Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dauylbaev_shpooor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
24.01.2020
Размер:
333.24 Кб
Скачать
  1. Нарық жағдайындағы өнімді өндіруге кететін шығындарды азайтудың жолдары мен маңызы.

Өнімнің өзіндік құнын арзандату факторлары үнемі бақылауда болуы тиіс. Бұл мақсатта шығын құрамын жүйелі талдаудан өткізеді. Өндірістің ғылыми - техникалық жабдықталу деңгейін, өнім өндірудегі технологияның жағдайын, еңбекті дұрыс ұйымдастыру мен басқару мәселелерін қадағалап бақылап отыруды керек етеді. Міне осы аталған мәселелерден шығынды азайту көздерін іздеп табуға болады.

Өнімнің өзіндік құнын арзандату көздеріне жататындар: а) материалдарды, шикізаттарды қолдануды жақсарту, әcipece шикізат, материалдар, отын, электро және жылу қуатын дұрыс пайдалану;

б) өнімді өндіруде еңбекті көп керек ететін шығын түрін азайту;

в) еңбек өнімділігін арттыру;

д) өндріске қызмет ету және басқарудағы шығындарды азайту;

г) өндірістен тыс шығындарды үнемдеу т.б.

Өндіріс шығындарын азайтудағы техникалық және экономикалық факторлардын келесі топтарға бөлуге болады:

• Өндірістің техникалық деңгейін көтеру;

• Өндірісті ұйымдастыру және еңбекті жақсарту;

• Өнімнің көлемін және құрамын өзгерту;

• Салалар және басқадай факторлар.

Әp6ip топ факторлары жеке кіші топтардан тұрады:

бірінші топтағы факторға жататыны:

•өндіріс үрдісін механизациялау және автоматизациялау;

• алдағы қатарлы технологияны және автоматизацияны басқару жүйесін өндіріске ендіру;

• өндіріс технологиясын жаңалау және техниканы қолдануды жақсарту;

• өнімнің сапасын арттыру;

• өндіріске шикізат, материал, отын, электрокуат және ауыстыратын түрлерін енгізу;

• Өндірістің техникалық денгейін көтеретін басқадай факторларды өндіріске –енгізу. Eкінші топтағы факторларға жататыны:

• Өндірістегі басқаруды жаңалау;

• Еңбек ұйымдастырылуын жақсарту;

• Материалды - техникалык жабдықтауды жақсарту;

• Өнімсіз шығындарды жою;

• Жарамсыз өнімнен шығындарды жою;

• Өндірісті ұйымдастыруға және жаңалауға байланысты баскадай факторлары,

Yшінші топтағы факторларға жататыны:• Өндіріс көлемінің өcyiнe байланысты шартты-тұрақты шығындарды барынша қысқарту;

• Heriзri өндіріс қорларын және осыған байланысты амортизациялық төлемдер жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

• Өндірілетін өнімдер құрамын өзгерту

Төртінші топтағы факторларға жататыны:

• Өндіріс және жабдықтаудың жаңа цехтарын ендіру;

• Өндірістeгi тиімсіз және пайдасыз цехтарды жою;

• Өндірісті ұйымдастырудың жаңа түріне көшу (шоғырландыру, мамандандырылу, қиыстыру т.б.)-

Осы аталған кейбір топтардағы факторлардың өнімнің өзіндік құнына сан жағынан әcepi мол.

Шығынның әр түрінен төмендеуі- көп факторлардың әсерінің қорытындысы болып келеді. Сонымен бipre кейбір жеке факторлардың әcepi бірнеше шығындарды азайтуы мүмкін. Осыған байланысты әр факторлардың әсерін анықтағанда, материалды, ресурстарды, еңбекақы коры және басқадай шығындарды үнемдеуді ескеруде тек белгілі фактордың әcepiн ескеру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]