Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dauylbaev_shpooor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
333.24 Кб
Скачать
  1. Кәсіпорынның негізгі қоры, оның маңызы.

Экономикалық категорияда – қоғам игілігінің жиынтығы ретіндегі өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды.

Негізгі өндіріс қоры-ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін материалдық игіліктерді өндіруге қатысып өзінің заттай формасын сақтайтын бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз.

Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен айналым өндірісіне ал одан қайтып өндіріс шеңберіне оралады.

Қордың әртүрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес. Міне осындай жағдайға байланысты өндіріс шеңберінде болған қорлар немесе өндіріс қорлары негізгі және айналым болып бөлінеді.

Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі өндіріс қоры-өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс қоры-бұл қор өндіріс үрдісінде тікелей қатысатын-машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістің корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі қормен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер)-өндірістік емес қорлар бар. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік құрылымға кіретін тұрғын үй қоры, мәдени-тұрмысқа арналған ғимараттар мен құрылыстар, спорттық құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, балабақша, мектеп т.б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен, барлық негізгі өндіріс қоры өзінің өндірісіне арнауына қарай төмендегідей бөлінеді:

  1. Өндіріс ғимараттары;

  2. Ірі құрылыстар;

  3. Беріліс қондырғылар;

  4. Күш машиналары мен жабдықтар;

  5. Жұмыс машиналары мен жабдықтар;

  6. Өлшеуіш және реттеуші приборлардың барлық түрлері, лабораториялық жабдықтар;

  7. Шаруашылық және өндіріс инвентарлары;

  8. Инструменттер, аспаптар;

  9. Көлік машиналары;

  10. Басқадай негізгі қорлар түрлері.

Әрбір топтағы негізгі өндіріс қорының құндарының жалпы өндіріс қорына үлес салмағын (%) өндірістегі құрылымын көрсетеді.

  1. Негізгі қордың белсенді және енжарлы бөлігі.

Негізгі өндіріс қорының құрылымы салаларда, бірлестіктерде және кәсіпорындарында өзінің қолдануына, бағытына, көлеміне қарай әртүрлі болады. Негізгі өндіріс қорының кейбір бөлігі үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары өнім өндірісіне тікелей қатыспауы мүмкін - ол тек еңбек тіршілігіне, өндірістің технологиялык үрдісін дамытуына кемектеседі. Мұндай негізгі өндipic қорының бөлігін - енжарлы бөлігі дейді. Ал, беріліс қондырғылар, ішкі зауыт көліктері, әcipece өнім өндірудегі машиналар мен жабдықтар, яғни негізгі өндіріс қордың бөлігі өндіріс бөлімшелерінде өнім өндіруге шешуші роль атқаратын өндіріс қорларын- белсенді бөлігіне жатқызады.Өндірісте белсенді бөлігіне кұны, кәсіпорынның мүмкіндігіне қарай дамыған сайын, өнім шығаруда дамып, қордың көрсеткіші жоғарлап, кәсіпорынньң техникалық денгейін және қуаттылығы артады. Негізгі қорлар құрылымының өзгеру бағытын зерттеп, күрделі талдау жасауы үшін және оларды іс жүзінде пайдалану тиімділігін арттыру жолдарын анықтау үшін жасалған сараптаумен қатар басқа да топқа бөлу қолданылады. Мысалы негізгі қордың белсенді және енжарлы бөліктері құрылымын зерттеу көпшілік қабылдаған тәртіп. Енжарлы бөлікке, әдетте, құрылымдар, шаруашылық құрал-жабдықтар және т.с.с ал белсенді бөлікке – машинаналар мен құрал-жабдықтар, көлік құралдары, саймандар және т.б.жатады.

Негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің көп үлес салмғы оның құрлымының озықтығын жалпылама түрде сипаттайды. Ол саланың, бірлестіктің, кәсіпорынның, цехтің, телімнің, негізгі қорлардың жалпы құнына қатысты белсенді бөлігінің (машиналар, аппараттар, аспаптар, құрал-жабдықтар және т.с.с) пайыздық үлесін бейнелейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]