- •Мемлектеттік кәсіпорын.
- •Кәсіпорынның негізгі қоры, оның маңызы.
- •Негізгі қордың белсенді және енжарлы бөлігі.
- •Негізгі қорды бағалауда қолданатын құндар.
- •Амортизация, оның ұғымы, мазмұны.
- •Негізгі қордың тозу түрлері.
- •Негізгі қордың тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштері.
- •Айналым құралы, оның мазмұны.
- •Айналым құралының құрамы.Негізгі элементтері.
- •Айналым құралын мөлшерлеу.
- •Кәсіпорында айналым қорларын пайдаланудың экономикалық тиімділігі.
- •Тікелей инвестициялардың атқаратын қызметі.
- •Инвестициялық қызметтің базалық принциптері қандай?
- •Күрделі қаржыны қалыптастырудың негізгі көздері.
- •37. Өндіріс типтері (жеке, сериялық, жаппай), олардың сипаттамасы, артықшылығы және кемшілігі.
- •Өндірстің әртүрлі типтерінің салыстырмалы сиптаттамасын төмендегі кестеден көреміз.
- •39.Өндірісті дайындау, оның құрамы, мазмұны мен маңызы.
- •51.Күрделі қаржының тиімді пайдалану
- •52. Өндіріс шығындарының түрі.
- •54. Кәсіпоорынның пайдасы.
- •57.Дисконттық құн.
- •58.Дисконттық құнды есептеу әдісі
- •81. Жүкті тасымалдаудағы көлік шаруашылығының маңызы
- •82.Көлік шаруашылығының құрылымы
- •28. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі деген не?
- •70. Негізгі цехтың атқаратын қызметі
- •. Жүк айналымын анықтаудың есебі.
- •Кәсіпорында энергетикалық шаруашылықты ұйымдастырудың маңызы, негізгі міндеті мен функциясы.
- •85.Энергиялық баланс.
- •Энергияға жұмсалатын шығын есебі.
- •Негізгі цехтың атқаратын қызметі.
- •Ірі кәсіпорындағы құрылым бірлігі.
- •Нарық жағдайындағы өнімді өндіруге кететін шығындарды азайтудың жолдары мен маңызы.
- •Кәсіпорында көлік шаруашылығын ұйымдастыру
- •56. Негізгі капиталды қолданатын құндар, олардың аталуы, мазмұны және айырмашылықтары, қолданау аймағы.
70. Негізгі цехтың атқаратын қызметі
Цех– бұл зауыт бөлімшелерінің негізгі өндірісі.Әрбір цехтар өздерінің мамандануына сәйкес, өндіріс үчаскісіне тиісті белгілі бөлімінде жұмысын орындап, арнаулы бұйымын шығарады.
Кәсіпорын цехтары, әсіресе ірі кәсіпорында цехтар, өзінше бөлінеді: негізгі көмекші, қызмет көрсетуші, және жанама цехтар болып .
Негізгі цехта – бұл цехта сапа жағынан өзгеруі немесе еңбек заттарын өңделіп, дайындалып біткен өндірілініп топтастырылған үрдесі.
Көмекші цех тікелей өнім өндіруге қатыспайтын, ол тек, негізгі цехтың жұмысына жағдай туғызатын цехты айтамыз,- мысалы, жөндеу, аспап әлектр цехтары жатады
Өндіріс - қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалды өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің да~ муын еңбек кұралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.
Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми-техникалық процестің нә-тижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқы-лы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорьш - цехтардан, учаске-лерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйым-дастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.
Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-қатынастары және өндірістің келемі мен жұмыс-шылардың саны кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіп-орынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шыгындарын, табиғи байлық пен техниканы колданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын.
Цехтардың 3 тұрі болады:
негізгі;
көмекші;
қосалқы және т.б.
Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Кемекші цехтарға - құрал-жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы
цсхтарға - қайта өндеу цехтары, шығарылған өнімді өндіретін қораптар мен баска да жұмыстар жатады (орау, жуктсу, тасымалдау, түсіру).
Цехтар - учаскелерден тұрады. Учаскелер 3 түрге бөлінеді:
• негізгі;
көмекші;
қосалқы.
. Жүк айналымын анықтаудың есебі.
Зауыд бойынша көлік жұмысының көлемін (жүк айналымы ) мәлімет негізінде келіп түскен және тиеліп жіберілген жүк есебінен оның номенклатурасы мен ішкі зауыдтағы жүкті қолданудағы ауысу үрдісі арқылы анықталады. Негігі материалдарды тасмалдау отын, металл, қалыптау және шихтовтау, материалдар , жартылай фабрикаттар, дайын өнімдер жатады . Бұлардың жалпы жүк айналымында 70-95% -ға құрайды.
Жүк айналымы дегеніміз - бір мерзімде (тәулік, ай, жыл) зауыдтағы тасымалданған жалпы жүк массасын айтамыз.
Белгілі бір мезгілде пунктер арасындағы тиелген және түсірілген жүктердің белгілі бір бағытқа ауысуындағы жалпы жүктің көлемін – жүк ағымы дейміз. Жүк айналымы барлық завод бойынша жүк соғымының соммасына тең болады .
Өндіріс жағдайында материал шығынының мөлшеріне және өндіріс көлемінің негізіндегі есеп бойынша жүк ағымының өлшемін (қуаттылығын) анықтайды.
Жүк ағымы мен жүк айналымы, сыртқы (тиеліп жіберілген және келіп түскен ) және ішкі (цехтар арасындағы ) жүктер жатады .
Кәсіпорынның және оның цехтарындағы жүк айналымы мен жүк ағымы бойынша есептері шахмат түріндегі ведомост (кесте ) дайындалады . Мұнда зауыд бойынша барлық ауысатын жүктер көрсетіліп, оның ішінде сыртқы жүктердің тасымалдауы мен түсірулері келтірілген .
Шахматтық мәлімет бойынша жүк ағымына диаграмма жасалынып , яғни график арқылы зауыдттың бас жоспары бойынша барлық жүк ағымымен, жүк айналымы белгіленеді .
Осы жоспар бойынша, жүк ағымының тиімді және тиімсіз жағын есепке ала отырып, көлікті пайдалану үлгісі жасалынады .
Мұндай есеп тәлік бойынша жүк айналымын (Qт) бір қалыпсыздық коэффицентін есепке ала отырып (Кқал) жүктің түсуін және жөңелтуін төмендегі формуламен анықтаймыз :
Qт =(Qr/Жк) Кқал,
Мұндағы :Qr – жылдық жүк айналымы ;
Жк – жылдағы жұмыс күш саны .
Бір қалыпсыздық тасымалдау коэффиценті жоғарғы мүмкіндіктегі жүк айналымы орта есептегі белгіленген уақыт мезгіліне қатынасын көрсетеді.
(Кқал= 1,1÷ 3,0)
