баланс активтіндегі орташа шамасы

пайда

Ржк = ------------------------------------------------------------*100%;

жекеліктегі құралдардың орташа шамасы

пайда

Ржк=--------------------------------------------------------------*100%

н.ө.қорының орташа қалдық құны +айналым құралдардың материалдық құны

  1. Амортизацияның кезеңі,оның мөлшерін есептеу тәсілдері. Амортизация негізгі өндіріс қорының өндірісте қолдануына сәйкес оның тозуын жыл сайын өнім құнына (циклде) өндірілген өнімге (өзіндік құнына) өзінің ақшалай көшіріп отыратынын айтқанбыз. Негізгі қордың табиғи және сапалық тозу құнын экономикалық орнын толтыру амортизациялык көшірім арқылы шыққан шығынды өндірілген өнімге аударылып отыруымен көрініс алады. Сонымен, амортизация - бұл шығарылатын өнімге негізгі өндіріс қорының құнын біртіндеп көшіруін айтамыз. Амортизация мөлшері - белгіленген негізгі қорлардың жылдық пайыздың өтелу және жыл сайынғы амортизациялык көшірім сомасы. Толық қалпына келтіру амортизациялык мөлшерін (% есебімен) төмендеп формула бойынша анықтаймыз.

Мұнда Ма - амортизациялық мөлшер ,(%);

Нбк негізгі өндіріс қорының бастапқы кұны, теңге;

Ж - негізгі қордың жойылған құны (немесе жойылған негізгі қорда сатылғаннан түскен пайда), теңге;

Б - негізгі қордың жойылуына байланысты бөлшектеуге (демонтаж) кеткен т.б шығындар, теңге;

ta - амортизациялык мерзім, жыл.

Амортизация есептеу үшін мынадай әдістер қолданылуы мүмкін : 1. Құнды біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі

Объектінің амортизациялық құны ай сайын бірдей сомамен есептен шығарылады. Амортизация сомасы мыналарға орай анықталады:Ұтымды пайдалану мерзімі. Бұл ретте объектінің жай-күйі, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мәселелері, климат жағдайлары, қазіргі таңдағы техника мен өндіріс саласындағы үрдістер, осындай активтермен жұмыс тәжірибесі ескеріледі.Бұл әдіс НҚ пайдаланудан түсетін табыс оны пайдаланумерзімінде бірден болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының кемуі біркелкі жүзеге асады деп болжамдалатын кезде пайдаланылады. 2. Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу) Амортизация объектіні пайдалану мен уақыт бөлігінің нәтижесі ғана болып табылады деген негіздеме оны есептеген кезде ешқандай рөл атқармайды. Кәсіпорында өндірілетін әрбір өнім, жұмыс, қызмет бірлігінің құны оның көмегімен осы өнімдер, жұмыстар мен қызметтер өндірілген НҚ объектілерінің құнын өзіне бірдей мөлшерде сіңіреді. Ай, жыл ішіндегі амортизация сомасы объектінің құнын оның қатысуымен өндірілетін бұйым, жұмыс және қызмет санына бөлу жолымр анықталады. Бұл әдісті пайдалану мерзімінің көбіне техникалық көрсеткіштеріне немесе субъектінің шаруашыпық қызметінің өзгеруіне байланысты шектелуі кезінде пайдаланады.Амортизация есептеудің үдемелі әдістері:○ Сандар сомасы бойынша құнды есептен шығару (кумулятивтік) әдісі есептеу коэффициентін анықтаудан тұрады. Коэффициенттің бөлімі ұтымды қызмет мерзімі жылдарының сомасына тең. Алымы қалған санның қызмет мерзімінің соңына дейін керісінше тәртіппен анықталады. Пайдаланудың алғащқы жылдарындағы амортизация сомасы одан кейінгі жылдардағыға қарағанда едәуір жоғары болады. Кумулятивтік санды тез арада анықтау үшін мынадай формуланы қолданады: S = N * (N + 1)/2. Мұндағы S – сома N – ұтымды қызметтің болжамды мерзімі○ Кемімелі қалдық (регрессия, қосарланған регрессия) әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнынан емес; баланстық құннан жүргізілуге тиістігін білдіреді. Амортизацияны есептен шығарған кезде, соңғы жылды қоспағанда, жою құны ескерілмейді. Мұндайда амортизация сомасы қалдық құнның жою құнына дейінгі кемітілуі үшін ішкі қажеттікпен шектелген болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]