Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dauylbaev_shpooor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
333.24 Кб
Скачать
  1. Негізгі қорды бағалауда қолданатын құндар.

Heriзгі өндіріс қорын есепке алынғанда және жоспарлағанда, сонымен бipre негізгі өндіріс қорының өндіріс қуаттылығын анықтағанда табиғи және құн (ақшалай) формасындағы көрсеткіштері қолданады. Негізгі қордың құнын есептеп шығару - өндірісте жоспар жасарда, ұлғаймалы ұдайы өндіріс көлемін жocпapлaғaндa белгілі бip тозу және амортизация көлемін есептеуге, өнімнің өзіндік құнын құрастырғанда, сонымен негізгі өндіріс қорын тиімді қолданудағы экономикалық көрсеткіштерінде қолданады. Бұл көрсеткіш жинақтаушы көрсетіш, ол құн есебіндегі көрсеткіш.

Жұмыс істеп тұрған негізгі қорлар бухгалтерлік есепте олардың, баланстық құны бойынша көрсетіледі.

Негізгі өндіріс қорлары төмендегідей бағаланады:

  • бастапқы құны бойынша, яғни қорға ие бoлғaндaғы, оны жеткізу және

  • кұрастырып орналастыру шығындары кіреді;

  • қалпына келтіру кұны бойынша, яғни негізгі қорларды кайта бағалау нетижесіндегі есеп бойынша бағаланады;

  • қалдық құны бойынша, яғни бастапқы құнының немесе калпына келтірілген құнның тозу құнының айырмашылығымен анықталады.

Heriзri өндіріс қорының қалдық құнын мына формуламен анықтауға болады:

Ққ= НҚ бқ-( НҚ бқ* Ма/100*t ),

Мұнда, Ққ - қалдық құны;

НҚ бқ - негізгі өндіріс қорының бастақы құны, теңге;

Ма - толық қалпына келтіру амортизациясының мөлшері, %;

t - негізгі өндіріс қорының нақты жұмыс істеген уақыты, жыл.

  1. Амортизация, оның ұғымы, мазмұны.

Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады. Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.

Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.

Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиісАмортизация негізгі өндіріс қорының өндірісте қолдануына сәйкес оның тозуын жыл сайын өнім құнына (циклде) өндірілген өнімге (өзіндік құнына) өзінің ақшалай көшіріп отыратынын айтқанбыз. Негізгі қордың табиғи және сапалық тозу құнын экономикалық орнын толтыру амортизациялык көшірім арқылы шыққан шығынды өндірілген өнімге аударылып отыруымен көрініс алады. Сонымен, амортизация - бұл шығарылатын өнімге негізгі өндіріс қорының құнын біртіндеп көшіруін айтамыз.

Амортизациялык көшірім – кәсіпорын балансындағы тұрған, нeriзri өндіріс қорлардың топтағы немесе жабдықтар объектісінің баланстық құны бойынша белгіленген мөлшерінде кәсіпорынның көшіріп отыруын айтамыз.

Амортизация мөлшері - белгіленген негізгі қорлардың жылдық пайыздың өтелу және жыл сайынғы амортизациялык көшірім сомасы.

Былайша айтқанда, амортизация мөлшері дегеніміз - бұл жылдық амортизациялық көшірім сомасының нeгiзгi өндіріс қорлар құнына қатынасы, пайызбен көрсетіледі.

Толық қалпына келтіру амортизациялык мөлшерін (% есебімен) төмендеп формула бойынша анықтаймыз.

Мұнда Ма - амортизациялық мөлшер ,(%);

Нбк негізгі өндіріс қорының бастапқы кұны, теңге;

Ж - негізгі қордың жойылған құны (немесе жойылған негізгі қорда сатылғаннан түскен пайда), теңге;

Б - негізгі қордың жойылуына байланысты бөлшектеуге (демонтаж) кеткен т.б шығындар, теңге;

ta - амортизациялык мерзім, жыл.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]